Г. ТӨРТҚарина, Е. АҚылжанов, Н. Толқынбаев



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата15.01.2020
өлшемі1,37 Mb.
#55900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2-тапсырмаТөмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер. 
1. Апталық жоспар адамға не үшін қажет? 
2. Апталық жоспарға қандай жұмыстар ену керек? 
3. Жоспарланған жұмыс орындалмаса, не істеу керек? 
4. Сіз бір аптаға (бір айға), бір жылға жоспар жасайсыз ба? 
5. Сіз келесі күнді сағат бойынша жоспарлайсыз ба? 
6. Сіз жұмыс күнінің аяғында өзіңізге есеп бересіз бе? 
7.  Сіз  қалай  ойлайсыз,  апталық  жоспарда  қандай  жұмыстарды  көрсету 
қажет? 
 
3-тапсырма. Келесі сөйлемдерді аяқтаңыз. 
1. Ертең менің жұмыс күнім, сондықтан ... 
2. Бүрсүгіні жексенбі, сондықтан біз ... 
3. Оның еңбек өтілі болмады, сондықтан ... 
4. ..., сондықтан бүгін Алматыға іссапарға кетпеді. 
5. Еңбек демалысымды жанұяммен өткіземін, өйткені ... 
6. Сейсенбі күні сағат 14.00-де кездесейік, өйткені ... 
7. Менің бос уақытым жоқ, сондықтан ... 
 
4-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  төмендегі  қажетті  қосымшаларды 
жазыңыздар: 
-са/-се; -ып/-іп/-п; -дықтан/-діктен; -ған/-ген; -қан/-кен. 
Хаттамаға қол қойыл..., мөр басылды. 
Есіл аудандық ішкі істер бөлімі құрыл..., жарғысы бекітілді. 
Мәжілісте әр түрлі мәселелер қарал..., нақты шешімдер қабылданды. 
Ол тәжірибелі маман болған..., бөлім бастығы қызметіне тағайындалды. 
Алма іссапардан орал... нан соң, министрлікке жұмысқа орналасты. 
Уақытым болмаған..., газеттегі мақаланы оқи алмадым. 
Ісшараның жоспары бекітіл....нен соң, қызметкерлерге тапсырма берді. 

 
14 
Зейнеткерлердің арызы бекітіл... мен, жауап кеш берілді. 
Хабарлама хат жіберіл... мен,  шикізат уақытында жеткізілмеді. 
 
Есте сақтаңыздар! 
Дни недели 
 
 
Апта күндері 
понедельник 
 
 
дүйсенбі 
 
 
вторник 
 
 
 
сейсенбі 
 
 
среда  
 
 
 
сәрсенбі 
 
 
четверг 
 
 
 
бейсенбі 
 
 
пятница 
 
 
 
жұма 
 
 
суббота 
 
 
 
сенбі 
 
 
воскресенье 
 
 
жексенбі 
 
 
будний день 
 
 
жұмыс күні 
 
 
выходной день   
 
демалыс күні 
 
 
 
Времена года 
 
 
Жыл мезгілдері 
 
 
весна, весной 
 
 
көктем, көктемде 
 
 
лето, летом  
 
 
жаз, жазда 
 
 
осень, осенью 
 
 
күз, күзде 
 
 
зима, зимой 
 
 
қыс, қыста 
 
 
 
Обозначения времени  
Уақыт белгілері 
 
 
вчера  
 
 
 
кеше 
 
 
позавчера   
 
 
алдыңғы күні 
 
 
на прошлой неделе 
 
өткен аптада 
 
 
в прошлом году   
 
өткен жылы 
 
 
в прошлом веке   
 
өткен ғасырда 
 
 
давно  
 
 
 
бұрын (баяғыда) 
 
 
недавно 
 
 
 
жақында 
 
 
сегодня 
 
 
 
бүгін 
 
 
сейчас 
 
 
 
қазір 
 
 
ныне  
 
 
 
қазіргі 
 
 
в настоящее время 
 
қазіргі кезде 
 
 
накануне   
 
 
қарсаңда 
 
 
завтра 
 
 
 
ертең 
 
 
послезавтра 
 
 
арғы күні 
 
 
на следующей неделе            келесі аптада 
 
 
в следующем месяце            келесі айда 
 
 
в будущем году   
 
келесі жылы 
 
 
в будущем   
 
 
болашақта 
 
 
в недалеком будущем            жуырда, жақында 
 
 
в ближайшее время 
          жақын арада 

 
15 
5-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. 
 
Жұмыс уақыты 
Мен  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігі  Қылмыстық-атқару 
жүйесі  комитетінде  жұмыс  істеймін.  Мен  Қаржы  басқармасының  бөлім 
бастығымын.  Жұмысым  сағат  тоғызда  басталады.  Сағат  тоғыздан  онға 
дейін  лездеме  өткіземін,  сағат  оннан  екі  жарымға  дейін  құжаттармен 
жұмыс  істеймін,  он  екі  жарымнан  бірге  дейін  телефон  шаламын.  Түскі 
үзіліс  сағат  бірден  екіге  дейін.  Сағат  екіден  төртке  дейін  бөлім 
қызметкерлерінің  жұмысын  тексеремін.  Сағат  төрттен  алтыға  дейін  жеке 
адамдарды қабылдаймын.  
 
Сөздік  
құжат – документ  
бөлім – отдел 
бөлім бастығы – начальник отдела  
қызметкер – служащий (сотрудник)  
тексеру – проверять  
қабылдау – принимать  
 
6-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.  
Управление  кадровой  и  воспитательной  работы;  отдел  финансов; 
работа начинается в девять часов; я работаю; сотрудники отдела; до двух 
часов;  позвонить;  с  четырех  до  шести  часов;  обеденный  перерыв;  прием 
посетителей;  иду  пешком;  не  опаздываю;  в  субботу  работаю;  проверка 
документов; иногда задерживаюсь на работе; буду в командировке; работа 
до шести часов; работать на компьютере; не хватает времени; свободного 
времени мало. 
 
7-тапсырма.  Мәтін  бойынша  жауап  беріп,  сұрақтарды  пайдалана 
отырып, сұхбат құрыңыз. 
Сіздің  мекемеңіздің  жұмыс  уақыты  қандай?  Сіз  лездемені  сағат 
нешеде  өткізесіз?  Сағат  оннан  он  екі  жарымға  дейін  не  істейсіз? 
Телефонмен қай кезде сөйлесесіз? Түскі үзіліс қай кезде? Түстен кейін не 
істейсіз?  Жеке  адамдарды  қай  кезде  қабылдайсыз?  Сіз  жұмысқа  жаяу 
келесіз  бе?  Жұмысқа  кешігіп  келетін  кездеріңіз  бола  ма?  Сіз  күнделікті 
жұмыс  уақытыңызды  жоспарлайсыз  ба?  Сіз  лездемені  күнде  өткізесіз  бе? 
Сіздің  жұмыс  Уақытыңыз  бір  қалыпты  өте  ме?  Жұмыс  уақытыңызда 
төтенше жағдайлар болып тұра ма? Жұмысыңыздан кеш шығып, бөгелген 
(задержаться) кездеріңіз болды ма?  
 
8-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. 
До перерыва, до субботы, после восьми, после десяти, после собрания, 
после  работы,  до  отпуска,  через  три  дня,  до  понедельника,  до  работы,  до 

 
16 
завтра,  после  четверга,  после  пятницы,  через  год,  через  сутки,  через  два 
часа.  
 
9-тапсырма.  Жақшаны ашып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Сөйлемдерді 
1-жаққа қойыңыз.  
Оның  (рабочее  время)  –  дүйсенбіден  (до  субботы).  Ол  (заранее)  бір 
күнге  (план)  жасап  қойды.  Ол  (во  время  рабочего  дня)  жеке  басының 
(проблемами)  айналысқан.  (В  конце  рабочего  дня)  үйге  телефон  шалады. 
Ол  (никогда)  жұмысқа  (не  опаздывает).  Ол  өз  (работу  любит).  Ол  (на 
работе) бәрін уақытпен істейді. Ол (в конце рабочего дня) есеп береді. Ол 
сенбі, жексенбі (отдыхает). 
 
Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар. 
Уақыт – алтыннан қымбат. 
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, 
Ерте тұрған еркектің ырысы артық. 
 
 
10-тапсырма. 
9-тапсырманы 
пайдалана 
отырып, 
өз 
жұмыс 
уақытыңызды айтып беріңіз. 
 
11-тапсырма. Берілген сөздерден және сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.  
Қанша,  неше,  қай,  қашан,  қашанға  дейін,  қай  уақытқа  дейін,  үзіліс, 
сағат, басталады,  аяқталады,  жұмысқа  дейін,  үзіліске  дейін,  министрлікке 
дейін,  аялдамаға  дейін,  үйге  дейін,  жиналысқа  дейін,  үзілістен  кейін, 
демалыстан кейін, жиналыстан кейін.  
 
12-тапсырма. Берілген үлгі бойынша мәтін құрастырыңыз. 
Пожалуйста,  давайте  встретимся  во  вторник  во  время  обеденного 
перерыва.  Мой  обеденный  перерыв  с  12-ти  до  2-х  часов.  Встретимся  на 
моем  рабочем  месте.  Я  работаю  в  редакции  «Егемен  Қазақстан»  на  2 
этаже,  комната  219.  Если  у  вас  есть  время,  приходите  поговорим.  Номер 
моего телефона 52-18-19. Позвоните пожалуйста.  
 
13-тапсырма. Орыс тіліне аударып, жауабын есте сақтаңыз.  
Сіз қашан жұмысқа барасыз? Сіз лездемені қашан өткізесіз? Сіз маған 
қашан  телефон  шаласыз?  Сіздің  досыңыз  қашан  келеді?  Департамент 
бастығы  жиналысты  қашан  бастайды?  Біз  қашан  кездесеміз?  Сіз  қашанға 
дейін жұмыс істейсіз? Сен қашанға дейін іссапарда боласың?  
 
14-тапсырма. Используйте в диалогах следующие предложения, сначала в 
форме вопроса, затем в форме ответа. 
Мен  дүйсенбіде  сағат  онда  жұмысқа  барамын.  Сен  сейсенбіде  сағат 
бесте үйде боласың. Бастық жеке адамдарды сәрсенбіде қабылдайды. Әлия 
Оразбайқызы  бүгін  адамдарды  қабылдамайды.  Ол  түскі  үзілісте  үйге 

 
17 
телефон шалды. Нұрлан жұмада үйге сағат сегізде келді. Досым сейсенбіде 
сағат  төрттен  алтыға  дейін  әкімшілікте  болды.  Мен  сағат  үшке  дейін 
жұмыста боламын.  
 
15-тапсырма. Задайте друг другу вопросы о: 
- времени и месте встречи; 
- времени телефонного звонка;  
- времени приема посетителей; 
- времени начала работы; 
- времени обеденного перерыва; 
- времени прихода друга к вам. 
  
16-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  орыс  тіліне  аударыңыз.  Мәтін  бойынша 
сұрақ қойыңыз.  
Менің  атым  -  Әділ.  Мен  Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық  келісім 
министрлігінде жұмыс істеймін. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрлігі  Астанада  Кенесары  көшесінде  орналасқан.  Жұмыс  – 
дүйсенбіден сенбіге дейін. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. Жұмыс 
уақыты  –  9-дан  6-ға  дейін.  Түскі  үзіліс  –  1-ден  2-ге  дейін.  Ол  -  біздің 
досымыз.  Ол  фирмада  жұмыс  істейді.  Ол  Астанада.  Оның  жұмысы 
дүйсенбіден сенбіге дейін. Жұмыс уақыты – 8 жарымнан 4 жарымға дейін. 
Түскі үзіліс – 12 жарымнан 2-ге дейін.  
 
Бір аптаға жоспарлау 
 
17-тапсырма.  Сөздікті  оқып,  сөйлем  құрап,  күнделікті  жұмыста 
қолдануға тырысыңыз.  
Жаңа құжаттармен танысу    
 
Ознокомится 
с 
новыми 
документами 
Лездеме өткізу 
 
 
 
Проводить летучку 
Жеке адамдарды қабылдау   
 
Прием физических лиц 
Жетекші мамандармен кездесу 
 
Встреча 
с 
ведущими 
специалистами 
Өтініштерді, арыздарды тіркеу 
 
Регистрировать заявления  
 
 
 
 
и жалобы 
Бұйрықтарды бекіту 
 
 
 
Утверждать приказы 
Бөлім бастықтарымен 
 
 
 
Проводить совещание с 
мәжіліс өткізу 
 
 
 
начальниками отделов 
Есеп беру 
 
 
 
Сдавать отчет 
Іссапар құжаттарын дайындау 
 
Готовить командировочные 
 
 
 
 
документы 
Келіп түскен хаттарды, 
 
 
 
Регистрация поступивших 
құжаттарды тіркеу 
 
 
 
писем и документов 
Жаңа құжаттарды рәсімдеу   
 
Оформить новые документы 
Бастықтың қабылдауында болу 
 
Быть на приеме у начальника 

 
18 
Жеке кәсіпорындарға телефон шалу 
Позвонить частным  
 
 
 
 
предприятиям 
Өтілетін іс шараларды жоспарлау   
Планировать проводимые 
 
 
 
 
мероприятия 
Құжаттарды тексеру 
 
 
 
Проверить документы 
Бөлімнің жұмысын тексеру   
 
Проверить работу отдела 
 
18-тапсырма. Жақшаны ашып, аударып, сөйлемдерді жедел өткен шаққа 
қойыңыз. 
Олар (командировочные документы) дайындап жатыр. Бөлім бастығы 
(совещание) өткізіп жатыр. Мен  (частным  предприятиям) телефон шалып 
отырмын.  Жетекші  маман  (документы)  тексеріп  жатыр.  Ол  дүйсенбіде 
(летучка)  өткізеді.  Ол  (приказы)  бекітіп  жатыр.  Ол  (заявление)  жазып 
жатыр.  Бас  маман  (поступившие  письма  и  документы)  тіркеп  жатыр. 
Менің танысым (начальник отдела). Бастыққа (отчет) беріп жатыр.  
 
19-тапсырма. Мәтінді оқып, аударып, әңгімелеуге тырысыңыз. 
 
Бір аптаға жоспарлау  
Мен  Қостанай  облысы  бойынша  Қылмыстық-атқару  жүйесі 
басқармасында  жұмыс  істеймін.  Мен  -  бөлім  бастығымын.  Жұмысым  өте 
жауапты, ауыр, сондықтан әр аптаға алдын ала жоспар құрамын. Мысалы, 
дүйсенбіде міндетті түрде бөлімімде лездеме өткіземін. Сейсенбі, сәрсенбі 
күндері  жаңа  құжаттармен,  келіп  түскен  хаттармен  танысып,  жеке 
кәсіпорындарға  телефон  шаламын.  Бейсенбіде  жеке  адамдарды 
қабылдаймын. Жұма күні жетекші мамандармен кездесемін және бастыққа 
бір аптаның жұмысы туралы есеп беремін. Мен әр істің уақытында, дұрыс 
орындалуына көңіл бөліп отырамын.  
 
Сөздік  
жоспар – план  
алдын ала – заранее  
міндетті түрде – обязательно  
есеп – отчет  
жұмыс туралы – о работе  
дұрыс – правильно  
көңіл бөлу – обратить внимание 
 
20-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.  
Дүйсенбіде  міндетті  түрде  ...  өткіземін.  Сәрсенбіде  ...  танысамын. 
Сейсенбі күні ... телефон шаламын. Жұмада ... кездесемін. Жұма күні ... бір 
аптаның  жұмысы  туралы  ...  беремін.  Мен  әр  істің  ...  орындалуына  ... 
отырамын. Мен ... демаламын. Мен әр аптаға ... құрамын. Сәрсенбі күні ... 
өткіземін.  Бейсенбіде  іссапар  ...  дайындаймын.  Дүйсенбі  күні  түске  дейін 

 
19 
жаңа ... тіркеймін, түстен келіп түскен ... танысамын. Сейсенбі күні түстен 
кейін жеке ... жұмыс істеймін.  
 
21-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  ауыспалы  осы  шақ  формасында 
аяқтаңыз. 
Ол  бір  аптаның  жұмыс  жоспарын...  .  Марат  лездемені  сейсенбіде...  . 
Бөлім  бастығы  іссапар  құжаттарын...  .  Бастық  жетекші  мамандармен 
мәжіліс... . Сәрсенбі күні бастықтың қабылдауында... . Жұма күні бастыққа 
есеп... . Бастық бөлімнің жұмысын әр апта сайын... . 
 
22-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз. 
Сіз  жұма  күні  кімдермен  кездесу  өткізесіз?  Аптаның  қай  күні 
бастықтың  қабылдауында  боласыз?  Дүйсенбі  күні  нені  міндетті  түрде 
өткізесіз?  Келіп  түскен  хаттармен  аптаның  қай  күні  танысасыз?  Сіз 
жұмыста  неге  көңілсіз  болып  отырасыз?  Сіз  аптаның  қай  күндері 
демаласыз?  Сіз  бір  аптаға  алдын  ала  не  құрып  дайындайсыз?  Бөлім 
бастығы  жеке  адамдарды  аптаның  қай  күні  қабылдайды?  Жұмысыңыз 
туралы аптаның қай күні есеп бересіз?  
 
23-тапсырма. Әріптесіңіздің айтқанын құптайсыз ба? 
 
Үлгі:  Бөлім  бастығы  лездемені  жұмада  өткізеді.  –  Жоқ,  қателесесіз, 
бөлім бастығы лездемені дүйсенбі күні өткізеді. 
Бөлім  бастығы  лездемені  жұмада  өткізеді.  Мен  бастықтың 
қабылдауында  бейсенбі  күні  боламын.  Жаңа  құжаттарды  тіркейміз.  Ол 
жексенбі күні жеке кәсіпорындарға телефон шалады.  
 
24-тапсырма. Кесте бойынша сөйлем құраңыз. 
Үлгі:  Мен  сәрсенбіде  сағат  15.00-де  өтініш,  арыздарды 
тіркеймін.  
             дүйсенбі                         17.00                  өткіземін. 
             сейсенбі                          9.00                    танысамын. 
             сәрсенбі                          13.00                  рәсімдеймін. 
Мен     бейсенбі       сағат          15.00                  телефон шаламын. 
            жұма                                18.00                  тіркеймін. 
            сенбі                                10.00                   есеп беремін. 
            жексенбі                          19.00                   тексеремін.  
 
25-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.  
- Сіз жұмысыңызға жоспар құрасыз ба? 
- ... 
 
- ...? 
- Лездемені дүйсенбі күні өткіземін. 
- ...?  

 
20 
- Сейсенбі күні түске дейін жаңа құжаттармен танысамын.  
- Бөлім бастықтарымен мәжілісті аптаның қай күні өткізесіз? 
- ...  
- ...? 
- Келіп түскен хаттарды бейсенбі күні тіркеймін.  
- ...  
Қашан? 
Қашаннан? 
Қашанға дейін? 
Қай уақытқа 
дейін? 
Қай уақыттан 
кейін? 
 
Дүйсенбіде 
сейсенбіде 
сәрсенбіде 
бейсенбіде 
жұмада 
сенбіде 
жексенбіде 
 
дүйсенбіден 
сейсенбіден 
сәрсенбіден 
бейсенбіден 
жұмадан 
сенбіден 
жексенбіден 
 
дүйсенбіге 
сейсенбіге 
сәрсенбіге 
бейсенбіге 
жұмаға 
сенбіге 
жексенбіге 
 
дүйсенбіден 
сейсенбіден 
сәрсенбіден 
бейсенбіден    кейін 
жұмадан 
сенбіден 
жексенбіден 
 
26-тапсырма. Кесте бойынша сөйлем құраңыз. 
 
Үлгі: Дүйсенбіде лездеме өткіземін.  
Дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істеймін. 
Дүйсенбіге дейін құжаттарды тіркеймін. 
 
27-тапсырма.  Как  вы  планируете  провести  неделю?  Что  вы  будете 
делать в понедельник, вторник, пятницу, воскресенье? Ваш ответ должен 
быть интересным и полным
 
28-тапсырма.  Сұхбатты  мәнерлеп  оқып,  өзіңіз  бір  аптаға  жоспар 
құрыңыз.  
Дүйсенбіден жұмаға дейін  
-  Берік, сен осы аптада іссапарға барасың ба? 
-  Жоқ,  іссапарға  келесі  айда  барамын.  Осы  аптада  басқа  жұмыспен 
айналысамын (займусь). Жоспар бойынша (по плану): 
дүйсенбіде: бөлімнің мәжілісіне дайындаламын; 
сейсенбіде: мәжіліс өткіземін; 
сәрсенбіде: министрлікке барып есеп беремін (тапсырамын); 
бейсенбіде:  сағат  оннан  он  екіге  дейін  жеке  адамдарды 
қабылдаймын; 
жұмада: бөлімнің жылдық жоспарын бекітуім керек. 
-  Иә, бүкіл апта бойы жұмыстан қолыңыз босамайды екен ғой.  
 

 
21 
29-тапсырма.  Кесте  бойынша  сұраулы  сөйлем  құрып,  төмендегі  сөз 
тіркестерін қолдана отырып жауап беріңіз.  
 
Сіз 
өткен 
аптада 
іссапарда  
іс шараларды 
бөлім 
жұмыстарын 
жаңа құжаттарды 
мәжілісті  
бастықтың 
қабылдауында  
іссапар  
құжаттарын 
 
 
неге 
дайындамадыңыз? 
болмадыңыз?   
өткізбедіңіз?  
тіркемедіңіз?  
тексермедіңіз?  
жоспарламадыңыз? 
бармадыңыз? 
 
 
бас маман ауырып жатыр 
 
ауырып қалдым 
 
балам ауырып қалды 
өкінішке орай  
орындап үлгірмедім 
 
қолым тимеді 
 
құжаттарды кезінде ала алмадым 
 
құжаттар компьютерден жойылып кетті  
 
Есте сақтаңыздар! 
Мен өкінемін                                   – Я сожалею. 
Бұл жөнінде мен қатты өкінемін.  – Я очень сожалею об этом. 
Өте өкінішті.                                    – Очень жаль. 
Мен жаман күйіндім.                      – Я крайне огорчен (- а) 
Мен қатты күйзелдім.                     – Я глубоко опечален (- а) 
Менің сізге жаным ашиды.             – Я вам сочуствую. 
Болған оқиғаға қатты өкінемін.      – Я очень сожалею о     случившемся. 
Мен жұмысты аяқтаған жоқпын.   – Я не закончил работу. 
Өкінішті-ақ.                                      – Очень жаль. 
Қандай  өкінішті.  Мен  сызбамды          -  Какая  жалость.  Я  неверно 
выполнил.  
Дұрыс сызбаппын. Еңбегімнің           чертеж. Столько трудился, и все 
зря  
бәрі босқа кетті.                                    (напрасно).  
 
30-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерін  өзіңіздің  бір  апталық  есебіңізде 
қолданыңыз. 
Құжаттарды  дайындау,  бұйрықтарды  тіркеу,  бекіту,  жіберу,  ұйғарым 
шығару,  жариялау,  жауап  беру,  бөлімдердің  жұмыстарын  тексеру,  сөгіс 
беру.  
 
 

 
22 
31-тапсырма. Сұхбатты рөлге қойып, оқыңыз.  
- Әлия Көбейқызы бөлімнің бір апталық жұмысының есебін беріңізші. 
-  Жақсы,  Әлкей  Бөкейұлы.  Біздің  бөлім  қызметкерлері  өткен  аптада 
біраз  жұмыс  атқарды.  Дүйсенбі  күні  жаңа  құжаттармен  танысып,  оны 
рәсімдедік.  Сейсенбіден  бейсенбіге  дейін  келіп  түскен  құжаттарды 
тіркедік. Жұма күні жеке адамдардың арыз өтініштерін тіркедік. 
- Жақсы, қандай ұсынысыңыз бар? 
-  Біздің  бөлімге  құжаттарды  мемлекеттік  тілде  сауатты  аударатын 
аудармашы керек, мүмкін болса, аудармашы филолог болғаны дұрыс.  
- Жақсы, қарастырамыз. 
32-тапсырма.  Сколько  раз  в  неделю  и  по  каким  дням  вы  ходите  в 
библиотеку,  посещаете  бассейн,  проводите  планерку,  принимаете 
посетителей на работе, отдыхаете. 
 
33-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. 
В понедельник я заполняю документы и сдаю в отдел регистрации. В 
среду мои документы рассмотрят и дадут ответ. Во вторник утром я буду 
на  приеме  у  заместителя  начальника  финансов.  Буду  говорить  с  ним  о 
финансировании нашего проекта-создания малого предприятия. В четверг 
и пятницу после работы пойду в «бизнес-клуб».  
 
Есте сақтаңыздар! 
Прочитайте. Запишите  
реплики согласия/не согласия.  
 
-  Жақсы болды. Жарайды.  
-  Келісемін. Құптаймын. Мен басқаша ойлаймын  
     (Я думаю иначе/я другого).  
 
Формулы проявления внимания к собеседнику.  
Өте қызық. Қызық екен. Қандай қызық. 
-  Сіздің бірдеңе айтқыңыз келе ме? (Вы хотите что-то сказать?)  
-  Сіздің бірдеңе айтқыңыз келе ме? (Вы что-то хотели сказать?)  
-  Сіздің бірдеңе сұрағыңыз келе ме? (Вы что-то хотели спросить?)  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет