Гатунок Алина


Зерттеу құзыреттілігін дамыту мәселесінің тарихи аспектілердегі жай-күйі



бет6/15
Дата13.03.2023
өлшемі143,09 Kb.
#172240
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЗЕРТТЕУ

1.2 Зерттеу құзыреттілігін дамыту мәселесінің тарихи аспектілердегі жай-күйі

Кез келген ел үшін дарынды ұрпақ, оның халқының зияткерлік даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Дарынды балалар – мектеп үшін де бедел. Талант әр адамның бойында қаланған. Дегенмен, оны ашып қана қоймай, дамыту керектігі баршаға мәлім.


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту процесін баяулатын және тежейтін бірнеше мәселелер бар. Оның біріншісі – оқуға деген қызығушылықтың азаюы. Екіншіден, бағдарламаны ойдағыдай орындап жүрген оқушылардың жүктелген міндеттерді толық шеше алмауы, стандартты емес оқу жағдайында жұмыс істей алмауы.
Біздің зерттеу танымдық қызметті көздейді, солайша оқушылар оқытылатын ғылымның әдістеріне сәйкес келетін тәсілдерді пайдаланады, жаңа білімді меңгерумен шектелмейді. Олар шығармашылық процеске өз шешімдерін енгізеді, жаңасын табады, кең ауқымды көздерді пайдаланады, бағдарламалық әдістермен салыстырғанда танымдық қызметтің неғұрлым жетілдірілген әдістерін қолданады, пәнге қызығушылық танытады [16].
В. Кошелева жазғандай, "Қазіргі уақытта білім берудің маңызды міндеті – оқушылардың зерттеу қызметіне бағдарланған зерттеу іскерліктерін дамыту болып табылады. Оқушыларды зерттеу қызметіне тарту, оларға жаңа көзқарасты ойлап табуды, түсінуді және игеруді, өз ойларын білдіруді, шешім қабылдай білуді, мүдделерді тұжырымдай білуді және мүмкіндіктерді түсінуді үйренуге мүмкіндік береді" [17].
Зерттеу құзыреттілігін дамыту мәселесі Сократ, Платон және Аристотель есімдерімен байланысты ежелден келе жатқан тарихтан бастау алады. Алғашқы, танымал ғалымдардың бірі, бірақ зерттеу әдістерін белсенді түрде енгізген бірінші ғалым емес, кейіннен «қысқартылған әңгіме» деп аталатын әдістің авторы – Сократ болды. Қазіргі әдебиеттерде бұл әдісті «ішінара іздеу» немесе «эвристикалық» деп атайды.
Орта ғасырдың ойшылдарының, оқушының өз ізденістері негізінде оқытуды құруға бейім екендері байқалмайды. Педагогикалық қызметте мұғалімнің монологы және оқушылардың оқу материалын репродуктивті меңгеру үстемдік етті. Бұл дәуір монархиялық режиммен, үздіксіз жаулап алу жорықтарымен, адамдардың ақыл-ойы мен жүрегіне үстемдік ету үшін діни соғыстармен сипатталады.
Қайта өрлеу дәуірінде жер әлемі мен адамға деген зерттеу қызығушылығы туады. Бұл – ұлы ғылыми жаңалықтардың кезі. Өз кезегінде бұл өзгерістер, балалар табиғатының табиғи ерекшелігіне және маңызды білім беру құралы ретінде баланың іздестіру белсенділігіне, педагогтардың назарын аударуға әсер етеді.
Ол кезде қазіргі түсінікте зерттеу оқыту деп аталатын нәрсені дамытуда айтарлықтай және өнімді қадамдар жасалды. Витторино да Фельтренің «Қуаныш мектебінде», балалардың табиғатпен тікелей қарым-қатынасы – серуендеу, экскурсиялар өткізу, ойнау белсенді түрде жүзеге асырылды. Олардың барысында балалар бақылай отырып, өз тәжірибелерін жүргізген еді, соның негізінде өз қорытындыларын жасауға тырысты. Эразм Роттердамский мен Франсуа Рабле де осындай көзқарасты ұстанды [18].
Балаларды оқытудың негізі ретінде зерттеу әдістерін қолданудың бірінші жақтаушылардың бірі Я. Коменский болып табылады. Ол білім беру практикасында сезімдік тану қажеттігін талап етті, сондай-ақ білім беру практикасында оқытудың зерттеу әдістерін пайдалануға мүмкіндік бермейтін ұйымдастырушылық жаңалықтардың авторы болды.
Дж. Локк өмірден және практикалық шындықтан оқшауланған сөздік білімнің басым болуына қарсы белсенді күресті, жалпы білімді қолданбалы біліммен ұштастыруға ұмтылды. Оның жүйесінің негізгі идеяларының бірі – өз бетінше ойлай білу қажеттілігі болды.
Оқытудағы зерттеулерді Ресей педагогикасының XVIII ғ.: С. Салтыков, Феофан Прокопович, Н. Татищев қолданған. Олар шындықты тануды, әлеммен тікелей жанасу арқылы насихаттады. Педагог – адамда салынған кепілдемелердің табиғи дамуына кедергілерді «жоюшы».
Жалпы ғылыми құзыреттілік тарихында келесі ағартушылардың үлесі зор: Еуропа мен АҚШ-тағы реформаторлық педагогиканы бекіткен француз – Ж. Руссо. Ол зерттеудің гүлденуіне белсенді ықпал еткен. Баланы «ақиқатты іздеуші» позициясына қойған болса – К. Вентцель. Оқушылардың «жасау процесінде» өз бетінше білім алуына үлес қосқан – Ж. Дьюи. «Іс-қимыл мектебінің» жұмыс істеуі үшін арнайы орта құрған – В. Лай. Я. Герд, М. Стасюлевич, Э. Армстронг, Т. Гексли болса, зерттеу әдісінің ортақ идеясын тұжырымдады.
Әсіресе, XIX ғасырда педагогикалық ой, оқушылардың зерттеу қызметіне жүйелі түрде жүгінеді. Ол танымдық уәждемені дамытудың перспективалық құралы ретінде қарастырылады – бұған Д. Ушинский, П. Есипов, А. Данилов, Н. Скаткин, Я. Лернер, И. Махмутов, И. Шамова, И. Андреев, А. Казанцева, И. Савенкова және т.б. сияқты ғалымдардың еңбектері дәлел.
Оқушылардың зерттеу қызметінің танымдық, дербес мәселелері көптеген психологтардың – К. Ахаян, П. Беляева, В. Габай, В. Давыдов, Н. Леонтьев, И. Пидкасистий, С. Пидкасистий еңбектерінде көрініс табады.
Іскерлікті қалыптастыру проблемасына болса, К. Бабанский, А. Сластенин, И. Орлов, Б. Усова, В. Краевский, А.Почкарев және т.б. зерттеулері арналған [19].
ХХІ ғасырдың басы бірқатар ғалымдарына (В. Леонтович, С. Обухов, И. Савенков және т.б.) келсек, олар қазіргі заманғы білім беруде, зерттеу әдістердің қолдану проблемасына назар аударды.
Ал бүгінгі күнге келсек, ендігі кезекте зерттеу құзыреттілігін дамыту мәселесі, қазіргі заманғы педагогикалық шындықта жаппай құбылысқа айналғанын атап өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет