Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет96/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Сөзімде жаз бар шыбынсыз
деп, енді 
бірде: 
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз
деп ескертеді.
2) Мазмұн мен түрдің – поэтикалық идея мен оны 
білдіретін тілдік механизмнің сай түсуіне күш салу – Абай 
қолтаңбасының көзге түсер белгілерінің бірі. Бұл сәйкестікте 
көркем шығарма тілінің «текст түзу» деген шарты Абайда 
тұңғыш рет айқын көрінеді. Ақын текст түзу үшін әр алуан 
уәжбен сөз таңдайды. Бұл орайда тақырыптас сөздердің, си-
нонимдес тұлғалардың, төл сөзбен кірме сөздердің, көне мен 
жаңа сөздердің, экспрессивтік бояуы бар сөздер мен бояу-
сыз жай сөздердің, терминдік мәні бар сөздер мен қарапайым 
тұрмыстық сөздердің, тіпті поэзия тіліне кіретін «хұқы» жоқ 
«қарабайыр» немесе «дөрекі» сөздердің ішінен дәл керегін 
таңдап алады да, оларға стильдік жүк артады, образ жасауға 
жұмсайды, экспрессоидтерге айналдырады.
3) Абай қаламына белгілі бір суретті оқырманның көз ал-
дына бадырайтып көрсету тән. Мұны орысшалап айтқанда, 
кино өнеріндегі «крупным планом» деп аталатын тәсілмен 
салыстыруға болады. Бұл тәсілде кинода айырып көрсетілмек 
бір нәрсе (деталь, айталық, адамның бет-жүзі) экранды толық 
алып, барынша үлкейтіліп түсіріледі. Бұл амал поэзияда 
да орын алады. Орыс поэтикасында мұны тұңғыш енгізген 
А.С. Пушкин болса (Онегинге хат жазып отырған Татьянаның 
әсемдеп шиырып қойған шашын – локондарын суреттегені – 
кейіпкердің жан толқынын танытатын бет әлпетін үлкейтіп, 
«бадырайтып» керсеткені), қазақ поэтикалық тілінде де сөз 
экранын толық алып жатқан суреттерді тұңғыш рет Абай 
ұсынды деуге әбден болады. «Қансонарда бүркітші 
шығады
аңға» өлеңіндегі бүркіттің аспанға қайқаң етіп ұшып шығуы, 
түлкіге түскен суреті, құсына мәз болып, насыбайын атып 
тұрған аңшының бейнесі – бәрі де «үлкейтіліп» бүге-шігесімен 
көрсетілген. «Ел аулақта жолғасқан» ғашықтардың иықтары 
түйісіп тұрғанын, әдепті жас сұлудың өз сезімінен өзі қысылып, 
«көздері төмендеп» тұрғанын өлеңнен оқығанда, тағы да 
киноның «крупный планын» көргендей боламыз. Шындық 
картинаны бұлайша анық етіп, «детальдап» нақ түрінде көзге 
елестетіп ұсыну қазақ поэзиясында Абайға дейін бұрын-соңды 
болған емес. Ал осындай «үлкейтіп» көрсетілетін суреттер 


219
үшін Абай қазақ өлеңі тіліне нақты зат атауларын, оның ішінде 
тіпті тұрмыстық зат аттарын, қарапайым қимыл, іс-әрекет ата-
уларын енгізді, қысқасы, поэзия тілін өмірге, адамның өзіне, 
оның айналасына жақындатты (әдетте поэзия – түйіскен иық 
немесе атқан насыбай сияқты «ұсақ-түйекті» елемеуге тиіс 
жоғары материя ғой
).
4) Сөз – өлең тілінің арқауы. Поэтикалық өрнек сөзден 
өріледі. Абайдың алдындағы Шөже ақын «қызыл тілден өрдім 
өрім» деп әдемілеп айтқан-ды. Бұл өрнекті салатын өткірдің 
жүзіндей, кестенің бізіндей қызыл тіл болса, оның сол жүзі 
мен бізі – сөз, сөз тіркесі, сөздердің бір-бірін сүйеуі, бір-
бірімен «ұжымдасуы», бірін-бірі «итеруі» түрінде көрінеді. 
Міне, осы қасиеттерді Абай нағыз зергер ретінде керемет 
таныған, таныған соң таңдай білген, таңдаған соң орын-орны-
на жұмсай білген. Бұл тұжырымды ғылым тілімен айтсақ, Абай 
поэтикалық образ жасауда сөз мағынасын құбылтудың сәтті 
үлгілерін ұсынды дейміз, яғни сөздің қосымша мағыналық 
реңктерін (коннотативтік қызметін) тап басып немесе сөзге 
қосымша реңк-семаларды өзі беріп, айтпақ ойының әсерін 
күшейтті, қарапайым сөздердің мағынасын ауыстырып, олар-
ды образға айналдырды, синонимдік қатарларды қолданудың 
жаңа жолдарын керсетті. 
5) Абайдың поэтикалық тілінде көзге түсетін ең үлкен 
құбылыстың бірі фразеология саласында болды. Мұнда да Абай 
қазақтың көркем тіліне жаңа үлгілер ұсынды. Фразеологизм-
дер дегеніміз – тұнып тұрған образ, ал өлең сөз – поэтикалық 
образдар әлемі. Сондықтан бұл қазына Абайға дейінгі қазақ 
көркем сөзінде де мол болатын. Осы мол дүниені Абай 
жатсынған жоқ, бірақ оны түгелімен сол қалпында пайдаланба-
ды, оны жоғарыда айттық. Әрине, бұл әрекет әйтеуір байырғы 
дүниенің барлығынан қашу керек деген пейілден туған жоқ. 
Абай шығармашылығының мазмұнынан, сөз өнерін жаңаша 
ұсыну принциптерінен («сөз түзелгендігінен»), «түзелген 
сөзді», яғни жаңа поэзияны жаңаша көріктеп беруді көздеуден 
туды. Ол үшін Абай қазақ поэтикасында бұрын жалпы ныша-
ны болған амалдарды жандандырды. Мысалы, перифраз деп 
аталатын тәсілді молынан қолданып, оны жүйеге айналдырды
мағыналық өрістері бөлек сөздерді тіркестіріп, образ жасаудың 


220
не бір әсерлі, әдемі түрлерін ұсынды; сөздердің эстетикалық 
зонасын кеңейтті; фразеологизмдердің құрылымын өзгертіп 
қолданудың да жаңа үлгісін салды: тұрақты сөз тіркестерінің 
кейбір тәртібін бұзып, оларды «тұрақсыздандырды», ол 
үшін фразеологизм құрамына қосымша сөздер қосып немесе 
компоненттерін ауыстырып я болмаса орындарын алмастырып 
қолданды. Қысқасы, Абай тілдің өте бейнелі, көрікті, бай бөлігі 
– фразеологизм саласына «төңкеріс» жасағандай болды, бұл 
төңкерісте өзгерістермен қатар жаңалықтар молынан көрінді.
6) Бұдан да үлкен «төңкерісті» Абай қазақ өлеңінің архи-
тектоникасында (құрылымында) жасады: мүлде тың өлшем-
дер мен ырғақтар әкелді, бұрын жоқ шумақ түрлерін ұсынды, 
шумақ пен шоғырдың құрылымын құбылтты: атақты 
«Сегізаяқтан» бастап, алты тармақты шумақтан тұратын өлең 
– «алтыаяқтардың» неше түрін, жеті, тоғыз, он төрт «аяқты» 
өлең құрылымын дүниеге келтірді. Бұл құрылымдар қазақ 
өлеңінің синтаксисіне, интонациясына жаңалықтар әкелді: 
қазақ өлеңі жазба поэзия статусына көтерілді; жазба поэзияға 
тән «өлең тасымалы», ауызекі сөйлеу интонациясы дегендерді 
көрсетті.
7) Пушкиннің поэзиясы туралы П.И.Чайковский: «Пуш-
киннің өлеңдеріне музыка жазып әуреленудің қажеті жоқ, 
оның өзі музыка», – деген екен, сол сияқты Абай өлеңдері де 
тұнып тұрған үн гармониясы: ол қазақ өліңінің үнін, дыбыстық 
әуенін (фоникасын) құбылтып, оның құлаққа жағымды 
музыкалылығын күшейтті, ол үшін бұрыннан бар ассонанс, ал-
литерация, анафора, эпифора сияқты дыбыстық үйлесімдермен 
бірге, түбірлес сөздерді қатар келтіру, ішкі ұйқастарды жиірек 
қолдану сияқты шеберліктің де үлгісін көрсетті.
8) Қазақ тілінің поэтикасына Абай әкелген жаңалықтар мен 
ол жасаған өзгерістер жалғасын тапты. Абайдың тіл өрнегі 
бас-аяғы жоқ тұйықталған, қайталанбас феномендік құбылыс 
болып қалған жоқ, қазақтың мәдени көгінде тарихи баста-
ма болып көрініп, әрі қарай ұласқан ұлттық мәнді табыс бо-
лып шықты. Оны Шәкәрімнен бастап, бүгінгі ең жас қазақ 
ақынының поэтикалық дүниесі дәлелдейді.


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет