Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Абай тіліндегі оқу-ағартуға қатысты сөздер



Pdf көрінісі
бет174/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абай тіліндегі оқу-ағартуға қатысты сөздер
(Ұлы ақынның туғанына 120 жыл)
Қазіргі қазақ әдеби тілінің негізін қалаған ұлы жазушының 
мұрасын зерттегенде, оның сөз байлығын, яғни сөздік 
құрамының қат-қабатын танып білудің қажеттігі зор. Бұл 
күнде үйреншікті болып кеткен, жиі қолданылатын көптеген 
сөздер бұдан бір ғасыр бұрын тіліміздің қазіргі нормасы енді-
енді қалыптаса бастаған кезде не мүлде жоқ болатын, немесе 
басқаша болатын. Оған себеп тек әдеби тілдің алғашқы даму 
кезеңі болғандыгы емес, сол кездегі қоғамның әлеуметтік-
рухани өмір сипаты да себепкер еді.
Абай өмір сүріп, жазушылық құрған XIX ғасырдың екінші 
жартысындағы
қазақ даласында болған әлеуметтік-саяси
өзгерістер мен оқиғалар (Қазақстанның Россияға түгелдей 
отар ел ретінде бағынып болуы, дала өміріне капитализм
элементтерінің ене бастауы, қалалар салынып, азын-аулақ
өндірістің пайда
 
болуы, отырықшылық пен егін
 
егу шаруа-
шылығының тұрақтана түсуі, орыс переселенецтерінін мекен-
деуі т.т.) қазақ қоғамы өмірінің мәдени-рухани жағына 
өзгеріс енгізбей қоймады. Қазақтың ұлан-байтақ даласына 
тіл тарихында маңызды рөл атқарған мәдени факторлар келді. 
Солардың бірі – білім тарату ісі болатын. Білімнің өзі екі түрлі: 
діни және дүнияуи, яғни азаматтық орысша (светское образо-
вание) сипатта болды. Діни білім беретін мектептер мен мед-
реселер болды. Бұларда ислам дінінің негізі оқытылды. Оқу 
құралдары ретінде араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған 
діни-мистикалық кітаптарды пайдаланды. Жазу арабша болды. 
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде патша өкіметі Қазақстанда 
ислам дінінің таралуын біраз тежеді, соған байланысты діни 
оқу орындарының саны едәуір азайып, оның есесіне жаңа 
типтегі оқу орындары – бастауыш орыс-қазақ школдары ашы-
ла бастады. Бұлар балаларға жалпы (азаматтық) білім негізін 
беріп, олардан мұғалімдер мен царизмнің кіші чиновниктерін: 
тілмаш, песірлерді (хатшыларды) даярлау мақсатын көздеді. 
Бұлардың программасында орыс тілі (оқу, жазу, грамматика), 


419
орыс-қазақ тілі (бір тілден екіншісіне аудару), арифметика, 
орыс қоғамы тарихы, ән және арнаулы сабақтар болды. Бұлар 
Ушинский, Паульсонның оқулықтарын, Россия картасын пай-
даланды. 1870-90
 
жылдарда бұл школдар мен училищелер 
үшін арнаулы оқу құралдары жасалды. Олар Ы.Алтынсариннің 
«Киргизская хрестоматия» және «Начальное руководство к 
обучению киргизов русскому языку» деген кітаптары, «Жазу-
ға үйрететін кінеге. Букварь» (1892), «Ақыл беретұғын кінеге» 
(1891) т.б. Бұлар, сөз жоқ, діни оқу құралдарына қарама-
қарсы сипатта болды. Бұл школдар мен оның оқу құралдары 
қазақ тіліне жаңа ұғым атауларының, орыс сөздерінің, оның 
ішінде оқу-білімге қатысты сөздердің енуіне тікелей әсер етті. 
Тұңғыш мұндай мектеп Ішкі Ордада (Батыс Қазақстанда) 1841 
жылы ашылса, 1861-64 жылдары Троцк, Орал (Теке), Қазалы, 
Перовск, Торғайда ашылды.
60
Орысша уклонмен оқытып, білім 
беру ісі Қазақстанның солтүстік-батыс өлкесінде тәуірірек 
жолға қойылды. Бұнда қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай 
Алтынсариннің рөлі күшті болды.
Ал қазақ даласының оңтүстік-шығыс өлкесінде, яғни Абай 
өскен айналада, жаңа типте білім беретін мектептер мен учи-
лищелер аса етек алмаса да, мұнда да жаңа өмір лебі болғаны 
хақ. Оның үстіне Абай сынды демократ-ағартушы ақын оқу-
білім тақырыбын сөз етпей қалмағаны және акиқат. Сондықтан 
Абай лексиконында кездесетін оқу-педагогикалық немесе тіпті 
жалпы білім-ғылым дегенге байланысты көне-жаңа едәуір 
сөздерді тауып, оларды өз алдына әңгіме етуге болады.
Ең алдымен, осы кезеңдегі оқу орнының атауына тоқтала-
лық. Жоғарыда біз әдейі 
мектеп, школ 
деп екі терминді атадық. 
Бұл күндегі әдеби тілімізде алғашқы білім беретін оқу орнының 
бәрі 
мектеп 
деп аталады, ал өткен ғасырда 
мектеп 
мұсыл-
манша діни төменгі оқу орнының атауы болған. Оның өзі –
кейінгі кезде пайда болған атау. Шығыстағы мұсылман 
елдерінде алғашқы кезден бастап (X-XI ғасырлардан) көп 
уакытқа дейін күллі оқу орны (бастауыш та, жоғарғы да) 
мед- 
60
Тажибаев Т. 
Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX в. Алма-
Ата, 1962. - С. 33.


420
ресе 
деп аталған. 
Мектеп 
деген атау Орта Азия мен татар 
халықтарында мүлде соңғы кездерде, балалар едәуір көптеп 
оқи бастаған кезде пайда болып, онда да бастауыш білім 
беретін орынды білдірген.
61
Мектеп 
деген сөз әсіресе XIX 
ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басталар аралығында «жаңа 
әдіспен» оқытатын (жәдид) бастауыш оқу орындары пай-
да болған кезде жиі қолданыла бастағанға ұқсайды. Ертерек 
кездердегі қазақ өмірінде мектеп пен медресе болмағандығына 
байланысты бұл атаулар да тілімізде қолданылмаған. Ал 
сөз етіп отырған XIX ғасырдың екінші жартысында мектеп 
те, медресе де (өздері де, атаулары да) болған. Мысалы, Се-
мей облысында 1884 жылы 10, 1888 жылы 12, 1895 жылы 17 
мектеп пен медресе болыпты. Кейбір облыстарда, әсіресе сол 
кезде өзбек, татар халықтары тұрған өлкелерде (мысалы, Сыр-
дария облысында) мектеп пен медресе саны әлдеқайда көп 
болған. Осыған қарағанда, 
мектеп 
деген сөз тілімізде өткен 
ғасырда қолданылған және ол тек мұсылманша діни оқуға 
үйрететін бастауыш оқу орнын білдірген. Бірақ күнделікті 
сөйлеу тілінде, біздің байқауымызша, бұл атаудың өзі жиі 
қолданылмағанға ұқсайды. Оған себеп – бұл оқу орнының 
арнаулы тұрақты үйінің болмауы, әрі оқу программасы мен 
оқушылар контингенті де тұрақты болмағандығы кейде мұндай 
оқытуды (молданы) жеке байлардың өз үйлерінде ұстағандығы 
болу керек. Әдетте сол кезде қазақ баланы 
мектепте оқиды 
(оқыды) 
деудің орнына 
молдаға 
(немесе 
молдадан) оқиды
де-
ген тіркесті жиірек қолданған. Ал Ыбырайда 
мектеп 
деген сөз 
мүлде жоқ. Мұсылманша оқытатын (оның өзінде де молдасы 
«жазу да танымайтын надан») бастауыш орынды бір-ақ жерде 
медресе 
деп атапты: 
Бір күндерде сол елге бір шын молда келіп 
әлгі бала оқыған медресеге келіпті 
(«Киргизская хрестоматия», 
Оренбург, 1879, 52-бет). Екінші бір жерде университетті 
медре
-
се 
деп түсіндіреді: 
1791-інші жылда өзім университет деген 
үлкен медреседе оқып жүрген жігіт күнімде... 
(сонда, 34-бет). 
Осыларға қарағанда, Ыбырай тілінде 
медресе 
деген сөз «жал-
пы оқу орны» дегенді білдірген, ал оқу орнын 
мектеп, медресе 
61
Сабитов Н. 
Мектебы п медресе у казахов. - Алма-Ата, 1950. - С. 5.


421
деп ажырату болмаған. Дәл сондай-ақ 
мектеп 
деген сөз Абай 
тілінде де бір-ақ жерде кездеседі. Онда да қазақ жеріндегі мек-
теп туралы емес, Түркиядағы жаңа оқу орындары (мектеп хар-
бия, мектеп рүшдия) жайында айтқан тұсында. Ал бастауыш 
діни сауат ашуды Абай да 
молдаға оқу, молдаға беру, сабаққа 
беру 
деп атайды: 
Оқытарсың молдаға оны 
(Шығармаларының 
толық жинағы. - Алматы, 1957. - I том. - 127-бет); 
Соңынан 
молдаға берген болады 
(II, 195). Ыбырай сияқты, Абай да жал-
пы мұсылманнша оқу орнын (бастауышында
) медресе 
деп 
атаған: 
Бір жасап екі жасап Әзім өсті, Сонан соң медресе
-
ге барып түсті 
(I, 271); 
Үлкенім Қорқытып, жас балаларын 
еріксіз қолдарынан алып, медресеге бер
(II. 214). Абай тек 
мұсылманша оқу орны емес, жалпы оқу орны деген ұғымды 
да 
медресе 
сөзін қолданған: 
Баламды медреседе біл деп бердім, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім 
дегенінде 
медре
-
се – 
мұсылман оқу орны емес. Абай балаларын (Әбдрахман, 
Мағауия, Гүлбаданды) орыс школдарына беріп оқытқан.
Жоғарыда айтылған, өткен ғасырда қазақ даласында пайда 
болған орыс-қазақ мектептері сол кезде 
школ 
деп аталған. Сөз 
жоқ, бірі ислам дінінің канондарын үйрететін, бірі орыс уклон-
ды азаматтық білім беретін екі түрлі оқу орнын өмірде ажы-
ратып атау қажеттілігі күшті болған. Сондықтан мұсылманша 
діни оқу орнын, тіпті оның жаңа әдіспен (жәдид) оқытып, 
азаматтық білім негіздерін қоса үйрететін, кейбіреулерінде 
орысша да сауатын аштыртатын жаңа тіпті түрлерін де 
мектеп 
(немесе көбінесе, 
молдаға оқыту) 
деп атап, үкімет тарапынан 
ашылған жаңа мектептерді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет