Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


-ып  жұрнақты тұлғасын қолдануы; 2. - мақ



Pdf көрінісі
бет7/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-ып 
жұрнақты тұлғасын қолдануы;
2. -
мақ
 
жұрнақты етістіктің Абай тілінде жиі кездесуі;
3.
 -
сы
 
жұрнағымен жасалған етістіктердің стильдік қызметі;
4. етістік тұлғаларының ұйқас суретіне қатысуы.
Өткен шақ (-ып/-іп
 
жұрнақты) көсемше тұлғасы. 
Қазақ 
тілінде, әсіресе оның көркем сөзінде бұл тұлғаның қызметі 
айрықша. Ол, алдымен, іс-әрекет, қимылдың амалын, сынын, 
яғни қалай орындалғанын, орындалатынын жай да, бейнелеп те 
береді. Содан соң бұл тұлға қимылдың қарқынын, яғни динами-
касын білдіруге бейім. Мысалы, Абай табиғаттың төрт мезгілін 
суреттеген төрт өлең жазған... Оның біреуінде қазақтың кең 
даласының қар жамылып, тыным тапқан қысқы кезеңін ақ 
киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау шал кейпінде сурет-
теген. Мұнда динамика: қарқын, қимыл, қозғалыс жоқ,
 
статика 
(қалыпты күй) бар, сондықтан етістіктер осы қалыпты күйді 
баяндайтын ашық райдың өткен шақ тұлғасында берілген: 
басқан жері сықырлап 
келіп қалды... әлек салды... 
аязбенен 
қызарып 
ажарланды... мазаңды алды...
Күз болса, қазақ аулында бұл кезеңде де динамика аз: жа-
стар күлмейді, бала шулап жүгірмейді, ауылда үретін ит те жоқ, 
тышқан аулап далаға кеткен, қысқасы, бәрі жабырқаңқы. Де-
мек, бұл суретті беретін қимыл-әрекет атаулары етістіктің ауы-
спалы шақ деп аталатын тұлғасымен, яғни
әрдайым болып жа-


44
татын қалыпты қимыл-әрекетті білдіретін бейтарап тұлғамен 
(қаптайды, малма сапсиды, үйін жамайды 
деген сияқты) және 
-ған, -ар
 
жұрнақты есімше тұлғаларымен берілген.
Жазғытұры табиғат пен адамдар өмірінде қозғалыс (ди-
намизм) басталады, тірлік жандана бастайды, ақын енді осы 
қозғалысты білдіретін етістік тұлғаларын да өзгертеді. Көктем 
– жаңарудың басы, табиғат та, адам тіршілігі де жаңаша 
түрленуді күтеді, сондықтан мұндағы етістіктердің дені 
-
ар
 
жұрнақты келер шақ есімшемен берілген: Жазға жақсы 
киінер 
қыз-келіншек... Жер жүзіне 
өң берер 
гүл-бәйшешек ...Азалы ақ 
көрпесін сілкіп тастап, Жер 
күлімдер 
өңіне шырай беріп... Ал 
кейбір шумақтар қызу қозғалыс, динамиканы суреттейді, ол 
үшін ақын 
-ып 
тұлғалы көсемшені алады: Қырдағы ел ойдағы 
елмен 
араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып... 
Ша-
руа қуған жастардың мойны босап, 
Сыбырласып, сырласып
мауқын басып...
Енді нағыз жаз келді, өмірдің өзі келді, табиғат жанданды: 
қазақ аулының тіршілігі де қимыл-қозғалысқа тола бастады. 
«Жаздыкүн шілде болғанда» деп басталатын өлеңінде Абай 
жазды қысылып шыққан қыстан кейінгі қазақ аулының тыным-
сыз тіршілігі, қарқынды қимыл-әрекеті арқылы бейнелейді. 
Бұл үшін ақын етістіктерді 
-ып 
тұлғалы көсемшемен келтіреді. 
Осы өлеңнің суреттеу композициясының өзі қызық: алғашқы 
бес тармақ (жол) ұсынылатын суреттің қай кезде болатынын 
баяндайды, бұған ақын етістіктердің өткен шақ есімше тұлғасы 
қолайлы деп табады, яғни: Жаздыкүні шілде 
болғанда, 
Көкорай 
шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп 
толғанда 
Күркіреп жатқан 
өзенге, Көшіп ауыл 
қонғанда 
болатын жазғы ауылдың көрінісі 
әрі қарай өлең соңына дейін 
-ып 
жұрнақты көсемшемен 
суреттеледі: «Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны 
қылтылдап. Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып 
ыңқылдап
»... 
Бір ғажабы – Абайдың екі-үш өлеңінде осы тұлға тиянақты 
етістік орнында келтірілген, яғни 
-ып
жұрнақты көсемше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет