География сабағы. География сабағының құрылымы және негізгі типтері



бет1/20
Дата02.10.2024
өлшемі1,94 Mb.
#205541
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Прак 5

География сабағы. География сабағының құрылымы және негізгі типтері.

8 апта дәрісі

Қазіргі география сабақтары және оған қойылатын талаптар

  • Оқытуды ұйымдастыру формалары немесе нышандарын дұрыс таңдау
  • Оқытуды ұйымдастыру формалары немесе нышандары дегеніміз бұл бекітілген ереже бойынша және белгілі бір тәртіпке жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушылардың үйлесімді іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі

Оқытуды ұйымдастыруды таңдауы неге баланысты болады?

  • Оқытудың мақсаты
  • Оқытылатын пәннің мазмұны
  • Оқушылардың жасы
  • Жұмыс орны
  • Уақыт

Оқытуды ұйымдастыру формалары немесе нышандары алуан түрлі, бірақ екі топқа бөлінеді:

  • 1) сыныпта оқыту формалары: сабақ, дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту жүйесі
  • 2) сыныптан тыс оқыту формалары: оқу экскурсиялары, кеңес берулер, олимпиадалар, қосымша сабақтар, қоғамдық білім байқауылары, оқушылардың үйде орындайтын жобалық және зерттеу жұмыстары

Оқыту формалары оқытушылардың санына, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктеріне қарай:

  • Жаппай
  • Топтық
  • Жеке
  • Оқытуды ұйымдастыру формалары алуан түрлі болуына қарамастан оқу үрдісін ұйымдастырудың ең негізгісі, әрі бастысы сабақ болып қалады

Сабақтың өзегі – оқу пәнінің мазмұны арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оның негізі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің бірлігі болып табылады


Қазіргі кезеңде мектепке оқушылардың өз бетімен жұмыс істей отырып білім алуларына, танымдық тәжірибелерді жүйелейтіндей, зияткерлік және тәжірибелік әрекеттерін оятатындай басқа жаңа әдістер қажет

Заманауи география сабақтарына қойылатын талаптар:

  • Оқыту міндеттері: білімді меңгерту, іскерлік-дағдыларды қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, тәрбиелеу
  • Мұғалімнің сабақтағы рөлі мен қызметінің өзгеруі
  • Оқушылар мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі және ынтымақтастық ортасы
  • Оқу мазмұны мен оқу іс-әрекеті практикалық бағытта болуы
  • Қазіргі сабақтың жекелеген құрамдас бөліктері бір-бірімен қосылады
  • Пәнаралық сипатқа ие – оқу жобасы, ғылыми жоба, экологиялық соқпақ, шағын қорықтарда, кітапханалар мен топ серуендер мен экспедициялар арқылы
  • Ұжымдық оқу сипатқа ие


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет