Реті:30
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: алған теориялық білімдерін қолданып есептер шығару.
Дамытушылық: есептің шартына сәйкес геометриялық фигураларды дұрыс салуды білу, формулаларды орынды қолдана білуі.
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Өткенді қайталау
Практикалық бекіту
Үйге тапсырма беру
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қысқаша қайталау.
(Пифагор теоремасы) Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең, яғни
АВС тікбұрышты үшбұрышының бір бұрышы: С бұрышы –тік, с-гипотенуза, а,в – катеттер, ал а1 және в1 катеттерінің проекциялары болса
формулалары дұрыс болады.
4.Практикалық бөлім: Атанасян
№484
Тікбұрышты үшбұрыштың а және в катеттері, ал с-гипотенузасы. 1) а=12 см, с=13см
2) а= 3) а=3в, с=2 болғанда в-ны тап
Практикалық бөлім : Атанасян
№495
АВ және СД табандары болып келген АВСД трапециясының 1) АВ=10 см, ВС=ДА=13см, СД=20см; 2) С бұрышы=Д бұрышына=600, АВ=ВС=8см; 3) С=Д=450, АВ=6см, ВС=9 см болғанда, ауданы қандай болады?
№496
АВС үшбұрышының СД биіктігінің Д табаны АВ қабырғасында жатады, әрі АД=ВС. Егер АВ=3, ал СД= болса, АС нешеге тең?
№499
1)24см, 25см, 7см; 2) 15см, 17см, 8см болатын үшбұрыштың қысқа биіктігін тап.
Үйге тапсырма:Егер үшбұрыштың қабырғалары: 1) 6,8,10; 2) 5,6,7; 3) 9,12,15; 4) 10,24,26; 5)3,4,6; 6) 11,9,13; 7) 15,20,25 болса, ол тік бұрышты бола ма, соны анықта.
Қорытындылау
Бағалау: Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Геометрия, 8 сынып
Сабақтың реті 31
Күні
Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар». «Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары
мен бұрыштарының арасындағы байланыстар».
Бақылау жұмысы
Мақсаты: «Төртбұрыштар». «Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары
мен бұрыштарының арасындағы байланыстар»
тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру.
8сынып, геометрия
Сабақтың реті: 32
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Есептер шығару.
Мақсаты: І-ші жартыжылдықта өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу.
Формулаларды дұрыс та ұтымды қолдану дағдыларын қалыптастыру
Өздігінен жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттері дамыту.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қызығушылығын тудыру, ынталандыру
Оқушыларды түгендеу
Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру.
Бақылау жұмысының нәтижелерімен таныстыру, жіберілген қателерге қысқаша түсініктеме беру, коррекциялау.
Қайталау сұрақтары:
Төртбұрыштардың қасиеттері
Төртбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы
Ромбтың диагоналінің қасиеті
Пифагор теоремасы
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынастары
Есептер
Тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 4:3-ке тең. Оған сырттай сызылған шеңбердің радиусы 10 см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 13м, ал табаны 10 м-ге тең. Үшбұрыштың биіктігін табыңдар.
Тең бүйірлі трапецияның табандары а және в, бүйір қабырғасы с. Диагоналін табыңдар.
Ромбтың қабырғасы 13дм, ал диагональдарының бірі 24дм. Екінші диагоналін табыңдар.
Үйге тапсырма: §9, Теорема 21,22 . Дәлелдеу.
Қорытындылау
Бағалау
Геометрия, 8 сынып, 3 тоқсан
Реті:33
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу. Египет үшбұрышы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Перпендикуляр және көлбеуді білу. Египеттік үшбұрыш жайлы мағлұмат беру, есеп шығару .
Дамытушылық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ:
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Тік бұрышты үшбұрыш бойынша формулаларды қайталау, қарапайым есептер қарастыру.
Анықтамалары мен ережелерін сұрау.Египеттік үшбұрыш ұғымын есеп арқылы түсіндіру
Үйге тапсырма беру
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Сұрақтарға оқушылар жауап береді:
Достарыңызбен бөлісу: |