1. Жалпы атаулар. Бұл жалпы атаулардан жеке дара атаулар
шығады. Мысалы жалпы атауларға жататын еркін жаттығулар, сапқа тұру
жаттығулары, жалпы дамыту жаттығулары және қолданбалы жаттығулар.
2. Негізгі (нақтылы) жаттығулар - бұл атаулар нақтылы
қозғалыстың міндетін анықтайды. Мысалы - тұру, секіру, айналу, бұрылу,
асылу, қолға таянып тұру, еңкейе, шалқайа секіріп түсу, отырып тұру,
тұра жүру, етпеттеп қолға тұру т.т.
Достарыңызбен бөлісу: