Гимнастика дене тәрбиесі жүйесінің негізі



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата31.05.2020
өлшемі50,13 Kb.
#71850
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Гимнастика

Еркін жаттығулар

Екі   қолдың   толқын   іспеттес   қимылдары.   Шалқадан   жатып   қолға

таяну;   айнала   бұрылып   етбеттеп   жатып   қолға   таяну;   еңкейе   аяқты

жартылай   бүгіп,   қолды   төмен   түсіре   доға   сызығымен   жоғары   көтеру,

денемен толқын іспеттес қимыл жасау. Қолды сермеу, артқа-алдыға қарай

айналдыру.   Секіріп   бұрылуды   қарапайым   би   адымдарымен   үйлестіру

(Әркім   өзінің   дене   жағынан   дамуына   байланысты   тағы   да   қосымша

жаттығулар   орындайды).   Ырғақты   гимнастика   жаттығуларында

студенттер   оқытушының   басшылығымен   жаттығулар   жиынтығын

құрастырады. Ырғақты гимнастика мүмкіндік болғанша сабақтың кіріспе

бөлімінде өткізіледі. Негізінде бұл жаттығудың құрамы тірек-қозғалысын

қалыптастыратын, әрі жеңіл қозғалатын жаттығулардан құрастырылады;

еңкею,   жүреден   отыру,   қолды   әр   жаққа   созу,   би   қозғалысының

құрылымдары, жүріс және жүгіру түрлері. Шамамен 15-20 минут уақыт

алады. Бұл жаттығулардың мақсаты - әр түрлі бұлшық еттер тобын және

қозғалыс   әрекетін   дамытуға   бағытталады.   Сондай-ақ,   қозғалыс

үйлесімділігі   мен   сымбаттылықты   дамытатын   жаттығулар

пайдаланылады.



Керме

Кермеде   орындалатын   жаттығулар   үш   бағыттан   тұрады.

Статистикалық жаттығулар - қозғалмайтын жағдай. Бұлар - асылу және

таяну.   Күшпен   ауысу   —   статистикалық   жаттығудан   күш-қуат   арқылы

екінші бір жағдайға ауысу. Мысалы, асылып тұрып күшпен тартылып,

керменің үстінде қолға таянып тұру.

Динамикалық   жаттығулар   -   тербелу   арқылы   орындалатын

жаттығулар. Мысалы, асылудан тербелу арқылы серпіліп қолға таянып

тұру. Болмаса, артқа тербелгенде тартылып барып қолға таянып түру.



Асылу. Алдыға,   артқа   тербелу.   Алдыға   тербеліп   аяқты   серпіп,

кермеде қолға таянып тұру. Артқа құлай айналып тұру. Қайтадан артқа

құлап, алдыға тербеліп, артқа тербелгенде тартылып қолға таяну. Асылып

тұрғанда күшпен тартылып шығып, қолға таянып тұру. Асылып тұрғанда

тартылып   барып,   кермеге   аударылып   түсіп   қолға   таянып   тұру.   Артқа

құлай алдыға тербеліп, жерге түсу.



Сырық

Сырықта  қолтықпен  асылып   тұру.  Алдыға   тербеліп,  аяқты   серпи

көтеріліп қолға тұру. Аяқты ашып санға отыру; Қолды аяқтың алдынан

ұстап иыққа тұру; Аяқты  сырыққа  түсіріп, алдыға  домалап асып түсу.

Қайтадан қолтыққа асылып, артқа тербеліп, қолға таянып тұрып, алдыға

тербеліп жерге секіріп түсу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет