Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер



бет18/21
Дата23.10.2016
өлшемі5,93 Mb.
#75
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Қылыш ӨТЕТІЛЕУҰЛЫ,

Дербес зейнеткер,

Ақтау қаласы
Нұрекеңнен естіген әңгіме
Бұны пікірлес, әріптес жолдастарға бір-екі рет айтқан болармын, тыңдағандардың мүмкін есінде болар. Ал Нұрекең өзі айтқанда бірге болғандар қазір бұл өмірде жоқ. Олар: Хисма Сұлтанов - аудандық парткомның бірінші секретары, Уәли Жайықов – аудандық парткомның төрағасы, Дәулет Оралбайұлы Жұмағалиев – облыстық совхоздар басқармасының бастығы, Закаш Өтегенұлы Юсупов - Нұрекеңнің көмекшісі, Кәкімжан (Каки) Қадірәліұлы – орта мектеп директоры және мен Ғатых Маштахов – «Забурын» қой совхозының директоры.

Сонымен, 1957 жылдың 17-18 сәуірі. Обкомның бірінші секретары Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (шындығында Оңдасынұлы) «Забурынға» келе жатыр деген хабар алдық. Айтылғандай ауданның жоғарыда аталған екі басшысы ертеңгі салқынмен келе қалды да: «Нұрекеңдер самолетпен қазір түсуге тиіс, противошумный пунктің самолет түсетін алаңынан күтелік», - деді.

Біз Смағұл Қалешев (совхоз партокомының секретары) екеуміз келгендермен бірге алаңға бардық. Самолет те кешікпей келді, Нұрекеңдерді түсіріп қайта ұшып кетті. Әуелі кеңседе болды, сонан соң тамақтанып, көп кідірмей теңіз жағасын көрді, жаңадан құрылып жатқан совхоздың жай-жапсарымен танысып, сусыз жердегі неткен орталық дегендей пікірлер мен Жұмағалиевке, аудан басшыларына тапсырмалар беріп, бірсыпыра танысу рәсімі өтті. Ертеңіне: «Құмдарыңды да көремін, Мыңтөбеге де барайық, егер машина жүре алатын болса», - деді Нұрекең. Шаруашылық жөніндегі, тұрмыстағы (үйдегі, жолдағы) әңгімелер көп. Менің жазғалы отырғаным - Манаштағы Каки үйіндегі шай үстінде айтылған сөз. Осы шайға отырар алдында Уәкең (Жайықов ) маған: «...Сен бір реті келгенде ЦК-нің культ жөніндегі (1956 жылғы 30.06 «О культе личности Сталина и его последствиях) қаулысына осы кісі қалай қарайды екен, ептеп сұрақ бер дағы біл», – демесі бар ма.

Жастық па, алды-артымызды аңғармаймыз ба мен: «Жарайды, ретін табармын», – дедім.



Айтқандай шай үстінде : «Нұреке, айып етпеңіз, мына Каки екеуміз де насихатшымыз, шамалап лекция да оқимыз. Сонда біздерге культ жөніндегі мәселеден сұрақ көп болады. Барымызша ЦК-нің қаулысы бойынша жауап береміз, ал тыңдаушылардың көбі Сталинді айыптаумен келіспейді... Көсемді көрген, сессияларда қатар отырған Жұмекең (Шаяхметов) екеуіңіз ғой. Сіздің пікіріңізді білсек», – деп едік деп қойып қалдым. Нұрекең біршама үнсіздіктен кейін маған суық көзімен қарап: «ЦК-нің қаулысы ревизовать етілмейді ғой. Сол қаулыда көрсетілген тұжырымдарды басшылыққа алып әрекет ету - әрбір коммунистің уставтық міндеті емес пе. Әлсейітовтер семинар өткізіп жатса (обкомның идеология мәселелері жөніндегі секретары) барасыңдар ғой», - деп бір тынды. Мен қысылып қалдым, басқалар да ыңғайсызданып, үнсіздік орнады. «Жарайды, Нұреке, рахмет, қатемізді кешірерсіз... шай ішелік» деуге шамам зорға жетті. Кішкене кідірістен кейін алдындағы коньяктан бір ұрттап, бір шыныаяқ шай ішкен соң жадырағандай (қысылып қалған біздерді аяғандай) болды, сосын бізге: «Бұл қаулының Сталинге берген бағасы қате деуге болмайды. Қайдан білейік, басшы мен бұқараның арасын қашықтатып, халықтың басшыға деген сенімін азайтып алмасақ», - деп бір қойды. Біз кішкене тіріліп, сергігендей болдық. Әңгімесін айта түссе екен деп отырмыз. Бір кезде өзінің байсалды қалпынан ауытқымай сөзін жалғады:

  • 1946 жылғы сайлаудан кейінгі сессиядан тараған күннің ертеңіне Молотов жолдас Шаяхметов пен мені, Юсупов пен Абдрахмановты (Өзбекстан басшылары) Сталиннің дачасына алып барды. Онда бір шағындау залдағы стол маңына отырдық. Төрт-бес минуттан кейін басқа есіктен Сталин, Молотов, Поскребышев (көсемнің көмекшісі) үшеуі кірді. Көсем төрдегі столдың ортасына отырды да, оның екі жағына Молотов пен Поскребышев, ал, біз: Юсуповтың қарсысында – Шаяхметов, Абдрахмановтың қарсысында мен отырдым. Біз Молотов жағындамыз. Қысқаша сәлемдесуден кейін шай, кофе және басқа да тағамдар келтірілді, әңгіме басталды. Усман-Әка анекдот айтып, өзгелерді күлдіріп, өзі де күлді. Сталин ептеп қана жымиды. Бұнысымен Юсуповтың өзін еркін сезінгенін шет көрмегендей пейіл танытты. Жарты сағаттай дәм татқан, әңгіме айтылған отырыстан кейін Сталин жолдас былай деді: «Кеше Молотовқа сіздерді осында алып келерсің деп едім. Енді ауылдарыңа барасыңдар ғой. Жағдайымыз жеңіл емес. Соғыстағы жеңіс арзанға түскен жоқ. Әсіресе, окупацияда болған облыстар халқының халі нашар. Енді ГКО тәртібі емес, Совминнің қаулысын орындау керек. Окупациядан босаған облыстарға көмек ұйымдастыру жөніндегі тапсырманың орындалуы мүлтіксіз болсын. Сіздердің жерлеріңізде соғыс болған жоқ. Халыққа түсіндіріп, өздері қамқорлыққа алуға міндетті болған аймақтарға малмен, нанмен, киіммен, үй соғатын материалдармен көмектесу керек. Бірінші тапсырма осы.

Екінші: соғысқа дейін біз үлгермедік. Енді ұлт кадрларын оқытуға, тәрбиелеуге жауапты қызметтерге қоюға бағыт ұстаңдар. Орталықтан біз де көмектесерміз. Негізгі ұлт адамдарын (кадрларын) көтермелеу керек.

Үшінші: жолдас Юсупов, сіз ана паранжаны құртыңыз. Азиат әйелдерді толық бостандыққа шығару керек. Оларды оқытыңдар. Әсіресе, ғылымды, өнер салаларын меңгеруіне, ел басқару өнерін үйренуге қамқорлық істеңдер. Империализм тұрғанда әйел кадрлардың оқу-ағарту, медицина мамандарының қажет болатынын ескеріңдер және Сіздердің республикаларыңызда қалыптасқан әйелге деген феодалдық көзқарасты жойыңдар. Міне, сіздерге айтпағым осы еді. Желаю успеха!» - деп біздерді босатты.

«Өздерің саралап алыңдар» дегендей Нұрекең бұдан басқа Сталин туралы әрі қарай айтпады, біздің бұрауға батылымыз жетпеді: Бұл әңгімені мен сол – 1957-жылы қойын дәптеріме жазған екенмін. Сол дәптерімді 1990-жылы кей қағаздарымның арасынан тауып алып, ұмытылып кетер–ау деген оймен түсініктірек етіп басқа дәптерге аударған едім. Әрине, дәлме-дәл емес қой. Негізгі тақырыбы мен мазмұнында қиянат жоқ. Олардай тұлғалардың сөзін өзгерту, өңдеу, сырлау-бояу опасыздық емес пе?! Сондайдан сақтаналық. Қабіріме бірге кетпесін деп осы бір әңгімені жазып қалдырдым.

Бұл әңгімені Нұрекеңнің өз аузынан тыңдағаныма естігеніме ел алдында да, Құдай алдында да ант етуге бармын. Ойлаңызшы, Нұрекеңдей қайраткердің, Сталиндей «көсемнің» сөздерін ойдан шығаратындай мен кіммін. Мүмкін, Жұмабай Шаяхметовтың, сол кездегі өзбек басшылары Юсупов пен Абдрахмановтың мұрағаттық құжаттарынан табылып қалар. Іздестірсеңіздер дегенім ғой.

Тірлік болса, Нұрекеңнің Түркістандағы мұражайына табыс етсем деген ойдамын.

Нұрекең біздің дастарханымызда 3 рет болған-ды. Менің әкем барда да (1957 жылы) іс-сапарда жүріп, бір түнеп шыққан-ды, соңынан 1958-жылы әкемнің қазасынан кейін де келіп көңілін білдірді. Әрине, бір өзі емес, көмекшісі мен аудан басшылары еріп жүреді ғой. Алғашқы келгенінде (әкем барда) Ташкентте оқығанын, су шаруашылығын басқарғанын, облисполком төрағалығынан 1938 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағалығына тағайындалғанын әңгімелеп еді. Мәскеуде А.И.Микоянға әдейі кіріп, екі вагон шыны аяқтар (соғыс жылдары және кейінгі жылдарда халық өте мұқтаж болды ғой), тағы бір ретте 10 водавоз (су таситын машина) сұрап алғанын да айтып, бала Хакімжан Наурызбаевты Алматыға алдырып оқытып, оның атақты мүсінші болуына қамқорлық еткенін де айтқан-ды.

Нұрекең басшы болған жылдарында алға қойған мақсаты - қазақ жерінің байлығын игеру, халықтың әл-аухатын көтеру, әсіресе, білім алып, мәдени өсіп жетілуіне баса назар аударғанына, оның бұқараға жақын болғанына ел куә. Қазақ ССР Ғылым академиясының құрылуына, оның президенттігіне Қаныштың сайлануына тікелей араласқан Нұрекең емес пе?!

Нұртас Оңдасынов қазаққа табиғат ана, жаратқан ие сыйлаған дарынды перзенттерінің бірегейі, тарихи тұлға (историческая личность) ғой.

Естігендерім мен білгендерімді талдап жазуға қазір жағдайым елемейді. Ниетіме разы болыңыз.

Ғатых Маштахов,

зейнеткер.



Атырау облысы, Аққыстау селосы
МОСКВА ЕЛШІЛІГІНДЕ
Республикалық газеттен Қазақстанның металлургия алыбы Теміртау қаласына барып, екпінді құрылысқа ат салысыңдар деген үндеуді оқи сала комсомол комитетіне барып, өз тілегімді айттым. Олар бұл өтінішімді лезде қабылдап, комсомолдық жолдама берді. Міне, сөйтіп Теміртаудың екпінді құрылысында жастық жалынмен етене де, еселі еңбек еттім. Әрі жұмыс істеп, әрі өз білімімді көтеру мақсатымен автотехникумды ойдағыдай тамамдап шықтым. Армансыз адам жоқ. Ендігі мақсат Москвадағы автомобиль жол пайдалану институтына түсу еді. 1962-жылы ол институтты да бітіріп, Москва қаласындағы бір пассажир автобазасында инженер, соңында партия комитетінің хатшысы қызметін атқардым. Сол кезде милиция органдарын ысылған, тәжірбиесі бар партия қызметкерлерімен толықтыру жайлы арнайы қаулы болды да, мені сол қызметке жолдады. 1962-жылдан 1968-жылға дейін Москва қаласында қылмысты істер бөлімінде жауапты жұмыста болдым. Бір жағынан сырттай сауда институтын бітірдім.

Қазақстан елшілігі бірнеше рет жұмысқа шақырса да милиция органдары келісім бермей қойды. Сонымен 1962-жылдың соңына таман елшілік аппаратына өттім-ау. Бірден мені Монғолияға, елшінің сауда жөніндегі кеңесшісі етіп бекітті де, бес жылдай семьямызбен сол жерде тұрдық. Сөйтіп, 1973-жылы қайтадан Москваға келіп, Казақстан елшілігінде жалпы бөлім меңгерушісі қызметін атқардым. Міне, бұған да біраз уақыт өтіпті.

Дипломат қызметі бір жағынан абыройлы да, әрі ауыр. Күніне сан қырлы, тіпті таныс емес, көз көрмеген жерлермен байланыс жасауыңа, ол ол ма, тіпті барып кайтуыңа тура келеді. Соның барлығы сенің өзіңнің туған Отаныңа, еліңе деген жанашырлық көзқарас болуы тиіс. Ал, менің қызметімнің түпкі мақсаты ұйымдастыру ісіне бейімделген.

Біздің Қазақстан елшілігі Серікболсын Әбділдиннің басқарған кезінде естен кетпес елеулі оқиғаның куәсі болды десем, асыра айтқандық болмас еді. Қазақстан елінде алғашқы наурыз мерекесін тойлау жөнінде қаулы қабылданды. Ал, елші қызметкерлері тиянақты да, қызу іске ден қойып кетті. Москва, Ленинград қалаларына барып, алдын-ала ұйымдастыру жұмыстарын қолға алдық. Әсіресе, бұған көбірек атсалысқан қазақ студенттері болды. Осы ірі қалаларда қанша қазақтың тұратынын, олардың тұрмыстық хал-жағдайларын терең түсіне білдік. Біздің елшіліктің партия ұйымында ұзақ жылдар бойы Қазақстан өкіметін басқарған ағаларымыз Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов, Исағали Шәріповтер есепте тұратын-ды. Олардың бұл өткелі отырған Ұлыстың ұлы күніне арнаған тұжырымды бағдарламаларымен қатар ұсыныс тілектері көп көмектесті. Қазақ елінің салт-дәстүрлері бір елі естен шықпады. Енді нәтиже қалай болды десеңізші?! Москваның теміржол Сарайына адам лық толды. Орын жетпей, тік тұрған адам қаншама дерсің?! Әсіресе, біз білмейтін қазақ ағайындары қаптап кетті. Тіпті Ресейдің сонау түкпіріндегі Астраханнан мерекедегіше әсем киінген қазақ туыстар бір-бірімен қауышып, мәз-мейрам болысты. Кең Сарайдың алдында пісірілген көже, палау, шашлық, ал ағарғанның кемтарлығына қарамастан қымыз-қымыранды мейірлене ішті. Оның үстіне ақ самаурынға қайнатылған үнді шайының тәттілігін айтсаңшы?! Майға пісірілген тоқаш, шелпектің, ірімшік пен құрттың есебі жоқ.

Бұл мерекеге Ленинград қаласы өз ансамблімен, өз спектаклімен келіп, өнер көрсетті. Алматыдан аттары әйгілі артистер келді. Қысқасы, Кремльдің кең Сарайындағы өткен жиыннан бір де кем түскен жоқ. Сарай ішінде қазақша күрес, бірнеше жарыстың түрлері өтті. Өнерпаздар құйқылжыта ән салды, би биленді. Домбыра, гармон мен айтыскер ақындардың өнеріне көбірек орын берілді. Ал, Сарайдың екінші қабаты түгелдей көрмеге тігу өнері, қолөнері, суретке арналды. Алтықанат киіз үйдің уығы мен шаңырағынан бау-басқұр, түңлігіне дейін қойылған. Музыка саласынан қобыз, қос ішекті, үш ішекті домбыралар, сырнай, керней көздің жауын алады...

...Мен Нұртас ағамен Гурьевтен демалысқа шығып, осы Москваға келген соң ғана таныстым. Ол кісіні алғаш таныстырған әкем Әжек болды. Ол кісі Түркістан ауданы, Абай атындағы колхоздың төрағасы болатын. Сөйтсек, бір ауылдан екенбіз. Содан бастап мен ол кісімен жиі араласып тұрдым. Біз әкеден төрт бала, бір қыз бармыз. Соның ішінде інім Әлиасқардың орны бөлекше еді. Ол – жоғары білімді юрист. Облыстық мили­ция, прокуратура органдарында қызмет істеп, кейіннен облыстық адвокаттар коллегиясының төрағасы болды. 1987 жылы Одақ бойынша Адвокаттар Одағы құрылғанда Әлиасқар соның басқарма мүшесі, 1991-жылы вице-пре­зидент болса, Қазақстан егемендік алғаннан кейін Адво­каттар одағының президенті болып сайланды. Міне, сол қызмет бабындағы жұмыспен Москваға жиі келіп, Нұртас ағаның інісіндей болып кетті.

Нұртас аға соңғы кезде жиі-жиі науқастанып қала берді. Кремльдегі емханаға түскенде тым әлсіздеу еді. Осы жайтты Алматыға ең жақсы көретін, інісіндей бо­лып кеткен Сағидолла Құбашевқа айтып, телефон шалдым. Ертеңіне ұшып келді. Үшқайықты қайта-қайта айтып отырды. Отбасыларымен түгелдей бас қосқанда ауылға апаруларын да ескертті. Содан көп ұзамай Нұртас аға дүниеден озды. Бұған Қазақстан елшілігі қатты қайғырып, аза тұтты. Сағидолла ағамызбен ұшақты ұйымдастырып, кірпік қақпай, ұйқы көрмей, тік тұрып, қызмет еттік. Ауа райының қолайсыздығына қарамай Шымкентке жеткіздік.

Не деймін, Нұрекеңдей сабырлы да, ақылды данышпан асыл ағаның бейнесі әлі күнге дейін көз алдымда.

Алиакбар Жұмабаев,

зейнеткер
ӨЗ АҒАМДАЙ КӨРУШІ ЕДІМ
...Міне, бұл 1952-жылдың жаз айы болатын. Онда мен Москвадағы К.А.Тимирязев атындағы Академияның үшінші курсында студентпін. Курстас жерлесім түркістандық Рахматулла Қадыровпен бірге оқыдық, бірге жүрдік. Аңқылдақ, адамгершілігі мол жігіт еді. Студенттік өмір белгілі ғой. Тақыл-тұқыл болып күн кешеміз. Ауылдың тағамын, құрты мен майын, тары-талқанын алаңдап сағынамыз да тұрамыз. Апам жарықтықтың тарыға қант, әсел қосып жент жасап, ақ қалтаға орайтыны әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Ең күшті дәм сол еді. Таңертең сабаққа барарда соның бір-екі қасығын шайға қосып жесеңіз, түске дейін бүлк етпейсіз.

...Қазақстанның көп жылғы өкімет басшысы болған Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың сол кезде Москваға келіп, жоғары партия мектебінде оқып жүргенін естуім бар. Ал, Рахматулла болса, сол кісімен жақсы таныс екен. Оны маған айтатын-ды. Менің студенттер арасында жаман-жақсылы беделім болды. Оқу үздігімін, әрі комсо­мол комитетінің алқа мүшесімін.

Бір күні Рахматулла: "Нұрекең үйіне шайға шақырып жатыр, жүр" деді. Ойланып қалдым: "Оу, мен кіммін? Ал, ол кісі болса үлкен адам, айтқан әзілі шығар", — деп кете бардым.

Күн жұма еді. Ертеңіне сабаққа барып, енді жатақханада дем алайын деп отырғанда, телефон соғылды. Трубканы көтеріп тыңдай бергенімде:


Саламат па, балам, сен Төлепбек деген студентсің бе? Мен Оңдасыновпын. Кеше неғып келмедің? — десе болар ма. Не айтып, не қойғанымды білмей қатты састым. Япырай, үлкен адамның бүйтіп сөйлесуінен соң, терең ойға баттым. "Не істеп, не бүлдіріппін?" Түні бойы аунақшып, шала ұйықтадым-ау, әйтеуір.

Сенбі күні Рахматулла келді. Барынша әшекейленіп киініп алған. Көңілі көтеріңкі. Кәне, айтқан мерзімде барайық деп тұр. Жол жөнекей жүрегім алаулап, дүрс- дүрс соғады. Ішімнен апам айтқандай жақсыға жоримын тәйірі. Барсақ үйде екен. Жақсы қарсы алды. Үлкен баласы Саша аспирантурада оқитын. Үйленген, немере қызын алдына алып еркелетіп отыр. Ал, кіші баласы Гена әлі үйленбеген, Москваның бір институтында студент еді. Кейіннен білдік Алматылық профессор Хадиша Мыр-
залиевнаның қызы Дамилияға үйленіпті, қуанып қалдық,
құтты болсын! Дастарханға неше түрлі тағам келіп жатыр. "Тағамнан алсаңдаршы, шырағым, студентсіңдер ғой" десе де, жегім келіп отырсам да, сыпайылық жасап, аздап қана дәм алып отырдым. Үйінде екі сағаттай болыппыз. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын бұл
кісінің салмақты
да, сабырлы ауыр мінезі маған қатты ұнады. Жүрсем де, тұрсам да Нұрекеңнің келбеті, осы кездесу есімнен шықпай қойды. "Жақсы сөз, жарым ырыс" дейді атам қазақ. Сол
айтқандай қайтарда немересін жетектеп, "жақсы оқыңдар қарақтарым, жиі-жиі келіп тұрыңдар, ұялмаңдар, біз де сендер құсап студенттік өмірді бастан кешіргенбіз" дегені. Сыпайы мінезі мені еріксіз өзінің бауырына тартып әкеткендей
әсер қалдырды. Сол күннен бастап, мен Нұрекеңді өз туған ағамдай көріп, асқар таудай санап кеттім... Жатсам да, тұрсам да сол кісінің денсаулығын сұрап, бала-шағаларының аман болуына тілеуші жанның бірі мен болдым.

Нұрекең Москвада үш жыл оқыды. Кейіннен сыр мінез танытып, қоян-қолтық араласып кетсек болар ма?! Арада бір-екі ай өткен соң үйіне тағы бардық, жақсы қарсы алды. Семьямды түгелдей сұрады. "Демалысқа барсаң, отбасыңа менен сәлем айт", деп жатыр.

Ленинград, Москва қалаларында оқитын қазақстандық студенттер жазғы каникул, жаңа жыл, үлкен мереке алдында көмекке деп жәрдем ақша алатынын естігенмін. Бір күні мен де бардым. Ол кезде Қазақстанның Москвадағы елшілігін Атамбаев, оның орынбасары болып Шәріпов басшылық жасайтын. Атамбаев сұсты кісі екен, есіктен кірген бойда: «Бала, елден әке-шешең жоқ» деген анықтама қағаз әкел, онсыз ақша берілмейді», - деді.

Ағай-ау, тірі әке-шешемді өлді деп қалайша алдаймын сіздерді, деп кетіп қалдым.

Академиядан оқу үздігі, факультеттің комсоргі деген анықтамаларымен өзімнің атымнан Алматыға арыз жазып жібердім. Көп кешікпей жауап келіп тұр. "Қазақстан елшісі шақырады" деген телефонда естілді. Обалы не керек, Нұрекең өзіне бекітілген су жаңа "Победа" жеңіл машинасын мініп баруға берді. Чистопрудная көшесі, Бульвар №3 "а" зәулім ғимаратының алдынан түсіп, бардым. Баяғы Атамбаев мырзамыз орнынан түрегеліп: "Кел, бала", - деп жалпақтап жатыр. "Шырағым, Жұмабай Шаяхметовте нең бар еді? Арызың сол кісіге арналыпты, ауыр-ауыр сөздерді естідік. Ақшаңды ал, егер жетпесе тағы келерсің. Мынау Нұрекеңнің жеңіл машинасы емес пе? Қалайша мініп жүрсіңдер? деп қазбалай жөнелді.

...Тағы да бір күні Нұрекең телефон шалды. Айтқан мерзімінде жетіп бардық. Бұл 1954-жыл болатын. Нұрекең көңілді екен. Маңдайын орамалмен таңып, көтеріңкі дауыспен:

  • Ардагер Амангелді – ердің ері, Кең байтақ құла дала өскен жері! деп, өлең айтып отыр екен. Бетімнен сүйді. Не деген сыпайы студентсіңдер, қарындарың ашқан жоқ па деп қалжыңдап қояды. Күліп жатырмыз. Рахматулла болса ол кісінің көңілді екенін пайдаланып, асхана жаққа бұрылды да, үлкен стаканмен ащылы сусынды сіміріп, диванға тымпиып отыра кетті.

Мені В.М.Молотов қабылдады. "Сіздің үстіңізден арыздар қарша борады. Не деген жазғыш жігіттер еді?! Әбден тексердік. Шағымдар дәлелденбеген соң ғана көзіміз жетіп, Саяси Бюро республиканың басшылығына қайтадан ұсынуға келісім берді," деді. Бүгін сол Кремльден келіп отырған бетім еді.

Шырағым, Төлепбек, каникулда демал да маған кел. Жұмысыңды өзім шешемін. Қарияға сәлем айтарсың. Ал, Рахматулла, сен болсаң жұмысты бірден өндірістің ең шешуші участогы бригадирден басташы. Содан көп тәжірбиелер жинақтап, өзіңнің алдағы болашағыңа кең жол ашар едің.

Не деген көреген адам еді бұл?! Әрі сыншы, әрі ақылшы деп осы кісіні айт. Бұл Нұрекеңмен Москвадағы ең соңғы қоштасу сәттеріміз болатын.

Нұрекең Москвадан келген бойда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып істеді де, кейін Гурьев облысына ауысты.

Маған ол кісінің шын тілеулес, көңілдес екені соншалық, облысымызға келген Данияр Керімбаевқа да айтып, "қол соза алмадым, көмек етіңдер" деген ыстық лебізіне ырзамын.

...Түркістанда тұрдық. Аудан аралық территориялық өндірістік басқарманың бастығы кезім. Алматыдан Ілияс Омаров пен Нұрдәулет Күзембаевтар телефон шалды. Көңілдегідей күтіп алдық. Келесі күні ол кісілерді менің бірінші орынбасарым Тәжібай Айғазиев қонаққа шақырды. Сөйтсек, Тәжібайдың жұбайы Ақерке Нұрдәулеттің қарындасы екен. Шай үстінде Оңдасынов жайлы көп сөз болды.

Мен, деді Айғазиев, Төке, сіздің атыңызды айтып жүріп Н.Әжіметов екеуміз Гурьевтен әрең босандық-ау. Сізді бір елі аузынан тастамайды.

Нұртас аға үйде бірнеше рет болып, мынау жұбайымыз Зәбираға жаудырған алғысының шегі жоқ. Сол дуалы ауыздың алғысы шығар, он баланың анасы – «Батыр Ана» атанды. Құрметті демалыста жүріп жазған "Араб-парсы" кітабын маған қолжазба ретінде қалдырды. Ең соңғы рет Ташкенттегі әпкесі қайтыс болғанда жолы түсіп еді. "Волгамды" бердім және туыстарын апаруға бір автобус бөлдірдім. 1954-жылдың күз айы еді, обкомның бірінші хатшысы Василий Андреевич Ливенцов Нұртасқа Түркістанға барып қайтуға, әрі Арыс Түркістан каналын аралап көруге өзінің қара "Волгасын" беріпті. Артынан іздеп, ол кісіні Бөген су қоймасының шлюз басында ұшырастық. Қасында Тәліп Тайбеков жүр екен.

Ал, осындай Республиканы талай жыл басқарған жаны да, ары да таза, адал саяси қайраткердің 70 жылдығын атап өтпеу біздің үлкен кемшілігіміз болды... Сол шақта біз Ыдырыс Тілеубергенов екеуміз обкомның хатшысы едік. Москваға баруға рұқсат етпеген соң құттықтау папкамызды жазып, шапан, тақиямызды әзірлеп, туысы Қайролла Башиковқа бердік.

Не деймін, Нұрекең бауырлас өз ағамдай болып кетіп еді. Оның адал да іскер, жаны жайсаң нұрлы кейпі менің көз алдымнан еш уақытта кетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет