Ерлер жыныс гормондары. Андрогендер. Химиялық табиғаты: негізгі гормон – тестестерон. А сақинасында С4 және С5 аралығында қос байланыс және С3-те кетотобы, С17-де ОН тобы бар. Лейдинг жасушаларында белсенділігі төмен эстрадиол мен андростерон түріне өте алады.
Биологиялық маңызы:Андрогендердің ерлер ағзасындағы маңызы интерстициальды жасушаларына, біріңғай бұлшық еттерге, дәнекер тіне мен арнайы эпителийлерге стимулдаушы әсер етуі болып табылады. Андрогендердің 80% ерлерде аталық бездерде және тек 20% ғана бүйрек үсті бездерінде түзіледі. Тестостерон нысана жасушаларында (ұрық түтіктері және көбіктер, жыныс ағзасы терілері, ұрық бездері) 5α-редуктаза әсерінен өзінен белсендірек дигидротестостеронға және белсенділігі төмен андростеронға айналады.
Тестостерон қанда тестостерон-эстрадиол байланыстырушы глобулинмен және альбуминмен байланысады.
Андрогендердің жыныс бездерінен максималды өнімі ерлерде 25-30 жаста байқалады, кейін олардың гормоналді белсенділігі біртіндеп төмендейді. Қартайған шақта тестостерон мөлшері қанда төмендеп, ал эстрогендер мөлшері жоғарылайды.