Простогландиндер мен тромбоксандар
Простогландиндер дегеніміз гормон тәрізді заттар, олар полиқанықпаған арахидон қышқылының туындылары болып табылады. Простогландиндер – бұл биологиялық белсенді заттар. 1930 жылы адамның аталық ұрық сұйықтықтарынан табылған. Осы сұйықтықтың миометрия белсенділігін алмастыратыны анықталды. Осы заттар тобын осылай атауды Эйлер ұсынды. Себебі, Эйлер бұл заттар тек аталық ұрық бездерінде түзіледі деп санады. Кейінірек ПГ барлық тіндерде түзілетіне дәлелденгенмен, термин сақталды. Бірінші рет ПГ-ді швед химигі Бергстрем бөліп алды, ал 1962 жылы олардың химиялық табиғаты ажыратылды. ПГ-дің 14 табиғаты белгілі, олардың 13-і аталық ұрық сұйықтықтарынан табылған. ПГ-дер халықаралық номенклатура бойынша эйкозотетраендер деп аталатын арахидон қышқылынан синтезделеді. Сондай-ақ ПГ-дер эйкозотетраен қышқылдарынан түзіледі. Барлық ПГ үшін циклопентен сақинасы және 2 бүйір тізбегі болуы тән: С13 қос транс байланыс және С15-те ОН тобы бар. ПГ-дерді Е және Ғ топтарына бөледі, айырмашылығы ПГҒ-тің С9-да кетотобының орнына Отобы орналасқан. ПГ қандай ЖҚМҚ түзілуіне байланысты, оларда сәйкес қос байланыс саны және ол индекс түрінде көрсетіледі. Мысалы: арахидон қышқылынан екі қос байланысы (ПГЕ2 және ПГҒ2) бар ПГ түзіледі. Жүректе және тамырларда ПГ бір түрі простациклиндер түзіледі. ПГ барлық тіндерден табылған, бірақ өте аз 0,01 – 0,5 мк/г мөлшерінде. ПГ және олардың биосинтезін жүргізетін ферменттер тек адамның эритроциттері мен күрке тауықта жоқ болып саналады. Көптеген тіндер гормональді стимуляция кезінде, гомогенизация кезінде ПГ –ді шығарып тастайды.
Арахидон қышқылы фосфолипидтер құрамына немесе триглицеридтер құрамына кіреді. ПГ синтезінің интенсивтілігі қабылданған тағамның құрамындағы ЖҚМҚ мөлшеріне тәуелді. ПГ синтезін жүргізетін ферменттер микросомдар мембранасында орналасқан. Гидрохинин және С дәрумені аз мөлшерде ПГ түзілуін стимулдайды, ал көп мөлшерде ПГ түзілуін тежейді. Аспирин, индометацин және басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттар ПГ синтезін тежейді (ингибрлейді). ПГ синтезі процесіне Р450 цитохромы қатысады. ПГ синтезі бүйректің милы қабатында, өкпеде, асқазан-ішек трактісінде едәуір белсенді жүреді.
Месті жасушаларда және лейкоциттерде ЖҚМҚ-нан лейкотирендер, ал тромбоциттерде – тромбоксандар түзіледі. Лейкотриендердің ПГ айырмашылығы олардың тізбегі болмайды. Функционалды топтарының құрылысына қарай ЛТА, ЛТВ, ЛТС, ЛТД, ЛТЕ деп бөлерді. Қос байланыстарының санына қарай ЛТ – 3,4,5 индекстерімен бөлінеді.
Ал, тромбоксандар алты бұрышты цикл А,В, деп және 1,2,3 индекстерімен белгіленеді.
ПГ әсер ету механизмі: қазіргі уақытта ағзаның қызметін реттеу теханизміндегі рөліне маңызды көңіл бөлінетін әмбебаб зат, цАМФ синтезін жоғарылата (барлық тіндерде дердік) немесе төмендете (май тіндерінде, асқазан шырышты қабығында және несеп қапшығында) отырып гормондар мен жасушаішілік ферменттер арасында дәнекер немесе делдал қызметін атқарушы деген болжам бар. ПГ фосфодиэстеразаны белсендіруі және цГМФ синтезіне әсер етуі мүмкін.
Нысана-жасушалары – барлық жасушалар деп айтуға болады, олар тек бірнеше секунд қысқа өмір сүретін болғандықтан, жергілікті әсер етеді. Барлық тіндерде дерлік, әсіресе өкпеде, бүйрек және бауырда белсенді ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |