197
§ 13.1 Тетіктер қосылыстарының кескіндері туралы түсінік
«Тетіктер қосылыстарын кескіндеу» тақырыбының жалпы білім беруде
маңызы зор. Бұл тақырыпты оқып үйренудегі ең басты мақсат - студенттерге
түрлі
көліктерде, механизмдер мен тұрмыстық құрылыстарда пайдаланыла-
тын, кеңінен қолданылатын тетіктер қосылыстарының кескіндерін көрсететін
сызбаларды дұрыс түсінуге үйрету. Бұл үдіріс
оларды техникалық сызудағы
тетіктер қосылыстарын кескіндеу туралы түсініктен графикалық кескіндеу
ерекшеліктерімен таныстыруға қарай бағыттайды. Сабақ барысында
студенттердің
техникалық ой өрісін кеңейту, нақты мысалдар арқылы
стандарттандыру туралы түсінік беру мəселелері жүзеге асырылады.
Қосылыстар ажырайтын немесе ажырамайтын болып екіге бөлінеді.
Ажырайтын қосылыстар деп бүтінді құрастырып тұрған тетіктерін бүлдірмей
ажыратуға болатын қосылыстарды айтады. Оған төмендегідей қосылыстар
жатады:
• бұрандамалы
қосылыс;
• бұрамасұқпалы
қосылыс;
•
құбырлы
қосылыс;
• бұрамалық
қосылыс;
• кілтекті
қосылыс;
• сұққыш (штифтік) қосылысы.
Ажырамайтын қосылыстар деп олардың
құрамына кіретін тетіктерді
бүлдірмей ажыратуға болмайтын қосылыстарды айтады. Оған пісірмелеу,
желімдеу жəне шегелеу жатады.
Стандартталған тетіктер мен қосылыстар сызбада сызылуын жəне оқылуын
оңайлатады, өйткені оларды кескіндеу жəне
белгілеу ережелері стандарт
бойынша анықталады.
§ 13.2 Бұранда
Бұранда дегеніміз - өзектегі (стержень) немесе тесіктегі бұрама қобы
(ойық). Ол цилиндрлік немесе конустық беттегі
бұрама қобы бұрандасының
Достарыңызбен бөлісу: