График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет73/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

§ 12.5 Күрделі тіліктер
Күрделі тіліктер сатылы жəне сынық тіліктерге бөлінеді. Егер екі жəне одан 
да көп қиюшы жазықтықтар бөлшекті бір-біріне параллель орналастырып 
тілсе, осыдан шыққан кескінді 
сатылы тілік
дейді (
175-176
-суреттер). Бұл 
тілікті кескіндеу үшін барлық қиюшы жазықтар сызба жазықтығымен ойша 
беттестірілуге тиіс.
Сынық тілікті
тұрғызғанда қиюшы жазықтықтың біреуін олардың 
қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен 
қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне 
параллель болса, онда сынық тілік оған сəйкес көріністің орнына салынады 
(
177
-сурет).
Затты (тетікбөлшекті) түгел қиып жатпай, оның бізге керекті бөлігінің 
ішкі құрылысын көрсетуге мүмкіндік беретін тілікті 
жергілікті тілік
 
дейді 
(
178
-сурет). Жергілікті тілік көріністе ирек сызықпен оқшауланады. Бұл 
сызық көріністің басқа сызықтарымен беттеспейтін болу керек.
176-сурет


189


190
1. Қандай кескін «тілік» деп аталады?
2. Тіліктің қандай түрлері бар?
3. Қиюшы жазықтықтың проекция жазықтықтарына қатыстылығы 
тұрғысынан жағдайына байланысты алынған тіліктер қалай аталады?
4. Күрделі тіліктің қарапайым тіліктен айырмашылығы неде?
5. Күрделі тіліктің қандай түрлері бар?
6. Жергілікті тілік қандай жағдайда қолданылады?
7. Қандай жағдайда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің 
жартысын кескіндеуге болады?
8. Тіліктер сызбада қалай белгіленеді?
§ 12.6 Қималар
Нəрселерді техникалық сызбаларда көрсету үшін тіліктер деп аталатын 
кескіндерді пайдаланып келдік. Енді қималар сияқты жаңа кескіндермен 
танысамыз. Олар заттың немесе оның жеке элементтерінің тек сыртқы 
формасын ғана емес, сонымен қатар олардың ішкі формасын да анықтауға 
мүмкіндік береді
Қима 
дегеніміз - нəрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан 
шыққан фигура кескіні. Қимада тек қиюшы жазықтықтың бетінде жататын 
кескін ғана көрсетіледі. Бұл жазықтықтың алдыңғы жəне артқы жағындағы 
элементтердің барлығы да ойша алынып тасталады. Сызбада қима фигурасын 
штрихпен көрсетеді. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс.
Үзік сызыққа əріптермен белгіленген нұсқалар жүргізіліп, қима астынан 
жіңішке сызық жүргізілген 
А-А
немесе 
Б-Б
типті қос əріппен белгіленеді. 
Қима мен тіліктің сызбада орналасу ерекшеліктері 
179
-суретте көрсетілген. 
Қиманы сызбада орналасуына қарай
 
қабаттасқан
жəне 
оңашаланған 
деп 
ажыратылады (
180
-суретте 
а,б
).
Қима нəрсенің контурының ішіне орналасса, мұндай қима қабаттасқан деп 
аталады. Оның контурын жіңішке тұтас сызықпен жүргізеді. Қабаттасқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет