183
көрінісі болады. Қосымша көріністе бөлшектің бұрмаланатын элементі өз
шамасында кескінделуі қажет. Қарау
бағытын нұсқамен көрсетіп,
кириллица
алфавитінің бас əріптерімен белгілеп қояды. Мысалы, қосымша көріністің
үстінде нұсқаны сызып, оған «
А
» деп əріп белгісін жазу керек (
169
-сурет).
Қосымша көріністі негізгі көрініспен
проекциялық байланыста
орналастыруға болады. Егер қосымша көрініс ось сызығының бойында
орналасса, бұл жағдайда қарау бағытын нұсқамен көрсетудің немесе белгі
қоюдың қажеті жоқ (
169
-сурет). Қосымша көріністі
бұрып та кескіндеуге
болады. Мұндай бұрылған қосымша көріністі көрсету үшін бұрылу белгісі
қолданылады.
§ 12.3 Жергілікті көріністер
Бөлшектің шағын
бөлігі құрылысының кескінін
жергілікті көрініс
деп
атайды. Жергілікті көріністі сызбада ирек сызықпен шектейді. Ал, егер
жергілікті көрініс
170
-суретте көрсетілгендей негізгі көрініспен байланыста
орналасса, ирек сызықпен шектелмейді. Қосымша көрініс сияқты белгіленеді.
Қарау бағытын нұсқамен көрсетіп, қазақ алфавитінің бас əріптері жазылады.
1. Заттың кескіндерін қандай тəсілдермен салуға болады?
2. Кескіндер өз мазмұнына байланысты қалай бөлінеді?
3. Негізгі проекциялық жазықтықтар ретінде не қабылданады?
4. Көріністер сызбада қалай орналасады?
А
А
көрінісі