Ерітіндідегі темір (ІІ) мөлшерін анықтау
Fe2+ ионын бихроматометриялық анықтаудың негізін төмендегі теңдеумен өрнектеуге болады:
- 1е =
Анықталатын ерітіндідегі күкірт қышқылын қосып күшті қышқылдық орта жасау үшін, Fe3+ иондарын байланыстырып кедергісін жою үшін фосфор қышқылын қосады.
Бихроматометриялық әдіспен темірді кендердің құрамынан, құйма және металл қалдықтары құрамынан анықтау үшін қолданылады. Бірақ, оларды еріту кезінде біраз Fe2+ иондары түзіледі, сондықтан анықтау алдында Fe3+←-ті Fe2+ дейін тотықсыздандырады. Ол үшін көбінесе металдармен (немесе олардың амальгамаларымен ) мысалы, мырышпен әсер етеді:
+ = +
ерітіндідегі мырыштың артық мөлшерін сүзу арқылы тазалайды. Кенді немесе құйманы талдауға өте көп уақыт жұмсалады.
Анықтау барысы.
100 мл-лік өлшеуіш құтыға талдауға біраз алдын-ала тотықсыздандырғыш (Fe2+) бар ерітінді алып, құтының белгісіне дейін дистилденген сумен толты-рады. Тамшуырмен (пипеткамен) 10мл аликвот алып, конус құтыға құйып, үстіне 1-2 тамшы дифениламин ерітіндісін (артық болмасын), 3 мл фосфор қышқылын (d-1.7 г/см3) және 5 мл сұйытылған (1:4) күкірт қышқылын қоса-ды. Алынған қоспаны өлшеуірдегі (бюреткадағы) стандартты калий бихрома-тының жұмысшы ерітіндісімен шайқағанда жойылмайтын көк күлгін түс пай-да болғанға дейін титрлейді. Бірнеше рет қайталап, ортақ шамаларын алып, темірдің таладанатын ерітіндісіндегі мөлшерін есептейді. Мысалы: 10мл темір тұзын (ІІ) титрлеу үшін 8,25 мл 0,1003н калий дихроматының ерітіндісі жұмсалады. Онда ерітіндінің нормальдылығы тең. Темірдің хроматометриялық титрлеудегі тотықсыздандырғыш эквива-ленті 55,86 г. Сондықтан, Fe2+ 0,1н талданатын ерітіндідегі массасы:
тең.
Достарыңызбен бөлісу: |