Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет140/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

(бычгу, пышақ)
қүралдың аты. 
Аффикс қүрам ы ндағы еріндіктердің езулікке ауысуы “ Кодекс 
куманикусте” үшырасады. Алайда ол тілде де екі вариантта: еріндікпен 
де, езулікпен де жарыса қолданы лған. 
-қы
аф ф иксім ен келген 
сөздердің басым көпшілігі істің істелу қүралын, орындалу затын 
білдіреді. Осы мағына көне түркі ескеркіштерінде де бар. Олай болса,
Севортян Э. В.
Аффиксы именного словообразования в азербайджан­
ском языке. М., 1966, стр. 332 — 336. Хабичев М. Карачаево-балгарское 
именное словообразование. Стр. 214—215.


-қы
аффиксінің негізгі жетекші мағынасы да сол. Э. В. Севортян кейбір 
түркі тілдерінде осы мағынаның негізінде аффикстің грамматикалануы 
болгандығын көрсетеді.' Осының ізімен қазақ тіліндегі 
бар-гы-м
келді 
тәрізді күрделі етістік қүрамындағы 
-гы-
да сол аффикстің жаңа 
грамматикалық мән алып, сөз жасаушы қосымшадан соз өзгертуші 
қосымшаға ауысуы деп қарау керек болады.
-қақ, (-қақ, -гак): тутқақ
(түтқа), 
йумгақ
(домалақ) (Орх.-Ен.), 
йапушгақ
(шоп), 
табузгақ
(жүмбақ) (М Қ), 
сергек
(КК). Қазіргі қазақ 
тілінде 
айгақ
(ай-айту, сойлеу), 
ілгек, ескек
тәрізді зат есімдер 
қүрамында, 
қатқақ, асқақ, тоңгақ, жабысқақ, тайгақ, майысқақ,
урысқақ
тәрізді сын есімдер қүрамында үшырасады. Сан жағынан 
бүл аффикс арқылы қалыптасқан создер зат есімдерден гөрі сын 
есімдер қүрамында мол.
-гын, -гін (-гун, -гун, -кун, -кун, -қын, -кін)\
көне түркі ескерткіпггері 
тілінде 8 вариантта (қатаң-үяң, жуан-жіңішке) үшырасатын бүл 
аффикс қазақ тілінде 
-қын, -кін, -гын, -гін
түрінде орныққан. 
-қын
аффиксі біраз сөздердің қүрамында сақталған: 
кескін, босқын, іиапқын,
тосқын, тургын, қашқын,
т. б. Бүндай сөздердің біразы қазір зат есім 
мәнінде үғынылса, біразы сын есім мәнінде қолданылады. Кейбірінің 
өлі қимыл есім мәні де көмескілене қоймағаны байқалады.
-гыш, -гіш (гыч, -қаш):
аш ық дауыстылы варианттары да бар: 
йелпіргуч, басқыч, бачгуч
(қайшы) (М Қ). Қазіргі қазақ тіліндегі мына 
создер қүрамында бар: 
бақыш, желпігіш, сыпыргыіи, секірткіш, ілгіш,
таңгыш, кергіш, сузгіш, тутқыш.
Бүл аффикспен келген создер сын 
есімдер қүрамында да бар: 
алдагыш, көргіш, тапқыш, білгіш,
т. б. 
-гыч
аффиксінің мүндай екі жақтылығы (әрі зат есім, әрі сын есім 
жасауы) оның мән-мағынасына байланысты: істің істелу қүралын 
әрі процестің, әрекеттің атауы, айрықша белгісін де білдіреді. Алдыңғы 
мәнінде бүл түлғалы создер зат есім ретінде қалыптасса, соңғы 
мәнінде тек қана сын есім болып қалыптасуға ыңғайлы.
-дақ
аффиксінің тарихын зерттеушілер оның есім түбірге де, 
етістік түбірге де жалғанатынын көрсетеді.2 Қ азақ тіліндегі 
қуырдақ
(қу-ыр-дақ), 
тастақ
(тас-тақ) сөздерінің тарихи қүрамы осы пікірді 
дәлелдейді. Сөйтіп тарихи түрғыдан бүл синкретикалық қосымшалар 
тобына жатады. Бүл аффикстің негізгі мәндері табиғи заттардың 
белгілі бір орынға тэндігі, сондай-ақ оры н-м екеннің белгілі бір 
мақсатқа арналуы, белгі мен қасиеттің белгілі бір затта молшерлік

Севортян Э. В.
Аффиксы именного словообразования. М., 1966, стр. 227—228.
2 Севортян Э. В.
Аффиксы именного словообразования. М., 1966, стр. 217—221.
210


бәсендігі. Сондықтан да бүл түлғалы сөздердің зат есімдер қүрамынан 
да, сын есім қүрамынан да кездесуінің негізгі себебі түсінікті болады. 
Сонымен қатар, көне, жаңа түркі тілдері материалдарын салыстыру 
қ азақ тілінде жеке сөздер қүрам ы нда осы аф ф икстің өр түрлі 
вари ан ттары барлы ғы н да к ө р с е т е д і.Қ а з а қ тіл ін д егі 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет