Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет136/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

а-, -нда, -
нан)
корінсе, ілік септік зат есімдердің ізімен келеді 
(-ның),
ал табыс
204


септік тәуелдіктің III жағында ғана өз ерекшелігін сақтаған (
бала-сы-
н).
Есімдіктердің септелуінің айырмашылығы жекеше I—II жақтарда 
ілік пен табыс септікте жіктеу есімдіктерінде ғана көрінеді 
(мен-ің,
мен-і).
Ал олардың көпше түлғалары екі вариантта, әрі есімдіктерге 
тән қосымшалармен, әрі есімдерге тән қосымшалармен 
(біз-ің, сіз-
ің, біз-дің, сіздің)
қатар қолданылады. Соңғы түлғалар есімдерге 
аналогия жасаудан барып қалыптасқандығы айқын. Сөйтіп бүл жерде 
есімдіктердің септелуі есімдердің септелуіне қарай ыңгайласуын 
айтамыз. Барыс септікте есімдіктердің септелу үлгісін көру қиын. 
Түбірдің ф онетикалы қ сипаты қандай болса да (
ма, әлде мен)
қосымша 
-га
түрінде ғана жалғанады да, содан кейін ғана “белгісіз” 
н
элементі пайда болады. С оңғысы
(-н)
есімдіктер септелуінің 
ерекшелігі деп қараган уақытта да бүл жерде “аралас” түрді ғана 
көруге болар еді 
(-га, -н).
ЗАТ ЕСІМ ЖАСАУДАҒЫ ТҮЛҒАЛЫҚ, 
Ф У Н К Ц И Я Л Ы Қ ӨЗГЕРІСТЕР
Қ а зақ тіліндегі аф ф икстерді есім туынды ж үрн ақтар (есім 
түбірлерден зат есім жасайтын жүрнақтар), етістік туынды (етістіктен 
зат есім жасайтын жүрнақтар) деп, екі топқа жіктеу салтқа айналған 
жүйе. Зат есім аффиксациясының тарихи өзгерістерін салыстыра 
талдауда да осы жүйе қолданылады. Дегенмен, жеке аффикстер 
тарихын шолғанда олардың кейбіреулері тілдің даму барысында 
есімнен де, етістіктен де зат есім жасағандығын көреміз. Бүл осыдан 
бүрын сөз болган синкретизм қүбылысының нәтижесі. Тағы бір 
арнайы айтылатын тарихи қүбылыс: бірсыпыра етістіктен зат есім 
жасайды деп қаралаты н аф ф икстер зат есім қү рам ы н а өздері 
жалганган түбірлермен бірге транскрипцияланган.
Есімдерден зат есім жасайтын жүрнақтар: 
-лы қ/лік (-лыг, -ліг, -луг,
-лүг).
Көне түркі жазбалары тілінде заттың м екен — оры нды қ 
тәнділігін білдіреді: 
қабақлық
(қауақ егілген жер), 
тарыглық
(етістік, 
тарығ - егіс), т.б. Қазіргі қазақ тілінде осы магынасы кейбір сөздерде 
байқалады (егістік, қауындық). Дегенмен, нақ сол дәрежеде өнімді 
емес. Ал затгың арналған мақсатын (саласын) білдіру мөнінде (түндік, 
түздық, сулық) қазіргі тілімізде кең қолданылуы осы орын-мекенге 
тәнділікті білдіру мәнінің негізінде қалыптасқан.
Абстракт зат есімдер жасаған: 
ачлық
(аштық), 
-лыг
аффиксі Орхон- 
Енисей жазбаларында (осы фонетикалық сипатында) сын есімдер
205


жасаудың да тәсілі болған. Алайда орта ғасырларда, тіпті Қашқари 
сөздігінде де 
-лыг
ж әне 
-лық
(үяңға және қатаң варианттар) арасында 
мағыналық жіктеліс басталғаны байқалады. Қ аш қари сөздігінде 
қатаңға аяқталған вариант зат есім жасайтын қосымша да, үяңға 
аяқталған вариант 
(-лыг)
сын есім жасаған. Мысалы: 
Усытган қүйаш
қапсады. Умынчлыг адаш йайсады.
(I. 170). “Ыссы күн басталады, 
үмітті дос жауласты” (I. 129). Алайда бүдан ауытқулар да үшырасады: 
йашыл еңлук тон
— жасыл түсті тон (I. 76).
И б н -М у х а н н а
-лы қ
(лы ғ) ж ән е 
-лы
а ф ф и к с ін ің алм асы п
қолданылуын немесе автордың өз сөзімен айтқанда, соңғы 

(-қ) 
дыбысының қысқаруын айтады. Алайда П. М. М елиоранский зат 
есімдердің көбіне қатаң вариантпен 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет