Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет132/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

Ер ышдын қорқуды,
“Ер істен қорықты”. Ол мендін турқыгланды. “Ол менен уялды,
қысылды” (М Қ ). Иазықлы ермен коргенімден, еіиітімден (КК),
“Жазықты едім көргенімнен, есіткенім нен..." Іс-әрекеттің болатын, 
болған уақытын білдіреді: 
соңрасында таш білен таіилап өрдурдулер
(КК).
Кейде шығыс жалғаулы создер — іс-әрекеттің пассив субьектісін 
де білдіреді: 
бурун айтылды пайгамбардан
(КК). Заттың, өрекеттің 
сараланған, салыстырмалы сынын да білдіреді, 
барчадан кучлу,
барчадан татлы
(КК), “баршадан күшті, баршадан даңқты).
Қазіргі қазақ тілінде шығыс септік заттың тегін, негізін білдіру үшін 
де қолданылады (Тастан сарай салғызды, тадцан таяқ сүйретті). Бүл 
әсіресе фольклорлық шығармаларда жиі кездеседі. Көне түркілік шығыс 
септіктің қазақ тіліндегі осы қодданысы кейін қалыптасқан мән, қызмет 
екенін дәлелдейді. Қазіргі қазақ тілінде шығыс септік жалғауы табыс 
орнына да қолданылады. Көне түркілік ескерткіпггер тілінде осындай 
да фактілер бар: 
Сувдан кечурді (МК). “Суды кеіикізді”. Отдан кечіріп
сынады
(КК). “Отты кешіріп сынады”. Сондай-ақ, шығыс септік жал- 
ғауының жатыс септікпен мәндес жүмсалуы да қалыптасқан жүйе. Бүл 
мәндестік, сірә осы екі жалғаудьщ генезис бірлігіне байланысты болса 
керек. Қазіргі тілімізде де кейде жатыс пен шыгыс жалғауларының 
арасында айқын семантикалық жік байқала бермейтіні бар. Соның өзі 
де бір кезгі формалық үяластықтың салдары болса керек.
К ө м е к т е с с е п т і к . Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ 
септік жалғауы — комектес септік. Зерттеушілер комектес септіктің 
мәніне жақын септік жалгауының якут, чуваш тілінде барлығын 
айтады.1 Дегенмен, арнаулы граматикалық түлгасы бар көмектес 
септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі. Басқа түркі тілдерінде бүл септік 
жалғаудың қызметін 
біле (білен
) шылауы атқарады. Көне түркі тілінде 
қазақ тіліндегі — 
мен
септік жалғау мен басқа түркі тілдеріндегі 
біле
шылауының мәнін беретін арнайы жалғау 
-ын, -ін, -н
түлғасы 
айтылған. Алайда бүл түлга ескерткіштер тілінде 
бірле
шылау сөзімен 
жарыса қолданылган.
-ын, -ін, -н
түлғасы мынадай негізгі мағыналар туғызған: іс- 
әрекеттің болып откен жолын, орнын білдіреді: Ол 
йолын
-
йорысар,
унч — тідім
(Т). “Ол жолмен жүрсе, мүмкін дедім” . Іс-қимылдың

Севортян Э. В.
ИСГТЯ. 11, стр. 6 1 - 6 3 .
199


болған, болатын мекенін білдіреді: 
Ллтун йысыг йолсузын асдымыз.
Ертіс угузуг кечігсізін кечдіміз
(Т). “ Алтын жерін жолсызбен астым. 
Ертіс өзенін кеш песізбен кеш тім” . Іс-әрекеттің істелу қүралын, 
обьектісін білдіреді: 
інгек көлукін Тоглада Огуз келті (Т).
“Ж үк тиелген 
көлікпен оғыздар Тоғлада келді” . 
Тагыг уқруқын егмес, теңізні
қайгықын букмес
(М Қ). “Тауды арқанмен имес, теңізді қайықпен 
бекітпес”. Біргелік, ортастықты бідціреді: 
Кул тегін аз ерін іртуру
ытымыз
(КТ). “Күлтегінді аз кісімен ілгері жібердік”. Істің істелу тәсілін 
білдіреді: 
Қыш йай біле тоқушты, қыңыр кәзін бақышты (МҚ, I).
“Қыс 
ж азбенен тоғы сты , қ ы ң ы р кө зб ен б ағы сты ” . X —XI ғасы рлар 
жазбаларында бүл жалғау мезгіл уақыт мәнінде де қолданылған: 
Ол
қар қамуг қышын ынар, Ашлық тарыг анын унер (МҚ, II).
“Ол қалың 
қар қыста жауар, ас болатын дән сонымен өнер”. Көмектес септіктің 
бүл түлғасы сөз өзгертуші, сөз байланыстырушы қосымша есебінде 
XI ғасырдан кейін-ақ өз мәнін жоғалта бастаған. X I—XII ғасырда 
А. М. Щ ербак бүл түлғаның сөз өзгертуші функциясын жоғалта 
бастағанын, бірен-саран үстеулер қүрамы нда ғана кездесетінін 
ай тад ы . Ал к е й ін гі дәуірге ж ататы н “ К К ” -де, А лтын Орда 
ескерткіштерінде бүл түлға жеке сөздер қүрамында “өлі” қосымша 
есебінде ғана үшырасады.2 Бүған қарағанда
-ын
түлғасы қазақтың 
халық тілі қалыптаспаған кезеңде-ақ өз мәнін жоғалта бастаған. Алайда 
қазіргі қазақ тілінің сөздік қүрамында осы жалғаудың кейбір іздері 
аңғарылады. Мезгіл үстеулері деп қаралатын 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет