Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет92/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

аршы, ашы, айық, урік
тәрізді етістіктерді 
арық,
ашшы, уркек
есімдерімен және 
айыр
етістігімен салыстырғанда, ортақ 
түбірлер 
ар-, аіи-, ай-, -ур
шығады.
Дегенмен, екі буындылардың (тіпті кейбір үш буындылардың 
да) қалыптасуын беріде болған қүбылыс деп қарауға болмайды. 
Егер хронологиялық жүйемен қарастырсақ, бір буындылармен қатар 
2 —3 буы н д ы т ү б ір л е р д ің а к т и в қ о л д а н ы л у ы н Ү - Ү І І І ғ. 
ескерткіш терінен үш ыратамыз. О рхон -Енисей тобы на жататын 
ескерткіштер ішіндегі ежелгілерінің бірі, зерттеулерге қарағанда
Енисей ескерткіштері. И. А. Батманов бір буындылармен қатар екі 
буынды түбірлердің, сондай-ақ үш буынды түбірлердің де Енисей 
ескерткіш тері тілінен кездесетіндігін, бірақ бір буындылардың 
басымдығын корсетеді.22 Орхон ескерткіштерін зерттеуші Ғ. Айдаров 
ол жазбалар тілінде түбір зат есімдердің кобіне бір буынды, екі буынды 
болып отыратындығын корсетеді. Ал үш буынды зат есімдер күрделі 
сөз түрінде келетіндігін айтады. Бірақ Ғ. Айдаров зерттеуінше етістік 
түбірлер тек бір буынды, не екі буынды ғана болып келеді.2 Дегенмен, 
сол екі буынды етістік түбірлердің кейбірін түбір мен қосымшаға 
ажыратуға болады. Ғ. Айдаров корсететін 
уды
(үйықтау) етістігін 
сол жазбаларда кездесетін 
у
есімімен салыстыруға болады, сонда соңғы 
~ды
қосы мш а болып шығады, сол сияқты
йасы, тыңда, йаңыл
етістіктерін де түбір (
йас, тың, йаң)
мен қосымшаға ажыратуға өбден 
болады. Коне үйғыр жазбалары тілін жете зерттеген В. М. Насилов

Батманов И. А.
Язык Енисейских памятников древнетюркской 
письменности. Фрунзе. 1959, стр. 41 — 42, 60.

Айдаров Ғ.,
Язык Орхонских памятников древнетюркской 
письменности. А-А., 1971, стр. 139, 146, 190 — 193.
141


ол ескерткіштер тілінде бір буынды, екі буынды түбірлердің аса мол 
екендігін, бірақ үш буынды түбірлердің оте сирек және олардың өзі 
де туынды түбір екендігін айтады.1 Алайда В. М. Насилов келтіретін 
бір буынды, екі буынды түбірлерді өзара салыстырып екі буындыларды 
түбір мен қосымшаға ажыратуға болады: 
ад (ат), ада (ата), сав (сөз),
сөзле (сөйле), тап (табын), тапын (табын), ы (агаш), ыгач (агаш).
Сонымен, екі буынды түбірлердің қалыптасуы, сөйтіп түбір буын 
саны ны ң үлғаюы өте ежелгі дәуірде, О рхон-Енисей жазбалары 
дәуіріне дейін-ақ әбден орны ққан қүбылыс.
Сөздік қордың негізі болған түбір-буынның фонетикалық сыпаты, 
оны ң дыбыстық қүрамы қандай?
Бүл ретте түбір сөз қүрамында болған фонетикалық өзгерістер 
де еске алынуы керек. М әселе мынада: қазіргі түркі тілдерінде 
диф тон гілер м ен созы лы ң қы дауы сты ларды ң барлығы м әлім. 
Дифтонгілер мен созылыңқы дауыстылардың шығуы түбір қүрамын 
белгілі дәрежеде деформацияға үшыратты. Якут тіліндегі “байырғы” 
созылыңқылар басқа түркі тілінде (түрікмен тілі мен түрік тілінің- 
диалектілерінен басқа) әдеттегі дауыстыларға сай келеді: 
аат — ат
(кісінің, заттың аты), 
иис — із
(аяқтың ізі), 
қыыс — қыз.
“ Байырғы” 
созылыңқылар, якут тілін зерттеушілердің көрсетуінше, көпшілігінде 
тек қысаң дауыстылар: 
ы, й, у, ү,
ашық дауыстылардан 
а
фонемасыньщ 
ғана созылыңқы варианты бар.2
Басқа тіддерде әдеттегі ашық дауыстыдан, якут тілінде езулік ашық 
созылыңқы дауыстыдан басталатын біраз сөздер чуваш тілінде 
й
протезалық дыбысынан басталады: якут, 
аат,
басқа тілдерде ат, 
чуваш: 
йат (ят),
якут: 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет