Гуманитария мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы



бет11/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#42633
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Conjunctīvus optatīvus тілекті, ықыласты білдіреді. Егер тілек сөйлеп тұрған уақытпен байланысты болса, imperfectum conjunctīvi қолданылады. Егер тілек өткен уақытпен байланысты болса plusquamperfectum conjunctīvi қолданылады. Етістіктің алдында utĭnam сөзі тұрады (қазақ тіліндегі мағанасы егер, егерде), болымсыз формасы ne арқылы жасалады.
Болжам, тұспал және мүмкіншілікті білдіру үшін де конъюнктив қолданылады.
Біреудің пікіріне көнгендікті білдіру үшін Conjunctīvus concessīvus қолданылады. Praesens қолданылады. Perfectum conjunctīvi өте сирек кездеседі. Болымсыз формасы ne арқылы жасалады. Қазақшаға аударғанда мүмкін, деп ойлаймын, мейлі, жарайды сөздері мен -сын, -сін жұрнақтары арқылы ойды жеткізуге болады. Мысалы: Sit hoc verum дұрыс болсын. Ne sit hoc verum дұрыс емес дедік.
Іс-әректтің істелу, болу мүмкіндігін Conjunctīvus potentiālis білдіреді. Болашақта істің істелуі белгісіз, болжалды. Болымсыз формасы non арқылы жасалады. Келер шақта рraesens немесе perfectum conjunctīvi қолданылса, ал өткен шақта imperfectum conjunctīvi қолданылады. Мысалы: Alĭquis dixěrit Мүмкін біреу айтар Dixěrim мен айтар едім
Түсінбестік, толғану, жалтақтау, қорғалақтау Conjunctīvus dubitatīvus арқылы білдіріледі. Мұнда орындаушы адам өзіне немесе басқа біреуге сұрақ қойып, не істеу керектігін анықтайды. Егер сұрақ осы немесе келер шақпен байланысты болса, рraesens conjunctīvi қолданылады да, ал егер сұрақ өткен шақпен байланысты болса, imperfectum conjunctīvi қолданылады. Сұрақтар 1-ші жақта жекеше немесе көпше түрде тұрады. Мысалы: Quid agam, judĭces? Quo me vertam? Төреші, мен не істеуім керек? Кіммен жолығуым керек? Quod agěrem? Не істеуім керек еді?



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет