Сөздік
1 . lěvis, e – жеңіл; 2. lēvis, e – тегіс; 3. pensum, i n – тапсырма; (pendo, ěre - өлшеу етістігінен) 4. ăbundans, antis – қомақты, көп; 5. cautēla, ae сақтық; 6. nŏceo, ēre - зиян келтіру; 7. laboriosus, a, um - еңбекқор; 8. constans, antis - бірбеткей; 9.vĭgĭl, vĭgĭlis - сақ; 10. dīversus, a, um – басқа жаққа бет бұрыс; 11. pĭger, pigra, pigrum - жалқау; 12. lěvis, e – жеңілтек; 13. somnīcūlōsus, a, um (somnus, i m - ұйқы) ұйқысы қанбаған; 14. tēnuis, e - жұқа; 15. filum, i n - жіп; 16. pendeo, ēre –ілініп тұру; 17. pendens, entis – ілінген; 18. tenuі filo – жіңішке жіпке; 19. praeclāa, um – керемет; 20. in tenuī pěcūniā – кедейлікте; 21. ars, artis - өнер; 22. candens, entis – ақ; 23. candidus, a, um - ақ; 24. āter, ātra, ātrum қаралау; 25. dulcis, e - жағымды; 26. misceo, ēre (c dat.) – араластыру; 27. dŏlor, ōris m - қасрет; 28. longus, a, um –ұзын, ұзақ; 29. spěcialis, e –арнайы; 30. fortis, e - батыл; 31.fortuna, ae - тағдыр; 32. adiuvo, are (c acc.) – көмектесу; 33. omnis, e - әркім; 34. dēfīnītio, ōnis – анықтауыш; 35. civilis, e – азаматтық; 36. Iabolenus, i m – Яволен; 37. accessio, ōnis - қосу; 38.cedo, ere (c dat.) – соңынан еру; 39. principalis, e – негізгі; 40. nuptiae, arum - неке; 41.coniunctio, onis f - одақ; 42. mas, maris m –ер адам; 43. consortium, i - бірлік; 44. omnis vitae - өмір бойы; 45. communicatio, onis - сұқбат.
8 Сын есімнің шырайлары
Заттың сыны мен сапасы үнемі бір деңгейде болмайды. Мысалы: ақ, ақшыл, ақшылтым, ақтау, өте ақ дегенде ақ түсінің әр түрлі дәрежеде қолданылып тұрғанын байқау қиын емес. Осындай заттың сынының әркелкі дәрежеде болуын шырай деп атайды. Бір түрлі түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әрқилы реңдерін шырай дейміз.
Латын тілінде сын есімінің үш түрлі шырайы бар: жай шырай (gradus positīvus), салыстырмалы шырай (gradus comparatīvus), күшейтпелі шырай (gradus superlatīvus).
Заттың жай белгісін, түрін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, исін, дәмін, т.б. көрсететін белгіні жай шырай дейміз. Бұл шырай қалған шырайларды жасауға негіз болады. Мысалы: жақсы
Біркелкі сынның, сапаның бір-бірінен артық не кем екенін көрсететін сын есімнің түрін салыстырмалы шырай дейміз. Мысалы: жақсырақ, жақсылау.
Латын тілінде салыстырмалы шырай сын есімнің Gen. Sing формасының жалғауын (екінші септеуге жататын сын есімдердің –ī жалғауы да, үшінші септеуге жататын сын есімдердің –ĭs жалғауы) мужской және женский родта – ior, ал средний родта – iŭs жұрнақтарына өзгерту арқылы жасалады. Салыстырмалы шырайдың Nom.sing – асигматикалық (яғни s дыбысынсыз деген термин, бұл термин гректің σ – «сигма» әріпінің атауынан шыққан)
-
P o s i t i v u s
|
C o m p a r a t i v u s
|
Nom.
|
Gen.
|
m
|
f
|
n
|
altus
miser
pulcher
celer
facĭlis
felix
|
alt-ī
misěr-ī
pulchr-ī
celěr-ĭs
facĭl-ĭs
felīc-ĭs
|
alt-ior
miser-ior
pulchr-ior
celer -ior
facil-ior
felic-ior
|
alt-ior
miser-ior
pulchr-ior
celer -ior
facil-ior
felic-ior
|
alt-iŭs
miser-iŭs
pulchr-iŭs
celer -iŭs
facil-iŭs
felic-iŭs
|
Барлық сын есімдердің салыстырмалы шырайдағы Gen.sing формасының жалғауы үш родқа бірдей. Олар – ior-is - қа аяқталады.
Cеп-теу
|
singularis
|
pluralis
|
m
|
f
|
n
|
m
|
f
|
n
|
Nom.
Gen.
Dat.
Acc.
Abl.
Voc
|
altior altiōrĭs altiōri altiōrem altiōrě
altior
|
altior
altiōrĭs
altiōri
altiōrem altiōrě
altior
|
altiŭs altiōrĭs altiōri altiŭs altiōrě
altiŭs
|
аltiōrēs
altiōrum altiōrĭbŭs altiōrēs altiōrĭbŭs altiōrēs
|
altiōrēs
altiōrum
altiōrĭbŭs
altiōrēs
altiōrĭbŭs
altiōrēs
|
altiōră altiōrum altiōrĭbŭs altiōră altiōrĭbŭs altiōră
|
Заттың бастапқы жай белгісін –сапасын, көлемін, аумағын, дәмін, иісін, т.б. қасиеттерін күшейте түсетін сын есімнің түрін күшейтпелі шырай дейміз. Мысалы: жап-жақсы
Латын тілінде көшейтпелі шырайының жасалу түрі бірнешеу. Көбінесе жай шырайдағы сын есімнің Gen.sing формасының жалғауының орнына - issĭm жұрнағы мен сын есімнің родтық –us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады. Сондықтан женский родтағы сын есімдер І септеу бойынша, ал средний мен мужской родтағы сын есімдер ІІ септеу бойынша септеледі.
Жай шырайда -er, -a, -um- ға (І мен ІІ септеуге жататын сын есімдер) және -er, -is, -e -ге (ІІІ септеуге жататын сын есімдер) аяқталатын сын есімнің күшейтпелі шырайы мужской родтағы Nom.Sing. формасына -rĭm жұрнағын және –us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады.
P o s i t i v u s
|
C o m p a r a t i v u s
|
Nom.
|
Gen.
|
m
|
f
|
n
|
clar-us
beāt-us
sapiens
miser
celěber
|
clar-i
beāt-i
sapientis
|
clar-issĭm-us
beat-issĭm-us
sapient-issĭm-us
miser-rĭm - us
celěber-rĭm-us
|
clar-issĭm-a
beat-issĭm-a
sapient-issĭm-a
miser-rĭm - a
celěber-rĭm-a
|
clar-issĭm-um
beat-issĭm-um
sapient-issĭm-um
miser-rĭm - um
celěber-rĭm-um
|
ІІІ септеуге жататын Nom. sing. және Gen.sing формалары мужской және женский родтарда –ĭlis –қа аяқталатын алты сын есімнің күшейтпелі шырайы Gen.sing формаларындағы -ĭs жалғауының орнына – lĭm (sĭm-нан) жұрнағы мен – us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады.
facĭlis (gen sing. facĭlis) жеңіл – facil-lĭm-us, a, um
difficĭlis (gen sing. difficĭlis) ауыр – difficil-lĭm-us, a, um
simĭlis (gen sing. simĭlis) ұқсас – simil-lĭm-us, a, um
dissimĭlis (gen sing. dissimĭlis) ұқсамайтын– dissimil-lĭm-us, a, um
humĭlis (gen sing. humĭlis) аласа – humil-lĭm-us, a, um
gracĭlis (gen sing. gracĭlis) сымбатты – gracil-lĭm-us, a, um
Бірнеше латын сын есімі өзінің шырайларын жалпы ереже бойынша емес яғни жұрнақтар арқылы емес, басқа түбірлерден жасайды. Кейде оны синтетикалық емес жол деп атайды. Ол сын есімдерді жатқа білген жөн:
Жай шырай
|
Салыстырмалы шырай
|
Күшейтпелі шырай
|
bonus, a, um - жақсы
malus, a, um - жаман
magnus, a, um - үлкен
parvus, a, um - кішкене
multi, ae, a - көп
|
melior, meliŭs
pejor, pejŭs
major, majŭs
minor, minŭs
plurēs, plură
|
optĭmus, a, um
pessĭmus, a, um
maxĭmus, a, um
minĭmus, a, um
plurĭmi, ae, a
|
9 Сын есімнің шырайларының емлесі
Жай шырай формасында дауысты (e, u, i) әріптен кейін тұрған – us жалғауына аяқталатын сын есімдердің шырайлары синтетикалық жолмен емес яғни жұрнақ арқылы емес, күшейткіш үстеулерді сын есімдердің алдынан қою арқылы жасалады. Салыстырмалы шырайда magis (аса, тым) үстеуі және күшейтпелі шырайда maxĭme (ең, аса, орасан, өте) үстеуі қолданылады. Мысалы:
Жай шырай
|
Салыстырмалы шырай
|
Күшейтпелі шырай
|
idoneus - қолайлы
necessaries - қажетті
|
magis idoneus - қолайлылау
magis necessaries - қажеттілеу
|
maxĭme idoneus - өте қолайлы
maxĭme necessaries - өте қажетті
|
Салыстырмалы шырайда екі түрлі септеу қолданылады. Септеудің қолданылуы quam шылауына байланысты. Егер салыстырмалы шырай quam - қарағанда, салыстырғанда шылауы арқылы жасалса, онда атау септік (Nominatīvus) қолданылады. Мысалы: Aqua levior est, quam ferrum – Су темірге қарағанда жеңіл. Шылаусыз формада шығыс септік (a b l a t ī v u s c o m p a r a t i ō n i s) қолданылады. Мысалы: Aqua levior est ferrō– Су темірден жеңіл. Аblatīvus жиі қолданылады.
Күшейтпелі шырайда ілік септігі предлогсыз қолданылады. Оны g e n e t ī v u s p a r t i t ī v u s деп атайды. Мысалы: Fortissĭmus omnium –Барлығының ішіндегі ең батылы
10 Үстеу (Adverbium)
Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін көрсетеін сөз табын үстеу деп айтады.
Басқа сөз таптары сияқты, үстеудің мағанасында да, тұлғасында да, сөйлемде атқаратын қызметінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.
Үстеулер – басқа сөз таптарынан қосымшалар арқылы немесе сөздердің бірігуі арқылы, тіркесу арқылы пайда болып, жаңа бір мағанаға ие болған сөз тобы.
Латын тілінде үстеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан екі категорияға бөлінеді. Олар: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Қазіргі кезде құрамындағы негіз бен қосымшалардың жігі бөлінбейтін, яғни бөлшектеуге келмейтін үстеулерді негізгі үстеулер дейміз: fere шамалы, ubi қайда, semper ұдайы.
Жұрнақ, жалғау жалғану арқылы жасалған үстеулерді туынды үстеу дейміз.
Сын есімнен жасалған үстеулер сын есімнің gen sing.формасындағы жалғауын жұрнаққа ауыстыру арқылы жасалады.
Бірінші топтағы үстеулер I және ІІ септеуге жататын сын есімдердің gen sing.-тағы ī жалғауын ē жұрнағымен ауыстыру арқылы жасалады
Кейбір ІІ септеуге жататын сын есімдерден түбірге о жұрнағын жалғау арқылы үстеу жасауға болады
cit-us, a, um жылдам, cit-o жылдамдау
rect-us, a, um түзу, rect-e түзурек
Nom.sing.
|
Gen.sing.
|
Adverbium
|
latus кең
liber еркін
pulcher әдемі,көрікті
minĭmus кішкене
fortissĭmus батыл
|
latī
liběrī
pulchrī
minĭmī
fortissĭmī
|
latē
liběrē
pulchrē
minĭmē
fortissĭmē
|
Екінші топғы үстеулер ІІІ септеуге жататын сын есімдердің gen sing.-тағы -ĭs жалғауын -ĭter жұрнағымен немесе –nt-дан кейін - er жұрнағымен ауыстыру арқылы жасалады.
Nom.sing.
|
Gen.sing.
|
Adverbium
|
acer үшкір
celer жылдам
fortis қайсарлы
felix бақытты
sapiens дана
|
acris
celeris
fortis
felīcis
sapientis
|
acrĭter
celerĭter
fortĭter
felīcĭter
sapienter
|
Үшінші топғы үстеулерге a c c u s a t i v u s s i n g u l a r i s немесе a b l a t i v u s s i n g u l a r i s формаларында тұрған средний родтағы зат есімдер мен сын есімдер жатады: multum көптеу, primum біріншіден, facĭle жеңілдеу, casu төтенше, multo тым
Сын есімнен жасалған үстеулердің салыстырмалы шырайы ретінде a c c u s a t i v u s s i n g u l a r i s формасында тұрған средний родтағы сын есімдер қолданылады (–iŭs жалғауына аяқталады). Мысалы: altus биіктеу, latius кеңдеу, celeries тездеу, felicius бақыттылау
Үстеудің күшейтпелі шырайы сын есімнің күшейтпелі шырайына -ē жұрнағын жалғау арқылы жасалады: fortissĭmē (fortissĭmus-тан), celerrĭme, minĭme
Ерекше жалпы ережеге бағынбай жасалатын үстеулер де кездеседі: bonus жақсы(сын есім), bene жақсы (үстеу), alius басқа (сын есім), alĭter басқа (үстеу). Осы топта жиі кездесетін үстеулер:
bene - жақсы
male - жаман
multum – көптеу
optĭme – тым жақсы
pessĭme - тым жаман
minĭme – тіпті аз
plus – көбірек
minus - аздап
plurĭmum – ең көп
parum-аздап
Жаттығулар
Төмендегі сын есімдерден үстеулерді құрыңыз:
Gravis, honestus, simplex, celer, pulcher, facĭlis, prudens
2. Келесі сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз:
iter longius, opus facillimum, mons altissĭpugna acerrĭma, equus celerior
3. Сын есімдердің күшейтпелі және салыстырмалы шырайларын жазыңыз:
bonus
parvus
celěber
difficĭlis
novus
mobĭlis
4. Сөйлемдерді латын тіліне аударыңыз:
1. Ата-анаға (dat.) баладан қымбат ештеңе жоқ
2. Бұл жол ең қысқа жол
3. Ақымақ дос жаудан да қатерлі
4. Ит қасқырға қатты ұқсайды
5. Жазда қысқа қарағанда күні ұзақ, түні қысқа екені белгілі
6. Эдип ең қиын жұмбақты шешкен дейді
7. Күміс алтыннан арзан, алтын күмістен қымбат
8. Отан өмірденнен де қымбат
9. Цицерон рим шешендерінің ең әйгілісі.
10.Барлық галдықтардан ең батыл болғаны бельгилықтар
5. Оқыңыз (Recĭta!):
De Solō et Croeso
Solo, ille sapens, qui leges utilissĭmas Atheniensĭscripsit, terras aliēnas libenter visitābat. Aliquando Croesus, Lydiae rex, Solōnem invitāvit, nam divitias suas viro sapienti ostenděre desiderāvit. Croesus Solōne divitior, sed Solo Croeso sapientior erat. Croesus, qui se ipsum fellicissĭmum putābat (nam divitissĭmus erat), Solōnem interrogāvit: “Quem tu, vir sapiens, omnium homĭnum felicissĭmum putas?» Solo respondit: «Tellum Atheniensem felicissĭmum puto, nam filios bonos honestosque educāvit et ipse pro patria pugnans morte honestissĭmāvitam finīvit». Alios quoque viros, qui mortem honestam habuěrant, nomināvit; tum rex irātus: «Nonne me felicissĭmu omnium homĭnum putas? Quis enim pulchriōres vestes, splendidiōres gemmas, aedificia ampliōra habet?» «O rex, — inquit Solo,—nunc te divĭtem et regem video, sed felīcem non prius te nominābo, quam vitam bonā et honestā morte finivěris». Hoc responsum minĭme regi placuit, et Solo regnum eius relīquit.
Сөздік
1. Solo, Solōnis — ІІІ септеу, Солон (б.з.д 640 – 560 жылдары өмір сүрген) – жеті грек даналарының бірі, саясаткер, ақын. Б.з.д 594 жылы Афинада елеулі қоғамдық-саяси реформалар өткізген; 2. se ipsum fellicissĭmum putābat - өзін ең бақытты адам деп есептеген; 3. сын есім dives, divĭtis – бай, дәулетті – келесі шырайлары бар: dives, divitior, divitius; divitissĭmus немесе қысқартылған түрі – dives; ditior, ditius; ditissĭmus; 4. te divĭtem et regem video – мен сені бай және патша ретінде көріп тұрмын; 5. minĭme ... placuit – ұнамады, мүлдем ұнамады; 6. carus, a, um - қымбат ; 7. vilis, vilis, vile - арзан; 8. aurum, i - алтын ; 9. argentum, i - күміс; 10. pretiōsus, a, um – қымбат (бағасы жағынан), жоғары бағалы; 11. fortis, fortis, forte – мықты, күшті; 12. Galli, Gallōrum - галдықтар; 13. Belgae, Belgārum - бельгилықтар
11 Перфект жүйесі
Перфект жүйесіне жататын шақтар: perfectum, plusquamperfectum, futurum II (secundum). Инфект жүйесіндегі шақтардың инфект және перфект формаларының айырмашылығы жалғауында болса, ал перфект жүйесінің актив және пассив формалары толық құрлымын өзгерту арқылы жасалады.
Перфект шақтарының өздік етісі перфект түбірінен синтетикалық жолмен жасалады.
Перфект шақтарының ырықсыз етісі перфект түбірінен аналитикалық жолмен жіктелетін етістіктің participium perfecti passivi формасымен және esse көмекші етістігінің көмегімен жасалады. Participium perfecti passivi формасы супиннан құрылады, сондықтан перфект жүйесінде перфект түбірінен немесе супиннан жасалған формалар деп бөліп отырады. Инфект шақтарында етістіктер төрт жіктеуге бөлініп, олар әртүрлі жолмен жіктелсе, перфект шақтарында барлық етістіктер қай жіктеуге жатса да бірдей жіктеледі.
12 Perfectum indicativi activi
Латын перфект формасының екі түрлі мағанасы бар:
а) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта аяқталғанын көрсетеді, оны p e r f e c t u m h i s t o r i c u m деп атайды. Мысалы: Vēni, vidi, vici -Келдім, көрдім, жеңдім (Юлий Цезардың боспор патшасы Фарнакты тез жеңгені жөніндегі хабары). Бұл сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта қысқа мерзім ішінде орындалғанын бір ғана факт хабарлап тұр. Ego semper illum appellāvi inimīcum meum - Мен оны ылғи менің жауым деп атайтынмын. Мында да қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғаны көрсетіледі, бырақ ұзақ уақыт бойы орындалғанын ылғи (semper) үстеуі арқылы көрсетіледі.
б) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта орындалып, қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді. Оны p e r f e c t u m p r a e s e n s деп атайды. Мысалы: consuēvi – менің әдетім (қазір де сол өткендегі әдетті сақтаймын); sibi persuāsit – оның көзі жетті (қазір де сенеді). Көбінесе мұндай мағаналар перфектті ырықсыз етіс формасында береді: illud mare Aegaeum appellatum est – Бұл теңіз Эгей теңізі деп аталған (қазір де солай аталады). Латын перфектісінің осындай мағаналары батысеуропа тілдерінде қазір де кездеседі.
Perfectum indicativi activi перфект түбіріне арнайы жалғаулар жалғау арқылы жасалады. Жалғаулар барлық төрт жіктіктегі етістіктерге бірдей. Етістіктердің Perfectum indicativi activi формасы перфект түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:
-
Жақ
|
Singularis
|
Pluralis
|
1
|
-ī
|
-ĭmŭs
|
2
|
-ĭstī
|
-ĭstĭs
|
3
|
-it
|
-ērunt
|
Еске саламыз, перфект түбірі І жақ жекеше түрде тұрған Perfectum indicativi activi -дің –ī жалғауын алып тастау арқылы анықталады.
Numerus
|
Persona
|
orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу
|
Sing.
|
1
2
3
|
ornav - ī
ornav - ĭstī
ornav - it
|
мен әшекейледім
сен әшекейледің
ол әшекейледі
|
Pl.
|
1
2
3
|
ornav - ĭmŭs
ornav - ĭstĭs
ornav - ērunt
|
біз әшекейледік
сендер әшекейледіңдер
олар әшекейледі
|
Достарыңызбен бөлісу: |