К.С.Ислям
ЛАТЫН ТІЛІ
Гуманитария мамандықтарының студенттеріне
арналған оқу құралы
2 Бөлім
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
К. С. Ислям
ЛАТЫН ТІЛІ
Гуманитария мамандықтарының студенттеріне
арналған оқу құралы
2 Бөлім
Павлодар
Кереку
2010
ӘОЖ 811.124(075.8)
КБК 81.2Латин-923
И87
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
О. Қ. Жармакин - филология ғылымдарының кандидаты, ПМУ профессоры;
З. Х. Латыпова - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Инновациялық еуразия университеті;
Б. А. Нурмагамбетова – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
К. С. Ислям
И87 Латын тілі (екінші бөлім): гуманитарлық факультеттердің
студенттеріне арналған оқу құралы / К. С. Ислям . – Павлодар :
Кереку, 2010. – 95 б.
Қолыңыздағы оқулықтың бірінші бөлімі 2007 жылы «Кереку» баспасында басылып шыққан. Ол оқулықты күні бүгінге дейін кеңінен пайдаланып келеміз, бірақ барлық тақырыптар қамтылмағандықтан, оқуға талаптанып жүргендердің дайындалуына қазақ тілінде латын тілі кітабы табылмасы тағы белгілі. Осы жағдайды ескеріп, гуманитарлық факультеттерде оқылатын латын тілінің бағдарламасы мен курсқа қойылатын талаптарды есте ұстай отырып, бірінші бөлімде қамтылмаған материалдарды жинақтап беруді ұйғардық
Оқу құралы гуманитария мамандықтарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 811.124(075.8)
КБК 81.2 Латин-923
© Ислям К.С., 2010
© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Алғы сөз
Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. "Латын тілі" курсын оқыту міндеті студенттің игеруге тиісті білімнің көлемі мен сипатын анықтайды.
Латын тілін үйрету ең алдымен, тілді басқа оқу пәндермен тығыз байланыста оқытқанда ғана толыға түседі. Латын тілін басқа пәндермен, қоршаған ортамен, музыкамен, бейнелеу өнерімен, еңбекпен т.б. байланыстыра оқыту нәтижесінде ғана қарым-қатынас әрекеті жүзеге асады. Бұл пәндер тілді мәдениеттің бір бөлігі ретінде үйретіп қана қоймай, жалпы адамзаттың мәдениетінен үлгі, тәжірибе алуға, өз елінің мәдениетін бойына жақсы сіңіруге сөйлеу әрекеті арқылы мүмкіндік тудырады. Латын тілі «Аудармашы мамандығына кіріспе», «Тілдің практикалық курсы», «Тіл біліміне кіріспе», «Лексикология», «Грамматика», «Фонетика», «Тіл тарихы», «Тіл теориясы негіздері», «Тарих», «Психология (педагогика)», «Философия», «Социология», «Әлемдік әдебиет және аударманың жалпы мәселелері» пәндерімен тығыз байланысты.
Кіріспе
Тіл туралы мәлімет
Тіл деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар: 1) тіл - жан-жануарлардың дәмді сезетін және адамның сөйлеу дыбысын атқаратын мүшесі; 2) тіл - соғыста жаудан алынған хабар немесе тірідей қолға түскен тұтқын; 3) тіл - уақытты (минут пен сағатты) көрсетіп тұратын көрсеткіш; 4) тіл — адамдардың бір-бірімен қатынас жасауына, пікір алысуына, өзара түсінсуге мүмкіндік беретін құрал және осы қатынас құралының заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым.
Тіл жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастырып, дамытуы мүмкін болмайды
Қоғамның қандай түрі болмасын, ол тілсіз өмір сүре алмайды. Ал тілдің өзі тек қоғам бар жерде гана пайда болып, дамып жетіледі. Тілді адамдар ұжымы — қоғам дүниеге келтірсе, тіл сол адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қызметін атқарады.
Сөйлеу мен тіл әдетте бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақта екеуі бір нәрсе емес. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатнас жасау, пікір алысу құралы болса, сөйлеу-сол тілді пайдалана білудің әртүрлі амалдары мен жолдары. Сондықтан ұстаздар тыңдаушыларға белгілі бір тілдің құрлымы мен жүйесін үйретеді, олардың сауатты жазуын, салауатты сөйлеуін қадағалап, тілін ұстартады.
Тілді екі тұрғыдан білу керек: бірі – практикалық тұрғыдан, екіншісі ғылыми тұрғыдан. Тілді практикалық тұрғыдан білу дегеніміз – белгілі бір адамның кемінде бір немесе бірнеше тілде сөйлеп, жаза алуы. Ал тілді ғылыми тұрғыдан білу дегеніміз – белгілі бір адамның бір немесе бірнеше тілдің ғылыми негізін –дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрлымы мен жүйесін, соларға тән барлық нормаларды ғылыми тұрғыдан меңгеруі. Бір тілде емін-еркін сөйлейтін адамдардың бәрі ол тілдің ғылыми негізін білу шарт емес.
Латын тiлiн оқыту арқылы болашақ филологтың лингвистикалық талдауының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрылымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.
"Латын тiлi" курсын табысты үйрену үшін студенттердің өз бетімен жұмыс icтeyi және оны дұрыс ұйымдастыра білуі ерекше маңызды. Жұмыстың пайдалы әpi тиімді түрінің 6ipi - жазба жұмыстар болып табылады. Оқытушы бағдарламаның материалын бүкіл оқу жылына дұрыс бөліп, жұмыстың қолайлыр-ақ түрін таңдауы керек.
Осы пәннің мақсаты жан-жақты маман дайындау, дайындық маманның лингвистикалык, коммуникативтік, лингводүниетанымдық кәсіби-адаптивтік компетенциясының құрылуын қарастырады. Үйрену процессінде пәндік және ойлау жұмысы студенттің логикалық ойлауын, шетел тілде сөйлеу қабілетін дамытады. Латын тілі курсының міндеттері:
- прозалық және поэтикалык мәтіндерді оқуға дағдыландыру;
- есімдердің септелу және етістіктердің жіктелу парадигмасын білу;
- латын, грек тілінде 400-ден астам лексикалық және сөз тудыратын бірліктерді, 350 тү6ip сөздер мен 50 аффикс, терминдік бөлшектерді (ауызша және жазбаша түрде) меңгеру;
- сөздің морфемдік талдауын, белгісіз туынды немесе күрделі сөздердің дәлелденген қорытындыларын өз бетімен ашу мақсатына дағдылану;
- сөздікті қолдана отырып 600 белгі көлеміндегі оқылған мәтінді толық грамматикалық тұрғыда талдай білу және аудару;
- 2000 белгі көлеміндегі филологиялық талдаумен рим авторларының мәтіндерін оқу: Цезарь, Цицерон, Ливий, Тацит, Овидий, Катулл, Гораций, Вергилий, Марциал, Лукреций және басқалар;
- қазіргі кезеңдегі тілдік білім жүйесінің құрылуын және дамуын ескертетін студенттердің объектілі факторлары туралы ғылыми көзқарасын құрастыру;
- студенттерді қазіргі кезеңдегі қазіргі заман тілдік білім жүйесінің негізгі даму тендецияларымен және басқаратын принциптарымен таныстыру;
- курстың негізгі тапсырмасы 1- 3 курстағы білімінің негізін және алған білім маңыздылығын менгеру;
- әртүрлі коммуникативтік қатынасу жағдайларында негізінен жазба білім маңыздылықтарын дамытып творчестволық түрде қолдану.
Студент функционалдық стильдермен тәжірибеде танысуды жалғастырып, бұл студенттің үйреніп жатқан тілде коммуникативті және стилистикалық сөздерді дұрыс пайдалануын қамтуы тиіс.
Студенттердің жиі қолданылатын сөздігі 800 лексикалық бірліктермен толады, олар нақты оқу жылының тақырыптық спецификасын көрсетуі тиіс.
Курста лексикамен жұмыс істеуде лексикалық бірліктерді сөйлеу стиліне, қатынасу жағдайына байланысты пайдалану маңыздылықтарына көп көңіл бөлінуі тиіс.
1 Сан есім (Numeralia)
Өзінің мағанасы мен қызметі жағынан сын есімге ұқсас сөз табының бірі – сан есім. Өйткені, екеуі де зат есімнің қасиет – ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен бірге сан есім жеке – дара қолданылып, тіліміздегі санның атын білдіреді. Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Сондықтан заттың санын, ретін білдіретін сөзді сан есім дейміз.
Басқа сөз таптарынан сан есім жасалмайды, негізгі сан есімдерге ғана қосылып, оны түрлендіреді.
Сан есімдер құрамына қарай – іштей дара, күрделі болып бөлінеді.
Сан есімдер негізінен анықтауыш қызметін атқарады.
Сан есімдер мағналық, тұлғалық, синтаксистік қызметі жағынан іштей бірнеше топқа бөлінеді: оны сан есімнің түрлері деп атайды.
Латын тілінде сан есімнің келесі түрлері бар: есептік сан есім (cardinalia), реттік сан есім (ordinalia), топтау сан есімі (distributiva), үстеулік сан есім (numeralia adverbia).
Есептік сан есім заттың жалпы санын білдіріп, неше? қанша? деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімге табиғи сандар жатады. Олар сан дәрежесіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп бөлінеді. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 – бірліктер; 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90 – ондықтар; 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 – жүздіктер; 1000, 2000, 100000 – мыңдықтар.
Реттік сан есімдер заттың рет санын білдіріп, нешінші? қансасыншы? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімнің жасалуына есептік сан есім негіз болады.
Латын күрделі реттік сан есімдерінің қазақ күрделі реттік сан есімдерінен ерекшелігі күрделі санның әрбір мүшесіне реттік жалғау жалғанады. Мысалы: жиырма бірінші жыл – annus vicesĭmus primus Сан есімдер сөйлемде барлық сөйлем мүшесінің, көбінесе анықтауыштың қызметін атқарады.
2 Numeralia cardinalia et ordinalia
Рим
сандары
|
Араб
сандары
|
Сardinalia
(есептік)
|
Оrdinalia
(реттік)
|
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
XIII
XIV
XV
XVI
XVII
XVIII
XIX
XX
XXI
XXII
XXVIII
XXIX
XXX
XL
L
LX
LXX
LXXX
XC
C
CI
CC
CCC
CD
D
DC
DCC
DCCC
CM
M
ĪĪ
ĪĪĪ
V
X
C
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
28
29
30
40
50
60
70
80
90
100
101
200
300
400
500
600
700
800
900
1000
2000
3000
5000
10000
100000
|
unus, a, um
duo, ae, o
tres, tria
quattuor
quinque
sex
septem
octo
novem
decem
unděcim
duoděcim
treděcim
quattuorděcim
quinděcim
seděcim
septenděcim
duodeviginti
undeviginti
viginti
viginti unus(unus et viginti)
viginti duo (duo et viginti)
duodetriginta
undetriginta
triginta
quadraginta
quinquaginta
sexaginta
septuaginta
octoginta
nonaginta
centum
centum (et) unus
ducenti, ae, a
trecenti, ae, a
quadringenti, ae, a
quingenti, ae, a
sescenti, ae, a
septingenti, ae, a
octingenti, ae, a
nongenti, ae, a
mille
duo milia
tria milia
quinque milia
decem milia
centum milia
|
primus, a, um
secundus, a, um
tertius, a, um
quartus, a, um
quintus, a, um
sextus, a, ,um
septĭmus, a, um
octāvus, a, um
nonus, a, um
decĭmus, a, um
undecĭmus, a, um
duodecĭmus, a, um
tertius, a, um decĭmus, a, um
quartus, a, um decĭmus, a, um quintus, a, um decĭmus, a, um
sextus, a, um decimus, a, um septimus, a, um decimus, a, um duodevicesĭmus, a, um undevicesĭmus, a, um
vicesĭmus, a, um
vicesĭmus,a,um primus, a, um
vicesĭmus,a,um secundus,a, um
duodetricesĭmus, a, um undetricesĭmus, a, um
tricesĭmus, a, um
quadragesĭmus, a, um quinquagesĭmus, a, um
sexagesĭmus, a, um
septuagesĭmus, a, um
octogesĭmus, a, um
nonagesĭmus, a, um
centesĭmus
centesĭmus (et) primus
ducentesĭmus
trecentesĭmus
quadringentesĭmus
quingentesĭmus
sescentesĭmus
septingentesĭmus
octingentesĭmus
nongentesĭmus
millesĭmus
bis millesĭmus
ter millesĭmus
quinquies millesĭmus
decies millesĭmus
centies millesĭmus
|
Есептік сан есімдерден бір (unus, una, unum), екі (duo, duae, duo), үш (tres, tria) сандары ғана тектік (род) және септік өзгерістерге ұшырайды. Төрт санынан жүз санына дейін, сонымен қатар мың саны септелмейді. Мысалы: Quattuor pueri propěrant – Төрт ер балалар келе жатыр. Libri quattuor puerōrum –Төрт ер балалардың кітаптары. Magister quattuor puěris praemium dat – Ұстаз төрт ер балаларға сыйлық тартуда.
Жүздіктер (200 санынан 900 санына дейін) септеледі. Мысалы: ducenti milĭtes –екі жүз әскери адамдар; ducentae femĭnae – екі жүз әйел адамдар.
-
|
m
|
f
|
n
|
Nom.
|
ducent - i
|
ducent - ae
|
ducent - a
|
Gen.
|
ducent - orum
|
ducent - arum
|
ducent - orum
|
Dat.
|
ducent - is
|
ducent - is
|
ducent - is
|
Acc.
|
ducent - os
|
ducent - as
|
ducent - a
|
Abl.
|
ducent - is
|
ducent - is
|
ducent - is
|
Ескеретін жағдай мужской және средний родта тұрған сандар септеудің екінші түрімен, женский родтағы сандар септеудің бірінші түрімен септеледі
|
m
|
f
|
n
|
m f n
|
m f n
|
Nom. mm.
|
unus
|
una
|
unum
|
duo
|
duae
|
duo
|
tres tres tria
|
Gen.
|
unīus
|
unīus
|
unīus
|
duōrum
|
duārum
|
duōrum
|
trium trium trium
|
Dat.
|
uni
|
uni
|
uni
|
duōbus
|
duābus
|
duōbus
|
tribus tribus tribus
|
Acc.
|
unum
|
unam
|
unum
|
duos
|
duas
|
duo
|
tribus tribus tria
|
Abl.
|
unō
|
unā
|
unō
|
duōbus
|
duābus
|
duōbus
|
tribus tribus tribus
|
Mille –мың реттік сан есімі жекеше түрде септелмейді, мысалы: Mille milĭtes video – Мың әскеи адамды көріп тұрмын. Бірақта бұл сан көпше түрде яғни milia-мыңдар септеледі.
Nom.
|
tria milia – үш мың
|
Gen.
|
trium milium – үш мыңның
|
Dat.
|
tribus milĭbus – үш мыңға
|
Acc.
|
tria milia – үш мыңды
|
Abl.
|
tribus milĭbus – үш мыңмен
|
Ceasar duo milia pedĭtum auxilio mittit – Цезарь екі мың жаяу әскерді көмекке жіберіп жатыр.
Әрбір есептік ондықтың алдындағы ( 20 санынан бастап, 20 – viginti, 30 – triginta, 40 – quadraginta және т.б.) екі сандар бір – unus ( қысқартылған формасы -un) немесе екі – duo сандарын алу арқылы жасалады. Мысалы: 18 – duodeviginti, 19 – undeviginti, 28 – duodetriginta, 29 – undetriginta, 58 – duodesexaginta, 79 – undeoctoginta. Бұл ережені реттік сан есемдерді құрғанда да ескерген жөн.
Ондықтар мен жүздітерді 1-ден 7-ге дейінгі бірліктермен алғанда екі түрлі жолмен құруға болады: а) бірлікті ондық немесе жүздіктен кейін қоюға болады, мысалы., viginti tres (жиырма үш); ә) бірлік бірінші аталып одан кейін et шылауын қойып сосын барып ондық немесе жүздік аталады, мысалы., tres et viginti (үш және жиырма).
Реттік сан есімдер сын есімдер сияқты септеледі, –us жалғауына аяқталатын реттік сандар ІІ септеудегі мужской род сияқты, -um жалғауына аяқталатын реттік сандар ІІ септеудегі средний род сияқты, -a жалғауына аяқталатын реттік сандар І септеудегі женский род сияқты.
Реттік сан есімдер күрделі де болып келеді. Ондай жағдайда қазақ және орыс тілдерінде ең соңғы сан есіміне жалғанса, латын тілінде жұрнақтар күрделі сан есімнің әрбір сан есіміне жалғанады.
Рим сандарын міндетті түрде білу қажет, себебі рим сандары көне кітаптар мен құлпытастарда ғана кездеспейді, қазіргі кітаптар мен журналдарда да қолданылады. Мысалы: MDCXX (1620), MDCCCXII (1812), MCMLXXX (1980). Көптеген ғылыми баспаларда алғы сөз рим сандарымен, ал автор жазған беттерін араб сандарымен белгілейді.Сондықтан рим сандарының жазылуын есіңізде сақтаған жөн.
L, C, D, M сандары грек әріптерінен жасалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |