Мінездеме
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей КММ» 8 «В» сыныбында барлығы 24 оқушы бар. Оның ішінде 11- ұл бала, 13- қыз бала. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушыларының білім деңгейлері өте жақсы, үлгерімдері жоғары. Кез келген істе жауапкершіліктері жоғары.
Сынып оқушылары бір-бірімен өте жақсы, достық қатынаста. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп, ұйымшылдық танытады. Сыныптағы оқушылардың барлығы өте қабылетті, алғыр, өз ойларын ашық жеткізе алады. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым- қатынас жақсы әрі сыйластықтары көз қуантады.
Бір-біріне, ұстаздарға құрметпен қарайды. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сынып оқушылары өздерінің қабілеттері мен дарындылықтарын әртүрлі конкурстар мен олимпиадаларға, турнирлар мен сырттай интернет байқауларына қатысып, жүлделі орын алуларымен дәлелдеп отырды. Бос уақыттарында пайдалы үйірмелерге барады. Тәжірибе барсында сынып тек жақсы жақтарынан көрінді. Болашаққа деген көзқарастары, армандары мен мақсаттары айқын. Көпшілігі өскенде жақсы мамандық иесі болып, танымал болуды армандайды. Әр оқушы болашақта жақсы азамат болып шығуына ешқандай күмәнім жоқ. Осындай білімді де, қабылетті жастар барда еліміздің ертеңі жарқын болары сөзсіз.
Студент-Практикант______________________ Қайсанова Жанель
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы бойынша
білім бөлімінің
«Оралхан Бөкей атындағы
№ 44 лицей КММ»
8 «В» сынып оқушысы
Арыстанбекова Аружанға
Мінездеме
Арыстанбекова Аружан 2009 жылдың 8-ші маусымда, Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей КММ 8 «В» сыныб оқушысы. Сыныптағы оқу үлгерімі өте жақсы, өз өзін жақсы ұстайды, үнемі ұқыпты, таза жүреді. Аружанның сынып ішіндегі орны ерекше. Сыныптастарымен жақсы тіл табыса алады. Баршаға достық көңілімен қарайды. Берілген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Үнемі өз дәрежесінде көмек көрсетуге бейім бала. Адамгершілігі мол, ашық мінезді, мейірімді, сабырлы. Жан дүниесі таза, ешкімді ренжіткісі келмейтін, жаңалыққа жаны құмар жасөспірім ретінде сыныптың белсенді тобының қатарында. Аружанға өз ойын еркін жеткізіп, өзін қызықтыратын тақырыптар аясында әңгіме – сұхбат жүргізуді ұнатады. Әр сабақты зейін қойып тыңдап, сабаққа белсенді қатысады. Биология және тарих пәндерін сүйіп оқиды, келешекте биология пәнінен білімін арттырғысы келеді. Бос уақытында кітап оқығанды, фото және видео түсіргенді ұнатады. Оның ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: сабырлы, әрдайым өзін жақсы жағынан көрсеткісі келеді, артық іс әрекеттер жасамайды. Сабақтарда нақты дәлелдермен мысалдар келтіріп, ойын түсінікті етіп жеткізуді, өзіндік арнайы тұжырымдар да жасауды үйренген. Ол кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді. Тәртібі жақсы, үлгілі. Арыстанбекова Аружан болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушы.
Студент-Практикант______________________ Қайсанова Жанель
8.5 Практика барысынан фотолар
ШҚУ Е Ф 009-22-10
Достарыңызбен бөлісу: |