Х. С. Муханбеткалиев 200 ж


ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау



бет7/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,34 Mb.
#12973
1   2   3   4   5   6   7   8

ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.

Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
1 ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Педагогикалық неология

  2. Педагогикалық жаңа түзілімнің даму жолының кезеңдері: бастау, пайда болу, тез өсу, толысу, толығу, практикаға ену, дағдарыс, аяқталу.

Өткізілу формасы: Эссе жазу.

2 ОЖСӨЖ мазмұны



  1. Модификациялық инновация

  2. Түбірлі инновация

  3. Комбинаторлық инновация

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

3 ОЖСӨЖ мазмұны

Білім және технолгиялық оқытудағы тұлғалық бағалау

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

4 ОЖСӨЖ мазмұны: Қазіргі педагогикалық технологияларға шолу.



  1. Оқытудың ұжымдық тәсілдері.

  2. Оқытудың ұжымдық тәсілдерінің өзектілігі.

  3. Оқытудың ұжымдық тәсілінің әдістемесі.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

5 ОЖСӨЖ мазмұны: Жоғары кәсіби білім берудегі оқыту технологиялары



  1. Топтық технологиялар

  2. Топтық тәсіл мен оқытудың ұжымдық тәсілін салыстыру.

  3. Оқытудың ұжымдық тәсілінің әдістемесі.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

6 ОЖСӨЖ мазмұны



  1. Сабақтар жүйесіндегі жоба.

  2. Сабақтан тыс кездегі жоба.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

7 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Ересектерге білім берудің проблемалары

Өткізілу формасы: Эссе жазу.

8 ОЖСӨЖ мазмұны:

Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы.

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

9 ОЖСӨЖ мазмұны

Шағын топтарда оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?

Ынтымақтастық әдістемесі бойынша қарапайым топтақ оқытудан шағын топта оқытудың қандай айырмашылығы бар?



Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

10 ОЖСӨЖ мазмұны:

Деңгейлік оқыту дегеніміз не?

Деңгейлік білім беруді ұйымдастырудың шарттары.



Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

11 ОЖСӨЖ мазмұны:

Жобалау әдісі

Дальтон технологиясы



Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

12 ОЖСӨЖ мазмұны:

Таңбалы-контекстік оқытудың артықшылығы.

Өткізілу формасы: Эссе жазу.

13 ОЖСӨЖ мазмұны

Сабақтар жүйесіндегі жоба.

Сабақтан тыс кездегі жоба.



Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

14 ОЖСӨЖ мазмұны:

Портфолионы құру технологиясы

Портфолио жетістіктерін бағалаудың тиіміді формасы

Портфолионың 3 негізгі типі.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

15 ОЖСӨЖ мазмұны:

Портфолионың құрамы мен компоненттері

Білім мен технологиялық оқытуда портфолионы қолдану принциптері

Білім мен технологиялық оқытуда портфолионы қолдану мүмкіндіктері

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

16 ОЖСӨЖ мазмұны:

Телекоммуникация деп біз нені айтамыз?

Қашықтықтағы коммуникация ерекшелігі.



Өткізілу формасы: Эссе жазу.

17 ОЖСӨЖ мазмұны:

Бағдарламалық оқытудың негізі

Интеграциялық оқытудың технологиясы

Модульдік оқыту технологиясы

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

18 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикадағы голографиялық технологиялар.

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

19 ОЖСӨЖ мазмұны:

Кодтау дегеніміз не және оның дұрыстығын қалай жүзеге асыруға болады?

Телекоммуникациялық жүйелер.



Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

20 ОЖСӨЖ мазмұны:

Витагенді оқытудың негізгі категориялары

Педагогикадағы голографиялық технологиялар



Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

21 ОЖСӨЖ мазмұны:

Техникалық және гуманитарлық даярлықтың пәнаралық байланысы жүйе құрушы фактор ретінде.

Оқу үрдісіндегі интеграция механизмін жүзеге асыруда пәнаралық байланыстың титері мен қолданбалы міндеттердің қойылуы.



Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

22 ОЖСӨЖ мазмұны:

Білім беруде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану ерекшелігі.

Компьютерлік телекоммуникацияның даму перспективасы.



Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

23 ОЖСӨЖ мазмұны:



    1. Технологиялық оқытудың ғылыми теориялық негіздері

    2. Сынақты элективті курстар

    3. Бағдарлық элективті курстар

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

25 ОЖСӨЖ мазмұны:

Курс бағдарламасын құру принциптері

Курсты ұйымдастырудың формалары мен мазмұны

Кәсібиге дейінгі даярлауда технологиялық бағытталған және мәлімет беру жұмысын ұйымдастыру

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

26 ОЖСӨЖ мазмұны:



    1. «Білім беру картасының технологиясы», оның міндетті элементтері

    2. Психологиялық кадрларды даярлау мақсаты, орны мен мазмұны

    3. Психологиялық кадрларға технологияны оқытудың ғылыми теориялық негіздерінің жүйесі

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

27 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық пәндердің ерекшелігі

Психологиялық пәндердің ерекшелігі



Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

28 ОЖСӨЖ мазмұны:

Жазу арқылы сыни тұрғыны дамыту стратегиялары.

Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

29 ОЖСӨЖ мазмұны:



      1. Ресейдегі білім беру жүйесінің сипаты

      2. Жеке және альтернативтік білім беру мекемелері

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

30 ОЖСӨЖ мазмұны:

Мәселелік жағдай мәселелік оқытудың негізгі элементі ретінде.

Мәселелік оқытуды ұйымдастыру.



Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар. – пән бойынша қарастырлмаған.
9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.
Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды. Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

Вен диаграммасы: сыни түрғыдан оқу технологиясы бойынша студенттер вен диограммасына сол әрекеттің жағымды жағымсыз жақтарын және екеуінің ұқсас жақтарын жазады.

Түртіп алу әдісі: студенттер бір текстіні алып оның ішінде өзіне таныс жерлеріне «+», таныс емес жерлеріне «?» белгісін қойу арқылы талдап оны оқытушының көмегімен мәтінді меңгереді.

Әдебитетпен жұмыс :Сутденттер белгілі бір проблеема бойынша әдебиеттерге шолу жасап топта талдау жасайды.

Екі жақты күнделік: Берілген тақырып бойынша студенттер кесте толтырады.

Ол кестеде проблема және түсініктеме жолдарына деген жолдары бар соған тақырып бойынша талдау жасайды.




Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

  1. Дау-жанжалды педагогикалық шешу мен жасау.

  2. Педагогикалық технологияның қосымша элементтері.

  3. Ынтымақтасу оқыту әдістемесі бойынша менің алғашқы сабағым.

  4. Топтық оқытудың артықшылығы.

  5. Топтық оқыту технологиясы

  6. Жобалау оқыту технологиясы.

  7. Педагогикалық шеберлік және технология.

  8. Ынтымақтастық педагогикасы.

  9. Деңгейлік оқытудың артықшылығы.

  10. Таңбалы-контекстік оқытудың ерекшелігі.

  11. Ойын технологиясы.

  12. Іскерлік ойын өзара әрекеттесу формасы ретінде.

  13. Интернет жүйесінің білім беру қызметі.

  14. Интернет ресурстары.

  15. Білім берудегі голографиялық тұрғы

  16. Интернет жүйесі.

  17. Танымның интегративті типі.

  18. Интегративті негізде оқыту.

  19. Презентация.

  20. Модульдік оқытудағы оқу курсының мазмұнын құрылымдаудың ерекшеліктері.

  21. Модульдік оқытуды педагогикалық бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  22. Модульдік оқытудың артықшылығы.

  23. Стратегиялардың классификациясы.

  24. Оқытудың ақпараттық технологиясларына сипаттама.

  25. Ынтымақтастық педагогикасы.

  26. Жаңашыл педагогтар.

  27. Авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары.

  28. Қазіріг авторлық мектептер.

  29. Модульдік оқыту.

  30. «Ашық форма» технологиялары.

  31. Дебаттар.

  32. Оқытудың белсенді әдістерін топтау.

  33. Еркін микрофон. «Миға шабуыл».


10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі – пән бағдарламасы бойынша қарастырылмаған.

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).


«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:


Бағалау критериялары

Бағалау түрі

Жұмысы үшін балл

Орындалған жұмыстардың саны

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы белсенділік (практикалық жұмыста)

100

15

Лабороториялық жұмыстағы белсенділік

-

-

СОӨЖ сабағындағы белсенділік

100

30

СӨЖ тапсырмаларын орындау

100

15

Жеке тапсырма

100

6

Жазба жұмыс

100

2

Басқа да бақылау түрлері

100

N

Рубеждық бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1,Р2)

100

Барлық бағаның орта арифмитикалық көрсеткіші

Ағымдық бақылау

(р1+р2)/2




Емтиханға жіберілу рейтингі

Ағымдық бақылау ⃰ 0,6




Емтихан бағасы

100 ⃰ 0,4




Қорытынды баға

Ем.жіберілу +Ем.бағасы



Аралық бақылаулар бойынша магистранттардың максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:



A-

3,67

90-94

өте жақсы

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлық


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық магистранттар үшін міндетті.

Сабаққа кешікпеу, себепсіз қалмау, ауруына байланысты қалған уақытта анықтама көрсету.Қалдырған сабақтарын оқытушының белгілеген уақыттарында тапсыру.

Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Сабақтан қалмау. Оқу үрдісіе белсенді араласу. Үй тапсырмаларын толық мұқият орындау.

Курстастарымен және оқытушылармен ашық, қайырымды, төзімді қарым-қатынас орнату.

Барлық сабақтарда кері байланыс орнатуы.

Пунктуальдылық және жауапкершіліктің болуы.

Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеу.

Сағыз шайнамау т.б.


Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жақсы баға алу үнемі жұмыстану арқылы жүзеге асады. Бұл семестр барысында магистранттың бағасының қалыптасатынын көрсетеді. Сіз сабақ кезінде белсене қатысуға қызығушылықтасыз. Максимальды баға егер сіз барлық жұмыс түрлерін мұқият орындаған болсаңыз, қойылған сұрақтарға анық, дәл жауап берген болсаңыз қойылады.

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады Студенттің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


Студенттердің білімін 1-7 апталар тақырыптары бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Инновациялық технологияның тарихи бастауы.

  2. Қазіргі педагогикалық технологиялар.

  3. Педагогикалық технология элементтері.

  4. Ынтымақтастықта оқыту дегеніміз не?

  5. Шет ел және отандық әдебиеттердегі «педагогикалық технологиялар» ұғымы.

  6. Педагогикалық технологиялардың классификациясы.

  7. Шағын топтарда оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?

  8. Ынтымақтастық әдістемесі бойынша қарапайым топтақ оқытудан шағын топта оқытудың қандай айырмашылығы бар?

  9. Оқу үрдісіндегі коммуникация формалары.

  10. Интерактивті оқыту.

  11. Оқытудың ұжымдық тәсілдері.

  12. Оқытудың ұжымдық тәсілдерінің өзектілігі.

  13. Оқытудың ұжымдық тәсілінің әдістемесі.

  14. Жобалау әдісі.

  15. Жобалау типтері. Оларды құрылымдау.

  16. Сабақтар жүйесіндегі жоба.

  17. Сабақтан тыс кездегі жоба.

  18. Оқу өзара әрекеттесуі білім беру үрдісінің бірлігі ретінде.

  19. Интерактивті оқытудың мысалы – кооперативті оқыту.

  20. Кооперативті оқыту мысалдары

  21. Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы.Негізгі тұжырымдық ойлар

  22. Баланы қолдау технологиясы.

  23. Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы.

  24. Аудиториядағы оқытушы рөлі.

  25. Қатынастың диалогтық формасы.

  26. Диалог.

  27. Деңгейлік оқыту дегеніміз не?

  28. Деңгейлік білім беруді ұйымдастырудың шарттары.

  29. Таңбалы-контекстік білім беру технологиясы.

  30. А.А.Вербицкийдің таңбалы-контекстік тұжырымдамасы.

  31. Таңбалы-контекстік оқытудың артықшылығы.

  32. Практика университеттік білім берудің мазмұнын ұйымдастырудың бірлігі ретінде.

  33. Интерактивті оқыту әдісі. Дәстүрден тыс сабақ.

  34. Сабақты циклдық жоспарлау.

  35. Іскерлік ойынды құру принциптері.

  36. Іскерлік ойынның педагогикалық функциясының негіздері.

  37. Іскерлік ойынның психологиялық-педагогикалық принциптері.

  38. Интерактивті оқыту үрдісіндегі мінез-құлық қалпы.

  39. Үлкен шеңбер, аквариум әдістерінің құрылымы.

  40. Витагендік білім берудің теориялық негіздері.

  41. Ынтымақтастық – витагендік педагогиканың негізі.

  42. Педагогикадағы голографиялық технологиялар.

  43. Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.

  44. Коммуникативті ойын және рефлексия.

  45. Қазіргі интегративті-педагогикалық тұжырымдамаларға шолу.

  46. Дифференциация және интеграция – ғылыми танымның дамуының екі қыры.

  47. Қазіргі ғылымының дамуында интеграция және жүйелік тұрғы.

  48. Қазіргі білім берудегі синергетикалық тұрғы және жүйелік талдау.

  49. Техникалық және гуманитарлық даярлықтың пәнаралық байланысы жүйе құрушы фактор ретінде.

  50. Оқу үрдісіндегі интеграция механизмін жүзеге асыруда пәнаралық байланыстың титері мен қолданбалы міндеттердің қойылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет