Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет43/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер
: жаңартылған білім, сыни ойлау, шешім қабылдау, 
принциптер мен әдістер, зияткерлік, Интеллектуалды ұлт, педагогикалық 
білім. 


50 
Қазіргі таңда жоғары оқу орнындағы болашақ түлектердің сыни ойлау 
мен шешім қабылдай білуі оның келешек еңбек жолында табысты болуы 
үшін өте маңызды шарт. Бүгінгі күні сыни ойлауды қалыптастыру 
идеяларына көбірек көңіл бөлінуде. Бұл жаңа педагогикалық жүйені құру 
қажеттігін туғызды.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім берудің сапасын 
жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап 
отырған қажеттілік. Себебі, әр күн жаңа ғылыми жаңалықтарға, терең 
әлеуметтік өзгерістерге толы. Дәстүрлі оқу үрдісінде мұғалім басты роль 
атқарғанболса, қазіроқушының белсенділік көрсететін кезітуды. Сабақ 
мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады.
Қазіргі заманғы оқыту "проблемалық" сипатқа ие болуы тиіс, ал білім 
алушылар өз бетінше таным және нақты түсіну мүмкіндігіне ие болуы тиіс, 
бұл не үшін қажет және алынған білімді әртүрлі мәселелерді шешу үшін 
қалай қолдануға болатыны қарастырылады. 
Сондықтан жаңартылған білім мазмұнының талаптары бойынша
мұғалімге сын тұрғысынан ойлай білу қажеттілігі туындап отыр. Болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерінің сынтұрғысынан ойлана білуі, соныменқатар, 
оның негізгі принциптері мен әдістерін толық меңгеріп, өзінің тәжірибесінде 
қолданаалуы оның зияткерлігіндамытуға мүмкіндік тудырады.
Елбасының «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында бүкілхалықтың 
алдына қойған негізгі идеясы экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік 
жағдайын көтеру, рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру арқылы 
қоғамды дамытуды көздейді. Зияткертұлғаны, ұлттықалыптастыру – 
қоғамдағы ең көкейтесті мәселелердің бірі. Зияткерлік іс-әрекеттің барлық 
түрлерін, оның субъектілерін, ғылымды, білімді, жаңашылдықты біріктіретін 
интегративтіұғым, еңалдымен,қоғамның интеллектуалдық ресурсы болып 
табылатын үздіксіз білім беру жүйесінде (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, 
бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы ортабілім, техникалық жәнекәсіби 
білім, арнайы білім, жоғарыбілім, жоғарыоқуорнынанкейінгі білім) 
қалыптасадыделінген [1]. 
Адам қашан терең ойлана бастайды? Бірінші мезетте оның алдында 
дайын жауабы жоқ қандайда бір мәселе (проблема) немесе әліде үйреншікті 
бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда. Екіншіден, адам бұл 
проблеманың жауабын табуға ұмтылыс жасағанда немесе жаңа нәрсені 
түсініп, оның байыбына жетуге тырысқанда. Ойланудың қандайда болмасын 
қиындық, ыңғайсыздық, күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ 
Джон Дьюи былай деп жазған: «Ойлау тығырыққа тіреліп, таңдау жасау 
керек кезде басталады» [2].
Сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен 
санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, 
көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен 
тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды 
білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау аталмыш көзқарасты 


51 
қабылдауға әкелуі әбден ықтимал. «Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни 
«кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына 
үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты 
қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге 
болады.
Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада 
қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және 
мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануын дамыту. Мұғалім мен оқушы 
арасындағы өзара байланысты бұл үдерістің екеуін де дамытуды 
қарастырады.
Сыни ойлау мақсатқа бағытталған, Өзін-өзі реттейтін пайымдаулар 
болып табылады, ол интерпретацияға, талдауға, бағалауға және 
тұжырымдауға, 
сондай-ақ 
осы 
пайымдауға 
негізделген 
дәлелді, 
концептуалды, 
әдіснамалық, 
критериалды 
немесе 
контекстуалды 
пайымдауларды түсіндіруге әкеледі. Сонымен қатар, мақалада болашақ 
мамандардың зияткерлік қабілетін дамыту үшін сыни ойлаудың принциптері 
мен тәсілдері қарастырылады. Сыни ойлаудың принциптері мен әдістерін 
қолдана отырып, жоғары деңгейге жетуге болады.
Сабақтарда сыни ойлаудың принциптері мен әдістерін дұрыс қолдану 
көптеген білім беру міндеттерін шешеді: оқуға деген уәждемені арттырады, 
оқыту процесін, ойлауды жандандырады, кедергілерді жояды, диалогтік 
қарым-қатынастарды орнатады, тұлғалық қасиеттерді, шығармашылық 
қабілеттерін көрсетуге, ынтымақтастық пен әлеуметтік белсенділікке 
ұмтылысқа, өзін-өзі көрсетуге және зияткерлікті дамытуға көмектеседі. 
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін 
маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл 
модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды 
дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді [3].
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен 
талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға 
және синтездеуге бағытталған пәндік шешім [4]. Ол болашақта әрекет 
жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір 
айтуға,баламалы шешімдерді қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа 
немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылған 
қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды 
білдіреді.
Сонымен, сыни ойлау мынандай жағдайларда жүзеге асады: 

кез - келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда;

кез келген проблема не ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) 
тұрғысынан қарастырғанда;

кез келген проблема не ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір 
қалыптастыру барысында;

өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде;


52 

кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан 
қарастырғанда; бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада); – 
өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда.
Болашақ бастауыш сынып мұғаліміне ақпаратпен жұмыс істегенде өзге 
біреудің пікірін дұрыс бағалап және өз көзқарасыңды дәлелді түрде қорғап 
шығуға көмектесетін әдістерін қарастырып кетейік.
Байыпты түрде әрекет етіп және әлдебір зат жайлы пайымдауда жеке 
тәжірибеңізбен шектеле алмайсыз. «Әрдайым осылай жасалатын» деген 
сылтаудың жаппай ақпараттық сауаттылық пен бұқаралық баспа тарай 
салысымен сәні кетті. Бүгінде біздің іс-әрекеттеріміз көбінеки біздің бір 
жерден нені естіп немесе нені оқып білгенімізбен белгіленеді. 
Аса жиі түрде біз өздерінен қандай да бір кемшілікті сезінуге болатын 
пайымдаулармен кездесіп отырамыз. Біз «бұл жерде бір гәп бар» деп ойлап 
және сол проблеманы қалай шешу керектігі жайлы шешім қабылдаймыз. 
Күмәнді пайымдауларда ненің дұрыс емес екенін түсініп, өзіңіздің сыни 
пікіріңізге негіздеме келтіріп және өзіндік дәлелдеріңізді ұсынуға сыни ойлау 
дағдылары көмектеседі.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз нені білдіреді және оған үйретуге бола 
ма?
Сыни ойлау көптеген ағылшын тілді елдердің жоғары білім беру 
жүйесіндегі негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Мәтіндерді мұқият 
оқып, әдістемелік күмән келтіруге, яғни Декартқа сәйкес, «логикалық 
тұрғыдан күмәндануға болатын» затты анықтауға, өзге біреудің, сондай-ақ 
өзінің дәйектерінде әлсіз жақтарды табуға, ұғымдармен жұмыс істеп, өз 
ойын анық және негізделген түрде білдіруге үйренеді.
Мұндай оқытудың маңызды компонентіне дұрыс сұрақ қою білу 
шеберлігі жатады. Сұрақтарға әрекеттегі білім беру жүйесі үшін қалыпты 
болып табылатын мөлшерден анағұрлым көбірек көңіл бөліп отыру қажет.
Сыни ойлау бойынша «Дұрыс сұрақ қоя білу өнері» негізгі оқу 
құралдарының бірінде авторлар ақыл-ойы бар кез келген адам 
пайдаланатын ойлаудың екі әдісін суреттеген.
Ойлаудың бірінші әдісі – адам губка тәрізді айналасындағы бүкіл 
ақпаратты сіңіріп отырады. Бұл жол барынша қарапайым болып келеді және 
әркімге қажет. Фактілердің қажетті мөлшеріне ие болған жағдайда 
айналыңыздағы әлемді өзіңізге түсінікті етуге болады.
Ойлаудың бірінші әдісіне жақын болып отырған адам кез келген 
материалды бүге-шігесіне дейін барынша дұрыс түрінде есінде сақтап қалуға 
тырысатын болады. Ол автордың ойлау жолдарын милайды, алайда оларды 
бағаламайды және сыни тұрғыдан қарастырмайды. Бұл «соқыр» жаттауға 
және бастапқы мәтіннен ауытқусыз мазмұнын айтуға әкелмеуі де мүмкін: 
мұндай әдіс те барынша саналы болып отыруы мүмкін. Бұл әдістің кемшілігі 
шекарасын кеңейтусіз, бастапқы шеңберден аспайтын сыни тұрғыдан 
қашықтау.


53 
Екінші әдіс алтын іздеумен құмды електен өткізу амалына ұқсас. Бұл 
білім мен өз бетінше ойлаумен белсенді өзара іс-қимылды қажет етеді. Құм 
елеу шеберлігін толықтай меңгерген адам дәйектердің оларды жадыда 
сақтап қалу үшін емес, күшін бағалау үшін қажет екендігін түсінеді. Ол үшін 
бұл міндетті санасыз тұрғыдан саналы тұрғыға аудару қажет. Қалайша дұрыс 
сұрақ қою керек?
Дұрыс қойылған сұрақ – бұл табысқа жетудің 95%-ы. Джон Миллер – 
«Проактивті ойлаудың 5 принципі» кітабының авторы бұл өнерде QBQ (The 
Question Behind the Question) тиімді әдісі қажетке жарауы мүмкін деп 
ескертеді. Бұл әдіс дұрыс сұрақ қоюды үйренуге мүмкіндік береді.
Проактивті ойлау – қолыңызда бар ресурстардан көбірек ресурстар 
алуға және нағыз көшбасшы болуға көмектесетін ойлаудың жаңа типі.
QBQ бес принципке сүйенеді. QBQ әдісі бойынша дұрыс сұрақтар дегеніміз 
нені білдіреді? Бұл дегеніміз:
1.Өзінде «Мен» жеке есімдігі әрдайым болып отыратын сұрақтар. Біз 
өмірімізде орын алып отырған жағдайлардың барлығы үшін 100-пайыздық 
жауапкершілікті және өз жұмысымыз үшін толық жауапкершілікті 
мойындаймыз.
2. QBQ әдісі ең алдымен адамдардың іс-әрекеттерін қарастырады.
3. QBQ сұрақтары «неге», «қашан» немесе «кім» сөздерінен 
басталмайды.
Себебі егер сұрақ «неге» сөзінен басталатын болса, ол адамдарды 
жеке жауапкершіліктен босатады және оларды кінәлі сезіну қалпына 
келтіреді. Мысалы, «Неліктен бұл жағдай дәл менімен болды?». Ал басында 
«Кім?» сөзі тұрған сұрақтар кінәні басқа адамдарға аударады. Мысалы, «Осы 
тоқсанда сенің үлгерімің 10 пайызға төмендеп кеткеніне кім кінәлі?».
Егер сіз осы бес бағыт бойынша өзіңізге өзіңіз дұрыс сұрақ қоятын 
болсаңыз, үлкен нәтижелерге қол жеткізе аласыз
Оқыту
Біздің үйренуімізге көмектесетін QBQ сауалдар мынадай болып келеді:
-
Мен қалайша анағұрлым тиімді көшбасшы бола аламын?
-
Үй жұмысын алдыңғы тоқсанға қарағанда қалай жақсы орындасам 
болады? - Мектепте алған білімімді қалайша көбірек қолдансам болады? 
Жауапкершілік 
Өз-өзіңізге жеке жауапкершілігіңізді қайтару үшін сауалдарды былай 
қойып отыру керек:
- Осы мәселенің шешімін табу үшін мен өзім не істей аламын?
- Өз жұмысымды қалайша бұрынғысынан тиімді жасай аламын?
- Мен кінәлі сезіну қалпынан қалай шыға аламын?
Шығармашылық (креативтілік)
QBQ әдісі сонымен қатар шығармашылдықты (креативтілік) дамытуға 
мүмкіндік береді. Шығармашылдық (креативтілік) – бұл үлкен артықшылық. 
Бұл қасиетті дамыту үшін қандай сұрақтар қою керек?


54 
- Шектелген ресурстар мен мүмкіндіктер жағдайында қалайша 
артығымен ие бола аламын?
- Қажетті ақпаратты қалай тапсам болады?
-
Бұл аспапты тағы қалай қолдануға болады?
Қызмет ету
Барлық замандарда қызмет етумен айналысқан көшбасшылар ең 
үлкен жетістіктерге жетіп отырған. Тіпті көшбасшылық-қызмет етушілік 
деген ұғым да бар. Бұл жағдайда қандай сұрақтар қате болады?
- Мен неліктен басқа адамдарға көмектесуім керек?
- Оқушыларымыз қашан бізге алғыс айтатын болады?
- Менің неліктен көбірек беруім керек?
QBQ әдісі бойынша дұрыс сұрақтар мынадай:
-Мен басқа адамның нені қалайтынын жақсырақ түсіну үшін не істеуім 
керек?
- Оқушыларға қалайша көбірек құндылықтар беруге болады?
- Өзім қалай жақсарсам болады? Деген сұрақтарды бере отырып, біз 
артығына ие боламыз. Жомарт әрекеттерді жасай отырып, біз жомарт 
болудың көбірек себептеріне ие боламыз.
Сенім
кез - келген дана басшының басты қасиеті – сенім. Егер сіз 
өзіңізге пайдасыз және қиратушы сауалдар қойғыңыз келсе, олар мынадай 
болып келеді:
Менің оқушыларым неліктен осыншама секемшіл?
Мен өз командам туралы шындықты қашан білетін боламын?
Жақсы сауалдар:
Мен жағдайды жақсарту үшін оған қалай ықпал ете аламын?
Оқушыларға жағымды эмоциялар сыйлау үшін не істеу керек?
Мен өзіме адамдар сену үшін адами қасиеттерімді қалай жақсартсам 
болады?
QBQ – бұл дұрыс сауалдар қою және қажетті сәтте дұрыс шешім 
таңдау арқылы барлық деңгейдегі жеке жауапкершілікті дамытудың 
көшбасшылық аспабы [5].
Осы мәселе төңірегінде Н.Ж.Құлмұрза өз еңбегінде сыни ойлау 
стратегиясының мүмкіндіктеріне тоқтала кеткен, онда ол топтық жұмыс, 
топтарда жұмыс жүргізу, интерактивті оқыту стратегияларының тиімділігін 
атап өтті [6]. Демек білім алушылардың пікірталас пен талқылауларға 
белсене қатыса отырып, өз идеяларын ұсынуға, пікір алмасуға мүмкіндігі 
бар. Бұл білім алушылардың зияткерлік тұрғыда өзін жетілдіріп, шешім 
қабылдауына не мәселелерді шеше білуіне жол ашады.
Мемлекетіміздің жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман 
талабына сай жасалған тың бағдарлама. Жаңартылған оқу бағдарламасы 
аясында сыни ойлаудың негізгі принциптері мен әдістерін орнымен дұрыс 
пайдалану бірінші орында зияткерліктің дамуына, өз білімін өмірде 
пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет