1 Халық шаруашылыгындагы маңызы, таралуы, өнімі
Халық арасында «Нан-астың атасы, картоп-анасы», «Картоп-нанға қосымша» немесе «Картоп-нанға үнем». Шындығында, картоп – жан-жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылық дақылы. Картоптың түйнегі, ең алдымен, тағамға кеңінен және әр түрде қолданылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде «екінші нан» деп атайды.
Картоп түйнегінде 25 %-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14–22 % крахмал, 1,4–3 % белок, 1 %-ға таяу клетчатка, 0,2–0,3 % май, 0,8–1% күл болады. Картоп белогі өзінің кұндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағүрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары – ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар.
Картоп түйнегі адам ағзасының калыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер – аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды түздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 әлементі 1 темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі.
Егер тауық жұмырткасының биологиялық құндылығын 100 % деп есептесек, онда бидай белогінің құндылыгы 63–65 %, ал картопта – 84–85 %. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17 % крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмірқышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен
100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады.
Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ, жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудін косымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыр жемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін
тамаша сүрлем береді. Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 80 ц сабаң жапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а.ө.) тең.
Картоптың агротехникалық және агроэкономикалық маңызы да зор. Отамалы дақыл ретінде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл, мелиорация мен тыңайтқышқа қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді танаптық дақылдардың бірі.
Картоптың шыққан тегі – Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан, 1– 2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Европаға (Испания) картоп 16 ғасырда әкелінген. Бұл дақылдың Ресейде таралуын дәнді дақылдардың егін өнімінің жиі түрде төмен болғандығымен және 18 ғасырдың екінші жартысымен түсіндіріледі. Картоп көршілес Ресей елінде таралуы әрі қызық, әрі қайғылы жағдайда өрбіді және халық толқуларымен қабаттасып жүрді.
Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс аумағы шамамен 23,0 млн. гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды (негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан ж.б.). Солтүстік Қазақстанда картоп салыстырмалы түрде жаңа дақыл. Оның алғашқы алқаптары 19 ғасырдың орта шенінде орыс көшпенділерімен салынған және 20 ғасырдың 30 жылдарына дейін егістік аумағы шамалы болды және тауарлы сипатқа не бола алмады. Картоп өндірісінің айтарлықтай өсуі бұл аймақта тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты болды. Бұл кезде ауыл және қала тұрғындарының көбеюі картоп шаруашылығының берік базасын жасауды талап етті.
Достарыңызбен бөлісу: |