Халық шаруашылыгындагы маңызы, таралуы, өнімі



бет7/9
Дата30.05.2020
өлшемі169 Kb.
#71792
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Айым отчет по практике 3 курс жимолость

1.5 Топырақ өңдеу жүйесі
Толыққанды егін көгін алу, пәрменді өсу және даму, қуатты тамыр жүйесін қалыптастыру үшін картопқа борпас, ауа өткізгіш топырақ қажет. Борпас топырактарда минерализация үрдісі қарқынды жүреді, соған сәйкес сіңімді қоректік заттар мол жинақталады. Тығыз топырактарда тамыр нашар және беткі қабатта ғана дамиды, әлсіз дамыган тамыр жүйесі өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз ете алмайды, әсіресе жиі қайталанатын қуаншылықта. Сонымен қатар тығыз топыракта ұсақ, деформацияға ұшырған және крахмалдығы төмен түйнектер түзіледі. Бүл ерекшелікті Солтүстік Қазақстанда кең тараған механикалық құрамы ауыр топырактарда ескерген жөн. Топырақ өңдеудің нәтижесінде борпас кұрылым ғана жасалмайды, сонымен бірге арамшөптер, аурулар мен зиянкестердін жойылуына да алғы шарт жасалады, егіс паясы, органикалық және минералды тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі. Өнімнің қалыптасуына ықпал ететін топырақтың су және жылу ережелері де айтарлықтай реттеледі.

Жүргізу кезегі мен мерзіміне қарай картопқа арнап топырақ өңдеу негізгі (сүрі жер өңдеу немесе сүдігер жырту) және отырғызар алдындағы өңдеуден құралады. Топырак өңдеу тәсілі мен мерзімі алғы дақылдарға топырақ тығыздығы мен арамшөптермен ластануына және өсіру жағдайларына (суармалы немесе тәлімі жерлерде) байланысты өзгереді.

Суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу қайырмалы соқалармен 30–35 см тереңдікте жүргізіледі және бір мезгілде алқапка шашылған көң де жыртылып сіңіріледі. Егер алғы дақыл ерте жиналса, онда араңдату мақсатымен топырақты әуелі қопсытқыштармеп оңдейді, соның нәтижесінде арамшөп пен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады. Егер алғы дақыл кеш жиналса онда алқап бірден жыртылады да, кейіннен өскен арамшөпті қосымша культивация жүргізу арқылы жояды. Көктемде, топырақтың физикалық «пісуі» жеткен кезде негізгі өңдеу бағытына көлденең, немесе айқыш-ұйқыш бағытта орташа ауырлықтағы тісті тырмалармен, немесе ауыр топырақта – ауыр тырмалармен өңдейді. Отырғызар алдындағы топырак өңдеу жазықтілгіш құралдарымен 18–22 см, ал ауыр саздау топырақта 30 см тереңдікке дейін өңдейді. Көктемде қайырмалы сокалармен қайта жырту жүргізілмейді, өйткені ол топырақты кептіріп жібереді және өнімді төмендетеді.

Картопты суармайтын жерлердеөсіргенде топырақты негізгі өндеу таза сүрі жер дайындау, немесе сүдігер жырту түрінде терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Мұнда ылғал қорын жинау мен оны сақтау маңызды рөл атқарады. Ерте көктемгі тырмалау БИГ-3 иректісті тырмамен жүргізіледі, картопты дәл отырғызар алдында топыракты сыдыра жыртқыштар немесе культиваторлармен 14–16 см. тереңдікке қопсытады.

Әсіресе суармалы жерлерде топырақ нашар өңделген болса және алқап беті тегіс болмаса картоп отырғызар алдында тегістегіштердің көмегімен бұл кемшіліктер түзетіледі. Мұның өзі отырғызуды сапалы жүргізуге және түйнектерді оңтайлы тереңдікке сіңіруге мүмкіндік жасайды.

Картоп дақылын тыңайту. Қазақстанда картоп дакылы негізінен суармалы, ал ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аймақтар мен шаруашылықтарда тәлімі жерлерде өсіріледі. Картоп қоректік әлементтердің ішінен калийді көп пайдаланады, екінші орында азот, одан соң фосфор. Әрбір коректік заттың өнім түзуде өзіндік ерекшеліктері бар.

Картоп топырақта қоректік заттардың мол болуын калайды. Республиканың барлық топырақ аймақтарында тыңайткыш қолдану картоп өнімнің артуына ойдағыдай әсерін тигізеді. Оңтүстік боз топырақты аймақта минералды тыңайтқыштарды жекелеп енгізгенде азот орта есеппен гектарынан 46 ц, фосфор – 60 ц, калий – 14 ц, ал минералдық тыңайтқыштардың толык құрамы, есептелген мөлшерде (К) енгізілгенде 133 ц косымша өнім берген (Р.Е.Елешев). Қара топырақты егістікте тиісінше – 40, 30, 20 және 62 ц қосымша өнім алынған.

Мұнан Қазақстан жағдайында азот пен фосфор колдану картоп өнімділігіне күшті әсер ететінін көреміз. Картоп өнімін молайтуда органикалык, тыңайтқьпп қолданудың да маңызы үлкен. Көңді 20–30 т мөлшерінде күзде берген дұрыс. Әсіресе, көңді картоп-көкөніс ауыспалы егісінде минералдық тыңайтқыштармен ұштастырып пайдалану жақсы нәтиже береді.

Картоп дақылына қолданылатын тыңайтқыш мөлшері алғы дақылға байланысты. Отамалы жөне көкөніс дақылдарынан сон картоп отыргызылатын топыраққа азот тыңайткышын кобірек, ал фосфор мен калийдің жылдық мөлшерін 20–30 процентке азайтқан дүрыс. Егер картоп бақша дақылдарынан немесе сүрлемдік жүгеріден кейін отырғызылатын болса, қолданылатын минералдық тыңайтқыш мөлшерін 15– 20 % арттыру керек.

Картоп дақылына бор, мырыш, марганец микроэлементтерін қолдану өнім сапасының жақсаруына әсерін тигізеді. Гектарынан 150–200 ц өнім жинау үшін қара топырақты аймақтағы тәлімі жерде таза сүрі жерге отыргызылатын картопқа азоттың ең тиімді мөлшері 40 болып саналады. Егер топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшері төмен болса

Р 60–70 кг ә.е.з., К 45–55 кг ә.е.з, жоғары болса Р 25–30 кг ә.е.з., К 15–25 ә.е.з., қолданған жөн.

Күңгірт қара-қоңыр топырақ жағдайында азот тыңайтқышының молшерін 70–90 килограмға дейін, ашық қара-қоныр топырақта 90–100 килограмға дейін жеткізу керек. Қара-қоңыр топыраққа берілетін фосфор және калий тыңайткыштарының мөлшері оның құрамындағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий әлементтермен камтамасыз етілу деңгейі орташа болғанда Р 70–80 кг ә.е.з, К 60–70 ә.е.з. берген дұрыс. Қоректік заттардың мөлшері жоғары болса фосфор, калий тыңайткыштарының мөлшерін 30 % азайтады, керісінше, қамтамасыз етілу деңгейі томен болса арттырады.

Картопқа тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілі – көң, фосфор, калийдің барлық мөлшерін, азоттың жылдық мөлшерінің азот саналады. Карбонатты жылжымалы түрі жеткіліксіз болатындықтан күкірт қышқыл мырыш пайдалану картоп түсімін 13–20 % жоғарылатады. Ол үшін тұқымдық материалды 0,3 % күкірт қышқыл тұзының материалға литр есебінде немесе осы тұздың 0,2 % ерітіндісімен шанақтану алдында тамырдан тыс үстеп қоректендіреді (1 га. егіске 1000–1200 литр ерітінді жұмсалады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет