1.3 Биологиялық ерекшеліктері
Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3–5 °С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура плюс 7–8 °С дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура плюс 16–18 °С деп есептеледі.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура плюс 5–6 °С. Олардың максимум осуі орташа ылғалды топырақта плюс 17–22 °С температурада байқалады. Плюс 25 °С-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіртеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42 °С-тан жоғары температура жер бетіндегі осімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. Минус 1–1,5 °С суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік
қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырак температурасы плюс 16–18 °С, немесе плюс 22–25 °С ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы плюс 6 °С-тан төмен және
плюс 23 °С-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал плюс 26–29 °С-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура
жиынтығы (плюс 10 °С-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетінсорт үшін 1400–1600 °С, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600–1800 °С ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін – 1800–2000 °С. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800–2200 °С аралығында, ал негізінен 1600 °С-ден 2600 °С-қа дейін өзгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді,
нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағүрлым төмен өнім қалыптастырады.
Картоп топырак, ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырақтар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдікті ылғалға қажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Бұл кезеңдегі судың жетімсіздігі тургордың төмендеуі мен жапырақтың солып қалуына әкеліп соғады, ал мүның өзі фотосинтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді.
Тамырлардың негізгі массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70–80 % дәрежесінде ұстағанда өнімнің қорлануына ең қолайлы жағдайлар жасалады. Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі төмендегенде алғашкы кезендерге қарағанда картоптың ылгалға қажетсінуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына карай қалыптасқан жылы әрі құрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі калың қабықтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жақсы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жұқа, әлсіз қабық түзіледі, жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады. Топырақтағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жетімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялык және саңыраукұлақ ауруларымен залалдану артады. Метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байланысты картоптың транспирациялык коэффициент 330–700 өлшем бірлігінде өзгереді.
Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу ушін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақ 85–100 л, құнарсыз кұмдақ топырақта 160–200 л дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бүл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (қуаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай теріс кұбылыстары аймактың оңтүстік бөлігінде суарылмайтын жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.
Картоп – жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болған да сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамсыз ету қажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мумкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін тандап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамсыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты.
Нақты жағдайда бір гектарда 40–50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп еселтеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады. Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал откізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режімі тығыздығы 0,9–1,1 г/см3 қара және коңыр топырақта жасалды.
Қатты тығыздалған, әсіресе сортаңдау – сазды топырақта өсімдік көгі кешігіп (5–7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі қабатында шоғырланады да тез өліп қалады. Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3–1,4 г/см3 жеткенде түйнектер қиқы-жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұқымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады.
Мұның бәрін Солтүстік Қазақстан жағдайында кең тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі олар жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып калады. Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп, өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді.
Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60–80 %, ал кейбір жылдары 93–95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттар да тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп, өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады.
Картоптың құрғақ заттарының құрамында 26 әртүрлі химиялық әлементтердің барлығы анықталған. Алайда еліміздің көптеген топырақ-климат аймактарында, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда, картоп үш негізгі әлементті – азот, фосфор, калий қажетсінеді.
Топырақтан қоректік заттарды шығындауы бойынша картоп көптеген
ауыл шаруашылыгы дақылдарынан асып түседі. Оның әрбір 100 ц түйнек өнімі орта есеппен топырақтан 50 кг азот, 20 кг фосфор, 70 кг калий қоректік заттарын шығындайды, бұл көрсеткіштер астық дақылдарынан анагұрлым көп. Өсімдіктердің қоректік заттарға кажетсінуі жапырақ-сабағының өсуімен арта түседі де ең жоғарғы деңгейі (максимум) бүрлену-гүлдену кезеңіне, басқаша айтканда түйнектердің түзілуі мен пәрменді
қорлану кезіне сәйкес келеді.
Өсімдіктермен топырақтан қоректік заттарды сіңіру мөлшеріне ауа-райы жағдайлары, топырақ ертіндісінің реакциясы, тыңайтқыш түрлері ж.б. көп әсер етеді. Ылгалды жылдары және суармалы жағдайда картоп кұрғақ және суарылмайтын жагдайға қарағанда азот, фосфор, калий қоректік заттарын айтарлыктай көп мөлшерде пайдаланады. Бұл ылғалды топырақта қоректік
заттардың жылжымалы түрде болуымен және картоптың жерүсті массасының қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Картоп қышкыл ортаның өсімдігі, оған топырақтың су сығындысының (рН) 5,5–6,5 көрсеткіші қоректік заттарды сіңіруге барынша қолайлы деп есептеледі.
Картоптың биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік факторларына қажетсінуін және топырақ климат, метеорологиялык жағдайларды ескере отырып ғылыми негізделген агротехниканы қолдану – бұл маңызды дақылдан мол өнім алудың кепілі.
Картоп өсірудің өндірістік (индустриальная) технологиясы төмендегідей негізгі әлементтерді қарастырады:
1 Картоп плантациясын дұрыс орналастыру:
2 Топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасау;
3 Органикалық және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті мөлшерін (нормасын) енгізу;
4 Алдын-ала қырқалар тілу;
5 Отырғызылатын түйнектерді сапалы дайындау;
6 Жоғары өнімді картоп отырғызатын машиналарды пайдаланып дер кезінде және сапалы түрде түйнектерді отырғызу;
7 Уақытында күтіп, баптау (агротехникалық және химиялық тәсілдерді тиімді жүргізе отырып арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға қарсы тиімді күрес жүргізу);
8 Шабу немесе десикациялау арқылы дер кезінде сабақ-жапырақ массасын аластату;
9 Сапалы жинау және түйнектерді жинағаннан кейін сақтауға дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |