Қорытынды
Картоп өндірісі әзірше төмен өнімімен және жоғары еңбек әрі құралдар шығынымен ерекшеленеді. Мұның бәрі кешенді механикаландырудың аяқталмағандығымен, тиімді технологияның жоқтығынан және төмен деңгейлі техникалық машиналарға байланысты. Көптеген машина сынау стансалары, конструкторлық бюро, ҒЗИ-ры топырақ-климат жағдайларына қарамай картоп шаруашылығының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін машиналар мен технологиялық үрдістер жасау жұмысына кірісіп кетті.
Картопты алдын-ала көктетудің, одан ерте және мол өнім алудан басқа, түйнек құрамындагы крахмалдың артуына, оның аурулармен залалдануы азайып, тұқымдық сапасының жоғарылауына да әсері бар.
Қазақстанда картоп дакылы негізінен суармалы, ал ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аймақтар мен шаруашылықтарда тәлімі жерлерде өсіріледі. Картоп қоректік әлементтердің ішінен калийді көп пайдаланады, екінші орында азот, одан соң фосфор. Әрбір коректік заттың өнім түзуде өзіндік ерекшеліктері бар.
Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп, өну кезеңінде түйнектің пайда
болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді.
Пайданылған әдебиеттердің тізімі
1 Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы», Алматы-2011 жыл, – 527 б.
2 М. М. Жанұзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл – 198 б.
3 М. И. Кондрашкина «Лабораторно-практические занятия по растениеводству» Москва-2006 г, – 155 б.
Достарыңызбен бөлісу: |