Халық шаруашылыгындагы маңызы, таралуы, өнімі



бет8/9
Дата30.05.2020
өлшемі169 Kb.
#71792
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Айым отчет по практике 3 курс жимолость

1.6 Түйнектерді көктету
Картопты отырғызуға дайындаудың ең көп тараған және пайдалы әдістерінің бірі – түйнекті көктету. Жылу мен жарық әсерінен түйнек көздері айналасындағы ферменттердің белсенділігі артып, қоректік заттар шоғырланып түйнек өркендерін тез өсуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты көктетіп отырғызған картоптың жер бетіне шығуы, көктетпей отырғызған картопқа қарағанда 8–12, гүлденуі 7–14, ал пісіп-жетілуі 12–15 күндей ертерек болады.

Картопты алдын-ала көктетудің, одан ерте және мол өнім алудан басқа, түйнек құрамындагы крахмалдың артуына, оның аурулармен залалдануы азайып, тұқымдық сапасының жоғарылауына да әсері бар.

Көктетудің екі тәсілі қолданылады: жарықта және ылғалды ортада.

Жарыкта көктету. Жарықта коктетудің негізгі міндеті картоп отырғызатын мерзімге дейін түинектен үзындыгы 2–3 см көгерген және көктеген тамыр түйіршіктері бар, мықты өркен алу.

Ерте пісетін сорттарды плюс 10–12 °С, ал орташа және кеш мерзімде пісетін сорттарды плюс 12–14°С жылулықта көктету қажет, қажетті жылуды бір қалыпты ұстаган жагдайда жарықта өсіру мерзімі 30–40 күнге созылады. Картоп әдетте наурыз-сәуір айларында көктейтін болғандықтан, оны көп шыгынсыз-ақ жабык не ашык алаңда жүргізуге болады. Ол үшін картопты әрбір шаршы метр жерге 50–60 кг шамасында төгеді, қалындығы 2–3 түйнек қатардан аспауы керек. Егер әлектр жарыгы пайдаланылса, онда әрбір 1 м2 жерге 40–60 вт әлектр куаты кажет. Жарык түйнектің көздері оянған уақыттан

бастап күніне 8–10 сағат беріледі. Көктетуді үсік жүретін кезең өткеннен кейін, ашық аланда еш шыгынсыз жүргізуге болады. Осылай көктетілген тұкымнан коктетілмеген тұкымға қарағанда10 күндей ерте өнім алуға болады. Түйнекті отырғызғаннан кейін 4–5 күнде осы түйнектерден мықты тамыр жүйесі жайылады.

Ылғалды ортада көктету. Картоп түйнегін ылғалды ортада өндіргенде, оның өркенімен қатар тамыры қоса шығады. Мұндай түйнектерді ылғалы бар жылы топыраққа отырғызса жер бетіне тез өніп шығып, ертерек өнім береді. Бұл әдіспен өндіру үшін торф, көң, ағаш үгіндісін, т.б. заттарды пайдалануға болады. Ол үшін түйнек өркендейтін орта жылулығы плюс 12–15 °С-тан төмен және плюс 20 °С-тан жоғары болмауы қажет. Көктетілетін ортаның толық ылғалдылығы төменгі ылғалсиымдылықтың (ТЫС-тың) 70–85 % шамасында болғаны дүрыс.

Осындай жағдайда түйнектерді жоғарыда айтылған ылғалды заттардың бірімен араластырып 15–20 күн бойы көктетіледі. Түйнектерді микроәлементтер ерітіндісін қоректік заттармен араластырып көктеудің пайдасы зор. Ол үшін 1–2 г мыс купо-росын 1 л суға, 40–50 г аммиак селитрасын, суперфосфатты және хлорлы калий тұзын 10 л суға ерітеді. Осындай ерітіндінің 50–60 л 1 м2 жерге жайылған картоп түйнектерімен араластыра сіңіргенде картоп өнімділігі гектарына 10–15 центнерге артады

және 3–4 күндей ерте піседі.

Түйнектерді өсіргіш заттармен өңдеп отырғызу. Түйнек көздерінің оянуы және өркендеуі, оның құрамындағы өсіргіш заттарға тығыз байланысты. Картоп түйнегінің жоғары бөлігі оның төменгі бөлшегіне қарағанда өсіргіш заттарға бай келеді. Соның әсерінен картоптың жоғары бөлігінде орналасқан көздері, оның сабақпен жалғасқан бөлігіне орналаскан (кіндік жагы) көздерге қарағанда тезірек оянып тез дамиды. Түйнектің кіндік жағына орналасқан көздері көбінесе сабақ бермейді, соның салдарынан өнімге әсерін тигізеді.

Түйнекті химиялық өсіргіш заттармен араластырып отырғызғанда, оның жоғары бөлігіндегі көздерімен қатар, кіндік жағында орналаскан көздер оянып, өнім беретін сабаққа айналады және жапырақтарының жалпы көлемі ұлғаяды. Гиббериллиннің 0,002–0,006 %-дық ерітіндісімен түйнекті

отырғызардан бір күн бүрын 2 сағат бойы ылғалдап бұқтырады.

Химиялық өсіргіш заттарды жылда екі өнім алу үшін ерте қазып алынған, физиологиялық жетілмеген жас түйнектердің көздерін ояту үшін де маңызы зор. Жас түйнектерді ояту үшін тиомочевина ерітіндісін пайдалану жақсы нәтиже береді. Ол үшін жас түйнектерді тимочевинаның 1–2 %-дық ерітіндісіне кесіп салады. Екі сағат өткен соң, жас түйнектерді ерітіндіден алып, биіктігін 50–60 см етіп үйіп, үстін матамен немесе полиэтиленмен 8–12 сағатқа жауып тастайды, содан соң танапқа отырғызады.

Жас түйнектерді оятудың жеңіл тәсілі оларды гиббериллин ерітіндісімен ылғалдау немесе қазып аларда картоп сабағына бүркіп шашу.

Тұқымдық түйнектерді отырғызар алдында микроәлементтер қосындысымен араластырып отырғызу да жақсы нәтиже береді. Ол үшін тұқымдык картопты отырғызар алдында өндейтін микроәлементтер ретінде 0,002 % 2,4-Д-амин тұзы, 0,005 % КМnO4 – марганец қышқылды калий, 0,05 % CuSO4 – мыс купоросы, 1,0 % Н3В – бор қышқылы пайдаланылады.

Ашық және тиімді дайындау әдістерінің бірі отырғызар алдында түйнектерді күн көзіне қыздыру болып табылады. Ауа райы жылы болғанда (плюс 16–20 °C) отырғызардан 5–7 күн бұрын түйнектерді сақтау орындарынан далаға арнаулы алаңдарға шығарып қалыңдығын 30–50 см асырмай жайып тастайды. Күн салкындаса түйнектерді пленкамен, сабанмен жабады. Дәрілеуді отырғызардан 1–2 күн бұрын кырмандарда жалда, контейнерлерде, немесе арнаулы картоп отырғызатын машинаға асып қойылатын құралдармен жүргізіледі. Дәрілеуге қолданылатын ерітіндінің кұрамы мынадай: 100 л суға 4 килограммнан суперфосфат, аммиак селитрасы, калий түзы, 0,3–0,4 кг мыс купоросы және 3,0 кг ТМТД препараты ерітіледі. Түйнектерді мұндай ерітіндіде оңдеу дезинфекция қызметін ғана атқарып қоймай, түйнектерде зат алмасуды тездетеді, өскіннің, ал соңынан бүкіл өсімдіктің дамуын тездетеді. 1 т картопқа 60–70 л ерітінді жұмсалады. Кең колемді әсер ететін фундозол (0,5–1,0 кг/т), поликарбацин (2,5–2,7 кг/т) купрозон (0,3–0,5 кт/т) препараттары да пайдаланылады.

Аталған препараттардың дәрілеуге қажет мөлшері 1 т картопқа 50–70 л судағы ерітіндісі (суспензиясы). Картопты суармалы жерлерде және ылғал мол түсетін аудандарда өсіргенде картопты алдын-апа тілінген қырқаларға

отырғызудың тиімді екендігін еліміз бен респубикадағы алдыңғы қатарлы картоп шаруашылықтарының тәжірибесі дәлелдеп отыр. Алдын-ала тілінген қырқалар (жалдар) топырақтың қосымша үгілуіне, түйнек орналасатын алаңның температурасын 3–4 °С көтерілуіне, сөйтіп картоп көгінің 5–6 күн бұрын шығуына мүмкіндік жасайды. Қырқаларды тілуге жұмсалған шығын көктемнің өзінде-ақ картоп отырғызатын машиналардың өнімді әрі сапалы жұмысымен ақталады: отырғызу тереңдігі мен жиілігі мұқият сақталады, картоп отырғызатын машинаны сүйреген тракторға маркердің қажетсіздігі т.б. Қырқалар дайындаудың үш түрі ажыратылады: күзде, көктемде және отырғызу кезінде картоп отырғызғыш құрылымының дискілерімен бірден тілу. Күзгі қырқалар ең алдымен ерте картоп өсіруде қолданады.

Оны әдетте тегіс бедерлі алқаптарда күздің соңында топырак жана қата бастағанда дайындайды (топырақ отырып және тығыздалып қалмау үшін). Қырқаларды тілуден бір апта бұрын танап терең қопсытылады

25–27 см, бір мезгілде тырмаланады. Көктемгі қырқалар әдетте отырғызу алдында ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аудандарда қолданады. Оны көктемгі тырмалау, культивация, қайырмасыз соқамен жыртудан соң топырақ

ұсақ кесекті жағдайға жеткізілгеннен кейін жасалады, әрі күзде жасалған күзде жасалған қырқаларға ұксас және терендігі 16–17 см-ден асырылмайды. Қырқаларды (жалдарды) алты немесе сегіз қатарлы культиваторлармен тіледі: түптегіштер немесе екі немесе үшқабатты табандармен құрылымдалған КОН-2,8 ПМ, КРН-4,2, КРН-5,6 культиваторларының бірімен маркерсіз немесе маркердің көмегімен қатараралығы 70 см етіп жүргізеді.

Алғашқы жылдар вешкалар (нысана қадалар) бойынша іске асырылады және олардың биіктігі 25 см. кем болмағаны дүрыс.

Картоп өндірісі әзірше төмен өнімімен және жоғары еңбек әрі құралдар шығынымен ерекшеленеді. Мұның бәрі кешенді механикаландырудың аяқталмағандығымен, тиімді технологияның жоқтығынан және төмен деңгейлі техникалық машиналарға байланысты. Көптеген машина сынау стансалары, конструкторлық бюро, ҒЗИ-ры топырақ-климат жағдайларына қарамай картоп шаруашылығының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін машиналар мен технологиялық үрдістер жасау жұмысына кірісіп кетті.

Голландтық картоп өсіру технологиясының ерекшеліктері:

1 Жоғары деңгейлі еңбекті ұйымдастыру;

2 Технологиялық тәртіпті қатаң сақтау;

1988 ж наурыздың соңында голландтық мамандар Мәскеу облысының «Каширский» шаруашылыгына келіп осы дақылды өсіруге арналган 100 га учаскемен танысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет