Халық шаруашылыгындагы маңызы, таралуы, өнімі


Картоп ауыспалы егістегі орны



бет6/9
Дата30.05.2020
өлшемі169 Kb.
#71792
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Айым отчет по практике 3 курс жимолость

1.4 Картоп ауыспалы егістегі орны
Ауыспалы егісте картоптың алғы дақылдарға талаптары топырақ пен климат жағдайларына байланысты өзгереді. Ылғал жеткілікті аймақтарда өзінен кейін мүмкіндігінше көп тамыр мен аңыз қалдықтарын қалдыратын танаптарды арамшөптерден тазартуға себептесетін және топырақта зиянкестер, саңырауқүлақ пен бактериялық ауру қоздырғыштарының жинақталуы мен көбеюінің алдын алатын дақылдар жаксы алғы дақылдарға жатады.

Жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі – картоппен қаныққан ауыспалы егіс көлемінің 50–60 % дейін сүрі жер – отамалы, шөпті-отамалы дақыл және отамалы дақыл сияқты мамандандырылған ауыспалы егістерді игеру болып табылады. Негізінен картопты Қазақстанда суармалы жерлерде өсіреді және оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастырып өсірген дұрыс. Еліміздің солтүстік аудандарында, негізінен кәдімгі оңтүстік кара топырақтарында және ылгал мол түсетін басқа аймақтарда картопты суарылмайтын, тәлімі жерлерде өсіруге болады. Аталған ерекшеліктерді ескере отырып суармалы жағдайда өсірілетін картоп үшін мынадай ауыспалы егістер кескіндері ұсынылады:



  1. Көпжылдық шөптер (2 жыл) I картоп I тамыржемістер-картоп;

  2. Біржылдық шөптер I картоп – жүгері 1 картоп;

  3. Жүгері – картоп 1 тамыржемістер - картоп;

  4. Қырыққабат (орамжапырақ) – картоп – қияр – картоп – пияз – картоп.

Тәлімі (суарылмайтын) жерлерде:

1 Ыктырмалы сүрі жер – картоп – бидай;

2 Ықтырмалы сүрі жер – картоп – сұлы + бұршақ тұқымдастардың

қоспасы ― картоп;

3 Ықтырмалы сүрі жер – картоп – жүгері – картоп.

Келтірілген ауыспалы егістер кескіндерін жобалы деп қарастырған дұрыс. Белгілі бір ауыспалы егісті таңдап алу накты картоп өсірілетін аймақпен шаруашылық жагдайларына, өсіру максаттарына, егістік алқаптардың кұрылымына, мамандануына және басқаларга байланысты өзгереді.

Ғылыми мекемелер деректері мен озат шаруашылықтар тәжірибелеріне Караганда суармалы жерлерде картоп ушін ең жаксы алғы дақылдар: көпжылдык шөптер, асбұршақ, жүгері, қант қызылшасы және т.б. Сонымен катар көкөніс дакылдары ішінде кияр, пияз, кырыққабат және бакша дакылдарынан кейін өсірілген картоп өнімі жоғары болады. Солтүстік Қазақстан жағдайында және басқа қуаңшылықты аймактарда суарылмайтын картоп үшін жақсы алғы дақыл ықтырмалы сүр танабы болса, Қазақстанның Оңтүстік шыгысында жасыл балаусаға өсірілген асбұршақ пен сұлы қоспасы екені дәлелденген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет