1.2 Сорттары
Пісу мерзімінің үзақтығына байланысты картоп сорттары ерте пісетіндер (50–60 тәулік, Приекульский ранний ж.б., асханалық, жазда пайдалану үшін), ортадан ерте пісетіндер (60–80 тәулік, жазда және күзде пайдалануға), орташа мерзімде пісетіндер (80–100 тәулік, негізінен асханалық), ортадан кеш пісетіндер (110–120 тәулік, әмбебап), кеш пісетіндер (125 тәулік және одан жоғары, негізінен техникалық мақсатқа пайдалануға). Топтардың арасындағы айырмашылықтарды белгілеу қиын.
Сорт неғүрлым кеш пісетін болса, солғұрлым оның потенциалды пайда болады, ол бірнеше сабақтарды біріктіреді. Картоп басқа танаптық дақылдар сияқты өзінің тіршілік үрдісінде үнемі қоршаған ортамен байланыста болады. Қалыпты өсіп-дамуына, мол өнім алуда өсімдіктерді барлық тіршілік факторларымен (су, жылу, жарық, ауа) мүмкіндігі көп. Аязсыз кезеңнің шектеулілігінен көптеген аудандарда ортадан кеш және кеш пісетін сорттар өсірілмейді. Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттар төменде келтірілген:
Ерте пісетіндер. Приеқульский ранний. Сортаралық шағылыстыру тәсілімен Приекуль генетикалық тәжірибе стансасында шығарылған. Өте ерте пісетін сорт. Мол өнімді, ауруларға әлсіз төзімді. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақгау-сопақ пішінді, жұмсағы ақ, крахмалдығы ортадан
төмен, дәмдік сапасы жақсы, сақталуы қанағаттанарлық. Барлық облыстарда
өсіруге рұқсат етілген.
Весна – бұрынғы БӨШИ Опорный пунктісінде түраралық будандастыру тәсілмен шығарылған. Асханалық, жоғары өнімді сорт.
Саңырауқұлақ, бактериялық, вирус ауруларына төзімді. Түйнектері ашық-қызғылт түсті, ұзынша-сопақ пішінді. Көзшелері ұсақ, жұмсағы ақ. Дәмдік сапасы қанағаттанарлық, крахмалдығы орташа, сақталуы жақсы. Қостанай,
Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Полет – ерте пісетін, асханалық, жоғары өнімді сорт, рак ауруларына төзімді. Гүлдері ақ, түйнектері қызыл, сопақтау-бұрышты. Көзшелері ұсақ,
жүмсағы ақ. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Кокшетауский ранний – Актөбе, Батыс Қазақстан, СҚО, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Шортандинский – Қазақ АШҒЗИ мен Қазкартоп шаруашылыгы ҒЗИ клондық сүрыптау тәсілімен шығарылган. Ортадан ерте пісетін, асханалық, өнімі ортадан жогары, аурулармен әлсіз залалданады, қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Түйнектері ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа терендікте, жұмсагы ақ түсті, крахмалдыгы орташа, дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Солтүстік
Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Огонек – ортадан ерте пісетін асханалық сорт. Рак ауруына төзімді. Дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Түйнектері ак, домалақтау-сопақ пішінді, жұмсағы ақ, қабығы тегіс. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Акколь – Солтүстік Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.
Никита – Қостанай облысында өсіруге рұқсат етілген.
Тамаша – Алматы, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Әскорт – Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Романо – Шығыс Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.
Тениз – Жамбыл, Қызылорда облыстарында өсіруге рұксат етілген.
Розара – Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген.
Орташа мерзімде пісетіндер:
Ақсор – Алматы, Қызыл-Орда, Павлодар облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Гатчинский – Жамбыл облысында өсіруге рұқсат етілген.
Ресурс – Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Тамыр – Жамбыл, Қызыл орда облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Ортадан кеш пісетіндер:
Ақжар – Ақтөбе, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Курант 1– Қостанай облысында өсіруге рұқсат етілген.
Лорх – Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Халық шаруашылығында пайдалану бағытына қарай картоп сорттары
5 топқа бөлінеді:
- асханалық;
- техникалық;
- асханалық-техникалық;
- мал азықтық;
- әм б еб а п.
Асханалык сорттардың түйнектері дұрыс пішінді, дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы, тез піседі, бірақ үгітілмейді, көзшелері тайыз орналасқан (бұлар әдетте ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар).
Техникалык (зауыттық) – әдетте кеш пісетін сорттар, крахмалдығы жоғары (20 %-дан жоғары) және жақсы сақталады.
Асханалык-техникалық – түйнектері дәмді, жұмсағы қарай-майлы, жоғары крахмалды. Олар өндірістік өңдеу мен тағамдық мақсаттарға пайдаланылады.
Мал азыктық – бұлар жоғары өнімді сорттар, кұрғақ заттар мен белок мол жинақталған.
Әмбебап – сорттар жақсы дәмдік сапасымен және біршама крахмалының молдығымен ерекшеленеді, жан жақты пайдаланылады.
Картоп сорттарын пайдалану бағытына қарай топтау шартты.
Көптеген сорттарының дәмдік сапасы жаксы және оның үстіне крахмалдылыгы жоғары болуына байланысты техникалык өңдеуге жарамды. Қазақстанда асханалык бағыттағы сорттар басым болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |