Ххi ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән


-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде) 4-қадам



бет9/15
Дата08.02.2022
өлшемі356,5 Kb.
#130957
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Дип.-02
Дип.-01-Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту
3-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде)
4-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында)
5-қадам: Берілген моульдегі оқу материалының тұтас мазмұы бойынша сынаққа қажетті сұрақтар ме тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен , бақылау жұмысымен алмастыруға болады).
6-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар жән оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Оқу модулінің құрылымдық бөлімдерінің әрқайсысына кеңінен тоқталып, қарастырайық.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен : кіріспе-қызықтырушылық, операционалдық-танымдық және рефлекциялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман)
Аталмыш модульде қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса маңызды. Ол үшін , психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр (Салмина 1981, 47).
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгедік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға («орамаларға», белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілеті жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығы және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқарудың икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
Оқу процесін басқару балардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін матриалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, оташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушы өзі шешеді.
Бұның бір маңызы – күрделі ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.
Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады (1суретті қараңыз)
1-сурет

1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу










2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру










3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау










4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау










5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету

Сөйлесу бөлімін құру қағидалары. Алғашқы үш әрекет-қадам мұғалімнің оқу (ғылыми) материалының тұтас мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:
•Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
• «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан-мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.
• Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды!). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалыннң көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекіту үшін қажет. Зерттулер көрсеткедей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал- жабдығы ретінде пйдалану.
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысуы ұнап, ол ақыл ой жұмысынан қанағаттануы тиіс.
Бұл үшін:
Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс,яғни, оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс (Рубинштейн 1946, 599-604);
Таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді (Бодалев 1983, 65);
Бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда);
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін емес деген сенімін жоюға;
ә) қорғану механизмдерінің шығармашылық процеске әсерін төмендетуге ықпал етеді (Грановская, Крижанская 1994,127).
Қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға қол жеткізу неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;
Кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне - өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы, дамытушы болып есептеледі.
Міне, сондықтанда ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. І деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. ІІ және ІІІ деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірлеген тапсырмалары солардың біреуін оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды қарточкаларға – яғни, өзінше бір «бағыттаушы парақтарға» жазуға болады, мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны (дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы) нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке – топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және көшірме аппараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртүрлі күрделілік діңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыға олардың кез келгенін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай көбейтеді.
Егер сабақ формасы – ойын (кез келген түрі) болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар аудару керек:
1. Бұл бөлімде оқыту және оқу:
а) дамытушы болады,
соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу дегеніміз: оқушылардың психологиялық өзара сиымдылығын, жағымды психологиялық (жылы ниеттегі, ашық, т.б.) ортаны қамтамасыз ету;
ә) даярлаушы болады,
яғни, модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне шығуға даярлайды. Сондықтанда әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне, командаға,топқа) береді.
Көріп отырсыздар, оқу модулінің бұл бөлімінде неғұрлым қолданыстағысы – бірін-бірі тексеру әдісі. Бұл жерде кейбір оқушы тексеру үшін өзіне қиын, күрделі деңгейдегі жұмысты алып қалуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда ол жұмыстың орындалуының дұрыстығын немесе бұрыстығын (дұрыс еместігін) бағалай алмайды. Міне, сондықтан мұғалімге дұрыс жауап немесе есептің шешу барысы жазылған парақтар дайындап қою қажет. Оларды оқушылар бір-бірінің еңбек нәтижелерін тексергенде және бағалағанда пайдаланады (І деңгей тапсырмаларының жауабын, егер олар қалыптан тыс жауап болса, мұғалім өзі тексереді).
2. Репродуктивті (қайта жаңғырту) сипатындағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік оқытумен ұштастырылады.
3. Негізінен оқушылардың бір-бірімен қатынасына, өзара сөйлесуіне құрылған оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Оқыту және дамыту - өзара күрделі қатынастағы процестер.
Жоғарыда атап өткеніміздей, баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және, ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға «жетелеп енгізбек» болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді (яғни, тұлғаны дамытпайды).
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы (ыңғайлы) орта туғызуы қажет.
К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Баларға әрқашан сенім көрсетуі;
2. Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;
3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;
4. Әртүрлі тәжірбиенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
5. Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;
6. Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамытуы;
7. Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;
8. Топта өз сезімін ашық білдіруі;
9. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы;
10. Өз-өзін жақсы білуі тиіс.
Оқудың нәтижелігі оқу процесінің мына нүктелердің қайсысында ұйымдастырылғандығына байланысты екені дәлелденген. Солға бағыттаушы тіл оқыту нәтижесінің төмендегенін, ал оңға бағыттаушы тіл – артқананын көрсетеді.
Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:
топтық немесе жеке-топтық;
жұптық;
ұжымдық;
Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады.
Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары да бар:
семинар;
оқу конференциялары;
диспут;
топтық пікірталас және т.б.
Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы
оқыту ерекше орын алады.
Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам
жасалынуда, тіпті бұл жерде сөз еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр.
С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу
және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша – оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылады.
Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Біздің зерттеулеріміз 4-11 сынып оқушыларын оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.
Біз ойындарды оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аудардық, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады.
Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Ескерту:
Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны бала үйінде, сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған оқушыға өзін-өзі тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің өзінің, не болмаса осы сынып оқушыларының ішінен кеңесші оқушының тексеруіне болады. Тек содан кейін ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары беріледі, оның орындалуын мұғалім өз бақылауына алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет