Ххi ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән


Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері



бет12/15
Дата08.02.2022
өлшемі356,5 Kb.
#130957
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дип.-02
Дип.-01-Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту
2.3. Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой –тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы.[8].


Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз , бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді. [19;25].
Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық танымал , сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне, негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) –эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей –түсініктерді жүйелеу деңгейі . 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды.; 3- деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.[19;15].
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика , тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы , әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып , оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. [4;19].
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын , оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар , тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап , түсініп оқу , аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді , естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтін мен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде . Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі , хабарды түсінуі , қабылдауы , жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен , өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау жасай білуімен , білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, , бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау , жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-«іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды , іздемпаз , қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді , оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін «салмақтың»артуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес , оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.[4;28].
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып ,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалық , күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :
*жеке тұлға ерекшеліктеріне;
*психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне , ойлау ,қабылдау, зейін еркшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
*пән бойынша білімді игеру деңгейіне / оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып , көңіл бөлу керек. [34;11].
Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс әрекетінің жүйесі.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дайындық кезең

Оқушыларды оқу материалын базалық , бағдарламалық күрделенген деңгейлер бойынша игеруін анықтау.




Диогностикалық кезең.

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау . Оқушылардан сауалнама алу.Сынып жетекшілерімен оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқу деңгейі таңдалады.Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды топтарға бөлу кезеңі

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру : әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау . Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылу кезеңі.

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Деңгейлеп оқыту жағдайына білімді меңгеру нәтижелерін бағалау кезеңі.

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау. /Кері байланыстың дұрыс орнауы , жүзеге асыру/.

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.

Бастапқы ғылыми идеялар :
-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді .
-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .
-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. [4,5,11].
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
-оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне , ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек )
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.
Үшінші – материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.
Төртінші – материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп аталады).
Бесінші – практикум сабақтар.Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына , жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі.
Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде : жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады . [34;4].
Білім беру ұйымдастырудағы қайта құрулармен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлікпен пәндерді оқытудың жаңаша технологиясын ендіру міндеттерін шешуді талап етуде.
Кеңестік педагогика мен дидактиканың озық шеберлері В.Шаталовтың , В.Шейманның , Е.Ильиннің тәжірибелерінің мақсаты – оқушының оқу танымдық қызметін дұрыс ұйымдастыра отырып түпкі нәтижеге жету яғни оқушының сабақ үстінде бағдарламалық талаптар (міндетті және мүмкіндік ) деңгейінде жан-жақты терең біліммен саналы тәрбие алуы еді. ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық зерттеулер (В.Беспалько, В.Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екенін дәлелдеп отыр.
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В.Беспалько).
-педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жоюы қажет.
-оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің табысына негізделуі қажет.
-оқу мақсатын диогностикалық түрде анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл тексеріліп , базалау қажет.
-іс жүзінде оқу-үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жетіп , даму үстінде . Осындай өздігімен дамуды қалыптастыратын Ж.Қараевтың «Деңгейлеп- саралап оқыту» технологиясының тиімділігі мен маңыздылығы қажетті . Бұл технология оқу үрдісінде:
-оқушыға сенімділік білдіру;
-пәнге қызығушылығын арттыру;
-оқушы біліміне сеніп, әрі дамыту;
-өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу көзделген .[4;19].
Профессор Ж. Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты балаларға шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойып отыру .Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі сабақта қарастырылды.
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.
Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау.Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан ,үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу , көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.
2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге , ізденімпаздыққа үйренеді , әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады . Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс -әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін-өзі жетілдіреді . Одан кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар . Мұнда оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай ізденіс , мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.
Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар.
оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.
дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.
әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді.
жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.
тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.
өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
бақылау жұмысы алынады.
бақылау парағы жасалады. [19;18].

Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойыша деңгейлік тапсырмалар дайындауға қойылатын талаптар.





Енді осы стратегияларды орындау барысында оқушының іс-әрекетіне тоқталсақ;


- мақсат қоюға үйренеді;
- әр нәрсеге өзінің көзқарасы қалыптасады;
- бірігіп жұмыс жасайды;
- бір-бірімен тіл табысады, келісімге келуді үйренеді;
- қорытынды жасай алады.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемірің ұлғаюы, оқушыларға түсетін “салмақтың” артуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту - 1. Бұл жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Ол әртүрлі деңгейлі оқытуға арналады.
2. Оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны (формасы).
Мұғалім мінез-құлқы, білімі ортақ оқушылармен жұмыс істейді.
3. Әртүрлі мектеп, сынып оқу тобы үшін оқытудың әр түрлі деңгейлі жұмысын жасау.
4.Әртүрлі топта, сыныпта оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастыру, басқару шараларының кешені. Оның негізгі ұстанымы-деңгейлеп оқыту.
Деңгейлеп оқыту төмендегідей қағидаларға негізделеді:

  • жас құрамы бойынша (сыныптар, әр жастағы оның білім деңгейіндегі топтар);

  • жынысы бойынша (бір мектеп, сынып, қыздар, жігіттер, аралас);

  • ақыл-ой даму деңгейі бойынша (жетілген деңгейлері негізінде);

  • жеке психологиялық типі бойынша (ойлау қабілеті, темперамент, мінез-құлық);

  • денсаулық деңгейі (жалпы топ, денсаулығы нашарплар, көз көруі, құлағының естуі).

Ал деңгейлеп оқытудың ерекшеліктеріне келер болсақ:
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп, саралап оқыту құрылымындап білімді игрудің негізгі үш деңгейі қарастырылады; ең төменгі деңгей (минималдық-базалық), бағдарламалық күрделенген деңгей.
4) Оқушының жеке тәжірбиесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психикалық даму ерекшеліктеріне;
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне;
Осындай іс-әрекеттердің нәтижелі болуы, олардың тиімді қолданылуы өмірде, оқу процесінде өз нәтижесін береді.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алатындығында.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқыту мәселесіне тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту оқушылардың тәжірбиелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік-психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білімі мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үш қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын орындап кітап оқып, тақпақты жаттап, ережері айтып беруі мүмкін. Бірақ оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, ол туралы әрі қарай іздене ме, өз тарапынан жаңа пікір қоса ала ма, өмірде іске асыра ала ма, міне негізгі мәселе осында жатыр.
Оқушылардың білім деңгейлерінің көрсеткіштерін деңгейленген сұрақтар арқылы бағалауға болады. Деңгейді төрт бөлікке бөліп қарастыруымызға, яғни әр деңгейге өзінше баға беріп (деңгейіне қарай балл беру, оңай қиындығына қарай оңайына төмен, қиынына жөғары), баға беріледі.
Ж.Қараев педагогикалық технологиясы – оқытудың дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылдың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі.
Бұл технологияның ең басты ерекшелігі; алдымен мұғалім емес, оқушыныңи әсерлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар:
- білім стандартына сай толық нәтиже береді.
-мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізді.
- дидактикалық үрдістің тұрақсыздығы.
- оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы. Ж. Қараевтың технологиясының жемісі сол, ол оқушының күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуіне, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді. Оқушылардың бағалануы да ерекше, ол рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алатындығында.
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейде оқушыларға өте оңай сұрақтар беріледі. Яғни тақырыпқа немесе тапсырмаға сәйкес жалпы сұрақ, сипаттама түріндегі тапсырмалар беріледі. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан оқушылар жедел түрде орындай алады.
Екінші деңгей кезінде тапсырмалар кұрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар сол тапсырманы сипаттауға көшеді.
Үшінші деңгей оқушылардың тапсырмаға деген мотивтерінің айқын көрінуі мен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасау білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануы мен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді. Эвристикалық (танымдық-іздену) түріндегі жұмыстарды мұғалім көмегінсіз өз бетімен орындайды. Эвристикалық сатының ерекшелігі – оқушылар белгілі бір бейнеге ену арқылы сол тапсырмалардан кейбір мысалдар келтіліреді. Кейде оған күрделендіру енгізеді.
Төртінші деңгей – қабілітті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтерідле алады. Кейде оқушылар бұл тапсырмаларға ғылыми жұмыстарда жазуы мүмкін. Осы сияқты түрлі тапсырмалар беріп, әр оқушының деңгейін біліп алуға болады.
Деңгейлеп оқытуға қойылатын шектеулер:

  1. Мектептің деңгейлеп оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндігі.

  2. Әрбір топтар үшін талаптардың нақты болуы.

Мұғалімнің бір деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізуі барысында топтың даму динамикасын меңгеру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет