Химия және экология


Оқушыларға арналған әдебиеттер



бет3/11
Дата29.01.2018
өлшемі1,52 Mb.
#35741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.4. Оқушыларға арналған әдебиеттер:


  1. «Химия мектепте» №1 2008 ж. «Мұнай» тарауын қортындылау.23 бет

  2. «Химия мектепте» №6 2005ж. «Табиғатты қорғайық» 40 бет

  3. «Химия мектепте» №3 2005ж. «Таза ауа тапшы болмасын» 45 бет

  4. «Химия мектепте» №3 2007ж. «Автокөлік және адамдар» 65 бет

  5. «Химия мектепте» №6 2007ж. «Витагенді технология» 8 бет

  6. «Химия мектепте» №6 2003ж. «Отын және оның қоршаған ортаға әсері» 42 бет

  7. «Химия мектепте» №5 2008ж. «Ғаламшардың маңыздысы» 51 бет

«Судың тазартудың маңыздылығы»51 бет

«Жер шарының тынысы» 66 бет

«Бағдарлы курс. Көмір» 71 бет


  1. «Химия мектепте» №3 2005ж. «суды пайдалана білу» 67бет

  2. «Химия мектепте» №4 2007ж. «Оқушы-мамандар» 72 бет

  3. «Химия мектепте» №1 2008ж. «Барлық дүниенің бастамасы» 58 бет

  4. «Химия мектепте» №5 2008ж. «Мария Кюри - Склодовска» 73 бет

  5. «Химия мектепте» №2 2007ж. «Биогнеді элементтер» 48 бет

  6. «Химия мектепте» №2 2008ж. «Ауыр металдар» 31 бет


Мұғалімге арналған әдебиеттер:


  1. «Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану» 67 бет

  2. «Химия мектепте» №4 2005ж. «Баспасөз конференциясы» 77 бет

  3. «Химия Қазақстан мектебінде» №1 2009ж. «Тұрмыс химиясы» 38 бет

  4. «Химия Қазақстан мектебінде» №2 2008ж. «Экология-химия сабағында» 52 бет

  5. «Химия мектепте» №1 2008ж. «Пәннің Тұрмыс химиясы» 67 бет

  6. «Химия мектепте» №1 2009ж. «Ауаны ластанудан сақтайық» 39 бет

  7. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан -2030. 1998ж

Л.Н.Бушман. Шөлімізді қандыра аламыз ба? Алматы.2002ж,20 бет

«Химия мектепте» №5 2006ж. «Судың сапалық көрсеткіштері» 3бет

«Химия мектепте» №2 2006ж. «Су таңғажайып зат» 6 бет

«Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану» 67 бет



  1. «Химия мектепте» №3 2003ж. «Қышқылдық жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері» 9 бет

  2. «Химия мектепте» №1 2007ж. «Кейбір заттардың адам ағзасына әсері» 23 бет

  3. М.Н.Нұрахметов Химия 2006 жыл

Ю.Н.Кукушкин.Химия біздің айналамызды. 1992 жыл

ІІ. Курсқа арналған дәрістер
1. «Маңызды s-, p-, d- элеметтер және олардың қосылыстарының биосферадағы маңызы»


    1. Экология және биосфера туралы түсінік

Егер біз байыптап қарасақ,адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Беретін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын(орман,су,топырақ,қазба байлықтар,т.б.) барынша игеруге тырысты. Елді мекендер өркендеп, қалаға айналды. Ғылым мен білім дамып, ғылыми-техникалық прогрес қарқындап өсе бастады. Жер шарында жаңа дамыған мемлекеттер пайда болып, олардың арасында табиғат байлықтарын бөлісу, азық-түлік жетіспеушілігі, жер үшін күрес, т.б. әлеуметтік-экономикалық проблемалар туды.Табиғат ресурстары жоспарсыз пайдаланылды. Осының бәрі 2000 жылдың ішінде Жердің «бет-бейнесін»-табиғатын мүлдем өзгертіпа жіберді.Осы жағдай-ларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған ортаның өзгеруін зерттейтін, биосферадағы барлық тіршіліктің тұрақты-лығын сақтайтын ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп, экология ғылымының мақсаты мен мәліметтері және нені зерттейтіні айқындала бастады.

Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтаң салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.

Енді экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағытына тоқталайық.Олар:

-тірі организмдер тіршілігіндегі тұрақтылықтың сан және сапа жағынан өзгеру себептері;

-табиғи бірлестіктер, популяциялар және экожүйелер;

-тіршілік ортасындағы өзгерістер және оған әсер етуші факторлар;

-антропогендік факторлардың зардабы және оны тұрақтандыру шаралары;

-жергілікті және аймақтық экологиялық проблемалар;

-дүниежүзілік экологиялық проблемалардың туу себептері;

-қоршаған ортаның ластануы факторлары және оны болдырмау;

-адам – қоғам – табиғат арасындағы үйлесімділікті тұрақтандыру;

-қоршаған орта және адам денсаулығы, т.б. мәселелер.

Биосфера (гр.Биос-тіршілік, өмір, гр.сфера-шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.

Биосфера - тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2-3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

Тропосфера

Гидросфера

Литосфера

Ноосфера


Биосфераның ластануы- адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыс-тардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетіс-тіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).

Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20 млрд. т СО2, 300 млн. т СО, 50 млн. т NO,150 млн. т SO2, 5 млн. т H2S, 400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуық мұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.

Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың т. әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды. Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мысалы, пестицидтер, полихлордифенилдер, т.б.) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т.б.) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше млн. т хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағаш және қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдалану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады.
Табиғаттағы химиялық ластауыш заттар
Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда (мысалы, полюстерде) “озон ойықтары” пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді.

Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді несеме тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жорғары елдерде соңғы екі-үш онжылдықта қолда-нылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиоактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химилық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр. Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады.

Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі:

1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);

2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;

3) жербетілік және жерасты суларның;

4)  топырақтың;

5) тамақтың және т.б.

Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:

1)  қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;

2)  ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;

3)  ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;



4)  планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.



1.2. «Химиялық элементтердің табиғатта таралуы»

Химиялық элементтердің маңызды сипаттамаларының бірі – олардың табиғатта таралуы болып табылады. Элементтердің жер қыртысында (шартты түрде 16км-ге дейін тереңдікке кететін жердің қатты қыртысы) таралуының геохимиялық мәліметтері бойынша жер қыртысының 50% массасын – оттек, кремний - 25%-ін, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний, сутек және тағы басқалары – қалған бөліктерін құрайды. Жер қыртысында элементтер біркелкі таралмаған, олардың мөлшері ауытқып отырады. Жоғарыда аталған 9 элемент, ең көп таралған элементтерге жатады, олар жер қыртысының 99,62%-ін құрайды, қалған элементтердің массалық үлесі бар болғаны 0,21%. Д.И.Менделеев атап көрсеткендей, табиғатта ең көп таралған элементтердің атомдық салмағы (атомдық массасы) үлкен емес, ал адам организмінде, негізінен, ең жеңіл элементтер (Н, С, N, О) болады. Ғарышта аса жеңіл элементтер – сутек және гелий көп таралған.



Азот. Табиғатта таралуы. Табиғатта азот бос түрінде де, қосылыстар түрінде де кездеседі. Ауада оның көлемдік үлесі 78,09%, массалық үлесі 75,6%. Азот қосылыстары аздаған мөлшерде топырақта бар. Азот нәруызды заттардың және көптеген табиғи органикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Нәруызда орташа есеппен 16% азот бар. Құрамында азот болатын маңызды табиғи қосылыстар – натрий селитрасы NаNО3, калий селитрасы КNО3 және кальций селитрасы Са(NО3)2. Жер қыртысында азоттың жалпы мөлшері 0,01-0,04%-ті құрайды.

Табиғаттағы айналысы. Жер атмосферасының 0,8 бөлігі (78%) бос азоттан құралады. Бірақ азоттың химиялық қосылыстарының атмосфера-дағы және жер қыртысындағы мөлшері онша емес.

Азоттың біраз мөлшері органикалық қосылыстар түрінде өсімдік және жануар текті қазба отындар құрамында болады, тағы біраз мөлшері топырақ қарашірігінде кездеседі. Неміс философы Ф. Энгельс: «Тіршілік дегеніміз – нәруызды дененің өмір сүру тәсілі», - деген екен. Ал нәруыз молекуласында міндетті түрде азот атомдары болады. Адам өзіне қажетті азотты өсімдік және жануар текті тағамдардан алады, ал өсімдіктер ауадағы бос азотты да, қара топырақтағы органикалық заттар азотын да сіңіре алмайды, олар азотты топырақтан тек аммоний ионы NН+ немесе нитрат иондары NО3- түрінде ғана алады. Ал мұндай иондардың топырақта түзілуіне топырақ бактериялары көмектеседі, егер ол жетіспесе, қолдан тыңайтқыштар түрінде беріледі.

Топырақ азоты найзағайлы жаңбыр, өсімдік, жануар қалдықтары шіруі әсерінен үнемі толығып отырады. Сөйтіп, байланысқан азотты өсімдік сіңірсе, өсімдікпен жануарлар, ал олармен адам қоректенеді. Адам мен жануарлар организміндегі нәруыздар несепнәрге (мочевина) дейін ыдырап, организмнен бөлініп шығып, топыраққа түседі. Осылайша табиғатта азот үнемі айналымда болады.

Оттек.Табиғатта таралуы. Таза оттекті бірінші рет швед химигі К. Шелле 1772 ж. алған. Оттек - табиғатта ең көп таралған элемент. Жер қыртысындағы оттектің массалық үлесі 49,13%-ті құрайды. Табиғатта оттек бос күйінде де, байланысқан күйінде де кездеседі. Ол бос күйінде ауада (масса бойынша 23,2% немесе көлем бойынша 20,9%), байланысқан күйінде: судың, минералдардың, өсімдіктердің, жануарлардың құрамына кіреді.

Жер бетіндегі барлық бос оттек фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болады және сақталады:

хлорофилл, жарық

6СО2 + 6Н2О С6Н12О6 + 6О2

Тыныс алу, жану және шіру процестері атмосфералық оттекті байланыстырады. Жоғарыда көрсетілген реакция кері бағытта жылу бөле жүреді. Фотосинтез бен оттекті байланыстыру процестерінің үйлесімі табиғаттағы оттектің айналымын құрайды. Табиғатта оттектің үш тұрақты изотопы: 16О, 17О және 18О бар. Олардың молярлық үлестері сәкесінше 99,759%; 0,037% және 0,204%. Жай зат күйіндегі оттектің екі аллотропиялық түрөзгерісі кездеседі: О2 және О3 (озон).

Көміртек.Табиғатта таралуы. Көміртек табиғатта бос күйінде алмаз және графит түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы көміртек мөлшері шамамен 0,1%. Көміртек, негізінен, кальций және магний корбонаттарынан тұратын ізбестас, бор, магнезит, доломит сияқты табиғи минералдардың құрамына кіреді. Ол органикалық заттардың негізгі құрамдық бөлігі болып табылады. Көмір, мұнай, шымтезек, ағаш және табиғи газ отын ретінде қолданылатын жанғыш материалдар қатарында қарастырылады. Бұл мақсатта олар жиі қолданылады, сонымен қатар органикалық қосылыстар синтезіне қажетті көміртекті алу көзі болып табылады. Табиғи көміртектің тұрақты екі изотопы бар: 12С (98,892%) және 13С (1,108%). Сонымен қатар оның жартылай ыдырау периоды 5570ж. болатын және органикалық тектес тарихи көне заттардың жасын анықтау үшін қолданылатын радиоактивті 14С изотопы бар.

Табиғаттағы айналымы. Көміртек – тірі табиғатта маңызы зор элемент. Басқа да химиялық элементтер сияқты, көміртек атомдары табиғатта үнемі бір ғана қосылыстың құрамында тұрмайды. Олар бір заттан екінші затқа ауысып отырады. Көмірқышқыл газының (СО2) табиғаттағы және тірі организмдегі айналымы:

Фотосинтез процесі нәтижесінде көмірқышқыл газын өсімдік сіңіріп, органикалық заттарға айналдырады. Олармен жануарлар, адамдар қорек-тенеді және тыныс алу арқылы қайтадан атмосфераға шығарады. Егер ауада СО2 мөлшері көбейіп кетсе, күн сәулесінің жер бетіне шашырап түсуі нашарлайды. Соның нәтижесінде жер бетіне шоғырланып түскен күн сәулесі бір жерді қатты қыздырады да, екінші бір жердің температурасын төмендетеді. Көмірқышқыл газы күн сәулесін жер бетіне өткізгенімен, жер бетінен жоғары жібермейді, нәтижесінде «жылыжай әсері» деп аталатын құбылыс пайда болады. Бұл құбылыс жер бетінде өсімдіктердің біркелкі дамуына кері әсерін тигізіп, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары әрі қарай шіру процесінің нәтижесінде, жанғыш кенге, яғни таскөмір, мұнай және табиғи газға айналады. Оларды өндіріп, отын ретінде пайдаланып жаққанда түзілген көміртек (ІV) оксиді тағы да атмосфераға қайтады. Осылайша табиғатта көміртектің айналымы үздіксіз жүріп жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет