Жауабы: 1,0*10-7 моль/м3 және 1,7*10-6 моль/м3 формальдегид.
5. Су. Ерітінділер
5.1 «Су. Судың сапасы.Тазарту әдістері»
Ағылшын химигі Генри Кавендиш 1766 жылы сутекті ашып, қасиеттерін зерттегенде оның жанатынын, қопарылыс беретінін анықтады. Бірақ жанғанда не түзілетінін, қандай затқа айналатынын зерттемеген. Оны достарымен ермек үшін жасаған бір кездейсоқ тәжірибелерінде, сутек пен ауаның қоспасы қопарылыс беретінін, қопарылыс болған ыдыстың ішінде ылғал, дым пайда болатынын Джозеф Пристли байқаған.
Д.Пристлидің тәжірибелерін естігеннен кейін Генри Кавендиш 1782 жылы бұрынғы тәжірибелеріне қайта оралып, қопарылыс нәтижесінде таза су түзілетінін анықтаған. (Бірақ ол өз жұмысын 1784 жылы жариялаған). Осы тәжірибелердің нәтижесін естіген француз ғалымы Антуан Лоран Лавуазье бұған күмәнданып, өзі тексермек болды. 1783 жылы А.Л.Лавуазье сутек пен оттекті араластырып жағып, таза судың түзілетіндігіне көз жеткізеді. Міне, осы 1783 жылдан бастап су жай зат емес, күрделі зат деп есептеледі.
А.Л.Лавуазье бұл синтезбен тоқтап қаламады, ол судың анлизін жасады. Бұл жұмысты бастауға сол кезде жасалған әуе шарларын толтыруға қажетті сутекті көп мөлшерде алудың арзан тәсілін табу себеп болды. А.Л.Лавуазье, Меньемен екеуі 1783 жылы суды қызған темірдің үстімен өткізіп айырған.
Суды алғаш айыру.
Ретортада қайнаған су буы, қызған темірдің үстімен жүреді. Реакцияласпай қалған су буы суытқышта конденсацияланып ыдысқа жиналады, сутек жинағышта жиналады. Судың дәл синтезін 1843 жылы Дюма жасаған.
Су - сутек оксиді, Н2О – қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфераСудан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) Суды төрт құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды.
Судың құрамында массасы бойынша 11,19% сутек, 88,81% оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су - ауыр су(D2O) деп аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0С-та қатып, 100С-та қайнайды.
20 °С-тағы тығыздығы 0,99823 г/см3,
0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 г/см3 (мұзда).
Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑). Су әр түрлі жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді.
Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі. Суоттек, сутек, азот қышқылын, спирт, альдегидтер, сілтілер, т.б. аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын химиялық реагентер. Оның катализатор ретінде маңызы зор.
Су - біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.
Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында - 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай.
Ерігіштік- берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л ).
Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.
Сумен қамтамассыздандыру адам өмірінің, халық қоныстанған жердің және өнеркәсіптің даму деңгейін жоғарылатуға бағытталған халық шаруашылығының бір саласы. Халықты таза сумен қажет мөлшерде қамсыздандыру маңызды санитарлы – гигиеналық мәнге, адамдарды сумен байланысты барлық мүмкін аурулардан сақтайтын қасиетке ие.
Су қамтамассыздандыру жүйесі суды табиғи көздерден алу үшін, оның сапасын жақсарту мен қолдану орындарына жеткізу үшін тағайындалған инженерлік үймереттердің кешенін білдіреді. Халықты ауыз сумен қамтамассыз ету келесі сұлба бойынша жүзеге асырылады
Суды алу
Суды дайындау
Қолданушыға суды жеткізу
Қолданушыда суды алдын ала тазарту
Сумен қамсыздандыруда қолданылатын табиғи көздер екі негізгі топқа бөлінуі мүмкін:
а) жер бетіндегі көздер – өзендер, тұщы су көлдері мен су қоймалары;
б) жер асты көздері – артезиандық сулар, бұлақтар.
Қаладағы суды тұтынудың қосындысы халықтың шаруашылық – ауыз су қажеттіліктеріне, көшелер мен жасыл өсімдіктерді суаруға, кәсіпорындар үшін шаруашылық ауыз су мақсаттарына, кәсіпорындардың технология-лық қажеттіліктері мен өртті сөндіруге кететін шығындардан тұрады. Қалалардың сумен қамтамассыз ету жүйесін суды тұтынушылар туралы мәліметтер негізінде таңдайды. Судың шығыны жылдың маусымына қарай өзгереді және келесі формула бойынша анықталады
Q max = Q max сут. * N (8)
мұнда Q – бір тұрғынға келетін су мөлшері;
N – тұрғындардың есептелген саны.
Қаланы сумен қамтамссыз етуде су көздерінен алынатын және тұтынушыларға жеткізілетін су сапасының мәні зор.
Суда кездесетін зиянды қоспалар әдетте үш категорияға бөлінеді. Біріншісіне бейорганикалық заттар, екінші топқа суда ерітілмелі күйде бола алатын және канцерогенді қасиеттері бар органикалық химиялық қосылыстар жатады. Үшінші топқа микроорганизмдер жатады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ауыз судың сапасы МемлСт 2874-82 тәртіптеледі. Стандарттың құрамына 30 көрсеткіш кіреді. Судың сапаға сай болуы үшін оны тазартуға жібереді.
Суды тазартудың негізгі тәсілдері болып:
- мыс сульфатын ендіру және жағымсыз дәм мен иісті жою үшін келесі ретті аэрациялау;
- ауру туғызатын микроорганизмдерді жою үшін озондау немесе алғашқы хлорлау;
- микроорганизмдердің жойылуын аяқтау үшін қорытынды хлорлау.
Суды тұтыну мен сапаны бақылауды келесі ұйымдар жүргізеді: Қалалық сумен қамтамассыздандыру Басқармасының су көздерін пайдалану бөлімі және диспетчерлік пункт, ҚР табиғат министрлігінің территориалды органдары, санэпидемиологиялық қадағалау органы, сонымен қатар ғылыми – зерттеу ұйымдары.
Қалалық су каналдары жүйесіндегі су объектілері мониторингісінің негізгі тапсырмалары:
- су объектілері жағдайлары көрсеткіштерінің деңгейін орнату;
- судың ластану мен өздігінен тазалану үрдісінің заңнамаларын шығару;
- суды жеткізу трактері бойынша су сапасын бақылау және есептеулер мен су сапасын болжауды жүргізу;
- суды тұтынушылар арасындағы қарым – қатынасты реттеу;
- дерілгендер банкін құру, басқару шешімдерін қабылдауда ақпараттық қамтамассыздандыру.
Жоғарыда айтылғандар негізінде студенттерге Павлодар қаласының суды тұтыну мониторингісі бағдарламасын өңдеу ұсынылады. Ол үшін:
1) суды тұтынушылардың саның анықтау қажет (қала халқы мен кәсіпорындар саны);
2) сумен қамсыздандыру көздерін анықтау және оларға анықтама беру;
3) сумен қамсыздандыру көздеріне әсер ететін ластау көздері;
4) қаланың сумен қамсыздандыру сұлбасын және су қоршауларының санын таңдау;
5) сумен қамсыздандыру жүйесінің жұмысын бақылау әдістерін анықтау;
6) ауыз суға тағайындалған суды жеткізу сапасын бағалауды жүргізу;
7) басқару шешімдерін қабылдау үшін берілгендер базасының ақпараттық жүйесін ұсыну.
Су сапасының алғашқы бағалауды оның органолептикалық сипаттамасын анықтау арқылы жүргізеді. Судың бұл сипаттамалары көру (лайлылығы, түстілігі) мен иіс сезу (иістілігі) органдары арқылы анықталады. Қанағатсыз органолептикалық сипаттамалар судың ластанғандығын көрсететді. Алынған анализ нәтижелерінің дұрыстылығына суды алу пробаларының тәсілі мен оны сақтау шарттары әсер етеді. Су пробасы көлемі 0,5 л-дан кем емес таза шыны немесе пластмассты ыдысқа (ыдыста 5-10 мл көп емес ауа қалуы тиіс) алынуы қажет, пробаларды бірнеше сағаттар бойы талдау және тоңазытқышта сақтау қажет. Әртүрлі жерлерден: орманнан, өрістен, жол бойындағы газоннан, өнеркәсіптік кәсіпорын маңынан және т.б. алынған еріген қар (мұз) пробасын алуға және талдауға болады
5.2. «Қазақстандағы теңіз, көлдердің және өзендердің экологиялық жағдайы»
Су ресурстарының Қазақстан территориясында бөлінуі мүлдем біркелкі емес, ал жер үсті сулары аймақтар мен экономика салаларын тұрақсыз сумен қамтамассыздандыруға әкеп соқтыратын, жылдар мен маусымдар бойынша мәнді өзгерістерге ұшырайды. Жер үсті суларының сапасын бақылау жүйесіне әрекет етуші гидрометеорологиялық қызметтің нидропостары кіреді. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі критерийлері болып балық шаруашылық су қоймалары, шаруашылық және коммуналды – тұрмыстық суды қолдану үшін ластаушы заттардың РШК мәндері табылады (В қосымшасы).
Жер үсті суларының ластану деңгейі су сапасының өзгеру динамикасын салыстыру мен анықтау үшін қолданылатын су ластануының кешенді индекс (СЛИ) шамасы бойынша бағаланады (1 - кесте).
1 кесте – Жер үсті суы сапасының өзгеру сипаттамасы
Сапа класы
|
Жер үсті суы сапасының
сипаттамасы
|
СЛИ шамасы
|
1
|
Өте таза
|
СЛИ<0,3
|
2
|
Таза
|
0,3 <СЛИ< 1
|
3
|
Азды – көп ластанған
|
1,0 <СЛИ< 2,5
|
4
|
Ластанған
|
2,5 <СЛИ<4,0
|
5
|
Лас
|
4,0 <СЛИ< 6,0
|
6
|
Өте лас
|
6,0 <СЛИ< 10
|
7
|
Төтенше ластанған
|
СЛИ> 10
|
Қазақстанның дерлік барлық өзендері ластанған, ал шекаралас территорияларда қалыптасатын Орал, Ертіс, Сырдария сынды өзендер ластанған болып түседі. Суды ластаушылардың құрамына өнеркәсіптік, тау кен өңдеуші және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа жануарлар фермалары, суармалы жер өрістері, тұңдырғыштар мен қалдықтарды сақтау қоймалары кіреді.
Екiншi Шежiн өзенi облыстың батысында Жалпы Сырттың оңтүстiгiн-дегi Көкше тауының беткейiнен басталып Атамбек, Бiрқазан көлдерiне құяды. Жазға қарай көлдерге 6 км-дей жетпей тартылып қалады. Жағасы жазық, аңғары жоғарғы ағысында құмайт, төменгi ағысында сазды болып келедi. р суы және еспе сумен қоректенедi. Өзеннiң ұзындығы 76 км. Су жинайтын алабы 1300 км2. Әрқайсысының ұзындығы 10 км- ден аспайтын 5 саласы бар. Олар Ақбұлақ, Нариман, Қамысөзек, Шапр және Құмдыөзек өзендерi. Жаз кездерiнде бұл өзен салаларының көпшiлiк жерi түбiне дейiн кеуiп құрғап қалады. Өзен суы желтоқсанның басында қатып, сәуiрдiң бас кезiнде мұзы түседi. 2003 жылы Шежiн өзенi қарқынды тасыды. Судың ең жоғарғы деңгейi 9 сәуiр күнi түнде болды. Өзен суы арнасынан 3,7 метрге дейiн көтерiлдi.
Шежiн өзенi өзiнiң суын жайылмаға апарып құйып Атамбек, Бiрқазан көлдерiнiң және оның айналасындағы қопалардың көлтабандарын түзген.
Шежiн жайылмасы Каспий маңы ойпатының солтүстiгiндегi ойыс жер Шығысында Дүре, оңтүстiгiнде Балықты жайылмасына ұласады. Аумағы шамамен 2000 км2 жуық. Жер бедерi тегiс саз балшықты теңiз шөгiндiлерiнен түзiлген. Шежiн өзенi арқылы Жалпы Сырттан келетiн су жайылып, маусым айының басында ғана тартылады. Бидайықты, еркекшөптi, ақмамықты шалғындар өседi.
Q = F * V м3/сек
(F м2) - өзеннің көлденең қимасы
(V м/с) – ағыс жылдамдығы
Өзеннің көлденең қимасының көлемі төмендегідей жолмен анықталады: егер өзеннің ені 30 м болса, онда әрбір 3 м-ден кейін тереңдік өлшенеді. Нәтижесі арнаулы кестеге түсіріледі.
Тереңдік
|
2
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Көрші мүшелер-дің жарты қосын-дысы
|
00
|
2.0
|
2.4
|
2.8
|
3.1
|
2.9
|
2.3
|
1.8
|
1.3
|
00
|
1.0 2.2 2.6 2.95 3 2.6 2.05 1.65 0.65
|
Ғ
|
|
3
|
6.6
|
7.8
|
8.85
|
9
|
7.8
|
6.15
|
4.65
|
1.95
|
Қиманың жалпы көлемі тең: 3+6.6+7.8+8.85+9+7.8+6.15+4.65+1.95=55.8
Судың беткі қабатындағы ағыстың жылдамдығы мен төменгі қабатындағы ағыстың жылдамдығының айырмашылығына түзету енгізі-леді. (коэф. 0.7)
1 минутта қалтқы 2,3 м қашықтықты жүзіп өтсе V=2,3:60=0,038 көбейтеміз түзету коэффицентіне = 0,038 0,7 = 0,0096 м/с = 0,01
Q = 55,8 х 0,01 = 0,558 м3/с
Соңғы жылдары өлкеміздегі өзен суларын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластанып жүр.
Өзендегі судың тартылуы, сол аймақтың жалпы табиғатына, оның өсімдіктері мен жануарларына да зиянды әсер етеді. Ауылымызды сумен қамтамасыз етіп, жерін суландырып,өңірімізге нәр беріп тұрған Шежін өзені тіршіліктің қайнар көзі. Оны ластанудан, суының азаюына қорғау үшін жас экологтармен мектеп оқушыларымен ғана емес, жаппай экологиялық салауаттылыққа үлкен мән беріп ауыл тұрғындары
арасында да табиғатты қамқорлыққа алу жұмыстарын жүргізу. Туған жер өзенін қамқорлыққа алып жағасындағы бұлақ көздерін ашу, тек бүгінгі күн емес, болашақ ұрпақ үшін де ұлағатты.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салала-ры барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеу-меттік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашы-лығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдар-дың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропи-калық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі - бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі. Соның ішінде Балқаш көліне тоқталып кетсек:
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленіс-тіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды. Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент. Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Есептер
№1.Егер топырақта азот жеткіліксіз болса алма ағаштың жапырағы бозғылт-жасылдан ерте түсіп қалады, сабағының өсуі әлсіз болады. Батпақты топырақтағы нормасы 45-55 г/м2 тең бұл тыңайтқышты ауданы 150 м2 болатын алма бағын қоректендіру үшін 2% аммоний нитратының ерітіндісін (ерітіндінің тығыздығы 1006 г/л) қандай көлемін пайдалану керек? Фосфор мүлдем аз болған жағдайда мерзімінен бұрын сабағының төменгі жағынан жапырақтар түсе бастайды. Фосфорға ашыққан алма ағашының гүлдеуі кешеуілдеп, жемісі қышқыл болады. Бақтың ауданы 800 м2 болатын топыраққа қос суперфофатты Ca (H2PO4)2 енгізу нормасы 30г/м2. Осы нормадағы топыраққа енгізілген барлық Ca (H2PO4)2 5% ерітіндісін дайындау үшін судың қандай көлемі қажет.
Жауабы: 335-410 л
№2. Ағынды сулардағы аммиактың шекті құрамы 5 мл/л.Осындай ерітіндіде аммоний гидроксидінің пайыздық концентрациясын есепте.
Жауабы:х=0,001г, немесе 0,001%
№3. Химия комбинатынан ағып шығатын сулар толығымен азот қышқылды (30мг/л) құрамы бойынша санитарлық нормаға толығымен жауап береді. Осы сулардағы (тығыздығы шамамен 1 г/мл тең) HNO3 молярлық концентрациясы мен массалық үлесін есептеңдер. Егер өндірістік сулардың көлемі күнделікті 75 м3 құрайтын болса, комбинаттан канализацияға қанша азот қышқылы шығады.
Жауабы: 3,0*10-3% (4,8*10-4 моль/л) HNO3 ; 2,25 кг HNO3
№4. Егер ауыз судың құрамындағы пестицидтер (улы химикаттар, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғайды) 1 мг/м3 жеткенде, егер судағы пестицидтердің санитарлық нормасы массасы бойынша 5*10-4% тең болса адам үшін зиянды бола ма?
Жауабы: Су зиянсыз, себебі пестицидтер тиістісанитарлықнормадағыдан төмен.
№5. Егер топыраққа фосфор жетіспесе, онда алма ағашының жапырақтары ұсақ, көгілдір, қара-жасыл, кейде сұрғылт немесе көкшілдеп кетеді. Солған жапырақтар сұрланып тіпті қарайып та кетеді. Ал фосфор өте жетіспесе ағаштардың төменгі жағындағы жапырақтары ертерек түсе бастайды. Фосфорсыз алма ағаштың гүлденуі кешеуілдейді, ал жемістері қышқыл болады. Топыраққа екі суперфосфатты Ca (H2PO4)2 себу мөлшері 30 г/м2. Ал бақ көлемі 800 м2 болатын бақтың топырағына осындай мөлшерде 5%-ды Ca (H2PO4)2 дайындау үшін барлығы қанша көлем су қажет?
Жауабы: 456 л су
№6. Ауыз суды дезинфекциялауда қолданылатын хлор, натрий хлоридінің балқымасы электролизденгенде алынады.Газ тәрізді хлордан басқа натрий хлоридінің электролизі кезінде сұйық металды натрий пайда болады.
А)335г газ тәрізді хлор алу үшін натрий хлоридінің қанша грамы қажет?
Б)Қ.ж бұл газ мөлшері қандай көлемді алады?
Жауабы:m(NaCl)=585г,V(Cl2)=112л
№7.Судың анализдегенде оның ішінде 554,4 мг Ca (НСO3)2, 224 мг СаСІ2, 192 мг натрий хлориді тұздары бар екендігі анықталған. Анализденген судың көлемі 2 л. Осы су үлгісінің жалпы кермектігін Кж, карбонаттық кермектігін Кк, карбонаттық емес кермектігін Ке.ж., тұздылығын, рН көрсеткішін есептеңіз.
Жауабы: Кж-5,5 моль*экв/л
№8. Егер жылыжайдағы өсімдіктер (мысалы, қызанақ) фитофторозбен зықымдалса, онда астықтың жинап алғаннан кейін сабақ жапырақтарынан арылтқан соң жерді 1,5 пайыздық ( сусыз тұз есебінен) мыс сульфатының ерітіндісімен өңдеу керек. Құрамы СuSO4*5H2O(кр) кристаллогидрат болатын 100 л осындай ерітінді дайындау үшін қандай масса керек? 1,5 % СuSO4 ерітнідісінің тығыздығы 1014 г/л.
Жауабы: 2,376 кг СuSO4*5H2O
№ 9.Қияр тұздау үшін 7% ас тұзының сулы ерітіндісін пайдаланады. Қажетті мөлшердегі тура осындай ерітінді ауыру туғызушы микроағзалар мен зең саңырауқұлақтарының тіршілігін жойғанмен сүтқышқылды ашу үрдісіне ешқандай әсер етпейді. Тығыздығы 1048 г/л тең 5 л 7 % -дық натрий хлоридінің ерітіндісін дайындауға қажет судың көлемі мен тұздың массасын есептеңдер. Осы ерітіндідегі натрий хлоридінің молярлық концентрациясын анықтаңдар.
Жауабы: 366,8 г натрий хлориді, және 4873 мл су; 1,25 моль/л
№10.Денсаулық үшін зиянсыз сүтті ішуге бола ма, егер құрамы: а) 0,04 мг қорғасын (ІІ) катионы; б) 0,6 мг мыс (ІІ) катионы; в) 4,5 мг мырыш (ІІ) катионы болса? Сүт үшін бұл иондардың болуының санитарлық нормасы 2,4*10-7 моль/л Pb2+;1,6*10-5 моль/л Cu2+ ; 7,7*10-5 моль/л Zn2+ тең.
Жауабы: Болады, себебі Fe2+ , Cu2+,
Zn2+ тиісті санитарлық нормадағыдан төмен.
№11.Органикалық заттары бар ағынды суларды ашыту әдісімен тазарту кезінде, құрамында 75% көміртегі, 25% сутегі бар және су тазарту станцияларында жанғыш отын ретінде қолданылатын, оттегі бойынша тығыздығы 0,5газ бөлінеді.Бұл қандай газ? Оның формуласын көрсетіңдер
Жауабы: метан СН4
№12.Су қолданатын аумақта фенолдың концентрациясының мүмкін шегі 0,001 мг/л құрайды. Неше есе фенодың КМШ артады, егер ауданы 104 м3 су қоймасына кокс шығаратын химиялық завод 47 кг фенол шығарылса.
№13 .Ауыз су құрамында жалпы токсикологиялық және наркологиялық әсер беретін улы заттар табылған. Сандық және сапалық талдау барысында бұл фенолдың өкілі болып табылған. Құрамы: 55 пайыз С, 4,0 пайыз Н , 14,0 пайыз О, 27 пайыз СІ. Бұл заттың МФ , алу реакциясын жазыңыз және бұл зат қандай себебтермен ортаға түсуі мүмкіндігі бар екенін дәлеледеңдер
6.Қоршаған ортаны қоғау
6.1. «Адам организміндегі қышқыл мен тұз: организмнің қышқылдануы және тез қартаю»
Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұзда-ры жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 лсу, 15-17 кгбелок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті "құры-лыс материалдары" денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.
Белоктың алмасуы, жас ерекшелігі. Азықтың ең құнды бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін б е локтікминимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.
Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтынқышқылдар дейді. Бұларға аргинин, трип-тофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенила-ланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл - гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтар-лықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды - альбумин, гамма-глобулин, т. б. - белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.
Тұздар адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп шкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45 % калыдий, 1,58 % фосфор, 0,65 % калий, 0,45 % хлор, 0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микро-элементтер бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т. б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді.
Балалар мен ересек адамның минерал заттарына мұқтаждығы әртүрлі. Минерал заттарының тамақта жеткіліксіз болуы бала организміндегі зат алмасуын бүзады, олай болса баланың өсуі мен дамуы кешігеді.
1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет, бұл кезде оның қажет мөлшері 2 жастағыдан 8 есе артық. Кальций мен фосфор тұздары ның ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1. 8-10 жаста 1:1,5 жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп, жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалар-дың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет. Организмге қажетті тұздар көбінесе жеткілікті мөлшерде тамақтың құрамында болады.
Гликолиз және аэробты тотығуы кезінде, яғни қуатқа бай фосфорлы заттар түзілген кезде сутегінің атомдары және құрамында азоты бар заттар да босайды. Олар амин қышқылдарының синтезінде пайдаланылады, сондықтан балалардың қуат алмасуы ересек кісілерден анағүрлым жогары болады.
Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Денедегі физиологиялық қызметтерге тынымсыз үнемі қуат жүмсалып жатады. Қалыпты жағдайда адам организміндегі ең төменгі деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жүмсалуын негізгі зат алмасуы дейді. Негізгі зат алмасуы кезіндегі қуат тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтайтын жүрек-қан тамырлар, бүйрек, бауыр сияқты мүшелердің үздіксіз қызметі үшін, клеткалардағы зат алмасуын қамтамасыз етуі үшін жұмсалады.
Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді. Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.
Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.
Тез және ерте қартаю себептері
Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндері-нің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секрециябездерінде, иммундық, жүрек-қантамырларжүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсызрефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездіңгормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналукөлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырлары-ның жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклеин қышқылдары (ДНҚ) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды. Қартаю кезінде клеткалардағы энергетикалық (жылу бөліну) процестер өзгереді: тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, митохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – Гетчинсон-Гильфорд синдромы – балалардың, аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауруы. Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың бір жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10 – 20 жаста жүрек инфарктысынанөлімге әкеледі. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катарак-та), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т.б. дамиды. Осындай кәрілікке тән белгілердің 15 – 25 жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия). Қартаюға байланысты организмде зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 – 74 жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде – 2100 ккал, ал жасы 75-тен асқан адамдарда бұл қажеттілік 2000 және 1900 ккал шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары мен көмірсу мөлшері аз болуы тиіс. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |