Химия және экология


«Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі»



бет4/11
Дата29.01.2018
өлшемі1,52 Mb.
#35741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.3. «Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі»

Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  Топырақ, ауа, су - тіршілік  көзі екендігі белгілі.  Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Суармалы жерлерден жылына 6 млн.т. тұздар шайылып, жер беті-не  таралып отырады. Бұл көрсеткіш жылдар  өткен сайын  12 млн.тоннаға дейін артатындығы жайлы ғылыми болжамдар бар.

Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер негізін, ағзаның 97,4%-ын  құрайтын элементтер - органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті көміртектің органикалық  қосылыстарының тотығу және тотықсыздандыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі

Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер негізін, ағзаның 97,4%-ын  құрайтын элементтер - органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті көміртектің органикалық  қосылыстарының тотығу және тотықсыздындыру қасиетте-рін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі :

1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10% - дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер - сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% - дан төмен.

Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін  қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2.Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық  зерттелмеген.

3.Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды  түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су-маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйық-тықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазма-сының, лимфаның 99,5% - дан 90% - ға дейінгі аралығын құрайды. Ендеше су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.

Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор - нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биоло-гиялық   белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 - 55%, оттек 22 - 24%, азот 15 - 20%, сутек 6,5 - 7%, күкірт 0,3 - 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал, фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері - 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%- ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді ал табиғатта  кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид  түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады.

Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты  бойынша шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады : кальций – 1700 г, калий – 250г, натрий – 250 г, магний – 42 г, темір – 5 г, мырыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт – барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін  минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер  ағзада биолиганд – амин-қышқылдармен, нәруыздармен, нуклеин қышқылдарымен, гормондар-мен, дәрумендермен және тағы басқалармен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір  ионы комплекс түзуші ретінде- гемоглобин, кобальт-В 12 дәруменінің, магний- хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар, ағзада биологиялық маңызы жоғары басқа да элементтердің көпте-ген  биокомплекстері бар.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді.  Ағзадағы макро- және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.  Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны әр түрлі болып келеді. Макроэлементтер - ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл– негіздік құрамын реттеушілер. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыз-дану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро - және микроэлементтер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде  кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғары-лайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқтымикроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен  подагра пайда болады. Адам ағзасын-дағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды   (химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі аурулар туады.



Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Қаңқаның мықтылығы оның құрамындағы элементтер фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-тендік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ Д витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де ке­рек, сондай-ақ ол - күш-қуат көзі. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250-300 г NaCl  болады, тамақпен 10-15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі зерттелген. Ал, Жамбыл облысындағы тұз бассейндері кендерінің (Ресей ғалымдарының зерттеулері бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін ашық болуы, желдің әсерінен тозаң түрінде аймаққа таралуы экологиялық ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады. Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс - денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамын-дағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға  дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тастар түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті. Демек, облыс көлемінде халықтың денсаулығының төмен көрсеткіштері оларды қоршаған табиғат ортасына, экологиялық сипатына тікелей байланысты деуге болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: алюминий - 49,01 мг, бром - 0,821 мг, темір - 1,1-30 мг, йод - 0,2 мг, кобальт - 0,05-0,1 мг, марганец - 5-7 мг, мыс - 2-3 мг, молибден - 0,15-0,3 мг, никель - 0,63 мг, рубидий - 0,35-0,5 мг, фтор - 2-3 мг, мырыш - 10-15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Микроэлементтердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша Қазақстанда  П.Р.Загриценко, Ж.Қалекенов, Қ.Кенжеев,  Ж.Мамутов және    К.Сағатов, ал Ресейде Я.В.Пейве, М.Я.Школьник, П.А.Власюк, О.К.Кедров - Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген.


Есептер
1. Зертханада спирт шамы жанғанда көмірқышқыл газымен су бөлінеді. Зертханадағы бөлінген көмірқышқыл газының көлемін және көлемдік үлесін есептеңіз, егер зертхананың көлемі 288 м3 құрасы және 18 үстелде 18 спирт шамда 2,3 г спирт жанса.Бөлінген СО2 үлесі оқушының денсаулығына әсер береді ме? (ауадағы СО2 көлемдік үлесі 0,03 пайыз құрайды). Егер СО2 үлесі 4 пайыз болса адамның тыныс алу мүшелері зақымдалады, басы аурады, құлағында шу пайда болады.

2. Өсімдік ашық күні 5г жуық көмірқышқыл газын өзінің жапырақ беткейінің әрбір шаршы метріне сіңіреді. Оның жапырақ беткейі 1,8 м2 болса, күнбағыс бір күнде жуықтап алғанда, неше грамм көміртегін жинайды?



Жауабы: 2,45 г көміртегі
3.Бағалы тыңайтқыш – аммоний нитратын жабық 7000 м3 құрайтын бұл суқоймадағы балықтар тірі қала ма, егер мудағы аммоний нитратының қоймада емес, ашық алаңда сақтау салдары апатқа әкелді. Қатты жауын салдарынан 15 т NH4NO3 жаңбыр суымен еріп жақын жатқан суқоймамен шайылып кеткен. Сыйымдылығы токсиндік массалық үлесі 0,08% болса?

Жауабы: Балық тірі қалмайды, себебі судағы NH 4 NO3мөлшері 0,21% (улылық қалыптан жоғары) құрайды.
4. Қарапайым противогаздар СО иісті газын тоқтата алмайды, сондықтан одан қорғану үшін қосымша гопколитті патрон қолданады, одан СО газын MnO2 марганец диоксидімен тотығады. Егер белгілі бір химиялық кәсіпорында СО қоспалары бар атмосферадағы жұмыстары кезінде, құрамында 261г MnO2 гипколитті патронның массасы әрбір тәулік өткен сайын орташа 4,2г артатын болса, патронның қолдану мерзімін анықтаңдар. Денсаулық үшін көміртегі (ІІ)оксиді қандай қауіп төндіреді.

Жауабы: 20 тәулік
5.Өндіріс жағдайында 1 т нитратқа 2,5 кг аммиак, 7,5 кг азот қышқылы шығын болады деп есептесек, 1 т аммоний нитратын алу үшін неше тонна аммиак және неше тонна 45 пайыздық азот қышқылы қажет?

Жауабы: mHNO3=1,7 т., mNН3=0,215 т
6. Бидайға арналған жердің 1 гектарына 50 кг азот, картопқа арналған жердің 1 гектарына 60 кг азот беру нормасы бойынша 15 га бидай егісі мен 10 га картоп егісіне құрамында 98 пайыз аммоний нитраты бар аммиак селитрасынан неше тонна керек болады?

Жауабы: Бидайға 2142 кг, картопқа 1714 кг
7.«Жигули»автомобилінен шыққан газдар құрамында иісті СО газдың мөлшері көлемі бойынша 4,5% аспауы тиіс. Егер 25л шыққан газдарды (көлемі бойынша құрамында СО2 екі есе СО-дан артық)180,5мл 18% натрий гидроксиді ерітіндісінен (р=1,197г/см2)өткізу кезінде ерітінді толық қанықса, көрсетілген шамаға қозғауыштың жұмыс тәртібі сәйкес келе ме?

Жауабы: (СО) =13,2%; жұмыс тәртібі шамаға сәйкес емес.
8.Ауыл шаруашылығында қолдануға арналған стандартты калий сульфатында 50+-2 % К2О болады. Бұл массасы бойынша (пайызбен) калий сульфатына шағып есептегенде қанша болады?

Жауабы: 92,6 %
9. Гидролиз зауытында тәулігіне ағаш үгінділерінен 50т 96 %-ы этил спирті алынады. Атмосфера құрамындағы СО2 жоғарылауы неге әкеліп соғуы мүмкін?
10. Ауа райы ашық күндері өсімдік жапырақтары тақтайшасының 1 м2 3,3 сағатта орта есеппен 5 г көміртек диоксидін сіңіретін болса, құрамында 95% метан, 4% этан және бутаннан тұратын табиғи газдың 1м3 жаққанда бөлінетін көміртек диоксидін жұту үшін өсімдік жапырақтары бетінің ауданы қандай болуы керек.

Жауабы: S=720,3 м3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет