Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет85/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. С.Аррениус теориясы.
2. Диссоциация константасы және дәрежесі.
3. Электролиттік диссоциацияға қандай электролиттер сатылап түседі?
4. Фосфор қышқылының диссоциациялануының сатылы теңдеулерін жазындар.

8 Зертханалық сабақ. Тұздар гидролизі


Сабақтың мақсаты: Гидролиз реакциясының жүру заңдарын оқып үйрену. Ерітінді ортасын анықтауды үйрену.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Гидролизге қандай тұздар ұшырайды?
2.Гидролизге қандай тұздар ұшырамайды?
3.Гидролиз дәрежесі қандай факторларға тәуелді?
4.Гидролиздің қолданылуы.

1- тәжірибе. Ерітіндінің рН-ын универсиал индикатор қағазымен анықтау


Натрий карбонаты және гидрокарбонаты ерітіндісінің, қорғасын нитраты ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Ол үшін 3 пробиркаға 2-3мл осы ерітінділерден құйыңдар, универсал индикатор қағазын бір-екі секундтай осы ерітіндіде ұстаңдар. Қағазды алып, индикатор шкаласымен салыстырыңдар. Тексеріп отырған ерітіндінің рН-ын анықтап, реакция ортасын жазыңдар және сутегі ионының концентрациясын есептеңдер.
2 - тәжірибе. Тұздар ерітіндісінің ортасын анықтау
4 пробиркаға 5-6мл дистильденген су құйып, 2-6 кристалдан мына тұздарды салыңдар да, ерітіңдер: 1-ге натрий ацетатын, 2-ге натрий силикатын, 3-ге күміс нитратын, 4-ге алюминий сульфатын. Бірінші және үшінші пробиркадағы ерітінділердің рН-ын универсал индикатор қағазымен, екінші пробирканы фенолфталеинмен, төртінші пробирканы метилоранжбен тексеріңдер. Сосын бірінші пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин, ал үшінші пробиркаға 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар. Бірінші және үшінші пробиркаларда ерітінділер түсі өзгереді ме? Көрген құбылыстарыңды жазып түсіндіріңдер. Алынған тұздардың гидролиз реакцияларының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
3 - тәжірибе. Қышқыл тұздар гидролизі
2 пробиркаға 2-3мл-ден мына тұздардың ерітіндісін құйыңдар: біреуіне натрий карбонатын, біреуіне- натрий гидрокарбонатын. Екі пробиркаға да 1-2 тамшыдан фенолфталеин тамызыңдар. 2-ерітіндінің түсі көбірек өзгереді. Қай тұз көбірек гидролизге түсті, яғни қай ерітіндіде ОН- ионы көбірек, неге? Гидролиз теңдеуін жазыңдар.
4 - тәжірибе. Ақырына дейін жүретін гидролиз
Алюминий сульфаты ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар. Түзілген алюминий карбонаты алюминий гидроксидінің тұнбасын және көмір қышқыл газын түзе гидролизге түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алюминий карбонаты тұнба құрамына кірмейтіндігін дәлелдеңдер. Ол үшін тұнбаны судан бөліп алып, жуып, тұнбаға тұз қышқылын құйыңыздар. Егер көмірқышқыл газы бөлінбесе, тұнбада Al2(CO3)3 жоқ.
5 - тәжірибе. Ерітіндіні сұйылтқанда гидролиз тепе-теңдігінің ығысуы
Концентрлі қорғасын нитратының түссіз екенін бірінші көріп алыңдар.
Пробиркаға 10-15мл краннан су ағызыңдар да, оған 1-2 тамшы концентрлі қорғасын нитратының ерітіндісін (Pb(NO3)2) тамызыңдар. Тұнба пайда болғанын байқаңдар. Гидролиз теңдеуін жазыңдар, неге концентрлі Pb(NO3)2 ерітіндісі түссіз, тұнбасыз екенін түсіндіріңіздер. Метилоранж арқылы ортасын анықтаңыздар. Гидролиз реакциясына ерітіндісінің сұйылту әсері туралы қорытынды жасаңыздар.
6 - тәжірибе. Температураны өзгерту нәтижесінде гидролиз тепе-теңдігін ығыстыру
Пробиркаға 5-6 тамшы фенолфталеин тамызыңдар, түсін байқаңдар. Пробирканы ерітінді қайнағанға дейін қыздырыңыздар. Ерітінді түрі қалай өзгереді? Фенолфталеин түсінің өзгеруі арқылы ОН- ионының концентрациясының өзгеруі туралы қорытынды жасаңдар. Гидролиз теңдеуі қай жаққа ығысады? Температура өзгеруіне байланысты неге гидролиз дәрежесі өзгереді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет