Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет36/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Тәжірибе барысы:
Темір консерві ыдысқа қарды салып, жәймендеп қана басып нығыздаймыз. Сосын оған кішкене шұңқыр жасап, оған кальций карбидінің бөлшегін орналастырамыз және үстін қармен жабамыз. Қарға жанып тұрған сіріңкені апарсақ – жалын пайда болады, «қар жанады».
СаС2 + 2Н2О = Са(ОН)2 + С2Н2
С2Н2 + 5О2 = 4СО2↑ + 2Н2О + Q
Бұдан нені түсінеміз? Кальций карбиді қармен реакцияға түсіп, нәтижесінде ацетилен түзіледі. Егер жанып тұрған шыраны апаратын болсақ, онда ацетилен жанады. Яғни, қар жанады.


Жасыл от


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • құты

  • шыны түтік

  • тығын

  • тұрғы

  • спиртшам

  • метил немесе этил спирті

  • бор қышқылы

  • концентрлі күкірт қышқылы



Тәжірибе барысы:
Б ұл тәжірибені жасау үшін аса көп химиялық жабдықтың қажеті жоқ. Сыйымдылығы 100-150мл құты таңдап алып, оның аузына 25-30см шыны түтік кигізілген тығынмен бекітеді. Құтыға 40-50мл шамасындай метил спиртін құйып, (этил спирті болса да жарайды) оған кәдімгі бор қышқылының 3-4 грамын салады да, шайқап араластырады. Сосын үстіне бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызады, күкірт қышқылы бұл жерде катализатордың рөлін атқарады. Құтыны тұрғыға бекітіп, сонан соң құтыдағы қоспаны спиртшаммен жайлап қыздырады да, қайнатады, түтік арқылы сыртқа шыққан буды жағады.
Түтік ұшында ұзындығы 15-20см жасыл от пайда болады. Құтыдағы сұйықтық неғұрлым қайнаған сайын, жалын ұзындығы арта түседі. Осы тәжірибенің химиялық теңдеуін жазып, түсіндіреді. Бұл түзілген борметил эфирі, ол жанғанда жану өнімі ретінде бор оксиді, көмір оксиді, сутегі оксиді түзіледі.
2Н5ОН + Н3ВО3 →(С2Н5О)3В + 3Н2О
2(С2Н5О)3В + 18О2 →В2О3 + 12СО2 + 15Н2О
Реакция теңдеулері екі түрлі жазылғанымен мәні бірдей.
Фарфор ыдысқа 2мл этил спиртін құйыңыз. Үстіне шамалы кристалдық бор қышқылы мен 1-2 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосыңыз. Спиртті жағыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет