«хореография»


Battement tendu demi-plieмен



бет2/6
Дата01.02.2018
өлшемі0,91 Mb.
#37399
1   2   3   4   5   6

Battement tendu demi-plieмен

Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4, жылдамдық-орташа. Қозғалыс сегіз тактіге орындалады. Бастапқы қалып - станокқа қарап тұрған сәттегі аяқтардың I позициясы.

1-нысаны (түрі) – бөлек. «Бір және екі және» дегенде battement tendu шетке қарай орындалады;

«Үш және төрт және» дегенде жағдайды бекітеді.

2- тактінің «бір және екі және» деген сөздерінен кейін аяқ I позицияға қарай оралады;

«Үш және төрт және» дегенде жағдайды бекітеді.

3- тактіде «бір және екі және» дегенде demi-plie орындалады; «үш және төрт және» дегенде жағдай бекітіледі.

4- тактіде «бір және екі және» дегенде – аяқтар түзетіледі;

«Үш және төрт және» дегенде қалып бекітіледі.

2-түрі- бірге. Battement tenduді demi-plieмен орындаған кезде бірге орындаған қозғалыс бір қалыпты орындалады.



Battement tendu passé par terre – жұмыс істеп тұрған аяқтың еденмен сырғымалы қозғалысы (аяқты I позиция арқылы алға-артқа апарып, demi-plieні I позицияда меңгеру арқылы қозғалыс жасау).

Бірінші такт – жұмыс істеп тұрған аяқты позициядан алға немесе артқа шығару, екінші такт – жұмыс істеп тұрған аяқ сырғымалы қозғалыспен бүкіл табанмен еденде бірінші позиция арқылы алға немесе артқа шығарылады.Бұл қозғалыс маңызды сатылық қозғалыс болып табылады. Battement tendu passé par terre арқылы көптеген би қозғалыстары өтеді (па полонеза, па де баск, па вальса, па польки, орыстың ауыспалы қадамы). Болашақтағы көптеген қозғалыстардың тазалығы – осы қозғалысты дәл меңгеруге байланысты.I позициядағы жұмыс істеп тұрған аяқтың айналымдылық жағдайына айрықша назар аударылуы тиіс.



Demi rond de jambe par terre – жерде аяқпен шеңбер жасау. Икемділікті, қозғалғыштықты және жамбас-сан буындарының күшін дамытады. Battement tenduдегі тіке бағыттарды үйренгеннен кейін шеңберлі, доға тәрізді қозғалыстарды жасауға көшуге болады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып - станокқа қарап тұрған сәттегі аяқтың I позициясы.

«Бір және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ battement tenduдің қағидасы бойынша алға қарай созылады;

«Екі және» дегенде аяқтың ұшы еденмен сырғып, жұмыс істеп тұрған аяқтың өкшесі тірек аяғының өкшесіне қарама-қарсы тұратындай болып II позицияға дейін доға жасайды;

«Үш және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ battement tendu жағдайымен жаттығуды I позицияда аяқтайды;

«Төрт және» дегенде осы позиция бекітіледі.

Жаттығуды аяқты бір мезетте en dehorsмен (сыртқа қарай), әсіресе жамбас-сан буынында бұру арқылы дұрыс доға тәрізді қозғалыс дағдысы бекітілгенше сабақтан сабаққа дейін қайталау қажет. Қозғалысты жұмыс істеп тұрған аяқты II позиция жаққа шығарып және доға бойынша артқа әкеліп (өкше өкшеге қарсы) жалғастыра беруге болады. Содан кейін аяқ I позициядан артқа шығарылады және доға бойынша шетке бұрылады. Ronds de jambe орындаудың қиындығы сонда- сыртқы сурет (едендегі доға) бүкіл аяқтың жамбас-сан буынында ішкі бұрылысымен үйлесім тауып сыртқа бұрылуы- en dehors.
Allegro (секіру)

Секірулерді оқып үйренуге кіріспестен бұрын оқу процесіне позицияларды дәл орындауды талап етпейтін трамплиндік секірулерді енгізу ұсынылады.



Temps leve saute – екі аяқтап секіру.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып -аяқтардың I позициясы, станокқа қарап тұру.

«Бір және екі» дегенде аяқтар айналымдылықты күшейте отырып, demi-plieде сирақ-табан буынының барынша иілуіне қол жеткізеді, өкшелер еденге нық орналасқан, дене тұрқы тіке;

«Және» дегенде аяқтар еденнен күшпен серпіліп, сол сәтте секіру кезінде тізелер, аяқ ауқымы және башпайлар созылады;

«Үш және» дегенде секіру demi-plieде аяқталады;

«Төрт және» дегенде тізелер айналымдылықты сақтай отырып, жайлап бастапқы жағдайды қабылдап, созыла түседі. Аяқтар ауада міндетті түрде I позиция жағдайын бекітетін созылған күйінде болулары тиіс (оқушылардың табандары айқастырмауларын және өкшелерін ажыратпауларын қадағалау керек).

Балаларға секіру кезіндегі бірқатар сәттерді түсіндірген пайдалы: тізе ию, серпіліп секіру, позицияны ауада бекіту және тізе июдегі жерге түсу (башпайлардың ұшынан). Temps leve saute I және II, содан кейін V позициядан орындалады.



Халықтық-сахналық би

Халықтық-сахналық би бөлімінде оқушылар түрлі халықтардың ұлттық билерімен танысады. Халықтық-сахналық биге үйрету сол халықтың биін үйрететін ұлтқа тән қолдардың, аяқтардың, бастың позициялары мен жағдайларынан негізгі жүрістер мен қозғалыстардан басталады.

Мектеп жасындағы кішкентай балаларға халық биінің қозғалыстарын үйрету әдістемесі биді бейнелеп көрсетумен, қозғалыс техникасын түсіндірумен үйлесім табуы тиіс. Қозғалыстарды сатылап үйренуге оқушылардың әрқашан күші жете бермейді. Сондықтан да оларды еске сақтауды талап ететін және өзінің денесінің икемсіздігімен «күрес» қозғалыстарынан үйреніп алған және орындағанда қуаныш сезімін әкелетін қозғалыстарға дер кезінде ауыстырып отырған жөн, академиялық және төзімділік- жетекшінің өзінің оқушыларынан талап ететін орындаушылық дағдылар сапасы міне осылар.

Тиісті позициялар мен қозғалыстарда жеке жаттығатын қозғалыстарда, бастың, дененің айқындығы- халықтық-сахналық билермен одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті іргетасты қалайды.



Орыстың халықтық-сахналық биі

Орыс биі үшін қимылдың кеңдігі, маңғаздылық, жинақылық, сонымен бірге көңілділік, албырттық пен әзілге бейімділік тән болып келеді.

Орыс биіндегі қолдардың қозғалысы үшін ауысудың жатықтығы, қол сермеумен сол қимылды баса көрсету, қыздар үшін орамалды, гүл шоқтарын, жапырақты, бұтақтарды пайдалану тән. Даярлық тобының балалары үшін қолдарды жатық түрде екі жаққа ашып, оларды беліне апаруды және орамалмен қолдардың қимылын (қыздар үшін) үйренсе жетіп жатыр.

Қолдардың позициялары

Әзірлік қалып – қолдар саннан сәл ғана алшақ күйде төмен түсірілген, білезіктері дене тұрқына қарай бұрылған.

1 позиция – қолдар алға созылған, белден сәл жоғарырақ, білезіктері алақандарды жоғары қаратып ұсталған, бас сәл ғана көтеріңкі және аздап оңға және солға бұрылуы мүмкін.

2 позиция – қолдар екі жаққа жайылған, иық деңгейінен төмен, білезіктері алақанмен алға қарай бұрылған. Бас оң (сол) қол жағына қисайған.

3 позиция - әдетте орамалмен істелетін жағдайда пайдаланылады.Қолдар шынтақта шеңберленіп, жоғары көтерілген.Шынтақтар екі жаққа жайылған, орамал бірінші және екінші саусақтармен ұсталып қолдарды сопақша етіп қосып тұрады.

Қолдардың қалыптары

Қыздардың қолдары белдерінде- жұдырықтары жұмылған, балалардың қолдары белдерінде төрт саусақтары алға қарай ұсталып, бас бармақтары артқа қарай.

Қыздар қолдарын кеуделерінде айқастырып, оң (сол) қолдарын үстінде ұстайды, қолдың білезіктері қолдарының астында болады. Бас оңға немесе солға бұрылған, балаларда айқасқан қолдары білектерінің үстінде: төрт саусағы үстінде үлкен бас бармақ қолды қапсыра ұстаған. Бас оңға немесе солға бұрылған.

Қыздарда оң қол орамалмен үшінші позицияда болады. Сол қол – белде немесе әзірлік қалпында.



Қолдардың қозғалыстары

Жаттығу. Музыка – халықтық. Жылдамдық – бір қалыпты. Музыкалық өлшем - 4/4, 2/4. Бастапқы қалып – екі қол дене тұрқының бойымен алақандары ішке қаратылып еркін түрде төмен жіберілген. Аяқтар I еркін позицияда.

«Бір» дегенде білезікті көрерменге қарай бұру;

«Екі» - саусақтарын созып, бас бармақты сәл ғана алшақтату (бас оң жаққа бұрылады);

«Үш, төрт» - білезіктерді бастапқы жағдайда келтіріп, өзіне қарай бұру. Қайталаған кезде басты сол жаққа бұру керек.

Қолдарды 1 позицияға өткізу

Жаттығу. Музыкалық өлшем, музыка сипаты және жылдамдығы бұрынғыдай. Бастапқы қалып – аяқтар еркін позицияда. Қолдар әзірлік қалпында.

«Бір» дегенде қолдар I классикалық позицияға өтеді;

«Екі» дегенде – білезік алақанмен жоғары қарайды. Шынтақ біршама шетке ысырылады және екі қол орыстың сахналық биінің I позициясы түрінде көшеді, бас оңға (солға) қарай бұрылады;

«Үш» - дегенде алақандарды еденге қарай бұру, бас оң (сол) қол білезігінің қозғалысына ілеседі;

«Төрт» - қолдар бастапқы қалыпқа қайта оралады. Бір мезетте бас сәл ғана төмен түсіріледі.



Қолдарды 2 позицияға өткізу

Жаттығу. Музыкалық өлшем және жылдамдық сол сияқты. Бастапқы қалып – аяқтар I еркін позицияда. Қолдар әзірлік қалпында.

«Бір» дегенде қолдар иық деңгейінен төмен және дене тұрқынан аздап алға қарай екі жаққа ашылады;

«Екі» - алақан және шынтақ алақандарды жоғары бұрумен қол сызығын теңестіреді, шынтақтар артқа жіберіледі;

«Үш» - білезік еденге бұрылады (шынтақ қозғалмайды);

«Төрт» - екі қол да әзірлік қалпына түседі. Одан әрі қолдар I классикалық позициямен өтіп, ашылады.

Орыстың халықтық-сахналық биін орындаған кезде қолдардың екінші позициясын неғұрлым қиын жағдай деп есептеуге болады. Оның қиындығы сонда – қолдар табиғилықты, қимылдың кеңдігі мен айқын да ашықтығын сақтай отырып, шынтақ сызығының дөңгелектенген әсем пішінді қабылдауы тиіс.

Орамалмен қозғалыс жасауды үйрену (қыздар үшін)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып оң қол төменде орамалды ұстап тұрады, алақан дене тұрқына қараған. Сол қол белде. Аяқтар I еркін позицияда.

Бірінші тактіге орамал ұстаған қол II позиция арқылы өтіп, белді ұстаған сол қолдың шынтағына дейін жетеді. Бас қол білезігінің қозғалысымен бірге бұрылады, содан кейін оң қол өзінің бастапқы жағдайына қайтадан оралады және қозғалыс қайталанады.

Жүрістер

Орыстың халықтық-сахналық биінің негізгі жүрісі – бұл біресе оң аяқпен, біресе сол аяқпен толық басып жүретін кәдімгі қадам. Тактінің әрбір ширегіне бір қадамнан келеді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем - 2/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда (өкшелер бірге, аяқ ұштары сәл алшақ).

Бірінші қадамды істеу үшін оң аяқты аздап еденнен көтеріп, алға жылжыту керек. Дене тұрқы тірек аяғына ауысады. Екінші аяқ ең қысқа жолмен I табиғи позициядан өтеді және тағы да алға жылжиды. Қозғалыстардың жатықтығына оларды бірнеше рет қайталау арқылы қол жеткізіледі, осының нәтижесінде аяқтардың қозғалысы мен дене тұрқының үйлесімділігі пайда болады.

Жай жүрісте балаларды хор билерімен, әртүрлі суреттермен, мысалы, тізбек (цепочка), шеңбер (круг), кәрзеңке (корзиночка), қақпа (воротца), жұлдызша (звездочка), дөңгелектер таныстыруға болады.

Қырындап (бүйірмен) жүру (Боковой ход)

Бұл қозғалыс хорлық пляскілерде, яғни орындаушылар шеңбер жасап тұрғанда кеңінен қолданылады. Билеушілердің жатық қозғалысы күн айналып тұрған сияқты әсер қалдырады. Бұл қозғалысты балалар оқытудың алғашқы кезеңдерінде-ақ меңгеріп алады. Қырындап жүруді бір сызықта немесе дөңгелене шеңбер құрып қол ұстаса жүріп үйренуге болады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. бастапқы қалып -аяқтар I еркін позицияда.

«Бір» дегенде оң аяқ оңға қарай шағын қадам жасайды;

«Және» дегенде сол аяқ оң аяққа тағы да әкеліп тақалады.Қозғалысты бір бағытта қайталап істеуге немесе оң аяқтан – оңға, сол аяқтан солға кезектестіріп істеуге болады.

Орыстың ауыспалы жүрісі (Русский переменный ход)

Осының алдындағы жүрістермен салыстырғанда бұл жүріс жыл бойына меңгерген тұтас бір машық-дағдылар жиынтығын талап етеді: тепе-теңдік сезімін, мүсін сымбатын, икемділікті және табанның (аяқ басын) жұмсақтығын. Бұл қозғалысты оқушылар оқытудың бірінші жылының соңында және екінші жыл бойында оқып үйренеді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыка-халықтық, жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда, қолдар бел үстінде.

«Бір» дегенде оң аяқпен алға қадам жасайды;

«Және» дегенде аздап сол аяқпен алға қадам жасалады (оң аяқтан асып түскен сияқты);

«Екі» дегенде оң аяқпен тағы да алға қарай шағын қадам жасалады (сол аяқтан асып түскен сияқты);

«Және» дегенде тірек аяғында тоқтайды. Сол аяқ tendu passe арқылы I еркін позициямен өтіп келесі қадамның бағытына қадам жасайды. Бұл жүрісті неғұрлым жақсы меңгеру үшін бірінші қадам жасар алдында дене тұрқын тірек аяғында ұстау керектігін баса айтқан жөн. Бұл екінші аяқпен еркін қадам жасап, сырғымалы қозғалыс үшін қажет.

Ауыспалы жүрісті бірнеше рет қайталаған кезде оны дұрыс орындайтын балаларды жеке топқа іріктеп алу қажет, олар қозғалысты басқаларына көрсетеді. Әдетте, осындай көрсетуден кейін қозғалысты дұрыс орындайтын балалар саны өсе түседі. Сөйтіп, жеке көрсетуді ұжымдық орындаумен үйлестіре отырып, бұндай жүрісті тез үйретіп шығуға қол жеткізуге болады.


Қырындап (бүйірмен) ақсай жүру (Боковой ход с припаданием)

Бұл қозғалысты ең қарапайым билерде қолдану тиімді, орыстың бірде-бір биі бұл қозғалыссыз биленбейді. Сонымен бірге қажетті дағды-машықтарды бекіте отырып, бұл қозғалысты жақсы үйреніп шығу әсте де оңай емес, өйткені ол аяқтардың айналымдылығын, аяқ ауқымының серіппелілігін, жатық demi-plieні талап етеді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып-аяқтар III еркін позицияда.

«Және» дегенде оң аяқ еденнен сәл ғана көтеріліп, оң жаққа шығарылады;

«Бір» дегенде оң аяқ аяқтың ұшынан бүкіл табанмен еденге қойылып, оң жаққа қадам жасалады, бұл сәтте тізе сәл бүгіледі, дене тұрқының салмағы тірек аяғына ауыстырылады, сол аяқ еденнен ажыратылып, оң аяқтың артқы жағынан толарсаққа жақындатылады;

«Және» дегенде сол аяқ тізесінде толық созылмай оң аяқтың артқы жағынан жартылай башпаймен әкеліп қойылады, дене тұрқының салмағы сол тірек аяғына ауыстырылады, оң аяқ қозғалысты жалғастыру үшін еденнен аздап қана көтеріледі.



Аяқты тақаға шығару (Выведение ноги на каблук)

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда, екі қолды бел үстінде жұдырықты түйіп ұстайды.

«Бір және» дегенде оң аяқ тақаға қойылып, дене тұрқы жинақыланады, дененің салмағы-сол тірек аяғында;

«Екі» дегенде аяқ өзінің бастапқы жағдайына қойылады. Қозғалысты оң аяқтан сол аяққа кезектеп немесе жеке-жеке оң және сол аяқтан орындауға болады.



«Ковырялочка»

Бір аяқпен кезектеп жабық жағдайда шетке қарай, аяқ ұшымен еденді тебу және ашық жағдайда тақаның қырымен тебу (секіріп түспей).

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда.

Бірінші тактіде «бір және екі және» дегенде оң аяқ тізенің солға бұруымен (ішке) II позиция жағдайында табан мен өкшеге қойылады. Екінші тактіде «бір және екі және» дегенде аяқ тізенің және аяқ басының кілт бұрылысымен айналымдылық жағдайына әкелінеді, аяқ басы тақаның қырына қойылады;

Үшінші тактіде «бір және екі» дегенде жағдай бекітіледі;

Төртінші тактіде «бір және екі және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ бастапқы жағдайға қойылады. Қозғалыс төрт тактіден тұрады және оң аяқтан төрт рет қайталанады. Содан кейін қозғалыс сол аяқтан орындалады.



Ер балаларға арналған тізе ию (Присядка для мальчиков)

Бұл қозғалыс балалар биінде маңызды орын алады. Тізе ию екі түрге бөлінеді: бірінші түрі – толық тізе ию, яғни биші толық тізе ию жағдайында болады.

Екінші түрі – жартылай тізе ию, яғни айтқанда ол басқа да қозғалыстармен кезектесіп және аяқтар ауыстырумен орындалуы мүмкін.

Аяқты тақа қырына қойып орындалатын жартылай тізе ию (шетке немесе алға) (Полуприсядка с выведением ноги на ребро каблука) (в сторону или вперед)

I еркін позиция бойынша сәл секіріп түсумен толық тізе ию, содан кейін созылған аяққа көтеріліп, бір мезетте аяқты лақтыру және тақа қырына тоқтау немесе орнында 450қа көтеру. Әрине биді жаңадан бастағандар дене тұрқын алға еңкейтіп, тізелерін болар-болмас екі жаққа жазып аяқ бастарымен толық тізе иеді. Педагог бұл қозғалысты көрсете отырып, оқушылардың назарына дене тұрқының тіке жағдайына және екі жаққа жазылған (айрылған) тізелерге аударады. Тізе ию өкшелерді еденнен ажырату - көтеру арқылы орындалады.Станок алдында орындалатын халықтық-сахналық билердің жаттығуларымен таныс емес 7-8 жастағы балалар осы жағдайдағы тепе-теңдікті үлкен қиындықпен сақтайды. Дегенмен де тап осы қиындықтың өзі станок алдында жаттығудың қажеттігіне оқушының көзін жеткізеді. Келесі сатыда жартылай тізе июді аяқты шетке қарай лақтыру, тақа қырына және ауада 450қа лақтыру сияқты әдістермен түрлендіруге болады.

Соңынан станок алдында «жұмыс» істей отырып бұл қозғалыстарды неғұрлым дәл істеуге қол жеткізулері тиіс. Ер балалар алақандарын шапалақтау, сандарын шапалақтау сияқты ырғақты қозғалыстарды асқан қызығушылықпен үйренеді, бұл ретте де ырғақты комбинациялардың болуы ықтимал.

I еркін позициядағы тізе ию-секіріп түсулер (Присядка-подскоки в 1-й свободной позиции)

Жартылай башпайлармен төмен тізе июді 7-8 жастағы балалар қиындықсыз орындай алады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, жылдамдық-шапшаң. Бастапқы қалып-толық тізе ию.

«Және» затактісінде толық тізе июде аяқтар мен дене тұрқының суретін сақтай отырып, тізелерді түземей-ақ екі аяқпен жеңіл секіріп түсу, «бір» дегенде толық тізе июде жартылай башпайларда жерге түсу, «және» дегенде қайтадан секіріп түсу;

«Екі» дегенде тізе ию т.с.

Қозғалысты сегіз рет қайталауға болады, содан кейін бойды жазып бастапқы қалыпқа келеді. Қозғалысты меңгеріп болған соң оны табанмен жер тепсініп (тарсылдатып) күрделілендіруге болады.


Белорустың халықтық-сахналық биі

Қолдардың позициялары

Әзірлік қалпы – екі қол екі бүйірде еркін түрде төмен жіберілген, қол білезіктері алақандарымен дене тұрқына қаратылған.

I позиция -өзінің таза түрінде белорус билеріне тән емес.

II позиция - екі қол екі шетке көтерілген, шынтақтар еркін ұсталған, қолдардың білезіктері алақандармен алға қарай бағытталған және сәл ғана жоғары көтерілген.

III позиция – таза түрінде белорус билері үшін сипатты емес. Дегенмен де бір қол, әсіресе жұп болып билегенде III позицияда жиірек болады, екінші қол еркін түрде төмен жіберілген немесе белінде болады.



Қолдардың қалыптары

1-қалып – екі қол шынтақтан иіліп, белдің екі жағында болады немесе білезіктің сырт жағымен, болмаса алақандарымен ұсталады, шынтақтар екі жаққа қараған және сәл алда тұрады.

2- қалып – қолдар кеудеге айқастырылған, шынтақтар дене тұрқынан бөлінген, оң қол сол қолдың үстінде, қол білезіктері алақандармен қарама-қарсы қолдардың үстінде жатады, шынтақтан сәл ғана жоғары. Қыздарда оң қолдың білезігі сол қолдың шынтағының астында, сол қолдың білезігі алақан жағынан шынтақтан жоғары оң қолдың үстіне орналасқан.

Жұптағы қолдардың қалпы

Ер бала қыз баладан сәл кейінірек, сол жағында тұрады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, белорус полькасы.

«Бір және екі және» дегенде қыз баланың оң қолы жоғары көтеріледі, екінші тактіге сол қолы I позиция арқылы ер бала жағына қарай ашылады – бас қолдың артқы жағына солға қарай бұрылады.

Үшінші тактіде ер бала оң қолын III позицияға көтеріп, қызға қарай басын бұрып, оның қолын алады.

Төртінші тактіде ер бала сол қолымен II позицияға көтерілген қыздың сол қолын алады. Ер бала біршама артқы жағында тұрады.

Дене тұрқының, бастың, қолдардың дұрыс қалыптары дағдысын бекіткеннен кейін жұптасып билеу қозғалысын үйренуге көшкен жөн.

Белорус полькасының қозғалысы алға, артқа және бұрылыспен бүйірге жүріп жеке немесе жұптасып билеуде пайдаланылуы мүмкін.



Жүрістер мен қозғалыстар

Жартылай тізе июдегі жүріс – бір аяқта төмен башпайлар жартысымен өтіп, бір мезетте тіке жағдайда бүгілген екінші аяқты көтеріп, соңынан үш рет аттау. Орында тұрып алға жылжу, бұрылу мен артқа жүру. Бұл қозғалыстың қиындығы сонда – ол өзінің ырғақтың құрылымы бойынша классикалық полькаға ұқсас болса да, олардың сипаттары мен кеңістік суреті әртүрлі.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, музыка-халықтық. Бастапқы қалып-аяқтардың I еркін позициясы. Қыздар қолдарын жұдырықтарын жұмып белдерінде ұстайды, балаларда қол саусақтары белде (мықындарында). «Және» затактісінде жартылай тізе ию, сол аяқпен өту, тізеден бүгілген оң аяқ қысқа көтерілуімен балтырдың жарты деңгейіне дейін көтеріледі; дене тұрқы тіке, бас оң жаққа бұрылған;

«Бір» дегенде оң аяққа аттау;

«Және» дегенде сол аяққа аттау;

«Екі» дегенде оң аяққа;

«Және» деген сөзбен қозғалыс бір аяқта жылжып өтумен жалғасады.

Жартылай тізе июдегі аяқпен тарсылдату

I еркін позиция бойынша аяқпен екі рет тарсылдатып, бүкіл табанға ырғып (қарғып) түсу. Қозғалыс pas de basque бір түрін көз алдыңа әкеледі. Оны үйренуге кіріспестен бұрын балалардың назарын қозғалыстың жаңа түрі- ырғып түсуге, яғни айтқанда қандайма бір нәрседен секіріп өтуге аудару қажет.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкамен жетектеу-полька. Бастапқы қалып-аяқтар I еркін позицияда.

«Бір» дегенде оң аяқпен оңға қадам жасау;

«Және екі» дегенде I еркін позиция бойынша аттау;

«Және» дегенде үзіліс және қозғалысты солға қарай жасау. Оқушылар бүйірмен (қырындап) жүру қозғалысының құрылымын түсінгеннен кейін бұл қозғалысты бір жақтан екінші жаққа секіріп-ырғып түсуі арқылы үйренуге кірісуге болады.



Ер балаларға арналған тізе бүгу

Тізе бүгу, яғни бүгіп отыру – I еркін позиция бойынша терең жартылай тізе июде екі аяқпен башпайлардың жартысымен бір жақтан екінші жаққа ырғып түсіп, бір аяқта толық тізе ию, сол сәтте екінші аяқты өкшеге қойып, тіке жағдайда алға шығару. Осы қозғалысты үйренуді бастау сәтінде балалар айналымды позициядағы тіке дене тұрқымен тізе ию дағдыларын (машықтарын) алулары тиіс (орыс биінің жартылай тізе бүгуі).

Дейтұрғанмен, белорустық билерде тізе бүгу қозғалысы I еркін позиция бағытында жүретінін көреміз. Белорус биінің қозғалысы орыстың тізе бүгу қозғалыстарынан (айналымды позицияларда) олардың бастапқы нұсқаларынан жеңілірек болады.
Қазақ халқының сахналық биі

Екі аяқтың алғашқы ұсталу қалпы және оны биге ыңғайлау

Қазақ биі «халықтық-сахналық билердің» жалпы тобына жататындықтан да онда екі аяқтың алғашқы ұсталу қалпы мен оны биге ыңғайлау тәсілі халықтық-сахналық, классикалық билерге тән негізге алынады.

Екі аяқты алғашқы қалпында ұстаудың, бес еркін, бес тік және бес ашық /бүктетілген/ түрі бар. Сондай-ақ екі /1-ші және 2-ші/ жабық түрі де кездеседі.

Қазақ биінде екі қолды биге ыңғайлау ерекшеліктері

Екі қолды биге ыңғайлау кезінде оларды сымбатты да сұлу көрінуі, шарттар түрде әлдебір ою-өрнекті немесе симболды бейнелеуі қарастырылады. Екі қолды биге ыңғайлау кезінде олардың салыстырмалы түрде алғанда едәуір қимыл-қозғалыста болуы да мүмкін.



  1. Қос мүйіз /қошқар мүйіз/ - екі қолдың алғашқы ұсталу қалпы 3-түрдегідей, білекпен саусаққа дейінгі бөлігі төмен қарай бүгілген, саусақтар желпуіш тәрізді тарбита ашылған.

  2. Кереге көз – киіз үй керегесінің көзін бейнелейді. Екі қолдың басы білезік буын тұсынан екі алақанды алға қаратқан бойда айқасады. Саусақтар желпуіш тәрізді тарбита ашылып, жоғарыға қарай бағытталған.

  3. Сыйлық – екі қол мықын деңгейінде параллель түрінде алға қарай жіберілген, екі шынтақ денеге тақау, алақандар жоғары қарата жаюлы.

  4. Қос шынтақ – екі қол кеуде деңгейінде шынтақтан ішке қарай бүгіліп, бірінің үстіне бірі қойылады.

  5. Киіз үй – екі қол жоғары көтерілген қалпында болады, екі алақан бір-біріне жапсырыла түседі, саусақтар жоғары қарай бағытталып, екі шынтақ екі жаққа қарай жіберіледі.

  6. Қамшы ұстау – ат үстіндегі адамды бейнелейтін бишінің екі қолының қамшы ұстаған кезінде қандай қалыпта болуы. Сол қол I-қалыпта, тізгінді ұстаған саусақтар жұмылып, жұдырықтанады, қамшы ұстаған оң қол III-ші қалыпта болады.

  7. Қос қол – екі қол екі жақ бүйірге қарап созыла ұсталады.


Қазақша иіліп сәлем беру түрлері
Каталог: uploads -> doc -> 022a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
022a -> Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет