«хореография»



бет1/6
Дата01.02.2018
өлшемі0,91 Mb.
#37399
  1   2   3   4   5   6
Батыс Қазақстан облыстық пеадгог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Жалпы білім беретін мектептердің

«ХОРЕОГРАФИЯ»

класына арналған оқу

әдістемелік құралы


С.А.Имашева

Орал 2010 жыл

Кіріспе
Қазіргі таңда заман талаптарына сәйкес білім берудің мақсаттары да жаңара түсуде. Бүгінгі меңгерген білім мен біліктіліктің көлемі емес, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, адамның бірегей мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін басымдықтар алдыңғы қатарға шықты. Бұл реттегі білімнің басты мақсаты- жас ұрпақты өмірдің күрделі тұстарына әзірлеу, психологиялық және элеуметтік бейімдеу. Қазіргі заманғы оқытудың мақсаттары ой-өрісті дамытудан басқа, эмоцияны, ерік – жігерді дамытуды, қажеттіліктерді, қызығушылықты, мұраттарды, адамның мінез-құлық қырларын қалыптастыруды да кеңінен қамтыды. Оқыту, яғни білім беру жеке тұлғаның үйлесімді дамып, өсе түскен адамның дербестігіне, ол адамның бойындағы ықтимал мүмкіндіктеріне бағдарланған.

Мектеп әрбір жеке тұлғаның білім алып, дамуы үшін тиімді жағдайлар туғызып, ой-өрістік – теориялық, көркемдік – эстетикалық және дене тәрбиесінің арасында үйлеспейтін сәйкессіздік болмайтындай жұмыс ұйымдастыруы қажет.

Балаларды жалпы білім беретін мектептерде,гимназияларда хореографиялық оқытудың негізгі міндеті - өскелең ұрпақты эстетикалық тұрғыдан дамытуға ықпал ету. Хореограф педагогтардың алдында оқушылардың бойына өз елінің және басқа да халықтардың би өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін, құрметпен қарау сезімдерін сіңіру міндеті тұрады. Бұл оқу-әдістемелік құралда оқушылардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін және әртүрлі репертуарды жасауға қол жеткізетін би материалының көп жанрлығы ұстанымы айқын белгіленген.

Бұл құрал өзегінің әліппесі – би материалы бекітетін және бағытталған жүйелілік, қол жетерлік және қозғалысты біртіндеп күрделілендіру - өзінің денесін (корпусын), қолын, басын дұрыс қоюдан бастап, оқушылардың сахналық мәдениетті меңгеруіне дейінгі ұстаным бойынша жаттығу.

Оқу-әдістеме мынадай бөлімдерден тұрады: музыкалық қозғалыстың әліппесі, әрбір бөлім бойынша дағдыларды (машықтарды), білім мен біліктіліктерді беркітуге ықпал ететін қозғалыстардың пропорционалдық даму материялы бар классикалық, халықтық және тарихи-тұрмыстық бидің элементтері.

Классикалық, халықтық-сахналық және тарихи-тұрмыстық билердің негізгі элементтерімен танысу оқушылардың бойында ырғақ сезімін, музыкаға эмоционалдық ықыласын дамытады, оларға биді жетік, мінсіз орындауға тәрбиелейді, жалпы мәдениетті қалыптастырады.



Классикалық бимен айналысу оқушылардан ынталы күш-жігерді және зейінділікті талап етеді, олардың еңбекқорлығын арттырып, еріктерін, мінездерін шыңдайды, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуға ықпал етеді. Би билеу сауаттылығын меңгеру үшін классикалық бидің әліппесін үйрену қажет.

Классиканың негізі – бұл қозғалыстың тепе-теңдігі мен үйлесімділігінің жалпы қағидаларынан құрылған адамның табиғи қозғалысы.



Халықтық-сахналық би балалардың ішкі күш-жігерлерін белгілі бір басыбайлылықтан босатуға көмектесіп, би қозғалысының ішкі әсер сезімінің сыртқа шығуына ықпал етеді, өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын сезінуге мүмкіндік береді.Басқа халықтардың мәдениетімен би арқылы танысу – оқушыларды сол халықтың дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Өткен дәуірлердегі би өнерінің алуан түрлі мәнерлерінің сипатын білдіретін тарихи-тұрмыстық би - әсерлі де мәнді мәнерлерді бойға сіңіреді, өйткені сол бір замандарда хореографтар «зиялы мәнерлерге» ерекше мән берген болатын.



Қазақ биі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті. Бишілердің, хореографтардың бірнеше ұрпағының ізденімпаздық күшімен қажырлы еңбегімен, талантты талпынысымен пайда болып қалыптасқан қазақ биі қазір өзіндік өрнегімен, ұлттық ерекшелігімен, қайталанбас бет-бейнесімен көрермен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазіргі қазақ биі дүние жүзі халықтарының алдыңғы қатарлы билерімен бой теңестіріп, қатар тұра алатын дәрежеге көтерілді.

Қазақ биі дүние жүзі халықтарының барлық билері сияқты «халықтық -сахналық билер» тобына жатады. Қазақ биі Қазақстан Республикасының оқу орындарында – хореографиялық училищелерде, мәдениет училищелерінде, мәдениет институттарында жеке пән ретінде арнаулы курс бойынша дербес оқытылады және хореографиялық білім беру саласындағы негізгі арнаулы пәндердің бірі болып саналады. Қазақ биін пән ретінде оқытудың алдына қойылатын міндеті – биші шәкірттердің бойында жоғары адамгершілік,туған халқына деген күшті мақтаныш сезімін, сондай-ақ халықтық билердің орындалу сипатын, стилі мен мәнерін көрермен көпшілікке әсерлі жеткізе білу қабілетін қалыптастыру, би билеу техникасын меңгеру, музыканың мазмұнын түсінуін қамтамасыз ету болып табылады.

Әрбір бидің тақырыбы не екенін, ондағы образдардың қандай болу керектігін оқып-үйрету барысында оқытушы ұстаз өзінің шәкірттеріне халқымыздың тарихы, тұрмыс тіршілігі, жалпы мәдениет дәрежесі қандай болғаны туралы тартымды да мазмұнды әңгімелер айтып беруі тиіс. Бұл ретте қазақ халқының музыкасына, саз өнеріне, поэзиясына, сөз өнеріне, бейнелеу өнеріне, өнердің өзге де қолданбалы түрлеріне баса назар аудару ұсынылады.

Бұл оқу құралы жалпы білім беретін мектеп-гимназиялардың - хореографиялық бөлімдері мен өнер мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған. Оқу құралы бағдарламасы 4 (төрт) жылға есептелген. Әрбір сабақ белгілі бір мақсаты мен міндеті бар бірнеше бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлім – бұл жеңіл қадам жасау мен жүгіру жаттығуы. Ол 3-тен 10 минутқа дейін уақыт алады. Оның мақсаты – балалардың назарын аударып, олардың сергек те іскер көңіл-күйлерін қалыптастыру. Бұдан басқа бала организмі үлкен дене еңбегі жүктемесіне дайындалады, тынысы «ашылып», дұрыс қан айналысы қалыптасады.

Сабақтың оқу- жаттығу бөлігі станоктың қасындағы жаттығулардан (басында 20-25 минут) және зал ортасындағы жаттығулардан ( 20-35 минут) тұрады.

1-ші жыл оқыту

Музыкалық қозғалыстың әліппесі

Сабақ балаларды бойлары бойынша бір қатарға тұрғызудан басталады. Балаларға денелерін қалай ұстау керектігін көрсету. Бірден-ақ алғашқы марш қозғалысымен музыкалылықты талап етеді.

Музыкалылықты дамыту үшін қозғалыстың метрлік-ырғақтық суретінен музыка сипатын көрсететін қарқынды қозғалысқа көшеді. Әмбебап қозғалыс – би қадамы мен оның үйлесімділігі. Оқушыларды музыкалық мөлшерлер: 2/4; 4/4; 3/4 көрсеткіштерімен таныстыру қажет.

Төрттен бір, сегізден бір, жарты және тұтастан тұратын ырғақтық (ритмикалық) суреттерді алақан соғу мен қадамдарды жасай білу. Балаларды музыкалық жанрдың сипатын (марш, вальс, полонез, полька) және оның қозғалыстағы көрінісін түсінуге тәрбиелеу. Сонымен бірге музыка ырғағымен бірге қадам жасауға үйретумен қатар балаларға, қозғалысты мәнді де сәнді етіп шығаратын дене сұлулығы туралы да ұғым беру қажет. Содан кейін неғұрлым күрделі суреттерді енгізу керек: екі-екіден, төрт-төрттен сап түзеп, бағытты өзгерте отырып, шеңбермен жүру, көлбеу бойынша, «жыланша» (змейка), «ұлуша» (улитка) жүру.

Балалар марш ырғағымен би қадамы жүрісінің дағдыларын жоғалтпай еркін түрде қайтадан сап түзейді, үш үлесті (полонез) мөлшерде, ұлттық би сипатында жүріп қимыл жасауға үйренген кезде, би образдарының этюдтық жұмысына көшуге болады.

Аяқтардың позициясы

Классикалық биде аяқтың бес позициясы болады. Бастапқы позицияны аяқтың бұратылғыш қалпын сақтамай залдың ортасында үйренеді.

Позицияларды үйренудің жүйесі: I, II, III, V, төртінші ең қиын позициямен оқушылар соңғы кезекте танысады.

I позиция. Аяқтардың табандары екі өкшесі бір-бірімен тақалып, еденде тіке сызық жасап, сыртқа қарай жайылған.

II позиция. Аяқтардың табандары тіке сызықты сақтап тұрады, бірақ өкшелер бір-бірінен табан қашықтығындай аралықта болады.

III позиция. Аяқтардың табандары бірінің алдында бірі айналып тұрады, яғни бір аяқтың өкшесі екінші аяқтың табанының ортасына тығыз тақалып тұрады.

V позиция. Табандар өздерінің айналған жағдайларын сақтай тұрып, бірін-бірі тығыз жауып, бір аяқтың тұмсығы екінші аяқтың өкшесіне тақалып тұрады.

IV позиция (соңғы кезекте үйретіледі). Табандар өздерінің айналған қалпын сақтай тұрып, табан ұғымдығы қашықтығындай жерде бір-біріне қарама-қарсы қатар тұрады және бір аяқтың ұшы екінші аяқтың өкшесіне қарама қарсы жағдайда болады.



Қолдардың позициясы.

Қолдардың позициясымен таныспас бұрын оқушыларға жоғарыға, төменге, алға және жанға қарай қозғалыс және осы бағыттардың айқындылықтары (мәнер) туралы түсініктерді айтып өткен жөн. Қолдар мағынасы және сипаты бойынша әртүрлі актерлік қимылдарды көрсетуге қызмет етіп қана қоймайды, ол сонымен бірге бидің техникалық мәнерлеп көрсетуі жөніндегі басты көмекшісі. Классикалық бидегі қолдардың позициясын классикалық бидің әдістемесі бойынша үйренеді.

Саусақтарды классикалық биде дұрыс және әсем топтастыру білекке көркемдік нысан береді.Саусақтар нәзіктікпен сүйірлендіріліп, үшінші саусақ пен бас бармақ бір-біріне жақын ұсталады – бас бармақ үшінші саусаққа тиер-тимес жағдайда болады.

Хореографтар қолдың дұрыс жағдайда болуы үшін көптеген әдістемелік құпияларды пайдаланады. Мысалы, кеңістікті қамту үшін I позицияда балаларға алдарыңда үлкен бір допты ұстап тұрғандай болып сезінуді ұсынады. Сол сияқты қолды стол үстіне қойғанда шынашақ пен шынтақ бір деңгейде тұрады, содан кейін қолды ауада, яғни алдыңа ұстап тұрасың. Саусақтарды дұрыс топтастыру үшін, қолдарды күштене алға созып, содан кейін бос ұстап, оларды жаю керек, осыдан кейін қайтадан бірге қосу қажет. Бас бармақты кезекпенен қалған саусақтармен жақындатып, бас бармақпен үшінші саусақтың қосылысын неғұрлым әсем жағдайда бөлек көрсету керек.

Қолдардың кез-келген қозғалысын дайындықты (әзірленген) қалыптан бастайды. Осындай жағдайда қолдарды қозғалыссыз төмен жіберіп, саусақтар сәл ғана иіліп, алақандар бір-біріне қарама-қарсы жағдайда ұсталады және қолдар денеден аздаған қашықтықта болады.

Қолдар I позицияда дөңгелектелген (жұмырланған) бастапқы қалпын сақтай отырып, кеудеден сәл ғана төмен, диафрагма деңгейінде мықыннан жоғары көтеріледі. I позициядан III позицияға, содан кейін II позицияны үйренеді.

III позицияда қолдар сопақша түрін сақтай отырып, алақандарды ішке қарай (өзіне) бұрып, бастың үстінде сопақша бейне жасап, жоғары көтеріледі.

Негізгі позициялардан басқа шағын позициялар да бар.

I шағын позиция қолдардың әзірлік қалпы мен I позиция арасында болады.

I шағын позиция II позиция мен әзірлік қалып аралығында.



Тарихи-тұрмыстық би

Бірінші (алғашқы) сабақтарда балаларға техника элементтері мен сауаттылық үйлесімі бар қозғалыстарды үйрету керек, сонымен бірге оқудың осы сатысында тарихи-тұрмыстық алғашқы жаттығулар процесінде алынған дағдыларды пайдалануға арналған қадам болып табылады, бұдан басқа ол белгілі бір деңгейде халықтық-сахналық және классикалық бидің негіздерін меңгеру үшін бишінің денесін әзірлейді.

Біз кіші топтың балалары үшін нағыз элементарлық би элементтерін береміз. Бал биінің қозғалыстары мен қолдар мен аяқтардың жағдайы классикалық билерге жақын болады, бірақ олардың өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Мысалы, бал биіндегі аяқтардың III,II,I және IV негізгі позициялары, IV позиция толық сақталатын реверанстардан басқасы өтпелі болып табылады (аяқтардың позициясы классикалықтарға ұқсас, дегенмен толық емес айналымдылық балаларға оларды меңгеруде жеңілірек болады).

Ескі тарихи-тұрмыстық билерде қолдар иықтардан төмен болады, II позициямен және әзірлік жағдайымен салыстырғанда шамамен 450.



По марше – (би адымы, жүру) – оның спорттық адымнан айырмашылығы,оң аяқтан бастап үйрену қажет. Қыздар етектерін ұстап, шынтақтарды шеңбер қылып немесе қолдары әзірлік жағдайы мен II позицияның арасында бастапқы жағдайда болады. Аяқтардың башпайлары адым жасағанда созылып бұрылуы қажет. Арқасын тік ұстайды. Басы сәл ғана кейін шалқайған.

Demi-plie жартылай тізерлеу (тізею), әзірлік тобы толық емес айналым қозғалысы жағдайында істеледі, ол тарихи-тұрмыстық бидің негізгі элементтері.



Жаттығу. Музыкалық мөлшер – 2/4. Demi-plie аяқтардың I және II позицияларында үйренеді. Қолдар әзірлік жағдайында.

1 такт тізе ию (тізе бүгу);

2 такт жағдай бекітіледі (тізелер екі жаққа қараған, аяқ табандары еденнен ажырамайды);

3 такт аяқтар жайлап түзетіле бастайды;

4 такт осы жағдай бекітіледі. Бұл ретте demi-plie орындаған кезде өкшенің ішкі бөлігіне және аяқтың бас башпайына күш түсіріп «тірек» жасамауды қадағалау қажет және мүмкіндігінше тізелер екі жаққа бағытталуы тиіс. Demi-plie әрбір позицияда 4 реттен жеке-жеке орындалады. Содан кейін әрбір қозғалысқа екі тактіден бекітілместен бірге істеледі.



Battements tendus – (толық емес айналым жағдайында) – бұл қозғалысты үйрену кезінде оқушылар айналымдылық, «жұмыс істейтін» және «тірек» аяқтары туралы түсінік алады.

Балаларға алдын-ала тұрқын (денесін) екі аяқтан бір аяққа-тірек аяғына ауыстыру техникасын көрсету қажет. Осы мақсатпен мынадай ойындық қозғалысына көшкен жөн. Балаларға еркін позицияға тұруды ұсынып, аяқтардың ұшымен су ішінде сияқты «бұлғап» шайқауды көрсету керек. Бұл ретте дене тұрқы еріксіз жұмыс істеп қозғалып тұрған аяқтан тірек қызметін атқарып тұрған аяққа ауысады. Осындай ойын қозғалысын орындағаннан кейін балаларға battement tendu қимылын орындау жеңіл болады.

Музыкалық өлшем – 2/4. Екпіні жәй. Бастапқы қалып - аяқтар III позицияда, екі қол – әзірлік жағдайында.

Оң аяқты бірінші ширекке сырғымалы қозғалыспен аяқтың ұшын еденнен ажыратпай және аяқтың алқымы мен башпайларды созып, қажет бағытқа бейімдеу керек. Бұл кезде дене тұрқы салмағының орталығы тірек аяғына ауысады.

Екінші ширекке- бастапқы жағдайға қайта оралады.

Әрине жеті жастағы балаларға алғашқыда бұндай жаттығуларды орындау оңайға түспейді. Тіпті жетекші өзінің аяғының алқымы мен башпайларын созып, аяғын бұрып көрсетіп, түсіндіргеннің өзінде де бұл жаттығудың қиындық әкелері сөзсіз. Сондықтан да бұл міндетті дұрыстап түсіндіріп, ұғыну үшін көмекші әдіске жүгінген жөн. Әуелі балаларға жұдырықтарын жұмып, содан кейін босатуды ұсыну керек. Осы әдісті бірнеше рет қайталағаннан кейін оларға аяқтың алқымын созып, башпайларын еденге бағыттап, қолмен істеген жаттығу сияқты табанды босаңсытуды ұсынған жөн. Осының нәтижесінде балалар аяққа күш түскенін, бұлшық еттердің ширыққанын сезінеді, бұл хореографиядағы көптеген элементтерді орындап, меңгерген кезде болатын қажетті жағдай.

Demi-plie мен battements tendusдің үйренген элементтерін бекіту үшін менуэт стиліндегі қозғалысты орындауды ұсынамыз.

Музыкамен жетектеу- менуэт сипатында. Бастапқы қалып - аяқтар III позицияда, қолдар-төмендетілген II позицияда жамбас бойында ұсталады.

Арт аяқта тұрған аяқ «бір» дегенде battement tendu көлбеу бағытымен орындайды (сол жаққа, алға). Сол қол жұмыс істеп тұрған сол жақ табанға қарай созылады.

«Екі» дегенде осы жағдай бекітіледі;

«Үш» дегенде бір мезетте demi-plieні орындап алға қарай III позицияда жабылады. Қол мен бас аздап төмен түсіріледі. Содан кейін осы қозғалысты арт жақтан III позицияда тұрған оң аяқ жасайды. Осы элементтерді кезектеп істеу ежелгі (көне) менуэт стилінде біріккен және үйлесімді қозғалыс жасап шығарады.

Балалардың осы элементтерді үйрену кезінде қуанышқа кенеліп, қанағат алатындықтары туралы сеніммен айтуға болады, өйткені олар осы элементтерден біртіндеп әдемі де шабыт берер бидің қалыптаса бастайтындығын көріп, сезінеді.



Pas degage - дайындық және байланысты қозғалыс.

Музыкалық өлшем бұрынғыдай. Бастапқы қалып – I позиция. Бұл қозғалыс балаларды тепе-теңдік сезіміне жаттықтырады, салмақ орталығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үйретеді.

Затакт –demi-plie. «Бір» дегенде оң аяқтың ұшын еденнен ажыратпай II позицияның бағытына бағыттайды және аздап бүкіл табан бойына төмендетіліп, дене тұрқының барлық салмағын өзіне аударады. Сол аяқ біртіндеп табанды еденнен ажыратып, battements tendus жағдайына көшеді, осыдан кейін бастапқы жағдайға оралады.

Pas degage сол сияқты оң және сол аяқтан алға және артқа орындалады. Алға және артқа қозғалысы кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшеге көтеріліп, IV позицияда қалады.



Қыздарға арналған тәжім ету (книксен)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Бастапқы қалып III позиция.

«Бір» дегенде II позиция жағына қарай оң аяқтан pas degage істейді. «Екі» дегенде сол аяқ сырғымалы қозғалыстан оң аяққа қарай тартылып, арт жағынан жарты башпайға қойылады және содан кейін тізе ию орындалады.

Тәжім ету (балалар үшін)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. бастапқы қалып - әдеттегі қалып. Екі қол еркін түрде дене бойында ұсталады.

«Бір» дегенде II позиция жағына оңға pas degage (қадам) істейді.

«Екі» дегенде сол аяқ оң аяққа қарай тартылады.

«Үш» дегенде – баспен жай иіліп тәжім етеді.

«Төрт» дегенде – бас өзінің алғашқы жағдайына қайта оралады. Осы қозғалыс сол аяқпен де орындалады. Балалардың арқаларын бүкірейтпей (имей) неғұрлым тіке тұрғандарын қадағалау қажет. Басты жеңіл ғана иген кезде мойынды бірге иіп, бүкіреймеу керек.



Pas glisse – сырғымалы қадам.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу гавот (орташа жылдамдықпен биленетін көне француз биі) сипатында. Бастапқы қалып – аяқтар I позицияда, қолдар төмендетілген II позицияда.

Затактіде – жарты башпайға көтерілу.

«Бір» дегенде - өкшені еденнен ажыратпай, сырғымалы қозғалыспен оң аяқты тіке бағытпен IV позицияға алға шығарып, жайымен бүкіл табанға түсіру.

«Және» дегенде сол аяқты жарты башпайға көтеріп, сырғымалы қозғалыспен I позицияға тартып алу, содан кейін қозғалысты «екі» деген сөзбен жалғастырып, сол аяқпен алға қарай pas glisse орындау.

Pas glisseні сол сияқты III позициядан да орындауға болады. Бұл ретте сырғымалы қадамның тым үлкен болмауын қадағалау қажет. Pas glisseні үйренгеннен кейін па галопты меңгеру жеңіл болады, өйткені бұл элемент бір аяқпен III позициядан орындалатын pas glisseнің өзі болып табылады.



Па польки

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу – «полька», жылдамдық-модерато (бір қарқынмен, асықпай). Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Қыздар етектерін ұстап, білезік сызығын бүкпестен шынтақтарын дөңгелентіп көрсетіледі немесе жағдайды дайындық және II позиция аралығында бекітеді.Балалар қолдарын белдеріне ұстайды.

«Және» затактісінде demi-plie орындалады және сол аяқпен секіріп түседі. Бір мезетте тізесінде, алқымында және башпайларында созылған оң аяқ алға (тірек аяғына қарсы) 300-қа көтеріліп, дене тұрқы басты сәл ғана оң жақ иыққа бұрумен оңға қарай қисаяды;

«Бір» дегенде аяқ жарты башпайға қойылып,

«Және» дегенде сол аяқ оң аяққа артқы жағынан тақала тартылып (міндетті түрде айналымда);

«Екі» дегенде – оңға қарай оң аяқпен шағын қадам жасалып, жартылай башпайға қойылады.Осы сәтте бір мезетте сол аяқ сәл ғана тізеден бүгіліп, оң (толарсақтан) тобықтан төмен тартылып жақындайды. «Және» деген сөзге оң аяқпен сәл ғана секіріп түсіп, сол аяқ алға қарай созылып, қозғалысты бастайды.

Па польки қозғалыстарының сипаты көңіл-күй және қозғалыс бойынша балаларға жақын тұрады. Дегенмен де бұл қозғалыстың өзіндік күрделі құрылымы бар: ол бір мезетте жұмыс істеп тұрған аяқты көтеріп және қайтадан еденге басумен жартылай башпайға секіріп түсуді біріктіреді, сондықтан да оны оқу жылының екінші жартысында үйренеді.

Классикалық би

7-8 жастағы балалар оқу жылының екінші жартысынан бастап классикалық бидің әліппесін оқып үйренеді. Екінші оқу жылының соңында олар станок жанында элементарлық (қарапайым) классикалық экзерсисті (жаттығуларды) меңгереді.

Ең бастысы, балалар классикалық би мектебін меңгерген кезде, олар өзіндік сезім қасиеттерін жоғалтпаулары тиіс. Бұл үшін жаттығуларды балалардың би тәжірибесімен байланыстыру қажет (қолдардың қозғалыстары, шағын секірулер, бейнелі қимылдар). Классикалық би мектебі айналымдылық элемент міндетті шарт болып саналатын аяқтардың позициялары мен қалыптарын оқып-үйренуден басталады. Айналымдылық дененің бүйірлік теңесулердің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, қозғалысқа кеңдік және ауытқу шегін береді, аяқтардың әсем сызықтарын көрсетеді.

Дейтұрғанмен, бұндай маңызды дағдыға қол жеткізу әсте жеңіл емес. Балалардың әсем және сауатты билеп шығулары үшін жетекшіге біраз тер төгуге тура келеді. Көп нәрсе аяқтар мен дене тұрқын қалай қоюға байланысты болады. Аяқтардың едендегі жағдайларымен ауада қалай ұстау керектігіне қол жеткізу үшін жамбастың, тізелердің және табандардың бұлшық еттеріне біраз күш түсіру қажет. Табандар бұруға тез ыңғайланады, сондықтан айналымдылықты саннан бастап тізе буындарына дейін күшейте отырып табандарды біршама еркін ұстау керек. Табанды айналымды жағдайда ұстау үшін аяқты жамбас-сан буынында белсенді түрде бұру арқылы қол жеткізуге болады. Кейбір тәжірибесіз жетекшілер өздері күткен нәтижеге қол жеткізу үшін сабақтың басында оқушылардан бірінші позицияның айналымдылығын талап етеді.Көптеген балаларда буындарының жұмсақ және серпімділігінің арқасында табандары айналымдылыққа тез бейімделеді. Бірақ аяқтың, санның, тізенің толық айналымдылығы туралы айтуға болмайды, сондықтан да осы тұрғыдан алғанда үнемі қателік пайда болады- аяқтар қалақ тәрізді жағдайда болады (тізелер мен сандардың айналымсыз кезіндегі табандардың айналымдылығы).

Классикалық биде би келбетінің қалыптасуына үнемі мән беріледі, әсіресе ол төменгі сыныптардағы оқушылар үшін, өйткені осы жаста қозғалыс тәжірибесінің негіздері қаланады.

Арқаның бүгілуін жою үшін образдық-ойындық әдісті қолдануға болады. Мысалы, жетекші балаларға мынаны ұсынады: «өте тар қуыстан бүйіріңмен өтуге тырыс» немесе «сенің денеңнің алдынан да артынан да екі тақтайдың арасында тұрғандай сезінуге тырыс» ж.б.


Станок жанындағы жаттығулар

Demi-plie – иілу, жиналу, ал классикалық бидің жаттығуы ретінде-жартылай тізе ию.

Жаттығу. Музыкалық мөлшер-4/4, жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып – станокқа қарап тұру, аяқтардың I позициясы, екі қол станоктың үстінде иықтардың кеңдігіндей аралықта жатады.

Аяқтар алғашқы екі ширекте, айналымдылықты күшейте отырып, балтыр-табан буынының шекті иініне жетіп, жайлап иіледі, тізелер аяқ басының айналымды жағына бағытталады.Табандар еденге жабысып тұрады, дене тұрқы тіке, жинақы.

Келесі екі ширекке «үш және төрт және» дегенде айналымдылықты және бұлшық ет күштерін сақтай отырып жағдайды бекітеді;

екінші ширекке «бір және екі және» дегенде екінші тактіде санның, табанның және тізенің бұрынғы бағытын сақтай отырып, аяқтар созылады.

Demi-plieні орындаған кезде оқушылар дене тұрқын алға қарай еңкейтеді, бұл дұрыс емес.

Қозғалыстың барлық сатыларында едендегі аяқ басының (табанның) жағдайын қадағалау қажет, бірінші башпайға салмақ салып, тіреуге жол бермеу керек. Дегенмен де аяқ басының дұрыс жағдайына қол жеткізу әсте оңай емес. Бұл үшін мына үлгіні пайдаланған жөн: таяқтан кері шегініп, қолдарын кеудеге қусырып, demi-plieде бірнеше рет аяқтан аяққа тұру, бұл ретте бүкіл табанмен еденге соққы жасау керек. Бірінші башпайға салмақты көп салғандар әдетте құлап түсіп, еденді қатты тебе алмайды. Балалар станок жанында жұмыс істеген кезде де бұдан әрі де (табанның) жағдайын түзей бастайды, дұрыс жағдайды сақтауға тырысады. Demi-plieні басында аяқтардың табиғи (қалыпты) қозғалысымен бір позициядан екінші позицияға (төрт реттен) ауыса отырып үйренеді, содан кейін battement tendu арқылы позициядан позицияға өтіп үйренеді.



Battement tendu– керіп, созылған қозғалыстар-аяқтың түгел тартылып, созылуын жаттықтырады; тізеде, аяқ алқымында және башпайларды, аяқтардың күшін дамытады.

Battement tendu шетке қарай

Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып – станокқа қарай тұрған сәттегі аяқтардың I позициясы.

«Бір және екі және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ өкшені алға қарап шығарып, еденде табанмен II позицияға сырғып, еденнен біртіндеп өкшесін көтеріп, аяқтың ұшымен сырғи отырып, шеткі нүктеге жетеді және аяқтың толық созылып, тартылуына қол жеткізеді (тірек аяғының жағдайы сол күйінде қалады, дене салмағы тірек аяғына түседі, иықтар мен сандардың бірдейлігі сақталады);

Екінші екі ширекке – «үш және төрт және» сөздерінде жағдай бекітіледі;

Екінші тактінің «бір және екі және» деген сөздерінде жұмыс істеп тұрған аяқ сырғыған қозғалыспен I позицияға қайта оралады, сөйтіп, келесі екі ширек бойында жағдайды бекітіп отырады.

Даярлық тобында қозғалысты I позицияда жай жылдамдықпен үйреніп, орындауды ұсынады. 4/4 мөлшерінде әуелі екі такт, содан кейін қозғалысқа бір такт орындалады. Battement tenduді меңгергеннен кейін оны 2/4 мөлшерінде ширектер бойынша бір қалыпты орындап отырған жөн. Қозғалысты алға қарай өкше бастайды, артқа қарай аяқтың ұшы. Battement tenduді оқытудың барлық сатыларында неғұрлым күрделі комбинацияларды үйреніп, бекітеді. Осы қозғалыстағы жаттыққан дағдыларды бекіту тек классикалық билерде ғана емес, халықтық-сахналық би қозғалыстарында да көрініс табады. Battement tenduдің комбинациялары әртүрлі. Әрбір педагог оқу бағдарламаларын балалардың жас ерекшеліктерін, олардың үлгерімдерін есепке ала отырып, бұл қозғалыстарға нұсқалар енгізуі мүмкін. Басында battement tendu бір жаттығудағы бір қалыпта сегіз қозғалыспен үйретіледі. Содан кейін бағыттарды алғы жаққа, артқы жаққа «айқыштап» үйлестіріп жасайды; Оқу жылының соңында балалар қозғалыстарды ширектер бойынша жиі жылдамдықпен орындай алады.



Каталог: uploads -> doc -> 022a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
022a -> Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет