«Выхилясник»
Орындаушы тірек аяғында шағын ыршып түседі және әрбір ыршып түскен сайын жұмыс аяғын бір жаққа бірде ұшына бірде өкшесіне шығарады.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–аяқтардың
6 позицисы.
«Бір» екі аяқпен сәл ғана ыршып, сол аяққа түсу, тізені бүгу. Бір мезетте оң аяқ сол аяқтан сәл ғана оң иықпен бұрылады. Бас оң иыққа қарай бұрылған. «Және» - үзіліс.
«Екі» дегенде тізені бүгіп, бүкіл табанмен екінші рет ыршып түсу, сол мезетте (бір уақытта) оң аяқтың ұшы қайда тұрса, сонда қойылады.
Дене тұрқы сол иықпен сәл алға бұрылады, бас оң иыққа бұрылады.
«Және» - үзіліс. Қимылды мынандай жағдайлар бойынша үйренеді:
айналымсыз табан жағдайы;
айналымды табан жағдайы.
Қазақ халықының сахналық биі
Екі қолдың негізгі қимыл-қозғалыстары
Шынтақ толқын – екі қолдың шынтақпен жасалатын толқын тәріздес қимыл қозғалысы.
Құс қанат – екі жаққа жайылған екі қолды екі шынтақтан біресе жоғары, біресе төмен көтеріп, түсіру арқылы бір мезгілдегі жатықта баяу қозғалыс жасай отырып, кәдімгі қанат қаққан құсты бейнелеу.
Домбыра шерту – кәдімгі домбыра шерту кезіндегі қозғалыс жасау.
Өрнек /сегіздік цифр тәріздес әшекейлер жасау/ - екі қолды мықынның деңгейінде ұстай отырып, алмакезек шеңбер жасап, айналдыра қимылдату.
Атшабыс
Қара жорға – екі адым еркін жүгіріс, содан кейін екі тізенің бүгілген қалпында қатарынан бірнеше рет жоғары секіру кезінде бір аяқты жазып алға, екінші аяқты жазып артқа созу қимылы.
Желдірме – екі аяқты тізеден 900 бүгу арқылы алмакезек көтеріп, желдірте қозғалу сияқты етіп секірген үстіне секіру.
Бүктелу
Бүктелуге тән негізгі қимыл-қозғалыс - екі аяқты алғашқы ұстау қалпындағы 4-ші түрден екі қолмен «жалын» жасау арқылы кейін қарай шалқаю болып табылады.
Айналма
Айгөлек 2 - бір орында бір аяқпен секіре айналу. Бұл кезде оған екінші аяқ сүйемелдей жанаса келіп кезек алады.
Тарихи-тұрмыстық би
Бұрылыспен істелетін па польки. Шеңбер бойынша бір жаққа 1800 -қа бұрылып істелетін соло.
Па гавота элементтері – pas eleve, pas chasse.
Па вальса соло.
Билер: «Сударушка», «Приглашение к танцу».
Үшінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар
Классикалық би қозғалыстарының негізгі қағидаларын білу. Батман тандюді алға, бір жаққа және артқа дұрыс орындау. Халықтық-сахналық би қозғалыстарын орындау қағидаларын білу.
Қарапайым орыс, украйн, қазақ билерін білу. Орыс биін мынандай қимылдарда білу: ауыспалы жүріс, «веревочка», тарсылдатып тебу, қарапайым «кілт», тарсылдату, ақсап басу.
Украйн биін мынандай қимылдарда білу: «бигунец», «веревочка», «дорожка проста», «дорожка плетена» «тынок».
Гавот элементтерін білу – pas eleve, pas chasse, balanse.
Төртінші жыл оқыту
Классикалық би
(Станокта жанында жасалатын жаттығулар)
Биде epaulement croise, efface бағыттарындағы қозғалыстарды пайдалану дене бұрылыстарының әртүрлі қалыпта бұрылыс жасауына мүмкіндік береді, балалардың билеу қабілеттерін тәрбиелейді.
Battement tendu pour le pied
Жаттығу. Музыкалық өлшем -2/4. Бастапқы қалып-I позиция.
«Бір және» дегенде жұмыс аяғы battement tendu қағидалары бойынша II позиция жағына созылады, ұшымен еденге қарайды, өкше өкшеге қарсы қойылады. «Екі» дегенде серпіліс қимылмен өкше еденге түсіріліп және «үш және» дегенде еденнен барынша жоғары көтеріліп, айналымдылық сақталады. Салмақ орталығы қимылдың барлық сатыларында тірек аяғында болады. Дене тұрқы жинақы ұсталады.
Battement tendu jete пике (pointe)
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–V позиция.
«Бір және» дегенде аяқ battement tendu jeteнің қағидалары бойынша бір жаққа 250 биіктікке ашылады, «екі және» дегенде ұшты соққымен созылған ұшымен еденге түсіріледі және сол сәтте қайтадан сол биіктікке серпіліп көтеріледі, «үш және» дегенде I немесе V позицияларға алға (артқа) жабылады.
Preparation rond de jambe par terre en dehors
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Бастапқы қалып-аяқтардың I позициясы, қолдар дайындық қалпында. Preparation (temps leve par terre) орындалады. Қол мен аяқ II позицияға ашылады. Қимылдың басында бас алға бұрылды.
Екі сегіз ширегіне «төрт және» дегенде аяқ II позициядан житық түрде айналымдылықты күшейте отырып доға бойынша артқа қозғалады. «Бір және» дегенде I позицияға келіп, бөгелместен «екі және» дегенде алға өткізіледі, содан кейін «үш және» бір шетке өтіп, айналуды аяқтайды. «Төрт және» дегенде қайтадан артқа қимыл жасайды. т.с.с. Қозғалыс екпіні I позицияда.
Rond de jambe par terre сегіз рет орындалады, соден соң екі қорытынды (соңғы) аккордқа аяқ I позицияға жабылып, қол өзінің бастапқы қалпына келеді, бас оң жақ иыққа бұрылады. Бұдан кейін барлық қимылдар кері бағытта орындалады.
900 releve Ient V позициядан барлық бағыттарда.
Бір бағытта әр аяқтан төрт реттен орындап, содан кейін әр түрлі бағытта екі қозғалыстан орындау керек.
Battement developpe – жайылып, дамитын қозғалыс.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Adagio жылдамдығы – баяу. Бір қимыл төрт тактіні алады. Бастапқы қалып-аяқтардың V позициясы, қол дайындық қалыпта. Preparation
«Бір және екі және» дегенде жұмыс аяғы алқымын қатты созып және еденнен ажыраған сәтте башпайлар sur le cou-de-piedге көтеріледі, бөгелместен және тірек аяғында сырғи отырып, тізеге дейін жетеді. «Үш және төрт және» дегенде жағдай бекітіледі. «Бір және екі және» (екінші тактінің) дегенде аяқ баяу ғана тирбушон жағдайына алға өтеді; «үш және төрт және» дегенде аяқ бұл нүктені бекітеді; «бір және екі және» (үшінші тактінің) жұмыс аяғы жайлап созыла бастайды. «Үш және төрт және» созылған аяқтың жағдайы бекітіледі. Соңғы, төртінші тактіде аяқ жайлап battement tendu арқылы V позицияға түседі. Қол дайындық қалпына қайта оралады.
Бұл ретте қимылдың барлық сатыларында тірек аяғы қозғалмай тұрып, иықтар мен екі сан бірдей деңгейде, ал жұмыс аяғы санның, тізенің, табанның айналымды жағдайы бекітіліп жасалады. Келесі де battement developpe бөгелместен, тек жағдай passe қимылын және 900-қа созылған аяқты бекітіп орындалады.
Releve жарты бақайда – балтыр–табан күшін дамытады және аяқтарды жартылай башпайларда жұмыс істеуге әзірлейді.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Жылдамдық – баяу. Бастапқы қалып аяқтардың I позициясы, станокқа қарап тұрады, қолдар иықтардың деңгейінде станок үстінде еркін жатады.
«Бір және екі және» дегенде өкшелер I позиция жағдайын сақтай отырып еденнен ажыратылады; «Үш және төрт және» дегенде жартылай башпайлар бекітіледі. Екінші тактінің «бір және екі және» деген сөздерінде дене салмағын сақтай отырып, өкшелер еденге түседі, I позицияның айналымдылығы бекітіледі.
Балалар үшін бұл қимыл біршама қиынға түседі. Көп реттерде балалар жартылай башпайларға көтерілмей бас бармаққа салмақ салып көтеріледі. Сондықтан да оқушыларға барлық башпайларды бос ұстап, тірек көлемін көбейту үшін жазып ұстау керектігін түсіндіру керек. Тек осындай жағдайда ғана балтыр-табанның икемділігі – алқымның иіліп – жазылуы жаттығады. Сол сияқты релеве II және V позициялардан да үйретіледі, әуелі бір позицияға төрт қимылдан, сосын неғұрлым жылдамдырақ сегіз қимылдан жасайды.
Allegro (секірулер)
Pas assemble – екі аяқпен екі аяққа түсіп секіру.
Pas assembleні бір жаққа үйрену. Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып – станокқа қарап тұрады, оң аяқ артқы жақта.
«Бір» дегенде demi plie орындалады, «және» дегенде екі аяқ та еденнен серпіледі, оң жұмыс аяғы сырғып 300–қа лақтырылады, сол аяқ күшті қимылмен жоғары көтеріледі; секіру кезінде екі аяқ та барынша созылған. «Екі және» дегенде аяқтар төмен түсу екпінін тежеп, ауада V позицияда қосылады – оң аяқ алдыңғы жақта және demi plieге түседі. Келесі тактінің «бір және» деген сөздерінен кейін тізелер жазылады. «Екі және» дегенде – жағдай бекітіледі. Pas assemble әуелі «бір» дегенде demi plieге жасалған екпінмен үйретіледі, содан кейін – төрттен бір ширекке екпін жасалады. «Екі» дегенде-demi plie орындалады, «және» дегенде – секіру, «екі» дегенде – demi plieге түсу.
Demi plieнің дұрыс орындалуын, жұмыс аяғының еденмен айналымды және қатты сырғуын, созылған екі аяқтың башпайлар арқылы еденге түсуін қадағалау қажет. Секіру қимылдарына жаңа элементтің: жұмыс аяғының V позициядан сырғып және қайта оралып 300 бойынша көтерілгенін түсінгендерінің маңызы зор.
Pas balance
(ортада үйретіледі)
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 3/4, баяу вальс жылдамдығымен. Бастапқы қалып - аяқтардың V позициясы. Оң аяқ алдыңғы жақта, қолдар дайындық қалыпта, бас оңға бұрылған.
«Үш және» дегенде V позициядағы demi plie. «Және» дегенде сол аяқ табанмен еденмен сырғып, II позиция жағына ашылады. Бұл кезде оң аяқ тізесін де созылып, қолдар сәл көтеріліп, II-позицияға ашылады, бас сол жаққа бұрылады.
«Бір» дегенде сол аяқ еденмен сырғып және қозғалысты бір жаққа ұзарта отырып, demi plieге көшеді оң аяқ sur le cou-de-piedге арт жағынан көтеріліп, дене иықтар мен сандардың бір деңгейде болуын сақтап, сол жаққа қисаяды, оң қол I позицияда жабылады, бас сол жақ бұрылысын сақтап қалады. «Екі және» дегенде оң аяқ сол аяқты алмастырып, жартылай башпайларға көшеді; сол аяқ шартты sur le cou-de-piedге көтеріледі. Бас пен дене сол жағдайын сақтайды. «Үш және» дегенде – сол аяқ demi plieге түсіріледі, оң аяқ артқы жағынан sur le cou-de-piedге көтеріледі. Содан кейін оң жаққа орындалады. Сипатталып бекітілген қимыл қателік жіберілуі мүмкін болатын негізгі тірек сатыларына назар аударуды қажет етеді. Мысалы, қимылдың ең бір әлсіз тұсы, теңселу сипаты болып табылып, оны балалар тек жақтан екінші жаққа теңселу деп қана түсінеді. Балалардың назарын demi plieге жартылай башпайлардан соң жоғары және төмен түсу сәтіне аударған жөн.
Халықтық-сахналық би
(станокта жасалатын жаттығулар)
Оқытудың бұл жылында үйренетін қимылдар жылдамдығы бірнеше тездетіледі, әсіресе балтыр-табанмен жұмыс істелу сәтінде. Балтыр-табанға арналған қимылдар тірек аяғында тізе ию, бағытты өзгерту, ырғақты суретті өзгерту және табанды тұмсығынан өкшеге бірнеше рет көшірумен бірге істеледі (battement tendu).
Тізе июмен (demi plie) аяқтың ұшынан өкшеге көшуді жалғастыратын қимылдар үлгісі.
Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда. Қолдардың дайындық қалпы-2/4. «Бір» дегенде қол өзінің дайындық қалпынан I позиция арқылы өтіп, бір шетіне қарай және сәл төмен ашылады (алақандар алға бағытталған);
«екі» дегенде қимылды жеңіл ғана дөңгелектеп, алға қарай шынтақтап бүгіліп, алақанмен мықынға жетеді. Қозғалыс орташа жылдамдықпен орыс биінің сипатында орындалады.
«Бір» дегенде – жұмыс аяғы battement tenduды орындайды;
«Және» дегенде тірек аяғында тізе иіліп өкшеге көтеріледі, содан соң қайтадан аяқтың ұшына қойылады, тірек тізесі түзетіліп, III позицияға оралады.
Жартылай башпайлармен бүкіл табанмен көтеріліп айналымсыз жағдайдан айналымды жағдайға көшірілетін бүгілген аяқтың бұрылыстары.
Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың III позициясы. Екі қол белде.
«Және» дегенде жұмыс аяғы айналымды жағдайда тізеден бүгіледі, кілт көтеріліп, аяқтың ұшы тірек аяғының тізе деңгейіне дейін жеткізіледі және бірден аяқ ұшын тізеден әкетпей айналымсыз жағдайға тізесімен ішке қаратып бұрылады. Аяқ алқымы созылған күйінде қалады.
«Бір» дегенде жұмыс аяғы бүкіл табанмен кілт төмен түсіріліп, VI позиция бойынша тірек аяғының табанының қатарына қойылады. Екі аяқтың ұшы да станокқа қаратылған;
«Және» дегенде жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, айналымды жағдайда бұрылады; аяқтың ұшы тірек аяғының тізесінен ажырайды;
«Екі» дегенде жұмыс аяғы айналымды түрде алдыңғы жақтан III позицияға түсіріледі;
«Және» дегенде қимыл қайтадан бір шетке және ішке қарай тізеден бұрылып басталады. Бұл қимылдар жамбас-сан, тізе буындарының күші мен қозғалыстарын дамыту үшін пайдалы. Қимылдардың жылдамдық және ырғақтық өзгерістері мүмкіндіктерінің арқасында орындаудың жылдамдығы мен ырғақтығын дамытады.
Айналмалы қозғалыстар
Еденде жұмыс аяғының ұшымен дөңгелете қозғалыс жасау (rond de jambe par terre).
Бұл ретте бірінші рет қиын түсуі көтеру жағдайы пайдаланылады (табан сырт жағымен сыртқа қараған, табанның сырт жағы төмен түсірілген, табанның ішкі жағы көтерілген).
Музыкалық өлшем-3/4. Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда, жұмыс аяғы артқы жақта.
Әзірлік. Бірінші ширекте қол бір жаққа жанға ашылады, екінші ширекке мықында жабылады, бір мезетте оң аяқ cou-de-piedге – тобықтың артқы жағынан көтеріледі.
«Және бір» дегенде жұмыс аяғы тізеден созылып, айналымсыз жағдайда еденмен тірек аяғының басы бойында станокқа бағыттала сырғып, біртіндеп өкшені еденнен аластата бастайды.
«Екі» және «үш» дегенде – жұмыс аяғы созылған алқымымен айналымды жағдайға көшіп, еденде шеңбер жасап, артқы жағынан IV позицияға өткізіледі.
2-такт. «Бір» дегенде жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, айналымды жағдайда табанның ішкі жағымен тірек аяғының тобығының арт жағына кілт қимылмен тартылады, алқымы созылған.
«Екі» - үзіліс.
«Үш» дегенде – жұмыс аяғы қимылды қайталайды. Жаттығу қайталанады.
Бұнда оқушылар қозғалыстың ең күрделі құрылымдарымен кездеседі. Бұл ретте ырғақтық күрделілік үйлесім табады (үш бөліктілік «екі» дегендегі істелетін тоқталыс және «үш» дегендегі затактілі қимыл). Қимыл бірінші рет табанды қырымен сыртқа қарай қисайтып орындалады. Оқушылардың қимыл міндетттерін жақсы түсінулері үшін оларды станокқа қаратып тұрғызып, VI позиция бойынша жұмыс істетіп, қисаюды және VI позиция бойынша аяқтарды алға шығаруды жаттықтыру қажет.
Өзбектің халықтық-сахналық биі
Қолдардың жағдайы
жағдай – саусақтары қосылып, қол ұшы мықында жатады.
жағдай – қолдың ұштары ортаңғы бармақтардың ұштарымен қосылып
немесе саусақтар бір-бірімен өріліп, мынандай жағдайда болады:
а) орындаушының иегінің астында, бұл ретте төмен қаратылған, шынтақтар шетке көтерілген, білезіктер тіке немесе біршама көтеріңкі.
б) оң жақ иықтан сәл жоғары, сол қолдың ұшы – оң қолдың ұшынан төмен, саусақтарымен жоғары қаратылған, алақан оңа бағытталған, оң қолдың ұшы төмен түсірілген, алақан оңға қарап, саусақтар төмен қараған, сол қолдың шынтағы көтеріңкі және оңға бағытталған.
3- жағдай – оң қол шынтақтан ұшына дейін алдыңғы жақта белде жатады, қолдың ұшы алақанымен сол жақ бүйірінде. Орындаушы өзін-өзі құшақтағандай болады. Сол қол: а) бастапқы жағдайда немесе II немесе III-позицияларда; б) шынтақтан бастап қолдың ұшына дейін белдің артынан сырт жағымен орналасқан.
4-жағдай - оң қол жоғары көтерлген, шынтақтар дөңгеленіп және оңға бағытталған, қолдың басы жазылып, алақанымен солға шеңберленген саусақтармен жоғары қаратылған. Шынтағынан бүгілген сол қол орындаушының кеудесінің алдында көлденең жатады, денесініе алыс ұсталып, қолдың басы шеңберленген саусақтармен оңға қаратылып алақанымен «өзінен» бұрылады. Қолдардың осындай жағдайларында саусақтарды сартылдатып орындауға болады. Бұл негізінде қолдардың бағыттары өзгертіледі.
5-жағдай – оң қол шынтақтан бүгілген, ұшы басына қойылып, құлақты алақанымен жауып тұрады, саусақтар артқа және төмен бағытталған, шынтақ оңға шығарылған. Сол қол II-позицияда болады (қолдардың бұл жағдайларының бәрі қыздар үшін).
7- жағдай (қыздар мен балалар) – оң қол шынтақтан ұшына дейін белдің алдыңғы жағынан қойылған, қолдың ұшы жазылған, алақанымен солға бағытталған, дөңгеленген саусақтар жоғары қарайды. Сол қол шынтақтан ұшына дейін белдің артынан сырт жағымен қойылады.
Қол басының (ұшының) қимылдары
Қолдың ұшын айналдыру – бір қолмен және бір мезетте екі қолмен орындалуы мүмкін; қолдардың кез-келген жағдайларында немесе бір жағдайдың екінші жағдайға көшкен кезде. Айналдыру көп реттерде «өзінен» кеірі істеледі.
Жаттығу. Бастапқы жағдай – қол бір жаққа көтерілген, қолдың басы (ұшы) жазылған, алақанмен «өзінен» кері бағытталған, дөңгеленген саусақтар жоғары қарайды, шынтақ шңберленген қолдың ұшы алақанмен «өзіне» қарай бұрылады, бірақ саусақтар жоғары қара йбағытталған күйінде қалады, қолдың басы саусақтарымен «өзіне» қарай, сосын төменге түседі; ұшы саусақтармен оңға бұрылып, сырт жағынана алға қарайды; қолдың ұшы дөңгеленген саусақтармен жоғары көтеріледі, алақанымен «өзінен» кері бағытталады, яғни бастапқы жағдайға қайта оралады.
Қолдардың ұштарын бір мезетте айналдырумен істелетін
бір жағдайдан екіншісіне көшу
Бұндай жағдайлардың әттүрлілігін үнемі жаңғырта беруге болады. Қолдардың I позициядан II позицияға ұштарымен «өзінен» кері айналдыру арқылы өтуі.
Жаттығу. Бастапқы жағдай – екі қол да I позицияда болады, шынтақтар бүгіңкі және төмен түсірілген, қолдардың ұштары жазылған, алақандарымен «өзінен» кері бағытталған, саусақтар дөңгеленіп жөғары қараған.
Қимыл қолдардың бастарын «затактіде» айналдырып бастап «бір» дегенде аяқталады. Музыкалық өлшем -2/4.
«Және» затактісі – қолдардың ұштары алақандарымен «өзіне» бұрылып, саусақтарымен «өзіне» төмен түседі, осы мезетте шынтақтар көтеріліп, екі жаққа жазылады.
«Бір» дегенде қолдар II позицияға ашылады. Осымен бір уақытта қолдардың ұштары айналмалы қимылды аяқтап, алақандарымен «өзінен» кері бағытталып, саусақтарымен жоғары көтеріледі.
«Және екі және» - үзіліс.
Саусақтарды сартылдату – сартылдату бас және ортаңғы бармақтардың көмегімен істеледі, басында бас бармаққа жабылып тұрған ортаңғы саусақ одан сырғып түсіп, оның жұмысақ бөлігіне барып созылады. Сартылдату әртүрлі және басқа да қимылдарман үйлесімді жағдайда орындалуы мүмкін.
а) қолдар I немесе II позицияда болады. Екі қолдың ұштары бір уақытта сартылдап көтереледі.
б) қолдар IV жағдайда болады: шынтақтан бүгілген оң қол басынан жоғары, сол қол шынтақтан бүгіліп, кеуденің алдында болады. Бас сол жақ иыққа қарай қисайып, оңға бұоылған, орындаушы көтерілген қолдардың астынан қарап тұрған сияқты болады. Қолдар өздерінің бағыттарын өзгертеді, осымен бір мезетте «бір» дегенде әрбір тактіде саусақтарды сартылдатып, қолдардың ұштары сырт жағымен «өзіне» бұрылады.
в) сартылдату бір қолмен көрсетілген позициялардың кез-келген жағдайында орындалады, бұл уақытта екінші қол басқа жағдайда болады.
Қолдардың қимылдары
Бір қолмен жасалатын шеңберлі қимыл. Орындаушы өзінің алдында қолымен шеңберлі қимыл жасап, оны II позициядан III позицияға және I позиция арқылы II позицияға өткізеді.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-3/4. Бастапқы жағдай аяқтардың III позициясы, оң қол II позицияда, сол қол өзінің ұшының сырт жағымен белдің арт жағынан қойылған.
«Және» затактісіне – оң қол II позициядан III позицияға көтеріледі, қолдың басы жазылған, алақанымен солға, саусақтарымен жоғары қараған.
«Бір» - оң қол бастың сол жағынан сәл төмен түседі, шынтақтан бүгіліп, оны төмен бағыттайды; қолдың басы жазылған алақанымен солға, саусақтар жоғары бағытталған.
«Екі» - оң қол қолдың ұшымен «өзінен» алақанымен жазылған.
«Үш» - үзіліс.
«Және» дегенде – оң қол өзінің ұшының сырт жағымен арт жақтан белге қойылады. Сол қол II позиция арқылы көтеріліп, «затактіге» істелетін оң қолдың қимылын қайталайды.
Біріктірілген қолдардың ұштарымен беттің маңында істелетін шеңберлі қимылы
Қолдардың ұштары 2 жағдайында болады, яғни саусақтарымен өріліп және оң иықтан сәл жоғары орналасады, сырт жағымен бетке бағытталған. Қолдар саусақтарды ажыратпайтын беттің маңызды айналмалы қимыл жасайды.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4.
«Бір» дегенде – сол қолдың шынтақтары солға көтеріледі, оң қолдың шынтағы төмен түседі, қолдардың ұштары ажыратылмастан иектің астынан сол иыққа дейін өткізіледі.
«Және» дегенде – сол қолдың шынтағы мен білезігі көтеріледі, қолдардың ұштары сол жақ беттің бойымен жүргізіледі.
«Екі» дегенде – оң қол беттің алдында көтеріледі және қолдардың ұштары ажыратылмастан орындаушының басының үстінен оңға өтеді, екі қолдыңда бүгілген шынтақтары екі жаққа бағытталған.
«Және» дегенде – сол қолдың шынтағы мен білезігі оң иық жағынан төмен түсіріледі, қолдардың ұштары бастапқы жағдайға оралады. Қимыл жатық, бірге, тоқтаусыз істеледі.
Иықтардың қимылдары – қыздардың биінде иықтардың қимылы сәл айқындау, жұмсақ, назды болып келеді, балалардың биінде ол – біршама кілт қимылды болады.
Бастапқы қимылдары – басты бұрмай жанымен қимылдату. Бұл қимыл мойын бұлшық еттерінің көмегімен оң жақ иықтан сол жақ иыққа және кері бағытта орындалады. Әртүрлі жылдамдық пен ырғақта және өте нәзік, елеулі түрде иықтан-иыққа көшу кездерін бекіту арқылы істеледі. Бастың жанымен қозғалуы әрдайым бидің мазмұнымен айқындалып отырады және тиісті қимылмен үйлесім табады.
Бір орындағы жүрістер мен қимылдар
Бір аяқтан жүру (ерлер мен әйелдер). Тактінің күшті бөлігінде орындаушы сол аяғымен алмасып басып, оң аяқтың табанынан орта жағында жартылай башпайлармен түседі. Осыдан соң орындаушы оң аяғымен алға бүкіл табанмен шағын қадам жасайды.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4 немесе 6/8. Бастапқы жағдай – аяқтардың VI позициясы.
«Бір» дегенде орындаушы соққы жасап, тізеден сәл ғана бүгіп, жартылай башпайларында оң аяқтың табанының орта шамасына әкеліп қояды, тізе мен аяқтың ұшы алға бағытталған.
«Және» дегенде – оң аяқтың бүкіл табанымен алға қарай шағын қадам жасау, тізе бос ұсталады. Сол аяқ тап сол жағдайда болады.
«Екі» дегенде – «бір» дегендегі сияқты сол аяқпен қозғалыс.
«Және» дегенде – «бір және» дегендегі сияқты оң аяқпен қадам.
Жүріс бір аяқтан аздап алға, бір шетке, артқа қозғалумен орындалады, сол аяқ орында тұрып бұрылыспен де істеледі.
Ауыспалы жүріс
Ауыспалы жүрістің бірінші және үшінші қадамдарын бүкіл табанмен орындайды, екінші қадам- төмен жартылай башпайлармен.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4 немесе 6/8. Бастапқы жағдай – аяқтардың VI-позициясы.
«Бір» дегенде- оң аяқтың өкшесінен бүкіл табанмен алға қадам жасау, тізе бос ұсталады.
«Және» дегенде – сол аяқ төмен жартылай башпайлармен оң аяқтың табанының ортасына қойылады, тізе сәл бүгіңкі болады.
«Екі» дегенде – оң аяқпен бүкіл табанмен алға шағын қадам жасау, тізе бос ұсталады.
«Және» дегенде – үзіліс.
Қазақ халқының сахналық биі
Бұған дейінгі материалдарды пысықтай түсіп, жетілдіре меңгеру.
Тарихи-тұрмыстық би
Мәнерлі вальс – па балансе, па вальса (жеке) соло, до за до, па де баск.
Төртінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар
Классикалық би мектепте талап ететін негізгі дағдыларды меңгеру. Қимыл би кейпін, айналымдылықты сақтай орындау, табан қимылын меңгеру. Станок алдында экзерсисті дұрыс орындай білу. Қимылды музыка сипатында – дәл, орнықты, баяу, жатық орындау.
Халықтық-сахналық бидің қимылдарын сол бидің сипатын сақтап, сауатты және мәнерлі орындау.
Орыс және украин билерінің жыбырлағыш (тырп-тырп еткен) қозғалыстағы дағдыларын меңгеру (ер балалар үшін).
Қазақ билерін, ер жүрек (ер балалар үшін) билерді орындай білу, қолдардың икемділігін, бас пен дене икемділігі дағдыларын меңгеру (қыздар үшін).
Тарихи-тұрмыстық би бөлімі бойынша бірқатар вальс қимылдарын орындай білу: вальс до за до, pas de basque, pas balance. XVIII және XIX ғасырлар стиліндегі билерді ажырату.
Қорытынды
Жалпы хореографияның барлық бағдарламасы балалардың мәдени және тарихи білімдерін кеңейте түсуге, олардың рухани жан дүниесін және саулығын, адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін дамытуға бағытталған.
Кез келген ғылымның, соның ішінде өнердің өзіндік лексикасы болады. Бір кезде тарихи-тұрмыстық деңгейден бастау алған би өнері қазір өзінің шарықтау шыңына шықты деуге негіз бар, бірақ ол әлі де жан-жақты дамып келеді. Білім берудің мақсаттары заманның талаптарға сәйкес жаңара түскен қазіргі заманда би өнерін оқытып-үйретудің де жаңа талаптары қойылуда. Бұл егемендік алып, тіліміз мемлекеттік тіл болып ресми түрде танылған кезеңде ана тілінде білім алатын осынау ұрпақ тәрбиесінде де ерекше орын алары сөзсіз.
Ұсынылып отырған оқу құралында классикалық, халықтық-сахналық және тарихи-тұрмыстық билердің негізгі элементтері, орындалу ерекшеліктері, үйрету әдістері қазақ тілінде берілді.
Оқу құралында классикалық терминдер шығу тектеріне байланысты француз тілінде қалдырылды.
Қорыта айтқанда бұл оқу құралын біз стандарт ретінде емес, көмекші құрал ретінде ұсынып отырмыз. Үнемі ізденіспен жұмыс істейтін педагог-хореографтар оқу-құралын пайдалана отырып, оны жекелеген ерекшеліктерге сай дамытуларына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |