Ер кісілердің сәлем беруі – екі қолды кеудеге, жүрекке басады.
Әйелдердің иіліп сәлем беруі – бір тізерлеп отырып, екі қолды тізесіне қояды.
Екі қолдың негізгі қимылдары
Қол қимылы айналма – екі қолдың екі басы білезік буын тұсынан өзінен әрі қарай және кері қарай бүктетіле айналады.
Қол сілтеу – екі қолдың екі басын жоғарылы-төменді сілки сілтеу.
Жалын – екі қолдың басы емін-еркін ұсталып, алма кезек жоғары сілтей көтеріледі де екі шынтақтың алма кезек төмен түрілуі арқылы қайталанады.
Жүріс түрлері
Қарапайым негізгі жүріс – екі тізені орташа бүгіп, кеудені тік ұстап, екі табанды толық басып жүру.
1.аӨкшеден басталатын қарапайым жүріс
Бір жақ бүйірге қарай ең қарапайым жүріс - бір аяққа орташа тізе бүгу арқылы салмақ салып, алдыңғы, жетекші аяқты тізеден әрі қарай созып, табанын тірей басқан кезде тоқтатып барып жасалады.
Бірінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар
Оқу жылының соңына қарай, 7-8 жастағы мектеп оқушысы музыка тактісіне дұрыс өту, сымбатын сәнді сақтау және аяқтың ұшынан өкшесіне қарай жеңіл адымдау дағдылары мен білімдерін меңгеріп шыға алады. Актерлік мәнер дағдысы, би адымында мысық, құс, түлкі, қоян, аю қимылдарын бейнелей білу шеберлігі болуы; көңілді, мұңаю сияқты эмоциялық көңіл-күй образдарына ене білуі; өзінің ұлттық биінің, қимыл-қозғалысының, жүгірісінің, орыс биі элементтерінің негізгі белгілерін меңгеруі қажет.
Мынандай қимыл-қозғалыстарды білуі тиіс: жанға қарай адымдау, дыбыстап адымдау, бұрып адымдау. Ауыстырып адымдауды орындай алу. Классикалық бидің аяқ, қол позициясын; port de brasның екі дайындықты түрін дұрыс орындай білу. Білім алудың бірінші жылының соңында оқушы қазақ биінен этюд, полька бойынша және секіруге құрылған көңілді польканы, тарихи – тұрмыстық биді орындай білуі керек.
Екінші оқу жылы
Хореографиялық қимыл-қозғалыстарды еркін меңгеру үшін 9-12 жас аралығындағы балалардың жас ерекшелігін ескерген дұрыс. Физиологтардың айтуынша, балалардың дене тұлғасының дамуы осы жас ерекшеліктерінде жеделдейді. Олар тез өседі, қозғалыс шапшаңдығы мен күші ұлғаяды, тепе-теңдігі жетіледі.
Бұлшық ет терілерінің сезімталдығын оқушы тұлғасының, аяқ қолының бүгілуін майысуымен, басының иілуін бұрылуымен байланысты қозғалыс қимылдарды дәлірек орындауына мүмкіндік береді. Осы жас ерекшеліктерінде координацияларды кеңістік дәлдігін, тепе-теңдік сезімін, майысуын, күшін және т.б дағдыларды талап ететін қимыл қозғалыстарды меңгеру өте тиімді.
Музыкалық қимылдың әліппесі
Оқушыларды музыкалық қозғалыстың элементтерімен таныстыру, даярлық топтарының балалары сияқты марш музыкасымен және би адымына жаттықтырумен басталады. Күштірек үлесті акцентпен топтық адымдау (төрт және үш қадам бойынша) тәжірибесі би адымдарының түрлі құрылымын түсінуге балаларды итермелейді. Мәселен, полькалар мен вальс музыкаларының сипатын түсіне білу, олардың ырғақтарының алуандылығы – жүйелі сабаққа себепші болады. Музыкалық би дағдыларын одан әрі меңгеру классикалық, ұлттық би жаттығуларына кең жайылуы керек.
Қосымша қойылатын талаптар: қозғалысты не шапшаң, не бәсең етпей белгілі бір қарқынмен сақтай білу. Музыкамен қозғалуды қалыпты түсіне отырып, оны соңғы фразасымен сақтай білу.
Классикалық би
(станок алдында жаттығу)
demi-plie, battement tendu, demi ronds de jambe, ronds de jambe par terre қозғалыстары дене тұрқын, аяқтарды, қолдарды және басты қою қозғалыстарын даярлық тобына арналған қозғалыстарды сипаттауда берілген деректер бойынша оқып-үйренеді. Бұл жастағы оқушылар станокқа бүйірімен тұрып қозғалыстарды үйренуге неғұрлым тезірек көшеді (2-жарты жылдықтан бастап).
Battement tendu jete – I позициядан V позицияға ырғып, керіліп-тартылған қозғалыс жасау, олар аяқтарымен ауада тартып ұстауға бейімдейді, жамбас-сан буынының күйін, жеңілдігін, қозғалғыштығын дамытады.
battement tendu jete әуелі I позициядан, содан кейін V позициядан үйретіледі, басында станок алдында тұрып, содан кейін станокты бір қолымен ұстап тұрып үйренеді.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4, жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып-станокқа қарап тұрады, аяқтар I позицияда.
«Бір және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ сырғымалы ырғып 250 биіктікке көтеріліп, II позиция жағына ашылады.
«Екі және» дегенде созылған башпайлармен еденге тиіп, I позицияда сырғымалы ырғумен жабылады. Қозғалыс басында үзіліс жасап үйретіледі.
«Бір және» дегенде сырғып ырғу орындалады, «екі және» дегенде жағдай бекітіледі.
Екінші тактінің «бір және» деген сөздерінде аяқ I позицияға жабылып,
«екі» дегенде жағдай бекітіледі. Басында бір бағытқа сегіз қозғалыс, содан кейін төрт қозғалыстан – мысалы, бір шетке және алға орындалады. Оқу жылының – соңында балалар бір қолдарымен станокты ұстап, бұл қозғалысты барлық бағытта орындайды.
Sur le cou-de-pied – жұмыс істеп тұрған аяқтың (жұмыстағы аяқтың тірек аяқтың тобығында алдында, артында) жағдайы.
Sur le cou-de-piedнің екі түрі бар: «шартты» және «құлашты», олар табан және башпайлардың тірек аяғының алдындағы cou-de-piedмен ерекшеленеді.
Sur le cou-de-pied – «шартты»
Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып- станокқа қарап тұрған V позиция, оң аяқ алғы жақта. Алғашқы екі ширекке оң аяқтың көтеріле түскен өкшесі өзінің айналымдылығын сақтай отырып, бүгілген тізені шет жаққа бағыттайды, аяқтың ұшы төменгі бағытқа созылып, тобықтан сәл жоғарырақ жағдайға жетеді. Келесі екі ширекте sur le cou-de-pied бекітіледі. Содан кейін табан екі ширекке серпімелі түрде V позицияға түсіріледі (аяқтың ұшы өкшеге қарсы), екі ширек-жағдай бекітіледі. Тап осы жаттығу арт жақта тұрған аяқпен V позициядан орындалады.
Мынандай типтік қатені есте ұстаған жөн: sur le cou-de-pied қозғалысын алға орындаған кезде өкше тірек аяғына тақалады, сөйтіп көтеруді істеген сияқты болады, ал артқа қозғалған кезде – башпайлар бір-біріне тақалып, осының салдарынан табан қисаяды. Осы қателікті болдырмау үшін балаларға sur le cou-de-pied қозғалысы кезінде башпайлар алдыңғы жақта тірек аяғының тобығына жетер-жетпес жағдайда болып, ал өкшені біршама алға шығаратындығын түсіндіру қажет.
Артқы жағдай кезінде бәрі керісінше болады: өкше тобыққа жетер-жетпес жағдайда болып, аяқ ұшы сәл ғана артқа шығарылады.
Sur le cou-de-pied–«құлашты»
Жаттығу. Музыкалық өлшем - 4/4. Бастапқы қалып –V позиция, станокқа бетімен қарап тұрады, оң аяқ алғы жақта. Бірінші және екінші ширекке оң аяқ жамбас-сан бұрышында еркін қозғалыспен тізені бір жаққа шығарып, өкшені тірек аяғының тобығынан сәл жоғары әкеліп тақайды, аяқ ұшы артқа шығарылады. Содан кейін екі ширек бойынша жағдай бекітіледі. Келесі екі ширекте аяқ V позицияға қойылады және екі ширекте жағдай бекітіледі. Бұл қозғалыстың бойында тірек аяғының тобығын «тірек» ретінде пайдаланып, тобықты қапсырған башпайларды артқа шығару сәті бар.
«Шартты» sur le cou-de-pied үйретілетін көптеген қозғалыстарда үзіліссіз және аяқтарды алмастыру арқылы пайдаланылады (pas de bourree). «Құшақты» яғни қапсырмалы sur le cou-de-pied жамбастың күші мен серпімелілігін жаттықтырады, өйткені бұл қозғалыс жамбас пен тізенің айналымды бұрылысын сезінуге көмектеседі.
Battement fondu еритін, ағатын батмандар- аяқтардың икемділігін, серпімділігін және күшін дамытады, қозғалыстарға жатықтық береді. Battement fondu станокқа қарап тұрып, II позиция бағытында үйретіледі, станокты бір қолымен ұстап тұрып, басында аяқ ұшымен еденге бағытталып, содан кейін 450қа көтеріледі.
Battement frappe – соққылайтын қозғалыс, аяқтың күшін, жеңілдігін, жылдамдығын дамытады және тізе буынының ширақтылығын дамытады. Қозғалысты жаттығып үйрену аяқты екінші позицияға шығарып (аяқтың ұшымен еденге), станокқа қарап тұрып жаттығудан басталады, содан кейін алға және артқа істейді.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы, станоққа қарап тұрады.
Бірінші тактіге жұмыс аяғы айналымдылықты күшейте отырып, иіледі және жеңіл соққымен толарсақты алдыңғы жағынан қапсыра қамтиды. Екінші такт – осы жағдай бекітіледі. Үшінші такт – санның айналымдылығын сақтай отырып, аяқ сырғымалы қозғалыспен бір шетке қарай қатты созылады, төртінші такт – жағдай бекітіледі, бесінші такт – жұмыс аяғы иіледі және жеңіл соққымен тірек аяғының тобығына қойылады, алтыншы такт – жағдай бекітіледі. Жетінші такт – табан V позицияға түсіріледі, сегізінші такт – жағдай бекітіледі. Содан кейін battement frappe бір бағытта төрт реттен орындалады.
Жыл соңында battement frappe алға және артқа қарай орындалады, қозғалыс жағдайларды бекітумен баяу орындалады.
Temps releve par terre (rond de jambe par terre preparation) (дайындалу) – аяқтар мен қолдардың және бастың жұмысын үйлестіруді дамытады.
Releve lent 450 қа бір шетке қарай, станокққа бүйірімен тұрып үйретіледі.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Жылдамдық – adagio (жайбарақат, баяу). Бір қозғалысқа 2 такт кетеді. Бастапқы қалып аяқтардың I (V) позициясы.
Бірінші тактінің екі ширегі – battement tendu. Екі ширек - аяқты 45-900 қа жайлап көтеру. Екінші тактінің бірінші (алғашқы) екі ширегіне аяқты ұшымен төмен түсіріп, соңғы екі ширекте I және V позицияларда жабылады.
Бұл қимылды (қозғалысты) үйрену барысының бірінші сатысындағы ең көп таралған қате – жұмыс аяғын тізесімен алға қарай еріксізден бұрып және тірек аяғын ию. Тірек аяғы қозғалмай тұруы тиіс, иықтар мен сан бірдей деңгейде болуы қажет. Сонымен бірге, созылған екі аяқты да айналмалы жағдайда ұстау міндеті бар. Алғашқы сатыда тірек және жұмыс аяғының жағдайын өзгертпеу үшін аяқты аз ғана биіктікке көтеруге болады. Бұдан кейін негізгі дағдыларды меңгеріп болған соң ақты 900 -қа көтеру жеңілге түседі.
Станокқа қарап тұрып, I -позицияда денені артқа ию (майысу)
Жаттығу. Музыкалық өлшем -3/4, музыка сипаты – баяу, жай ғана. Әрбір қимылға (қозғалысқа) екі тактіден.
Артқа қарай майысуды жай, иықтардың бірдей қалпын сақтай отырып орындаған жөн. Қимылды (қозғалысты) иықпен бастайды, оңға бұрылған бас дене тұрқының артқа қарай иілуін ұстап тұрады, тізелер созылған жағдайда, сандар қозғалмайды. Балалардың қолдарының «тартылмауларын», бастарын артқа шайқалтпауларын, екі аяқты дәл бұруларын қадағалап тұру қажет. Бастапқыда дене тұрқын артқа иіп майыстыруда амплитуданы, яғни теңселу шегінің үлкендігін талап етпеу керек.
Денені бір шетке қарай ию (майыстыру).
Бастың оңға және солға бұрылған сәтіндегі қырынан қарағандағы жағдайын бақылаған жөн. Иілу белден емес, кеуденің жоғарғы жағдайында болады.
Allegro (секірулер)
Станокқа қарап тұрып, I-II-III позициялар бойынша Temps leve saute. Әзірлік тобы. Қосымша үйретіледі:
Pas echappe II позицияға – «саңылау» жасап секіру. Бастапқыда станокқа қарап тұрып үйренеді. Музыкалық өлшем -2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы, бас оңға бұрылған.
«Бір» дегенде – demi-plie, бас алдыңғы жаққа бұрылады, «және» дегенде екі аяқ та еденнен қатты серпіліп, аяқтың алқымы мен башпайлары созылып, ауада V позицияда биік секіру бекітіледі. «Екі» дегенде төмен түсу екпінін тежей отырып, аяқтар барынша созылады және айналымдылықты күшейте отырып ашылып, II позицияда demi-plieдеге түседі. «Және» дегенде аяқтар бұлшық еттерді босаңсытпай еденнен қатты серпіліп, секіру үстінде ауада II позицияда бекітіледі. «Үш және» дегенде барынша созылған аяқтар төмен түсу екпінін тежей отырып, айналымдылықты күшейтіп, секіруді demi-plieнің V позициясында аяқтады – сол аяқ алдында, басты оң жаққа бұрады; «төрт және» дегенде – тізелер созылады.
Pas echappe секіруі неғұрлым күрделі дағдыларды, мысалы, айналымдылықты, секіру биіктігін талап етеді, ол орындаушыға екі қимылды (қозғалысты) істеуге көмектеседі – ауада V позицияны сақтауға, содан кейін II позицияда жерге түсуге және оны керісінше істеуге. Бұл ретте өкшелер мен тізелердің жағдайларын қадағалау қажет, дене тұрқының алға, сол сияқты артқа қисаюының алдын алған абзал.
Pas couru – жартылай башпайларда бүлкілдеп жүгіру. Оны қыздар орындайды. Қозғалыс басында бір орында, содан кейін алға жүріп орындалады. Бұл реттегі басты міндет – аяқтардың үзіліссіз қозғалысы кезінде дене тұрқының қозғалмауын сақтау. Бас жоғары қарай көтерілмеуі төмен түспеуі де тиіс.
Pas couru VI позиция бойынша үйретіледі және осынысымен қалған классикалық қозғалыстардан ерекшеленіп тұрады. Жарты башпайларда алға және артқа орындалады. Оны станокқа қарап тұрып та және сол сияқты ортада тұрып та үйренеді.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың VI позициясы. Екі қолдың саусақтарының ұштарымен етекті ұстайды немесе төмендетілген II позицияда болады, алақандар еденге қаратылады.
Plie және жарты башпайларға тұру. «Және» затактісі – оң аяқ жұмсақ қимылмен еденнен сәл ғана ажыратылады. «Бір» дегенде бірден тізесінде соғылып, қайтадан орнына әкелінеді. «Және» дегенде осы қимылды сол аяқ істейді. Жаттығу бастапқыда баяу істеледі, содан кейін аяқтар қимылдарының үзіліссіз жұмыс істеуіне қол жеткізіп, тез жылдамдықпен істеледі.
Халықтық-сахналық би
Халықтық-сахналық би сабағы екі бөлімнен тұрады: станок жанында және ортада жаттығу.
Халықтық-сахналық бидің жаттығулары, классикалық бидегі сияқты буын-бұлшық ет байланысын аппаратын дамытатын күрделілене түсетін қозғалыстар ұстанымы бойынша құрылған. Олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылады. Аяқтардың, қолдардың классикалық позициялары, дене тұрқының жағдайы меңгерілгеннен кейін, оқушыларды орыс, белорус билерінің элементтерімен таныстырғаннан соң оқу жылының екінші жартысынан бастап станок жанында жаттығуға көшуді ұсынуға болады.
Станок алдында қозғалыстар жасауды үйрене жүріп, оларды қайталап, қателіктерді жоя жүріп, оқушы бұдан әрі оның творчестволық жұмысына негіз болып табылатын қажетті дағдылар мен білімді біртіндеп меңгере бастайды, өйткені қозғалыстың бұл негізгі элементтері одан әрі үйлесін тауып, түрленеді, сөйтіп, би суреттері мен ырғақтарының әртүрлілігін жасайды.
Станок алдындағы жаттығу
Қолдың әзірлік қимылы; қол өзінің әзірлік қалпынан I позиция арқылы II позицияға және IV позицияға жабылады (беліне).
Жартылай тізе бүгу (ию) және терең тізе ию – I,II және III позициялар бойынша.
Гран плие (классикалық бидің)
Төмен қарай қимыл жасаған кезде өкшелердің еденнен ұзақ ажырамауын және жоғарыға қайта оралған кезде жылдамырақ төмен түсуінің маңызы зор. Гран плиенің негізгі қағидалары түсінікті болғаннан соң бұл жаттығуға халық биінің сипатында көшкен жөн.
Халықтық-сахналық биді үйретудің бірінші жылында жартылай тізе ию бір терең жартылай тізе бүгумен (бір реттен немесе I,II,III позициялардың әрқайсысында екі реттен).
Табанның жылжымалылығын дамыту жаттығулары (батман тандю) – табанды өкше қырына ауыстырып, аяқты ұшына созу (алға, бір шетке, артқа).
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Жылдамдық өлшемі – баяу. Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда. Қолдар белде.
Сырғымалы қозғалыспен (батман тандю) аяқ бір шетке қарай созылады, содан кейін ұшымен жоғары көтеріліп (көтеруді қысқарту жолымен) өкшенің (тақаның) қырына қойылады, осыдан соң қайтадан созылып, ұшына қойылады. Бұдан кейін батман тандюдің қағидалары бойынша V позицияда жабылады. Қозғалыс басында бір шетке қарай, сосын айқышталып орындалады, бұдан соң тірек алдында тізе ию қосылады.
«Жіпке» әзірлену. (Подготовка к веревочке)
Ашық жағдайда аяқ бойынша сырғу.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып – аяқтар III позицияда, станокқа қарап тұрады.
«Және» затактісі – оң аяқ тізеде бүгіліп, 900 биіктікке кілт көтеріледі, бұл ретте созылған табан (аяқ басы) башпайларымен төменге бағытталып, сол аяқтың тізесінен сәл алда болады.
«Бір» дегенде – табанмен толық III позицияға түсіріледі.
«Және» дегенде оң аяқ тағы да пасса (жүріп өту) жағдайына көтеріледі және тірек аяғының бойымен жылжи отырып, бүкіл табанмен арт жағынан III- позицияға еденге кілт түсіріледі.
Оқушылардың жұмыс аяғын көтерген кездерінде «шартты» ку де пьені өтіп, аяқты тізенің ортасына дейін төмендетпей, дәл «аяқ» бойымен арт жағынан III позицияға түсірмеулерін қадағалаған жөн.
Тап осы қимыл тірек аяғында сырғымалы шабыспен орындалады, бұл кезде яғни шабыс кезінде жұмыс аяғының табанының тірек аяғынан алшақтауын қадағалау керек.
Орыстың халықтық-сахналық биі (ортада жаттығу)
Жүрістер
Бұл – алға және артқа жылжумен жасалатын қарпайым қадам. Қарапайым қадам аяқтың ұшынан өкшесіне қарай шеңбер бойынша жаттықтырылады, содан кейін суретте жасалады. Дене тұрқы жағдайынан бақылап, жүрістің жатық түрде ешбір түрткісіз орындалуын қадағалау керек. Қозғалысқа (қимылға) қолдарды қалыптан белге II позицияға шығарып сән беруге болады.
Алға қозғалып, қолдардың, дененің, бастың қимылымен істелетін ауыспалы жүріс. Алғашқы үш қадамға қолдар алға қарай және бір шетке қарай ашылады, келесі үш қадамға қолдар шеңберлі қимылмен шынтақтап беліне бүйірден келіп жабылады, бұл ретте шынтақ үнемі бір дегенде және бір бағытта ұсталады. Дене тұрқы ашылатын қол жағына бұрылады (солға, оңға).
Ауыспалы жүрісті сырғымалы тебу немесе өтпелі соққымен түрлендіріп орындауға болады, оны I позиция арқылы өткізбей орындауға болады.
Дроби – (жыбырлаған қадам) - бір орында тұрып және алға жылжып өкшемен үздіксіз жиі тарсылдатып соғу.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың VI позициясы, қолдар белде, станокқа қарап тұрады.
«Бір» - оң аяғымен еденді ұру.
«Және» - оң аяқтың қатарында сол аяқпен екі рет еденді соғу.
«Екі» - оң аяқпен алға бір қадам жасау, «және» сол аяқпен алға қадам жасау.
«Гармошка» - екі табанның да бір мезетте I еркін позициядан I жабық позицияға және бір шетке қозғалып кейін оралуы.
Жаттығу. Музыкалық өлшем -2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың I позициясы, тізелер сәл ғана бүгілген.
«Және» затактісі – оң аяқтың ұшы және сол аяқтың өкшесі түсіріліп, аяқтардың ұштары біріктіріледі.
«Бір» - оң аяқтың ұшы және сол аяқтың өкшесі еденнен ажыратылып оңға шығарылады.
«Екі» дегенде оң аяқтың ұшы және сол аяқтың өкшесі еденге түседі, өкшелер біріктіріледі.
«Және» дегенде қимылды затактіге қайталап істеу. Қимылдар бүкіл табанмен орындалып, оңға және солға істеледі және оларды станокқа қарап тұрып үйренеді. Балалардың қимылдың жылжып (қозғалыспен) істелетіндігін түсінгендерін бақылау қажет, бұл үшін табандар бірде ұшымен бірде өкшемен бұрылатындығын айтып түсіндіру керек. Жүрісті бір аяқпен де көрсетуге болады.
«Веревочка» (жіп қарапайым) - сәл бүгілген аяқтармен орындалады. Бұл үшін тірек аяғында жартылай тізе ию жағдайын меңгеру қажет. Бұл қимыл тепе-теңдік дағдыларын талап етеді, сондықтан алдын-ала бірқатар әзірлік жаттығуларын орындау керек. Мысалы, III-позиция жағдайында отырып, сырғымалы қозғалыспен алға жылжу (қолдар белде). Содан кейін тірек аяғында жартылай тізе ию жағдайында алға жылжу, жұмыс аяғы пассе жағдайында тізесінде. Қимылды оң және сол аяқтан жасайды. Оқушылар тепе-теңдікті меңгергеннен кейін оларға тіректі ауыстыру арқылы одан кейінгі қозғалыстарды реттеу жеңілге түседі.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы жағдай – аяқтар III позицияда, оң аяқ еденнен көтеріле бастайды.
«Бір» - оң аяқта сырғып, ыршып (секіріп) түсу, осы мезетте тізеден бүгілген сол аяқ еденнен тізе деңгейіне дейін көтеріледі.
«Екі» дегенде сол аяқты оң аяқтың артқы жағынан әкеліп қояды т.с.с.
«Хлопушки» бір рет, алақанды, санды, сирақты (ер балалар үшін) шапалақтау.
Жаттығу. Музыкалық өлшем 2/4. Бастапқы қалып аяқтардың VI позициясы.
Затакт – шынтақтарын дөңгелете ұстап, қолдарын алға қаратып алақан шапалақтау.
«Бір» дегенде сәл ғана ыршып, иықтардың деңгейінде екі аяқпен түсу. Екі аяқтың да тізелері бүгілген, дене тұрқы аяқтарға қарай еңкейген.
«Және» - оң қолмен оң аяқты тізеден жоғары соғу. Екінші он алтыдан бір бөлікке – сол қолдың алақанымен сол аяқты соғу.
«Екі» - оң қолмен оң аяқты екінші рет соғу.
«Және» - затактідегі сияқты денесін көтермей екі алақанды алдына ұстап бір-біріне соғу. Бұл қимыл сегіз рет істеледі.
«Хлопушки» сирақты (балтырды) «шапалақтау»
Затакт – қолды алға ұстап алақан соғу,
«Бір» дегенде сәл ғана ыршып, екі аяқпен түсу, аяқтарды айшықтап, оң аяқты алдыңғы жақтау бүкіл табанға қою, сол аяқты – арт жағынан жарты башпайларға қою керек;
«және» - оң қолдың алақанымен сол аяқтың балтырын соғады. Затактідегі сияқты дене тұрқын көтермей қолдарын алдына ұстап алақан соғу және қимылды жалғастыру.
«Ключ» - жәй тырпылдаған.
Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4.
«Бір» дегенде оң аяқтың табанымен еденді қатты ұру;
«Және» дегенде әуелі бірінші он алты бөлікке тақамен, екінші бөлікке – оң аяқтың ұшымен ұру;
«Екі» дегенде сол аяқпен тебу;
«Және» дегенде – үзіліс.
Балтық жағалауы республикасының билері
Эстон, Литва, Латвия елдерінің билер техникасы жағынан онша күрделі болмайды. Бұл билердің композициялары мен олардың ойын мазмұны реттеу мен шыдамдылықты дамытуға көмектеседі. Бұл билерді жұптасып билейді, сондықтан олар үшін қолдардың позициялары емес, қалыптар тән болады.
Литваның халықтық-сахналық биі
Өздерінің сипаты бойынша литва халқының билері байсалды және ұстамды болып келеді. Оларға негізінен қарапайымдылық пен өзінділік сипаттар тән болады. Би басынан бастап соңына дейін бір қалыпты немесе көңілді, сергек, ырғақтарды бірден кілт өзгертпейтін кейіпте орындалады.
Мысалы, «Ручугай» (масақтар) – егін оруды, шабуды және масақтарды жинауды белгілейді. «Маунис» (диірмен) биінде күрделі орын ауыстырулар диірмен тастарының айналуларын, жел диірмені қалақтарын бейнелейді. «Иеваротштас» (көпір) би - ойнының қызығы – онда билеушілердің қимыл – қозғалыстары ағаш бұтақтарынан көпір салу кезін көз алдыңа әкеледі. Барлық халықтардағы сияқты литва биінде темір ұстасының («келевялис»), етікшінің («шяучус») бейнелері де бимен өрнектеліп көрініс тапқан. Сол сияқты жануарларды бейнелейтін билер де кең таралған. Мысалы, «Ожялис» - текешік. Бұнда сүзеген лақ-теке бейнеленген, ол екі аяғымен секіріп, сүзіп жүреді. Қораз биі де белгілі, ол «Гайдис» деп аталады. Ұзын бойлы бала қарт қоразды бейнелейді, басқа балалар – жас әтештерді көрсетеді, олар өсиеттен гөрі төбелесті жақсы көреді. Қыздар билейтін «Блездингеле» (қарлығаш) биі құс қанатының дірілін көрсететін шағын орамалдарды пайдалану арқылы орындалады. Қарапайым хореография литва билерін пайдалану үшін кең мүмкіндіктер ашады.
Литва биіндегі қолдардың кейбір қалыптары
Соло:
1- қалып - екі қол белде.
2- қалып (қыздар) – қолдары шынтақтан бүгілген, етектерін ұстаған.
3- қалып (ерлер)- қолдары кеудеде айшықталған, шынтақтары дене тұрқынан сәл алшақ, білезіктер алақандарымен қарама-қарсы қолдың шынтағынан сәл жоғары қойылған.
Жұпта:
6-қалып – қыз сол қолымен баланы қолтықтап алады, баланың оң қолы шынтағында шеңберленген.
7- қалып – бала мен қыз қатар тұрады, қыз сәл алдында. Бала оң қолымен қыздың мықынынан ұстайды, шынтақты бүгілген қолымен қыздың сол қолын ұстайды. Қыз қолының білезігі баланың сол қолында еркін жатады.
9- қалып– орындаушылар бірінің қолынан бірі ұстайды, баланың оң қолы қыздың сол қолының астынан өтіп айшықталып тұрады.
11- қалып – орындаушылар бірінің алдында бірі тұрады. Бала қызды белінен ұстайды. Қыздың қос алақаны баланың иықтарында жатады.
Қимылдар мен жүрістер
Достарыңызбен бөлісу: |