«хореография»



бет4/6
Дата01.02.2018
өлшемі0,91 Mb.
#37399
1   2   3   4   5   6

Қарапайым қадамдар – тіке сызықпен алға-артқа, оңға-солға. Қадамдар жеңіл орындалады, аяқ бүкіл табанмен түседі.

Алға адымдау – бір аяқ екінші аяққа айқышталған, орнында қадам басумен кезектеледі.

Бүйірмен адымдау (теңселетін қадам) – бүйірмен кең түрде аттау, сәл тізе ию, содан кейін екі рет аяғын кезек басады. Балансе типінде.

Жеңіл жүгіріс – жүгіріп басудан кейінгі аздаған тізе ию, екінші аяқ тізесінде бүгілген, еденнен ажырайды.

Ыршып түсумен жасалатын қадамдар – бірінің алдында бірі тұру (қарама қарсы).

Қыздардың қолдары балалардың иықтарында, балалар қыздардың белдерінен ұстайды.
Жүрістер мен қозғалыстар

Жеңіл жүгіру. VI позиция бойынша жартылай төмен башпайларымен, әртүрлі сипатта және 2/4,3/4 музыкалық ырғағымен істеледі. «Йоксу-полька» биін орындаған кезде неғұрлым ірі қадамдар жасалады, аяқтар тізеден бүгілген, артқа лақтырылады, денесі алға еңкейген. Вальс билерінде «бір» сөзіне акцент істелік, тізеден бүгілген аяқты көтеріп алға шығару.

Ыршып түсіп істелетін қадам. Оқушыларға таныс бұл қадам енді жаңа сипатқа ие болады, ол көп реттерде алға жасалған қозғалыс негізінде жұппен орындалады. Денесі біршама артқа шалқайған, аяқтары тізеден бүгілген, табандарын бос ұстайды, ыршып түскенде жұмыс аяғы бекітіліп, дене тұрқынының алдында тоқтайды.

3/4 бөлігі мөлшеріндегі сырғи өтіп кетумен жасалатын қадам.

«Бір» дегенде оң аяқпен жасалатын алғашқы қадамнан кейін жұмыс істейтін сол аяқ сырғымалы қозғалыс арқылы табандардың жұмсақ бөлігімен немесе өкшесімен тізені алға шығарады. Бұл мезетте тірек аяғы алға өтіп шығады. Дене тұрқы біршама артқа шалқайған.

Қозғалыс баяу соло жылдамдығында үйретіледі (балалардың қолдары белдерінде, қыздар етектерін ұстаған), содан кейін жұптасып билейді.
Итальяндық «Тарантелла» биінің элементтері

Бұл жастағы балалар үшін «Тарантелла» қозғалыстарын (қимылдарын) үйрену пайдалы, өйткені олар классикалық бидің жағдайлары және қозғалыстарымен ұқсас болып келеді.

«Тарантелла» үшін аяқтарды көтеріп, алға шығарумен істелетін би жүгірісінің қозғалыстары тән болып келеді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем 3/8 немесе 6/8. Жеке және жұпталып орындалады. Бастапқы қалып – аяқтардың III позициясы.

Аяқты жоғары көтерумен жасалатын қимыл.

«Бір» дегенде оң аяқпен алға аттап, дененің салмағын оң аяққа ауыстыру.

«Екі» дегенде оң аяқта ыршып түсіп, алқымында және башпайларында созылған сол аяқты 45 0-қа алға көтеру. Осы қимылды сол аяқпен де орындау.

Осы қимылды па эшаппе мен енгізіп орындау. Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Оң қолда тамбурин (кішкене барабан).

«Бір» дегенде pas echappeні орындау керек,

«екі» дегенде оң аяқты алға көтеру (сол аяқпен сәл ғана секіріп түсіп), содан соң оң аяқты алға көтеріп, (сол аяқпен сәл ғана түсу), қозғалысты екі рет алмасып басып III позицияға көшу. Оң аяқты алға көтерген кезде сол қол жоғары көтеріледі, оң қол төмендетілген II позицияда болады.
Қазақ халық биі

1-ші оқу жылында өткен материалдар қайталанады.



Қазақ биіндегі екі қолды биге ыңғайлау ерекшеліктері

Үлкен сыйлық - байлықты молшылықты бейнелейді, екі қол биге ыңғайлаудың 2-ші түрінде болады, екі алақан жоғары қарата жаюлы қалпында саусақтар білезік буын тұсынан екі жаққа бүгіледі.

Қызғалдақ – бір қол алғашқы ұсталу қалпының 5-ші түрінде болады, ал екінші қол алақанды бір бүйірден алыстата жоғары көтеріледі, бірақ шынтағымен төменгі қолға тиіп тұрады.

Білезік – екі қолдың білезіктен бүгілген екі басы саусақтарды төмен қарата бағыттаған бойда кеуденің алдында ұсталады, екі шынтақ денеден ажырамайды.

Ботамойын – шынтақтан ішке қарай бүгілген екі қол дененің екі жағында болады,екі қолдың екі басы екі иықтың деңгейінде, білезік буын тұсынан 900 бұрыш жасау арқылы екі алақан төмен қарата ұсталады, саусақтар бүгілген қалпында екі жаққа қарай бағытталады.

Ұялу – екі қолдың бір-біріне тақалған екі басы екі алақанды алға қаратқан бойда саусақтарды жоғары көтере беттің алдында ұсталады, екі шынтақ екі жаққа қаратылады.

Домбыра – сол қол сол жақ бүйірге қарата созылады да шынтақ тұсынан бүгіледі, шынтақ жағы жоғары көтеріледі, қолдың басы алақанды жоғары қарата білезікпен бүгіліп, саусақтар желпуіш сияқты тарбита ашылады. Домбыра ішегін қағатын оң қол дененің алдыңғы жағында қысқартылған түрдегі алғашқы қалпында /1-ші/ ұсталады.

Өрнек - екі қол екі жаққа жіберіліп, екі шынтақ төмен түсіріледі, екі қолдың басы да білезік буыннан бүгіледі, екі алақан жоғары қаратылып, саусақтар мықынға қарай бағытталады.

Екі қолдың негізгі қимылдары

Үкі қимылы – төбеге созылған екі қолдың биге ыңғайланудың 2-ші қалпынан екі шынтақты «өрнек» түрінде бір-бірімен айқастыруға дейін жасалатын баяу қимыл.

Ұялу, сұлу көріну – екі қолдың «ұялу» кезіндегі өзіндік қалпынан бастап екі алақанды беттің алдынан біресе оң жаққа, біресе сол жаққа қозғалтуға дейінгі қимыл жасауы. Бұл кезде екі алақанның арғы жағынан наздана «қылымсып» қөз жүгіртеді.

Бидай, боз – бір-бірімен параллель алға созылған екі қолдың көлбеу жағдайда 1-ші қалыптан, тігінен жазылған жағдайда 3-ші қалыптан дененің оңы мен солына толқын тұрған бидайды не бозды бейнелеп баяу қозғалуы.
Жүріс түрлері

1. Ауыспалы /үш түрлі/ жүріс – екі табанды толық басу арқылы жүріс жасау.

1. Екі аяқтың ұшымен тура және емін-еркін жағдайда жүру.

2.Құс таңдай – екі аяқты орташа бүгіп, саусақтардың ұшымен бір жақ бүйірге қарай майда қадам жасау.
Атшабыс

Тепен көк – атшабыстың бірінші түрі, бір орында, салмақ салынып тұрған аяқтың ұшымен қайта-қайта көтеріліп, екінші аяқты тізеден 900 бүге алға қарай көтеру арқылы орындалады.

2-ші атшабыс – бір орында тұрып, өкшенің ішкі жағына дейін тізе бүгу кезінде екі аяқты алмакезек ілгері созу арқылы орындалады.

1-ші секіртпелі атшабыс – бір орында тұрып, бір аяқты артқа қарай тірей сілтеген болып, екінші аяқты тізеден 900 бүгіп алға қарай көтеру арқылы орындалады.

Молдас құра теңселу – екі тізені орташа бүгіп, бір аяқпен алмакезек оңды-солды ырши секіріп түсу.
Иық қимылы

Екі иықты ілгері-кейінді алмакезек қимылдату.

Ер кісілер биінде екі иықты бір мезгілде жоғары-төменді қимылдату.

Ер кісілер биінде екі иықты алмакезек жоғары-төменді қимылдату.


Айналма

Ең қарапайым айналма - өкшемен алмакезек жүру арқылы жасалады.

Айгөлек 1 – орташа тізе бүгіп, бір орында екі аяқты алмакезек толық табанмен басу арқылы айналу.
Тарихи-тұрмыстық би

Билер: «Приглашение», «Хоровод», «Вару-вару».

Екінші жыл оқитын оқушыларға қойылатын талаптар

Әзірлік тобына қойылатын барлық талаптар оқудың екінші жылында да міндетті болып қала береді. Қосымша тағы да мынадай талаптар қойылады: қолдарды қалай қою керек екендігінің қағидасы, классикалық биде саусақтарды топтастыру, станокта бір қолымен ұстап бүйірмен тұру жағдайын меңгеру, preparationды орындай білу.

Аяқтардың айналымды жағдайларының дағдысы болуы- «өкше өкшеге қарсы» (battement tendu I позициядан), алға, артқа, бір шетіне, сондай-ақ «аяқтың ұшы өкшеге қарсы» қимылдарында V позиция бойынша, орыс, белорус билеріндегі тізе ию қимылдарын дұрыс орындау (балалар үшін), қазақ билеріне тән қолдардың қимылдары, өзінің серігіне (бидегі) кішіпейілділігі, ер бала жұпта тұрғанда қыз балаға әсем қимылмен қол беруі тиіс.

Оқытудың үшінші жылы

Бұл оқу жылының міндеті – классикалық, халықтық, тарихи-тұрмыстық билер элементтеріндегі дененің, аяқтардың, дене тұрқының, бастың қимылдарының қағидалары мен заңдылықтары туралы тәжірибелік дағды-машықтау мен білімді бекіту.

Оқушыларды классикалық бидің epaulement сияқты жаңа айшықты қимылдарымен, ритмдерімен таныстыру балалар орындайтын номерлердің көркемділіктерін арттыра түседі.

Классикалық би

(Станок жанындағы жаттығулар)

Rond de jambe par terre

Бұл қимыл нүктелер бойынша алға, бір шетке, артқа және осы сияқты кері бағытта орындалады. Әуелі үзіліспен, сосын бірге істеледі. Музыкалық өлшем 4/4; 3/4.

4/4 музыкалық өлшемдер қимыл ширектер бойынша, 3/4 мөлшерінде тактілер бойынша орындалады.



Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Бастапқы қалып – станокта бүйірмен тұрып, қолдардың әзірлік жағдайы, аяқтардың I позициясы.

«Бір және» дегенде – музыканың алғашқы фразасы, аяқ battement tendu қағидалары бойынша алға өткізіледі, «екі» дегенде жағдай бекітіледі.

«Үш және» дегенде доға бойынша II позицияға өтіп, жағдайды бір ширек бойында бекітеді, содан кейін кері қайтарылады, нүктеп бекітеді және I позицияға қайта оралады. Міне, сөйтіп, әрбір нүктеп бекіте отырып оқушылар өздерінің дағды-машықтарын бекітеді, бұл олар үшін rond de jambe par terreді бірге (қосып) орындау кезінде қажет болады.

Алдыңғы және артқы нүктедегі «өкше өкшеге қарсы» жағдайын еске ұстау керек, сол сияқты доға тәріздес қозғалыс кезіндегі аяқтың айналымды бұрылысы en dehors сыртқа бұрылу қозғалысының қажеттілігін еске ұстаған жөн.

Pas de bourree

Жаттығу.Музыкалық өлшем-2/4. Жылдамырақ-баяу. Бастапқы қалып –

V позиция, станокқа қарап тұрады.

«Және» затактісіне оң аяқ demi plieге түсіріледі , сол аяқ sur le cou-de-pied артқы жағынан көтеріледі, бірінші тактінің «бір және» деген сөзінен кейін сол аяқ кілт қозғалыспен жартылай башпайларға көтеріліп, оң аяқ «шартты» sur le cou-de-piedге алға көтеріледі, «екі және» дегенде оң аяқ шамамен II позицияның жартылай қашықтығына жоғары көтерілген жартылай башпайларымен көшеді. Осымен бір мезетте дерлік сол аяқ оң тірек аяғына тартылып, «шартты» sur le cou-de-piedмен алға шығарылады,

келесі тактінің «бір және» деген сөздерінде сол аяқ demi plieге түсіріледі (созылған башпайлар арқылы), оң аяқ артқы жағынан sur le cou-de-piedге көтеріледі, «екі және» дегенде – үзіліс.

Бұл қимыл-қозғалысқа үйрету кезінде оқушылар cou-de-piedнің дұрыс емес жағдайынан көп шатасады. Бір оқушылар cou-de-piedге аяғын алдыңғы жағынан әкеледі, екіншілер артқы жағынан, тап осылай жалғаса береді. Сондықтан да қимыл қозғалыстың негізгі баағыттарын айтып тұру қажет. Жартылай башпайлардағы екі sur le cou-de-pied тірек аяғының алдында sur le cou-de-piedні бекітеді және тек demi plieде ғана аяқ sur le cou-de-piedнің жағдайын артқы жағынан бекітеді.

Секірулер allegro



Үлкен changement de pied

Музыкалық өлшем-4/4. Жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы.

Бұл қимыл басында «бір» дегенде demi plieге еркін түсіп орындалады.

«Және» дегенде ауада V позицияда бекітіліп секіру, содан кейін аяқтар айналымдылықты күшейте отырып және түсу екпінін тежей отырып, бірін-бірі қақпай I позиция арқылы өтеді және орындарын ауыстырады. «Екі және» дегенде – жерге башпайлардың ұштарымен түсіп, бір қалыпты жеңіл түрде бүкіл табандарымен тұру, содан кейін demi plieге көшіп және тізелерін «үш және төрт» дегенде созу (жазу). Changement de piedнің екінші сатысы да затактімен орындалады.

Бұдан әрі қимылды станок жанында және ортада тұрып үйренген кезде басты оңға және солға алда тұрған аяққа қарай бұру қажет, секірген сәтте басты алдыңғы жаққа бұрады.

Demi plieде тізелердің бір жаққа бағытталып, аяқтардың бас башпайға салмақ салмай бүкіл табанға тіренгенін бақылау қажет. Аяқтың алқымы мен башпайлары еденнен секірген кезде жақсы созылулары тиіс.



Халықтық-сахналық бидің элементтері

Rond de jambe par terre

Жұмыс аяғын ұшымен еденге тіреп тұрып шеңбермен қозғалыс жасау, бір шетіне тоқтау немесе тақаның қырымен артқа қозғап, бір шетке тоқтау.

Оқытудың (үйретудің) бірінші сатысында қозғалыс табанды бұрмай істеледі және ол классикалық rond de jambe par terreдің бір түрі болып табылады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-3/4. Бастапқы қалып- аяқтар I позицияда. Қолдар мықында. Жұмыс табанының өкшесі сырғымалы қозғалыспен алға өткізіледі (аяқтың ұшы жоғары көтерілген, алқымы барынша қысқартылған). Содан кейін сырғымалы қозғалыспен бір шетке өткізіліп, I позицияға қойылады. Қозғалыс басында тоқталулармен жүреді: такт-қозғалыс, такт-тоқтау, сосын бір тактіге бір қозғалыстан, бірге.

Тобықтан созылған аяқ басымен жасалатын шағын лақтырулар (ашық жағдайда алға бір жаққа, станокқа бүйірімен тұрып). Тобықтан бір шетке лақтыру және жұмыс аяғын бастапқы қалыпқа қайта әкелу.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып- III позиция.

«Бір және» дегенде жұмыс аяғы бір шетке 300-қа шығарылады;

«Екі және» дегенде осы аяқ тізеден бүгіліп, сол аяқтың алдынан табанымен лақтырылып әкелінеді, жақындасқан кезде жартылай башпайларымен еденмен жанасады. Жұмыс аяғының табаны мен бұлшық еті бос ұсталады. Тірек аяғы созылып тұрады.

«Бір және» дегенде (екінші тактінің) осындай қимылмен жұмыс аяғы 300 жағдайына бір шетке қарап ашылады.

«Екі және» дегенде жұмыс аяғы жеңіл қозғалыспен тірек аяғының тобығына әкелінеді (артқы жағынан және тағы да 300 жағдайына шетке қарай ашылады).Бұл қимыл табанға күш түсіріп істемеу техникасын жаттықтырады. Қимылды бір қалыпты істеуге, өзіңнің салмағыңнан шайқала, яғни «маятник» қозғалысы сияқты істеуге қол жеткізген жөн.

Шағын лақтырулар (battement tendu) – би жаттығулар оқушылардың ұсақ және күшті қимыл-қозғалыстарды орындау қабілеттерін арттырады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып- аяқтар III позицияда, қолдар әзірлік жағдайында.

Бірінші ширекке қол I позицияға өтеді, екінші ширекке шетке қарай ашылады.Білезік алақанмен алға қараған. Үшінші ширекке қол жатық қимылмен шынтақтай белге жабылады, тірек аяғының өкшесі көтеріледі; төртінші ширек- үзіліс.

«Бір және» - тірек аяғының өкшесі еденге кілт (тез) қойылады. Тізесі бүгіңкі, жұмыс аяғы тізеден созыла түсіп, кенеттен алға 300 биіктігіне лақтырылады.

«Екі және»- жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, III позицияға алдыңғы жағынан барлық табанға немесе жартылай башпайларға тартылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды, тізе бүгілген. Қимыл бүгілген аяқтарды дене тұрқын тіке ұстап істеседі, дене өкшені еденнен көтерген кезде көтерілмейді және өкшені еденге түскен кезде төмен түспеуі тиіс.



Жұмыс аяғын кезектеп біресе ұшына,

біресе өкшесіне шығару

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып-аяқтардың V позициясы. Жаттығу екі тактіде жүргізіледі.

Бірінші аккордта «бір» дегенде қол әзірлік жағдайынан I позиция арқылы шетке қарай ашылып, білезік алақанымен алға бағытталады; «екі» - қолдың білегі қозғалмай белде жабылады, тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды, тізелер аздап бүгіледі.

«Бір» - тірек аяғының өкшесі еденге түседі. Жұмыс аяғы айналымды жағдайда тізесінен бүгіліп, табанды тірек аяғының сирағына алдыңғы жағынан алып келеді, аяқ алқымы тартылмаған (созылмаған).

«Және» жұмыс аяғы тізесінен жазылып, тірек аяғынан бір адым жерге өкшесімен қойылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажыратылады. Жоғары көтерілген тірек өкшесінің және еденге түсірілген жұмыс аяғының жағдайлары бекітіледі.

«Екі» тірек аяғының өкшесі еденге түсіріледі. Жұмыс аяғы еденнен ажырап, тізеден бүгіліп, тізеге ішке қарай айналымсыз жағдайға бұрылады.

Екінші тактіде «бір» дегенде тірек аяғының өкшесі еденге түседі. Жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, еденнен ажырай түсіп, айналымды жағдайға көтеріледі.

«Және» дегенде жұмыс аяғы тізеден жазылып, тірек аяғынан бір қадам жерге өкшесімен қойылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды. «Екі» - тірек аяғының өкшесі еденнен түсіріледі. Жұмыс аяғы, тізесінде бүгіліп, тірек аяғының тобығына алдыңғы жағынан әкелінеді, аяқ алқымы созылмаған

«Және» жұмыс аяғы табанмен толық III позиция бойынша тірек аяғының алдынан зірк еткізіп әкеліп қойылады.

Тірек аяғының өкшесі еденнен ажыратылады. Жаттығу тек бір жаққа орындалады.



Екі аяқты алға қарай ұшымен

«Тарантелла» сипатында кезектеп «лақтыру»

I позиция бойынша сол және оң аяқпен жартылай тізе июмен істеледі.

Жаттығу. Музыкалық өлшем- 6/8. Бастапқы қалып-аяқтардың I позициясы, қолдар әзірлік жағдайында. Қол I және III позициялар арқылы ашылады.

«Бір» дегенде тізеден созып және 300-қа көтеріп сол аяқты лақтыру, оң аяқ айналмалы түрде тізеден иіледі. Осы жаттығуды оң аяқпен де орындау керек. Дене тұрқы аяқты лақтырған сәтте алға қарай көтерілмейді.



Тірек аяғында қарсы өтумен алға және артқа

істелетін өтпелі «лақтырулар»

Әзірлік осының алдындағы қозғалыстары сияқты аяқтардың I позициясы, тек қол ғана I содан кейінгі II позициялармен өтіп, төмен-артқа жабылып тамбуринді ұстап тұрған сияқты болады; бас сәл ғана сол жақ иыққа қисайтылады, оң жаққа бұрылады. Дене тұрқы алға лақтыру кезінде сәл артқа шалқаяды, содан кейін артқа лақтырған кезде сәл ғана алға еңкейеді. Бұдан әрі «тарантелланың» бірінші және екінші қимылдарын қосып істеген жөн.



Төмен және жоғары айналулар (battement fondu) – жұмыс аяғының тізесін жабық жағдайдан ашық жағдайға бұру.

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4,3/4. Бастапқы қалып–аяқтардың III позициясы. Қолдар әзірлік жағдайынан I позиция арқылы II позицияға өтіп, белде жабылады, үшінші ширекке жұмыс аяғы бір шетке 300 биіктікке көтеріледі.

Затакті 1/8 «және» дегенде жұмыс аяғы айналымдық жағдайда тізеде бүгіледі және табанның жұмсақ бөлігімен еден бойынша «өзін» «сүртіп» өтіп тірек аяғының тобығына артқы жағынан табанның ішкі бөлігімен тартылады. Аяқ алқымы созылған. Екінші он алтыншыға жұмыс аяғы тірек аяғының тобығы бойынша сырғып алға қарай тізесін ішке қаратып айналымды емес жағдайға шығады. Аяқ алқымы созылған.

1 такт. «Бір,екі» жұмыс аяғы тізені жазбастан толық айналымдылыққа дейін тірек аяғының тобығының алдында қала отырып жәйләп қана айнала бастайды, бірақ оның сыртқы табан жағын – тиіп өтеді.

2 такт. «Бір,екі» жұмыс аяғы тізеден созылып, 300 биіктікке шетке қарай ашылады. Аяқ алқымы созылған. Тірек аяғы жартылай тізе июден түзетіледі. Қимылды бірге істеудің маңызы зор, дегенмен оны дәл орындау үшін барлық қозғалыстар жолымен өте отырып, бірнеше жағдайды бекіту қажет:

1. «Сүртіп» өткеннен кейінгі тізенің айналымды жағдайы.

2. Тізе ию сәтіндегі айналымсыз тізе жағдайында алға шығару.

3. Тізе ию сәтіндегі созылған жағдайы (жұмыс аяғы бір шетке 300 -қа).



Орыстың халықтық-сахналық биі (ортада тұрып)

Өкшеден жасалатын орыстың ауыспалы жүрісі (балалар үшін).

Орындаушы өкшесімен алға қарай бір қадам жасайды, екінші аяғын артқы жағынан әкеліп, жартылай башпайларына қояды, содан кейін бүкіл табанымен үшінші қадам істейді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–VI еркін позиция, аяқтың ұштары сәл ашылған, қолдар белде.

«Бір» дегенде өкшеден істелетін бірінші қозғалыс.

«Және» сол аяқ жартылай төмен башпайларымен оң аяқтың артқы жағынан өкшесіне тақалады, тізе бүгілген және алға қараған.

«Екі» оң аяқпен бір қадам алға аттап, бүкіл табанымен тарс еткізе түсіреді. Сол аяқ тізесінде созылып, алқымы еркін ұсталып алға қарай аздап көтеріледі.

«Және» дегенде – үзіліс.

Қозғалыстар сол аяқпен жалғасады. Балалардың тақаларына дәл және ыңғайлы тұруларын, содан кейін төмен жартылай башпайларға көшулерін және салмақ ортасын бір аяқтан екінші аяққа уақытында ауыстыруларын қадағалау керек. Дене тұрқын және қолдарды қозғалтпау керек.
Ыршып түсу мен істелетін жыбырлағыш қадам

және жылжып жүру

1-түрдегі «Кілт». Музыкалық өлшем 2/4. Қозғалыс 2 тактіні алады. «Бір» оң аяқпен тебіну (соғу) немесе екі аяқтың басымен VI позиция бойынша сәл ғана ыршып түсу. Тізелер бүгілген және алға бағытталған. «Және» төменгі жарты башпайлардан бүкіл табанға көшумен істелетін сол аяқпен шағын ыршып түсу, сол аяқтың тізесі бүгіңкі. Тізеден бүгілген оң аяқ еденнен ажырап, аяқтың созылмаған алқымымен алға қарай бағытталған.

«Екі» оң аяқ бүкіл табанмен VI позиция бойынша сарт етіп жерге түседі. Сол аяқ тізеден бүгіліп аяқтың созылмаған алқымымен еденнен ажырайды. «Және» сол аяқ бүкіл табанмен немесе өкшесімен VI позиция бойынша сар етіп жерге түседі.

Екінші такт. «Бір» дегенде оң аяқтың бүкіл табанымен сәл ғана алға сырғып ыршып түсу. Сол аяқ тізеден бүгідіп еденнен ажырайды, ол алға бағытталған. «Және» сол аяқ бүкіл табанмен VI позиция бойынша сарт етіп жерге түседі. Оң аяқ тізеден бүгіліп сәл ғана деннен ажырайды, ол алға бағытталған, аяқ алқымы созылмаған.

«Екі» оң аяқ бүкіл табанмен сол аяқтың қасына VI позиция бойынша соққымен төмен түседі, тізелер еркін күйінде. «Және» - үзіліс.

Оқушылардың назаран бірде ыршып түсу жағдайларына, бірде соққыларға аударып отырған жөн, аяқтардың еркін түрде бір-бірінен тәуелсіз қимыл жасағандарын қадағалау керек.

Украинның халықтық-сахналық биі

Қолдардың позициялары

1 позиция. Екі қол жоғары иықтардан сәл төмен көтерілген және аздап екі жаққа жайылған, шынтақтар еркін күйінде, білезіктер тіке, алақандары жоғары қаратылған.

2 позиция. Екі қол екі жаққа ашылып, сәл ғана шығарылған, шынтақтар еркін (бос) ұсталады, білезікер тіке, алақандар жоғары қаратылған.

3 позиция. Әйелдердің биінде таза күйінде кездеспейді, бірақ бір қол 3 позицияда, білезік көтеріңкі, саусақтар жоғары қаратылып, сырттарымен бір жаққа қарайды. Қолдардың ерекшеліктері мен сипатын еркін ұстаған шынтақ пен саусақтар белгілейді.

Қолдардың жағдайлары

1-жағдай (қыздар үшін) – жұдырықтары белдерінде.

2-жағдай екі қол кеудеде айшықталған.

3-жағдай (қыздар үшін) – екі қол дене тұрқынан бөлек немесе оған тығыз жақын ұсталған. Ер балалар қолдарын денеден алыс ұстайды.

4-жағдай (ер балалар үшін) – екі қол алақандарымен желкеде бас киімді (папаха) ұстаумен сияқты ұсталады, шынтақтары иіліп екі жаққа қаратылған.

Украин биінің қимылдары

«Веревочка» (жіп)

Оқушылар бір уақытқа «веревочканы» орындауды қажет ететін дағдыларды үйреніп алады. Олар бұл қимылдарды орыс биінде үйренген. Дегенмен де бұл қимылдардың Украйн биіндегі сипаты біршама өзгеше, яғни олар төмен жартылай башпайларда ыршып түскенде жеңілірек болады. «Веревочканы» бұрылыста үйренген жөн. Мысалы, екі веревочка алға қарап, екі-4/1 бұрылысына.

«Дорожка прыжка» (ақсап баяу)

Бұрын, орыс биінде үйренген қимыл, бұлар басқаша сипатқа ие болады, ол жылдамдық пен музыканың дамуына, яғни айтқанда украйн хореографиясына тән болады.

«Дорожка плетена»

Бұл қимылдың біріншісінен айырмашылығы – бүйірімен аттауды орындау негізінде аяқ бірде алдыңғы жақтан айшықталып, бірде арт жағынан қойылады.

Алдынан – бүкіл табанға, артынан – төмен жартылай башпайларда жеңіл тізе июмен; дене әсем қимылымен бірде оң иықпен, бірде сол иықпен және артқа қарай ешбір жұлқыныссыз бұрылады. Бұл қимылды баяу жылдамдықпен, сәл төмен және бұрылып істеген жөн.

«Тынок»

«Тынок» украйн хореографиясында бір жақтан екінші жаққа бір орында тұрып екі рет аяқты алмастырып басуды білдіреді, бір аяқ екіншісінің үстінде айшықталған («баск қадамы» сияқты қимыл). Қимыл бір орында істеледі немесе біршама алға және артқа қозғалады.

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып–аяқтар

3 позицияда.

Затакт – орындаушы сол аяқтың бүкіл табанымен аздап тізе иеді.

«Және» оң аяқты көп көтермей, тізесінде еркін ұстап алға шығаоып, оңға қозғалып, оң аяққа секіруді бастайды. Бұл үшін оң аяқ бір жаққа шығарылып, ауада аздап доға жасайды.

«Бір» оң аяққа алға және сәл оңға секіріп түсу, тізе бүгіңкі. Сол аяқ аздап алға көтеріледі, тізе еркін ұсталады, алқымы созылған, бірақ қатты ұстамайды.

«Екі» оң аяқпен сол аяққа секіріп түсу басталады.

Бұл қимылды үйренгенде әуелі дене тұрқын сол аяқтан оң аяққа ауыстырып, сол аяқты жартылай башпайлармен соғып, дене сол күйінде сақтап істеу міндетін қою керек. Бұдан соң ырғақтық суретті және би сипатын дәл орындап қайталау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет