Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның



бет4/4
Дата23.10.2016
өлшемі0,51 Mb.
#9
1   2   3   4


Бекітемін_______________________

Мерзімі________________


Пәні: әдебиеттік оқу 3- сынып.

Тақырыбы

Ы.Алтынсарин «Өзен»

Мақсаты

Оқушыларға «Өзен» өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өзеннің пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу.

Күтілетін нәтиже

1. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптасады. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғынады.

2. Өзеннің пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы біледі



Түйінді идеясы

Өзеннің маңызы

Әдіс-тәсілдер

Негізгі идеяны суреттеу, ой қозғау, сұрақ –жауап, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың мазмұны

Сабақ кезеңдері

Стратегия

лар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау



Қызығу

шылы-

ғын ояту



1.Тренинг
2.Топқа бөлу
3.Ой шақыру

Жабырқауды білмейміз,Біз талапты жас ұлан

Жалқаулықты сүймейміз,Үлгі аламыз жақсыдан!

Енді экранда пайда болған суретке назар аударайық. Суретте не көріп тұрғанымыздыкөркем сөздермен бейнелеп айтайық.
Табиғат дегеніміз не?


Жақсы көңіл-күй орнайды

Жақсы атмосфера қалыптасады

«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші табиғат пен адам егіз ұғым.Адам өз тіршілігіне қажеттіліктің бәрін табиғаттан алады.Өз кезегінде табиғатқа дакөмегін тигізіп отырады.Ағаштар отырғызып,орман тоғайларды табиғи өрттен құтқарып,жан-жануар,құстарға қамқорлық көрсетеді (Табиғат ,өзен,тау)

Үш


шапалақпен бағалау

Мағына-ны тану


Оқулықпен жұмыс

Топпен жұмыс

Картамен жұмыс

Сергіту сәті

Олай болса бүгін біз «Табиғат менің өз үйім» атты жаңа бөлімді бастаймыз.

  1. 1.Оқушыларға «Өзен » өлеңін тізбектей оқыту әдісі арқылы оқытып, не ұққандарын ортаға саламын.
    - Өзен деген не? -Қандай өзендерді білесіңдер?
    1-3 топ:Суға байланысты тыйым сөздер:Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды сабамау,суды лайламау,былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан.«Суды сабама-балығын шошытасың,Бұлақты лайлама-құсын кетіресің,,деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген.
    2-4 топ:Мақал-мәтелдер
    Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс
    ЖАЙЫҚ ТОБЫЛ ЕСІЛ ЕРТІ СЫРДАРИЯ ІЛЕ ШУ
    Отырайық жүрелеп,Орнымыздан түрегеп,
    Өзенге қармақ салайық.Балық аулап алайық.

Өзендер туралы жеке және шағын топта талқылайды.

1.Суға түкірме. 2.Ағынды суға кір жума.3.Суға дәрет сындырма.

1.Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер.


2.Сыйлап берген су да тәтті.3.Қайғысыз ішсең қара суда тәтті.
4. Су қадірін шөлдеген білер.

Картадан 7 ірі өзенді табу



Үш


шапалақпен бағалау

Рефлексия

Ой толғау

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жасыл желекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан-2030 бағдарламасында айтқанындай өз жеріңді көркейтуге қандай үлес қосар едің?

(Оқушылардың пікірлері тыңдалады)

Үш

шапалақпен бағалау






Қосымша тапсырма

Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі-уақты өзендер бар. Бірақ соның ішінде ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын болсақ
1.Ертіс-4242 км2.Тобыл-1600 км3.Жайық-2428 км
4.Есіл-2450 км5.Сырдария-2212 км6.Іле -1400 км
7.Шу -1186 км



Өзен пайдасы: кеме жүзуге, жүк тасымалдауға қолайлы, Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады.Қытай шекарасына дейін бара алады. Сырдария өзені –Тьян-Шаннан бастау алады,Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды.Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін,электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.

Үш

шапалақпен бағалау






Үйге тапсырма

«Өзен»өлеңін жаттау. Өзен тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау

шағын шығарма, сурет, сөзжұмбақ







(Бағалау парағы)

Аты-жөні

Топтастыру

Оқул. жұм

Топпен жұмыс

Карта

жұм


Қорытынды

























Формативті бағалау

Бекітемін_______________________

Мерзімі________________




Пәні: әдебиеттік оқу 3- сынып.

Тақырыбы

"Қайырымдылық" Мағзұт Сүндетов

Мақсаты

Оқушыларға қайырымдылық, мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

 1. Мәтіннің «Қайырымдылық» деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;
2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;
3. Қайырымдылыққа тағы не жататынын білу;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.

Түйінді идеясы

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Әдіс-тәсілдер

Тренинг, ой қозғау, «Кубизм» әдісі, Еркін жазу стратегиясы.

Сабақтың мазмұны

Сабақ кезеңдері

Стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қызығу


шылы-

ғын ояту




1.Топқа бөлу

2.Тренинг


3.Ой қозғау

4.«Кубизм» әдісі



Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
Пазл құрастыру арқылы топқа бөлу.
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
«Бақыт шеңбері» Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Ой қозғау» Видео.

. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесіз?
2. Жерге түскен торғайдың хәлі қандай еді?
3. Сұр жылан қандай күш көрсетті?
4. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?
5. Ақбілек деген кім?
6. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?
«Ойлан, жұптас, талқыла»
«Қайырымдылық» сөзін топтастыру.

Жақсы көңіл-күй орнайды
Оқушылар түс бойынша топқа бөлінеді
Мәтіннің авторы М. Сүндетов ағамыз 1936 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Туып өскен жері Мақат ауданы, Доссор поселкесінде тұрған екен. Бұл кісінің еңбектері «Жол айрығы», «Күтем сені « ,« Еліктің лағы» т. б.

Постер қорғалады. Топ бір - бірін бағалайды.
Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін смайликтер таратылады.

Үш


шапалақпен бағалау

.

Мағына-ны тану

Оқулық

пен жұмыс



«ДЖИКСО»

әдісі


Үнтаспадан мәтін тыңдалады.

I топ: Монтиған құрбыларынан ерекше.
II топ: Күшікті құтқарғанына қуанышты.
III топ: Міне қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды.

Топ бойынша презентация қорғайды


Үш


шапалақпен бағалау

Топпен жұмыс



1-топ:Мәтіннен күшіктің аянышты халін суреттейтін жерін тауып оқыңдар


2-топ:Әңгімеде Мұхтардың ұқыптылығы жөнінде не жазылған?

3-топ:Мәтін бойынша түсінідіру









Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы.
Бәкене – аласа;
Қақ – іркіліп қалған жауын суы.









Рефлек-сия

Топпен жұмыс: «Ой шақыру»


1 - топ: Салыстыру кестесі
Әңгіменің аты: «Торғай» « Қайырымдылық»
Авторы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Негізгі ойы

2 - топ: «Толықтыру» тесті.
1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.
2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой.
3. Күшікті ______ Мұхтар қуанышты.
4. Анасының жүзі жылып, ______ қарайды.
5. Әрине, әр кез солай _____ бол!
6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, – ___ бетінен сүйді.
Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды;
баласының.

3 - топ: «Еркін жазу»
МҰХТАРҒА ХАТ



Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығы, негізігі ойды салыстырады.


Берілген тесті толықтырады. Топаралық тексереді. Ортада топ ішінен біреуі оқиды.

Жазғанын оқиды


Үш

шапалақпен бағалау






Үйге тапсырма

"Қайырымдылық" Мағзұт Сүндетов

251-бет оқу, түсінік







(Бағалау парағы)




Аты-жөні

Ойлан, жұптас, талқыла

Топтастыру

Оқулық

пен жұмыс



Топпен жұмыс


Ой шақыру





















Баға  қою  себебін  түсіндіреді.

Көшбасшылық  бағалау. 


Формативті бағалау



Бекітемін_______________________

Мерзімі________________


Пәні: әдебиеттік оқу 3- сынып.

Тақырыбы

«Киіктің айласы» (Ә. Қоңыратбаев)

Мақсаты

"Киіктің тіршілігімен және басқа жануарлардың дара  ерекшілігімен танысу; әңгімедегі жануарлардың жануарлардың іс – әрекетін   жүйелі, әсерлі әңгімелеу.

Күтілетін нәтиже

1.Киіктің тіршілігімен және басқа жануарлардың дара  ерекшілігімен танысады;

2.Әәңгімедегі жануарлардың жануарлардың іс – әрекеті туралы біледі



Түйінді идеясы

жануарларды сүю, қорғау, қамқор болу; 

Әдіс-тәсілдер

Негізгі идеяны суреттеу, ой қозғау, сұрақ –жауап, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың мазмұны

Сабақ кезеңдері

Стратегия

лар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау



Қызығу

шылы-

ғын ояту



1.Тренинг
2.Топқа бөлу

3.Үй тап


сырмасы

4.Ой шақыру



Жабырқауды білмейміз,Біз талапты жас ұлан

Жалқаулықты сүймейміз,Үлгі аламыз жақсыдан!

Оқушыларды аңдардың суретің алу ұсынылады
«Қайырымдылық» ( М. Сүндетов)

- Оқиға неден басталады? - Балалар әрекетін әңгімелеу. - Мұхтарға мінездеме беру.

- Оқиға қалай аяқталды?  -  Мәтіндегі негізгі ой неде? -Күшіктің халі әрі қарай не болуы мүмкін?   «Қайырымдылық» сөзіне қарама – қарсы сөздер ойлап көріңдерші.

Мағыналас сөздер ойлап көріңдерші. Мәтіннен өзіңе қандай тұстар ұнады?

- Киік туралы естіген, білгендерің бар ма                                                    


Жақсы көңіл-күй орнайды

Жақсы атмосфера қалыптасадыҰнаған сіретін алу


Әр топ сұраққа ойласа отырып жауап береді. ұпай жинайды
Айлалы, сұлу, еті адал,   мүйізі ем, ұйымшыл,шөп жейді,  зияны жоқ, табиғат сәні…

Үш


шапалақпен бағалау

Мағына-ны тану

Кітаппен жұмыс.


Мәтінді мұғалімнің оқуы.

Оқиғаны оқушылармен бірге әңгімелеу. Мәтіннен сөздерге қатысты сөйлемдерді тауып оқу.

Қасқырлар әрекетін тауып оқу.  Киіктер не істеді? Олардың текесі қандай айла қолданды? Қасқырлар мен киіктердің бір – бірінен ерекшеліктерін, ортақ қасиеттерін анықтайық

Оқушылар берілген тапсырма бойынша мәтінмен жұмыс жасайды


Үш


шапалақпен бағалау




  Мәтінмен жұмыс

 Мәтіндегі мына сөздерді басқаша қалай қолдануға болады? Сөйлемдерде пайдаланып көр:

   таяқ сілтем жер

      діңкесі құрыған

буыны қатаймаған

 

Мәтіндегі оқиғаны бөліктерге бөліп, ат қояды.Мысалы: «Суатқа келген киіктер»«Аш қасқырлар»«Ақсақ теке айласы»

Үш

шапалақпен бағалау






Киіктер туралы мағұлматтар тарату



 1 – нұсқа:  «Киіктер»

Киік – дала жануары. Ақбөкендер, қарақұйрықтар өте ұқсас. Қорегі – өсімдік. Ағаштар мен бұталардың жапырақтарын жейді. Топтпасып тіршілік етеді. Тұяқты, дәрілік қасиеті бар, мүйізді. Еті дәмді, адам ағзасына пайдалы заттарға бай. Терісінен былғары иленеді. Су іздеп талай шақырымдар жүру тән әдет. Осындай қасиетті жануар көп ауланып, азайып бара жатыр.



2 – нұсқа:   «Ақбөкен»Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ – тобымен жайылады. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді.Ақбөкендер қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері қайнар суындай тұп – тұнық. Өте сақ жануар. Дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланып, саны азайып кетті.

Әр  нұсқалар мәліметтермен танысып, келесі нұсқамен ақпарат алмасады


Үш


шапалақпен бағалау




«Венн диа

граммасы»



Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару – құралдарын,    айла – тәсілдерін ата.

- Негізгі ойды неде?



Аң мен жануарларды салыстырады

Үш шапалақ

пен бағалау






Үйге тапсырма

. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау. 251 - 252 бет.

.Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау. 251 - 252 бет.







(Бағалау парағы)

Аты-жөні

Топтастыру

Оқул. жұм

Топпен жұмыс

Карта

жұм


Қорытынды

























Формативті бағалау


                


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет