Бақылау сұрақтары 1. "Қарым-қатынас", "коммуникация" ұғымдарына анықтама беріңіз.
2. Қарым-қатынас функциясын, түрлерін, құралдарын атаңыз.
3. Әлеуметтік психологияда бар өзара әрекеттесу типтерін талдау.
4. Әлеуметтік перцепция контекстінде қарастырылатын негізгі терминдерге сипаттама беріңіз, атап айтқанда: идентификация, эмпатия, каузалды атрибуция, аттракция.
5. Коммуникативтік кедергілер дегеніміз не және оларды қалай болдырмау керек?
Пайдаланатын әдебиеттер: 1. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том,
- 490с.
2. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ,
1992г., -195 б.
3. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., -
630с.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
5. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
6. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа
үйі», 2005ж.,1-5т. 1 т. - 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.,
7. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под
ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г., -390с.
8. Хрестоматия по общей психологии: Психология памяти/Под ред. Ю.Б.
9.Гиппенрейтер, В.Я. Романова, М., Изд-во МПИ 1979г., - 295с
Дәріс 11. Интерактивті қарым-қатынас, түрлері 1. Қарым-қатынастың интерактивті жағы.
2. Тиімді сенім факторлары.
3. Психологиялық әсер ету түрлері
Қарым-қатынастың интерактивті жағы– адамдар арасындағы қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды. Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтен де қарастыру керек. Жеке адам аралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады. Әртүрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуіне бірнеше маңызды әлеументтік мотивтер айқындалған. 1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві); 2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм); 3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция); 4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм); 5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия); 6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік). Әртүрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін әрекеттесуді координат жүйесінде тұрғызуға болады.
Әрекеттесу процесінің маңызды сипаттамаларын қарстырудың бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселен, Т.Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің әрбір бөлек актісінің мынандай элементтері бар: а) әрекет етуші; ә) «басқа объект», (әрекет бағытталған объект); б) нормалар (әрекеттің ұйымдастырылуындағы); в) құндылықтар (әрбір әрекеттесушінің қабылдағандары); г) ситуация-жағдай (әрекет жасалынатын кездегі). Бұл өте «абстрактылы» теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды. Екінші бір түрі, әрекеттесу сатылатын қарастырумен байланысты. Поляк социологы Я.Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В.Н.Панферов та (1987) қарастырады. Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактілі талдауда-қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуация есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады (Берн 1988). Осы әдіс кейінгі кезде тәжірибеде кең қолдау табуда. Транзактілі талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның біреуінде болады. Шартты түрде бұл позициялары - Ата-ана, Ересек, Бала деп, белгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы «Қаламаймын!», Ата-ана позициясы «Керек!», Ересек позициясы «Қалаймын!» мен «Керектің» бірлесуі. Әрбір әрекетте мінез-құлық пен әрекеттің өз стилі болады. Негізінен стиль үш түрлі: Ритуалды (салт-жоралары), манипулятивті және гуманистік болып ажыратылады. Ритуалды стиль негізінде стильді ситуациямен сәйкестендіру қажеттігінен анық көрінеді. Стиль әдетте белгілі мәдениетпен анықталады. Мысалға, амандасу стилі. Американдық мәдениетте «Хал қалай?» дегенде «өте жақсы» деген жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне жауап беріледі, хал нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ мәдениетінде «аралық» стиль калыптасқан. Қазақтар көбіне «жаман емес», «орташа», «жайлап жүріп жатырмыз» деген жауаптар береді. Бір салттың адамы екінші бір салттың жауабын естігенде түсініспеушілік туындауы мүмкін. Манипулятивті және гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік психологиядағы, өздігінен үлкен проблема болып есептеледі. Әрекеттесудің инвариантты сипаттамаларын қарастыруды Р.Бейлс 4 категорияның көмегімен көрсетеді: позитивті (оң) эмоциялар аймағы, негативті (теріс) эмоциялар аймағы, проблемаларды шешу және проблемаларды қою аймақтары. Өз кезегінде әрбір категория бірнеше маңызды көріністермен айқындалады.
Әрбір категорияның маңызды көріністері
Мәлімет туралы өтініш, пікір айтуға ұсыныс, нұсқауға ұсыныс
Теріс эмоциялар аймағы
Келіспеушілік, шиелініс тудыру, қарама-қарсылық көрсету
Нақты әсерлесу барысында әрбір категориялық көрінуінің жиілігі мен формасын тіркеп жазып отырып, оны ерекшеліктерін түсінуге болады. Мысалы, қарым-қатынас қандай сферада өтуде, неге бағытталған, қатысушылардың өздерін ұстауы үйлесімді болды ма, әлде бір-бірінен аластауға бағытталды ма, тағы сол сияқтылар. Осындай ерекшеліктер педагогтық әсерлесу барысында да көрініс береді (мысалы, сабақ үстінде мұғалім мен оқушы).
Өзара әрекет біріккен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясы әлеуметтік-психологиялықзерттеуге кейбір принциптерді береді. Жеке іс-әрекеттегі сияқты оның мақсаты жекелеген амалдар деңгейіне емес, әлеуметтік психологияда өзара әрекеттің мәні жалпы әрекетке енгенде ғана шешіледі. Өзара әрекеттің әрекет құралына кірудің нақты формасы әрекетті ұйымдастыру формасыретінде қарастырылады.Осыдан осы біріккен әрекет өтетін топты талдауға көшуге болады. Л. И. Уманский бірлескен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді:
1. Бірлескен әрекеттің әр мүшесі жалпы ортақ жұмыстың бір бөлігін орындайды, бір-біріне тәуелсіз «бірлескен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар мысалы, өндірістік бригада)
2. Ортақ міндетті әрбір мүшенің белгілі бір бірізділікпен орындауы- «бірізді- бірлескен әрекет»
3. Бір уақытта әрбір мүшенің барлық басқа мүшелермен өзара әрекеті – «бірлескен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар).