И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


§ 3. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту



бет47/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

§ 3. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
Оқыту процесінде дамыту
Ағымдағы жүзжылдықтың 30-шы жылдары Л.С. Выготский қазіргі замандағы оқытудың концептуалдық қағидаларының бірін тұжырымдады: «Оқыту дамытудың аяғында сүйретілмей, оны артынан жетелеп келеді». Егер осы ереженің бірінші бөлімі психикалық даму мен оқытудың байланысын тіркеп отырса, онда екіншісі – оқытудың осындай рөлін қамтамасыз етуші психологиялық механизмдердің қандай екендігі туралы сұраққа жауап ұйғарады. Бұл жерде Л.С. Выготский бала дамуының «…ішкі сипаты бар, бұл жетілу мен оқытудың әсері бірге қосылатын бірыңғай процесс екенін» атап өтті [46, 286 б.]. Л.С. Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың өздерінің зерттеулері баланың өмірге белсенді бейімделуінің барлық жағдайын бейнелейтін дамыта оқытудың отандық тұжырымдамасы әзірлемесінің психологиялық негіздерін салды: табиғат әлеміне, жалпы адамзаттық мәдениетке, маңызды басқа әлемдерге ену, сонымен қатар, баланың өзіндік сана сезімін дамыту.
Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В.В. Давыдов пен Л.В. Занков ұсынған негізгі екі түрі жүйелі түрде зерттелген. Егер біріншісі Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, А.Н. Леонтьевтің ережелеріне негізделсе, екіншісі Л.В. Занков шығармашылығымен тұстас барлық психология-лық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тұрғыдан қайта өңделген тәжірибесі болып табылады. Соның өзінде Л.В. Занков бұл тәжірибеге өзінің эксперименталдық жүйесін әзірлемес бұрын және оны аяқтағаннан соң да біршама сенімсіздікпен бағалаған болатын. Ол педгогика мен психологияның жетістіктеріне сүйену мүмкіндіктері алдыңғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейген жоқ деп санады.

Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Л.В. Занков мектеп оқушыларын қарқынды дамыту міндетін қоя отырып, оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қисынсыз баяу оқытылуы және бірсарынды қайталануын сын көзбен бағалайды [72]. Және де сол уақытта оқу материалының өзін де Л.В. Занков «теоретикалық білімнің тапшылығымен, дағдыларды меңгеруге бағытталған сипаттының үстірттігімен» сипаттайды. Л.В. Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы оқытудағы жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л.В. Занковтың зерттеген дамыта оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:
  • қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен жүйелігін түсінуді ұйғарады (бұл принциптің мазмұны оқытудағы проблемалықпен байланыса алады);


  • теоретикалық білімдердің жетекші рөлі принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-қатынастар, оқу пәнінің ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес (бұл принциптің мазмұны әрекеттің жалпы принциптерін түсіну маңыздылығымен байланыса алады);


  • мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана сезімімен ұғынуы. Ол рефлексия, өзін оқу субъекті ретінде ұғынуы (бұл принциптің мазмұны тұлғалық рефлексияны дамыту, өзін-өзі реттеумен байланыса алады);


  • барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке ерекшіліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі «дамыту оқытудың нәтижесі» (бұл принциптің мазмұны білім беру процесін адамгершіліктендірумен байланысады).


Л.В. Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы (бұл жүйенің басты сипаттамасы); оқытудың жүргізілуінің жоғары деңгейдегі қиындылығы; оқу материалын өтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық білімдердің үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытуды берілген жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.


И.И. Аргинская, Н.Я. Дмитриева, З.И. Романовскаяның және т.б. «Л.В. Занковтың жүйесі бойынша оқытамыз» деген еңбектерінде (1991) Л.В. Занковтың әзірлеген принциптеріне негізделген оқытудың біртұтас жүйесі келтіріледі. Онда оқытудың басында, мысалы, бастауыш сыныптарда оқып үйретуде, «біртұтас эмоционалдық-эстетикалық күйзеліс» болуы тиіс. Сомдалатын образдың тұтастығы, оны қабылдаудың тұтастығы, мәтінді түсіну тұтастығы меңгеру пәндерін ары қарай тереңдету және саралаудың негізі және бастапқы нүктесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет