Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі



бет18/27
Дата26.09.2023
өлшемі83,22 Kb.
#182560
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
ктж музыка 1-6 сыныптар

Балалар мерекесі



1.2 Музыкалық-орындаушы лық іс-әрекет

3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.2.1 – көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;







3.1 Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау

3.1.3.6 – нотамен қарапайым əуендер орындау;
3.2.1.1 – музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну;
3.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің жəне өзгелердің
жұмыстарын бағалай білу.









Түсінік хат


Музыка сабақтарында оқушылардың пәндік (ғылыми) тілін қалыптастыру үшін музыкалық іс-әрекеттің алуан түрінде (музыканы тыңдау, қабылдау, талдау, орындау) музыкалық ұғымдар мен құбылыстарды сипаттауда, музыканы шығару мен импровизациялау барысында тиісті глоссарийді пайдалану ұсынылады.
«Музыка» пәнінің мазмұны оқу тілі (қазақ және орыс тілдері) арқылы беріледі. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Басқа тілде оқитын көптеген оқушылар ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін оларға білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға көмектеседі.
Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға сабақ жоспарларына келесі оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:
оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мәселен, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);
пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);
алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы орынды контексте алдын ала қолдану;
оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету);
тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);
тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);
сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:
(1) пәнге арналған арнайы лексика және терминология,
(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.
Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағдарланады, бірақ ең кемінде бір мақсат тілге бағдарлануы тиіс .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет