«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ


Абсолют –мәңгілік, шексіз, тұрақты деген ұғымды білдіреді. Абстрактілеу



бет4/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Абсолютмәңгілік, шексіз, тұрақты деген ұғымды білдіреді.
Абстрактілеу - (лат.abstractic) дерексіздік, бөліну, оқшаулану. Белгілі бір затқа, құбылысқа тән көптеген қасиеттер мен олардың арасындағы толып жатқан өзара байланыстардан оқшау алып қарастыру, яғни танымның бір әдісі.
Агностицизм- дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер;(Иммануил Кант)
Аверроизм - 13-16 ғ.ғ. Батыс Еуропадағы философиялық ағым. Ағартушылық – 18-19 ғ.дамыған идеялық ағым. Ғылым, білім арқылы қоғам негізн өзгеру.
Аксиоматика – логикалық дәлелдеу жолымен аксиома немесе постулаттан берілген теоряның басқа тұжырымдарын шығару;
Аксиология – құндылықтар жүйесі туралы ұғым.
Ақиқат - таным теориясының негізгі категориясы, адам түсінігінің өмір шындығына сәйкестігі.
Апологетика (грек. Апологемай- қорғаймын, ақтаймын) -2-3ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;
Болмыс -философиядағы негізгі онтологиялық ұғым. Дүниенің бар бейнесін білдіретін бейболмыстың екінші жағы.
Буддизм -Үндістанда (б.з.д. 5 ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік- Шығыс Азияда (3 ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни- философиялық ілім.
Бихевиоризм– прагматизмді негізге алатын философиялық ілім.
Гностицизм- дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
Гипотеза - болжау, негіз ұғымын білдіреді.
Герменевтика кез келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну әдісі. Қазіргі заманғы шетелдік батыс философиясына тән.
Гносеология - таным теориясы, адамның ақиқатты танып, білуіндегі философияның ең маңызды бөлімі.
Гуманизм адам мүддесі үшін жасалатын ізгіктердің топтамасы. Адамгершілікке баулу.
Дін –жаратылыстан, адам мен адамзаттантыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Философия –(грекше филео- махаббат, құштарлық; софия- даналық)- теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
Диалектика– болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байлынысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет